Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


Адамның лауазымына, кəсібіне байланысты архаизмдер



Pdf көрінісі
бет59/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   255
Оралбаева

Адамның лауазымына, кəсібіне байланысты архаизмдер
1.Иттің жауы дуана,
Келіннің жауы кейуана.
Кейуана – Ақыл тоқтатқан, жасы ұлғайған ақ ниетті əйел. (2) Кемпір, енеке, кемпес. (3) 
Ауысп. Мейірлі, шапағатты, керқана. [1, 194 - бет] 
2. Жарлы – жомарт,
Бай – нəмəрт.
Нəмəрт – тексіз, жетесіз, айтқан сөзінде тұрмайтын опасыз, сараң. [1, 310- бет]
Киім – кешек атауларына қатысты архаизмдер
1. Ерді кебенек ішінде таны.


96
Кебенектің екі түрі болуына байланысты бұл мақалдың да екі түрлі мағынасы бар деп 
жобаланады. Біреуі – отарда мал бағушы малшылардың жауын – шашында киетін жұқа қара, 
не ақ киізден арнайы тігілген, бүкіл денесін түгелдей жауып тұратын сырт киім. Кедей-кепшік 
болса да, малшының нағыз жігіт екенін бүкіл денесін жауып тұратын осы киім (бурка) ішінен 
де тануға болатыны айтылса, екіншісінде- темір сауытқа қолы жете бермейтін сарбаздар кез 
– келген сəтте сапқа тұруға дайын азаматтарды киізге құм, қылшық қосып басқан тас кебенек 
киіп, жауға қарсы күш-қайратын, өжеттігін, ерлігін көрсеткен сəтінде де тануға болатыны ай-
тылып тұр. Қысқасы, бұл ердің ерлігін киген киімінен сауыт-сайманынан емес, өз басының 
батырлығы мен батырлығынан тануға болады деген сөз. [ 34, 267 – бет ] 
2. Қолында өнері бардың белінде кемері бар.
Кемер – (парсы сөзі) əшекейлі жалпақ белбеу. [1, 195 - бет]
Ыдыс – аяқ атауларына байланысты архаизмдер
1.Асы жоқ алтын аяқтан,
Айраны бар тостақ артық,
Талдырмаш таза айғырдан
Жүк көтергіш қоспақ артық.
Тостақ – тостаған. [1, 385 - бет] Тостаған – ағаштан жасалған кішілеу дөңгелек ыдыс. 
Көне дəуір адамдары бұл сияқты ыдысты кез-келген ағаштан ойып жасауға еңбек құралдары 
тапшы болғаны тарихтан белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет