79
тілге сөзбе - сөз аударуға келмейтін тіркес болып табылатындығы жөніндегі анықтама Ə.
Аблақовтың «Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі» атты еңбегінде
көрсетілген [3, 14]. 1990 жылы жарық көрген «Лингвистикалық энциклопедиялық сөздігін-
де» фразеологизмге қатысты мынандай сипаттама беріледі: «Формасы жағынан синтаксистік
құрылымдармен ұқсас, бірақ олар сияқты жалпы заңдылыққа сай сөйлеу кезінде жасалмай,
даяр қалпында қайталап қолданылатын, семантикалық жəне лексика-грамматикалық құрамы
тұрақты сөз тіркестер мен сөйлемшелер» [4. 559].
Қазақ тіл білімінде осы салаға байланысты жоғарыда атап көрсетілгендей басқа да көпте-
ген еңбектер жарық көрген. Солардың көпшілігінде фразеологизмнің негізгі үш белгісі бола-
тындығы жиі айтылады. Олар: мағына тұтастығы, құрылымның тұрақтылығы жəне қолдану
тиянақтылығы. Ғ.Қалиевтің еңбегінде бұлардың қатарында фразеологизмдердің бейнелік бел-
гілері көрсетілмегендігін айта келе, фразеологизмдері басқа тілдік бірліктерден ажырататын
белгілер қатарына тұрақты тіркестердің бейнелілігі мен мəнерлілігін де жатқызған [5, 185].
Мақалада кіші жүз ханы Əбілқайырдың билік құрған жылдары Орыс патшалығына жа-
зылған ресми хаттарында ұшырасатын тұрақты сөз тіркестеріне талдау жасалынады.
Ресми хаттарда кездесетін тұрақты
тіркестерді топтастырмас бұрын, алдымен фразео-
логизмдердің түрлеріне қарай топтастырылуы туралы айта кету қажет. Қазақ тіл білімінде
тұрақты тіркестердің топтастырылуына байланысты екі түрлі пікір қалыптасқан. Олардың
бірі І.Кеңесбевтың, екіншісі В.В.Виноградов пен Н.М.Шанскийдің үлгісі негізіндегі топта-
стыру.
Осылардың ішінде екіншісі яғни, В.В.Виноградов пен Н.М.Шанскийдің үлгісі кең
қолданысқа ие болған. Бұл үлгі бойынша фразеологизмдер төрт топқа бөлінген: 1. Фразео-
логиялық тұтастық; 2. Фразеологиялық бірлік; 3. Фразеологиялық тіркес; 4. Фразеологиялық
сөйлемше [5, 192].
1. Фразеологиялық тұтастық – құрамындағы сөздер бір-бірімен жымдасып, лексикалық
мағыналарын жоғалтып, семантикалық жағынан біртұтас болады.
Əбілқайырдың хаттарында осы топқа жататын
«ымыраласып, өзара сөз байласу», «арзан
Достарыңызбен бөлісу: