Атмосфералық ауа гигиенасы



бет3/4
Дата16.10.2022
өлшемі11.5 Kb.
#462812
түріҚұрамы
1   2   3   4
Атмосфералық ауа гигиенасы

Күн радиациясы
Күн радиациясы негізгі климат түзуші факторлардың бірі болып табылады.
Күн спектрінің негізгі көлемін аса кіші ұзындықтағы нм өлшенетін толқындардағы сәулелер құрайды. Оларға жататындар:
1) Толқын ауқымы 4000-760 нм – инфрақызыл сәулелену;
2) 760-400 нм – көрінетін сәулелер;
3) 400-180 нм – ультракүлгін радиация

Инфрақызыл сәулеленудің биологиялық әрекеті


Артықшылықтары:

  • Тіндердің температурасын жоғарылатады;

  • Тамырларды кеңейтеді;

  • Зат алмасу, иммунологиялық үрдістерді күшейтеді;

  • Жасушалардың өсуі мен регенерациясын тездетеді;

  • Ультракүлгін сәулелердің биологиялық белсенділігін жоғарылатады.

Кемшіліктері:



  • Жүрек-тамыр жүйесі қызметін өзгертеді;

  • Диастолалық қысымды төмендетеді.

Инфрақызыл сәуле



  • Қысқа толқынды – 760-1400 нм

  • Ұзын толқынды – 1500-4000 нм

Көзге көрінетін сәулелердің биологиялық әрекеті



  • Жарық пен түсті сезінуге көмектеседі;

  • Бас миының қабығында қозу үрдістерін белсендіреді;

  • Барлық анализаторлардың қызметін жақсартады;

  • Эмоционалдық сфераға, сергек жүруге оң әсер жасайды;

  • Биохимиялық үрдістерді, иммунобиологиялық реактивтілікті күшейтеді;

  • Зат алмасуды белсендендіреді;

  • Өмірлік тонусты жоғарылатады.



Ультракүлгін сәулеленудің биологиялық әрекеті
Биологиялық белсенді холин, ацетилхолин, гистамин сияқты заттар пайда болуы, кебір ферменттік жүйелердің белсенденуіне әкеледі, ол организмнің көптеген физиологиялық жүйелеріне күшейту әрекетін көрсетеді;
Белок, май, көмірсу және минерал алмасуды күшейтетін, организмнің иммундық жүйесін белсендіретін физиологиялық үрдістердің арнайы емес ықпалын күшейтеді, ол организмге жалпы сауықтандырулық, сергітулік және профилактикалық әрекет көрсетеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет