Ақтөбе 2024 Жоспар: Психология ғылымы туралы түсінік



бет2/2
Дата10.04.2024
өлшемі23.32 Kb.
#498246
1   2
1СРСП ДИАГНОСТИКА

Даму психологиясы – психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні – адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жасөспірімдер психологиясы, геронтопсихология даму психологиясының тармақтары болып табылады. Даму психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын, т.б. зерттейді.
Даму психологиясы – психология ғылымының бір саласы.
«Даму психологиясы» пəні адамның онтогенездегі психикалық дамуының заңдылықтарын жəне дамудың əрбір жас ерекшелік кезеңіндегі психиканың, сананың, тұлғаның жəне оның іс-əрекетінің даму ерекшеліктерін жəне байланысты психикалық
өзгерістерін, психикалық қасиеттері мен психикалық үдерістерін жүйелі зерттеумен шұғылданады (ағзаның ана кұрсағында ұрықтанудан өмірінің соңына дейінгі даму жолы). Даму психологиясының тармақтары: балалар психологиясы, бастауыш мектеп оқушысының психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, ересектер психологиясы жəне геронтопсихология.
Даму психологиясы психология ғылымының азды-көпті оқшауланған саласы ретінде ХІХ ғасырдың соңында пайда болып, жеке тұлғаның өмір барысындағы психикалық даму үдерісінің жас ерекшеліктері мен динамикасын анықтауға бағытталған.
Даму психологиясының пəні адамның онтогенезде психикалық дамуының заңдылықтарын жəне дамудың əрбір жас ерекшелік кезеңіндегі психиканың, сананың, тұлғаның жəне оның іс-əрекетінің даму ерекшеліктерін зерттейді.
Онтогенез – бұл туғаннан адам өмірінің соңына дейінгі дара даму. Аталмыш ұғым биологиядағы онтогенездің жүктіліктен жəне жаңа өмірдің пайда болу мезетінен өлімге дейінгі дара даму ретінде анықталған ұғымға сəйкес келмейді.Мұндай айырмашылық кездейсоқтық емес. Психологиядағы тұжырымдамаға сəйкес психика жəне психикалық бейнелеу дүниеге келу дағдарысын білдіреді. Бейнелеудің психикалық формалары дүниеге келу мезетінде пайда болады. Пренатальды даму кезеңі (жүктілік мезетінен жаңа өмірдің пайда болуын дейін)бейнелеудің өзге формалары мен дамудың өзге түрлерімен сипат талады, сондықтан адам дамуының жалпы жіктелуіне аталмыш кезең қосылмаған.
Курс негізгі үш бөлімнен тұрады, олар: жас ерекшелік психологиясының пəні, міндеттері, əдістері; бала мен ересектің психикалық дамуының детерминанттары (қозғаушы күштері,себептері мен шарттары); жекелеген жас ерекшелік кезеңдерінің
сипаттамалары.
Даму психологиясының ең маңызды принципі – тарихи прицнип болып саналады. Тарихи принцип адамның психологиялық дамуын, оның балалық, жастықт.б. кезеңін зерттеу барысында туындайды. «Балалық шақ» деген түсінікке тарихи анализ П.П.Блонисийдің «Психология мледшего школьника», Л.С.Высотскийдің «Проблеиа возраста», Д.Б.Эльконинаның «Психические развитие в детских возрастах» еңбектерінде психологиялық дамудың деңгейі, әр тарихи қоғамда бірдей емес екендігі түсіндірілген. Баланың балалық шағы мен заңдылықтарын адамның дамуы, қоғамнан және заңдылықтарынан бөлек зерттеуге болмайды. Себебі, қоғам баланың дамуына үлкен әсер етеді. Балалық шақтық мерзімі, материалдық және әлеуметтік-мәдени қоғамға тәуелді. Л.С.Высотский айтуы бойынша: 4 мәңгі балалық шақ жоқ, тек тарихи балалық шақ болады деген.
Қазіәргі заманның даму психологиясында «балалық шақтың» тарихи анализ түсінігі Д.И.Фельдштейнің концепциясында толық қарастырылған. Ол балалық шақты әлеуметтік-психологиялық феномен және ерекше бір деп қарастырған. Д.И.Фельдштейн концепциясында толығымен мазмұнды психологиялық анализ, функциональды байланыстың қарым-қатынастың системасы нақты қоғамдағы балалық шақтық әлеуметтік жағдайын және де әртүрлі кезеңдегі балалық шақты не байланыстырып тұрғаны, балалық шақтың толық күйін және оны қандай жағдай ересектік кезеңге аттандыратыны толығымен анық берілген.
Қолданылған әдебиеттер: Даму психологиясы: Оқулық / М.К. Бапаева. – Алматы: 2014– 440 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет