Ақтөбе облысы ғылыми тәжірибелік орталығы


І. Қазақ қолөнерінің ерекше түрі - ши тоқу өнері



бет4/10
Дата16.11.2022
өлшемі120.81 Kb.
#464971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ғылыми жоба -Бекжанова Гаухар

І. Қазақ қолөнерінің ерекше түрі - ши тоқу өнері.
1.1. Ши тоқу өнерінің даму тарихы.
Ши тоқу – бұрын көшпелі және жартылай отырықшылдықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына ескі заманнан белгілі өнер. Зерттеушілердің айтуынша, ши орау өнері өте ерте заманда ХV ғасырдан бастап дамыған көрінеді. Осынау көне кәсіптердің бірі саналған ши тоқу өнері қазақ, қырғыз, түрікмен, жартылай отырықшы өзбектер мен қарақалпақтар өмірімен біте қайнасып, олардың тұрмысы мен шаруашылығында, мәдениетінде ерекше маңызға ие болған.Кез келген қолөнердің шығармашылық ізденіс екені ақиқат. Ал табиғатта кездесетін әр дүниені өз керегіне жарата білу, тіпті қу шидің өзін пайдасына асырып, оның күнделікті тұрмыста, шаруашылықта орнын айқындап, мәні мен маңызын аша білу – ата-бабаларымыздың тек біліктілігінің ғана емес, сондай-ақ шеберлігінің де арқасы деп түсінген жөн.
Иран, Қытай, Монғолия, Тибет, Ресей, Еуропа бөлігінің оңтүстік шығысында, Орта Азия, Батыс және Шығыс Сібірдің оңтүстігінде кездесетін ши өсімдігі Қазақстанның дала, шөлейт аймақтарында, тау беткейлерінде, әдетте, суға жақын жерлерде өседі. Қыста мал жайылымына таптырмас бұл өсімдіктің сабағын қазақтар ши тоқу үшін қолданған. Мірдің оғындай түп-түзу, әрі өте берік келетін шидің сабағы тұрмыста орны ерекше материалдың бірі ретінде кәдеге асты. Ыдыс-аяқ, қазан-ошақтан бастап, киіз үйдің құрамдас бөлігі ретінде, қоршау ретінде де қолданылған ши оған салынған әдемі ою-өрнегімен, келісті бейне-суретімен үй ішін де безендіріп тұратын. Мұндай кереметтерді жасауда шебердің жұмысы алдымен жиналған шидің сабағын қабығынан аршып, оның жарамды, жарамсызын бөліп алумен басталады.
Ши тоқу өнері бұрын көшпелі және жартылай отырықшылдықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына (қазақтар, қырғыздар, түрікмендер, жартылай отырықшы өзбектер, қарақалпақтар) көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланылып келеді. Оны киіз үйдің құрамы бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ қазақтар мен қырғыздарда оларды үйдің ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басын қоршап қою үшін де қолданады. Тоқылған шиді киіз үйдің есігінде ұстау үшін де пайдаланады. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніші ретінде киіз астына төсейді.
Әлкей Марғұлан өзінің тарихи зерттеулерінде шидің қола дәуірден бастап тұрмыста пайдаланған жәғдайларын терең қарастырып, оның ауқымды түрде киіз үйдің және сыртқы жабдығы етінде пайдаланғандығы туралы деректер беріп кеткен. Тоқылған шиді қазақтар сияқты қырғыздар да, жартылай көшпелі басқа да шығыс халықтары да пайдаланып келді. Мәселен, оны құрт жайып, тары сүзу үшін шыпта жасау сияқты күнделікті тұрмыс қажетіне де ерте заманнан-ақ пайдаланған.
Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқанда үйдің жылы болуына әсері тисе, күннің жылы кезінде туырлығын жоғары түріп қойып, үй ішін салқындатуға жақсы.
Ши өңдеу, тоқу өнерімен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы басқа да халықтарда көбіне әйелдер айналысқан. Жай ғана ақ шиден өзіне керекті күнделікті тұрмыста пайдаланылатын затты әрбір әйел өздері тоқып алады.
Ерте кезде тұрғын үйдің негізгі түрі тек киіз үй болған уақытта ши дайындауға топталып, әйелдермен бірге ер кісілер де баратын болған. Ерлер жағы ши өсімдігін түбімен қопарып оны түйеге, езгіге немесе атқа арту сияқты ауыр жұмыстарды атқарған. Шиді күзге қарай дайындаған.
Деректерге жүгінсек, ши тоқу қазақ халқы мен орта Азия халықтары арасында ежелден келе жатқан өнер. Археологиялық мәліметтерге қарағанда, өнердің бұл түрі кемінде сақ, үйсін заманынан белгілі. Аталған өнер халқымыз арасында кең қанат жайған, оның себебі, біріншіден, арзан, екіншіден шиден жасалған бұйым төзімді келеді. Сондақтан да оған деген сұраныс ешқашан азая қоймайды.
Халық шаруашылығында шиді орап тоқумен қатар шиді, камысты, сыптығыр бұталарды байластырып тұрғын үй, мал қора салу, қар тоқтатқыш қалқандар тоқу, өзді-өзіи түйіп әр түрлі шыпталар, төсеніштер жасаудың да маңызы зор. Бұл әрі оңай, әрі арзанға түседі, әрі неше алуан мәнермен өрнектеліп тоқылады.
Шиден жасалатын заттар: алаша ши, ас шиі, аяқ қап, есік, кілем ши, киіз басатын ши, күрке, күзу шиі, қазан жапқыш, масақана, терезе жапқыш, етқана, жолым, ши қора, ши қалпақ, шыны қап т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет