Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет53/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   255
Оралбаева

Галузо отынкескіш қоңызы – Азияның қуаң аймақтарына тəн туыс өкілі. Таралу ай-
мағы өте тар.
Шестаков сцелифроны – Оңтүстік Қазақстаннан, Өзбекстаннан табылған. Сирек кез-
десетін түр. Қазғыш аралардың ежелгі туысы өкілінің бірі.
Жирен гоплит – саны азайып бара жатқан, жеке тіршілік ететін жабайы аралардың бір 
түрі. Таралу аймағының орталығы – Қазақстан жері.


89
 Жіңішке аяқты клизодон – Орта Азияда таралған. Жеке тіршілік ететін жабайы ара-
лардың сирек кездесетін түрі.
Дөңгеленген парарофитес – Оңтүстік Қазақстан, Орта Азия, Иранда таралған. Сирек 
кездесетін араның түрі. 
Күреңтүсті проксилокопа – Қазақстанның оңтүстік-батысында, Орта Азияда таралған. 
Араның сирек кездесетін түрі.
Жетілмеген эфедромия – Қазақстанның тек құмды шөлдерінен белгілі. Құмыты шы-
бынның жеке типті туысының өкілі.
 Тораңғы филерема көбелегі – Қазақстанда нақты бір жерден ғана – Қапшағай су қой-
масындағы Іле өзенінің жайылмасынан белгілі. Саны азайып бара жатқан түр.
Алексанор көбелегі – Қазақстанда қазіргі кезде тек оңтүстікте, Қаратау тауында ғана 
белгілі. Сирек кездесетін желкенді көбелектің түрі.
Бедромиус көбелегі Қазақстанда Іле Алатауы, Күнгей Алатау жəне Теріскей Алатауы 
жоталарынан нақты белгілі. Сирек кездесетін түр.
Патриций көбелегі – Қазақстанда Іле Алатауы, Күнгей Алатау жоталарынан нақты бел-
гілі.
Алау түсті микрозегрис – Қазақстанда Оңтүстік Балқаш маңы мен Каспий маңынан 
нақты белгілі. Саны қысқарып бара жатқан ақ көбелектер түрі.
Вискотт сары көбелегі – Батыс Тянь-Шагьда тіршілік етеді. Ақ көбелектерге жатады.
Ершов сары көбелегі – Солтүстік Шығыс Тянь-Шань жергілікті түрі. Сары көбелектер 
ішіндегі ең ірі жəне нашар зерттелген түр. 
Энейс Мулла көбелегі – Қазақстан жерінде тіршілік ететін туыстың бес түрінің ең си-
рек кездесетін түрі. Шығыс Қазақстанда таралған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет