Ақтөбе облысы ғылыми тәжірибелік орталығы



бет9/10
Дата16.11.2022
өлшемі120.81 Kb.
#464971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ғылыми жоба -Бекжанова Гаухар

Қорытынды
Еліміз егемендік алып, келешекке үлкен үмітпен бұрыс жасап жатыр. Қандай мемлекеттің болса да,бет бейнесі мен келешегі жастарға байланысты. Жастар болғанда да, талапты өнерлі жастарды айтамыз.
Олай дейтін себебіміз, ұлттық тәрбие алмаған жастың ұлттық рухы болмайды. Алға қойылған орасан зор міндеттерді жүзеге асыратындар да- жастар. Сондықтанда біз келешекте қуатты мемлекет, зиялы қауым құрамыз десек, жастарды өнегелі рухта, т.б.көптеген салт-дәстүрлеріміз тұрғысынан тәрбиелеуіміз қажет.Осы талап,міндеттерді орындаған ең бір пәрменді құрал-оқу, тәлім-тәрбие жұмыстарында халықтық педагогиканың алтын мұрасын, қанша уақыт өтсе де-тот баспайтындай адалдығы айнадай ұлттық қазынаны пайдалану.
Қоғам жаңашаланып, өткеннің мәдени – тарихи мұралары ортамызға қайта оралып, оның рухани құндылықтары, дәстүрлері, өнерлері адамның адамзат болып қалыптасуына, тұтас алғанда жеке адамды әлеуметтендіру ісінде маңызды роль атқаратындығын көрсетіп отыр. Сондықтан адамзат тарихындағы ең асыл мұраларын қолдан шығарып алмай, білім саласындағы осы “Ақтаңдақтардың” бетін ашып, көне мәдениетімізге тереңірек үңіліп өткен уақыттың рухани мұрасын саралау, талдау қажеттігі туып отыр.
Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен білім деп түсінген халқымыз “ Білім таусылмас кен, өнер өлмес мұра” дегенді насихаттап келген. Демек халықтың ой түлегі жас ұрпақты қолөнерге уағыздай отырып тәрбиелеу деген ұғымды білдіріп отыр. Осындай халықтық ұрпақ тәрбиелеуде озық тәжірибелері мен ой түйіндері бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қозғаушы күш болары анық. Ендігі мәселе осы тәрбие көздерін пайдалануда қолөнер негіздерін, білім беру жүйесін жетілдіруде, жаңа технология үрдісінде тереңдетіп оқыту жолдарын қарастырып, қажетті оқу құралдарымен әдістемелік, бағдарламалармен қамтамасыз ету.
Атадан-балаға жалғасып келе жатқан ұлттық киімдерімізді; қолөнерлерімізді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді; дәстүрімізді қайта жандандырып, қазақ киім үлгілері мен қолөнері қайтадан ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілермен еніп оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр.
Қазақ халқында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, түр салып тоқу ісі – ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық өнер. Шиден түрлі бейнелер жасап, ою-өрнектермен өрнектеп базарлық, кәдесый ретінде нарыққа шығарып, бұл кәсіпті нәсіп етіп, пайдасына асырып отырғандар да қазіргі таңда жоқ емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет