Атмосфералық ауаны қорғаудағы стандарттар жүйесі. Атмосфералық ауаны қорғау



бет3/3
Дата29.03.2024
өлшемі19 Kb.
#496963
1   2   3
атмосфералық ауа

катализатор деп аталатын затты енгізілумен қатар, зиянсыз және аз көлемді зиянды затқа айналады.
Паладий қосылған және ванадилі катализаторлар кең қолданысқа ие.Оның көмегімен көмір оксиді диоксидқа және күкірт диоксиді оксидке дейін жетеді.Одан басқа азот оксиді аммиякпен қарапайым азотқа дейін тотықсызданады.Бұл әдістің басқа бір түрі – зиянды қосылыстардың газ жанбасының көмегімен жетуі (Факель жанғышы), олар мұнай өңдеу зауыттарында кең қолданылады.
Абсорбциялық әдіс – бұл әдіс газ түріндегі зиянды қосылыстарды сұйық жұтқышқа айналдыруға (абсорбентке) негізделген.Абсорбент ретінде су, негіз ерітінділері (сода) аммиак қолданылады. Цианисті газ түріндегі қосылыстар 5%-ды темір купорос ерітіндісін абсорберлейді. Абсорбция процессі орындалатын құрал абсорбер деп аталады.
Адсорбциялық әдіс – өндіріс қалдықтарындағы зиянды қосылыстарды адсорбенттердің ультракішікернеудегі қатты дене құрлымдарының ( белсенді көмір,саз балшық, силикагель, цеолиттер, күл т.б.) көмегімен құтылуға мүмкіндік береді. Мысалы: АЭС-да технологиялық газдарды тазалау әдісі - көмір фильтірінде- адсорбентте радиоактивті өнімдерді сорбциялау әдісі кеңінен тараған.Ол АЭС-тің жұмыс кезінде барлық атмосфералық ластануды сенімді жоғалтады (Қоршаған ортаны қорғау...1993). Атмосферадағы газ қосылыстарын ыдырату - қауіпті қосылыстардың концентрациясын ПДК дәрежесіне сәйкестендіріп төмендету үшін қолданылады.
Атмосферадағы газ қосылыстарын ыдырату қауіпті қосылыстардың концентрациясын ПДК дәрежесіне сәйкестендіріп төмендету үшін қолданады.Тәжірибенің мәліметтеріне қапрағанда энергетикалық бағдарға (ТЭС,ГРЭС,ТЭЦ) жақын орналасқан атмосфераның қабаты барлық газдарда тазалауға және технологиялық процестерді экологизациялауға қарамастан қалдық газдардағы зиянды заттарың көлемі белгілеенген мөлшерден асып кетеді. Шаңды газды қалдықтарды ыдыратып жіберу ұзын түтінді құбырлардың көмегімен іске асырылады. Құбырдың биіктігі жоғарлағанса оның шашырату тиімділігі арта береді. Өндіріс орындарында түтін құбырларының биіктігі 300 метрге жетеді. Канадағы санбери қаласындағы мыс – никель комбинатындағы құбырлардың ұзындығы 407м –ге жетеді.Ең кіші ұзындықтағы яғни 100м жоғары желдеткіш құбырларды АЭС-те радиоактивті шашырату үшін қолданылады. Айта кететін жайт атмосферадағы газ қосылыстарын шашырату – бұл ауа бассейініндегі ластануды тазартудағы ұзақ және онша жақсы шешімі болып табылмайды. А.Геранның (1993жылы), ойы бойынша ұзын түтін құбырларын қолдану локальды түтінді ластауды біршама төмендетуде. Қышқыл жаңбыр жауған аймақтардың мәселесін қиындатты. Жерден қанша жоғарыда улы газдарды тастаса олар сонша өзінің ағымынан алыста таралады.Питтсбур жоғарысындағы түтін Лобадарда қышқылды қарға айналып жауған. Лондондықтардың түтін түріндегі қалдықтары Скандинавия жапырақты ормандарына зиянын тигізуде. Атмосферадағы зиянды заттарды ыдырату бұл – уақытша, шарасыздан жасалған әдіс. Қолдағы бар құралдар толықтай қалдықтарды тазалай алмағындықтан жасалған шара. Өндірісте атмосферадағы ауаны зиянды қалдықтардан қорғау санитарлы –қорғаулы аймақ және архитектуралы жобалау шешімдерімен тығыз байланысты. Санитарлы қорғаулы аймақ – бұл өндірісте зиянды ағымдарды қоғамдық және өмір сүру мекемелерінен бөліп, өндірістің зиянды факторларынан тұрғындарды қорғау мақсатында сызылған сызық. Санитарлы-қорғау аймағының еніне өндірістің класына, зияндылық дәрежесі және атмосферадағы шығарылған заттардың саны, 50-ден 100-ге дейінгі аралықтағы тәуелділік ендірілді. Мысалыға: цемент зауытының 1 жылдық өндірісі жүз елу мың цемент (өндірістің І класы), санитарлық –қорғау аймағының ені – 1000м, ал тасты өндірістер үшін (өндірістің V класы)- 50м. Санитарлы – қорғау аймақ газ ұстағыш ағаш және бұталар түрімен көріктендірілген немесе көгалдандырылған болуы шарт. Мысалы: меңдуана акациясы, Канада терегі, тікенді шырша, жібек, үшкір жапырақты үйіңкі, және т.б. Көгалдандыру тиімділігін келесі мәліметтер анықтайды.1г шырша 32 тонна шаңды игерсе, ал шамшат тұқымдасты орман – 68тонна шаңды жояды. Өндіріс орнынан 500м арақашықтықта көгалдандыру болмаса онда ауаның ластануы SO2, H2S және NО2 газдарымен өндіріс орындарына екі есе төмен, ал көгалдандыру болған жағдайда ¾ есе төмен.(Гаев және т.б. 1990).
Архитектура – жобалау шаралары жел бағытын есепке ала отырып қалдық көздерінің және тұрғын мекендерінің дұрыс орналасуын қадағалайды.Ауа бассейінін қорғау үшін жоғарыда көрсетілген шараларға озон қабатын қорғауда кіреді. ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы заңында бұл мәселеге арналған жеке статья бар. Бұл оның қаншалықты маңызды мәселе екенін анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет