Атты тақырыппен өтетін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады. Конференция



жүктеу 31.68 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі31.68 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Тарих, археология және этнология факультеті

Археология, этнология және музеология кафедрасы
А Қ П А Р А Т Т Ы Қ Х А Т
Құрметті әріптестер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультетінің археология, этнология және музеология кафедрасы Сіздерді отандық көрнекті ғалым Х.А. Арғынбаевтың 90-жылдығына арналған «Профессор Халел Арғынбаев және қазақ этнологиясының мәселелері» атты тақырыппен өтетін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция 2014 жылы қазан айының 31 күні Алматы қаласында, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өтеді.


Конференция барысында төмендегі бағыттар бойынша талқылау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр:

Конференция – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары өз есебінен немесе жіберуші жақтан төленеді.

Конференция материалдарының ғылыми жинағын шығару жоспарланған.
Конференция материалдарын жариялау үшін 2014 жылдың қазан айының 5-не дейін ұйымдастыру алқасының мекен-жайына баяндамалардың мәтіндері мен қатысу өтінішін өткізу керек.

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар

Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады. Көлемі А-4 форматының 10 бетінен аспауы шарт. Үстіңгі, астыңғы жиектер – 2 см, оң жақ жиек – 2 см, сол жақ жиек – 3 см; шрифт – 14 кегль, Times New Roman гарнитурасында, мәтін аралық қашықтық 1,0 пт интервал. Беттің үстіңгі жағында қалыңдатылған әріппен автордың аты-жөні, оның астында оқу немесе жұмыс орны, дәрежесі, мекеменің орналасқан жері көрсетіледі. Содан бір аралықтан кейін бас әріптермен баяндаманың аты, одан бір аралықтан кейін мәтін берілуі керек.

Беттерге номер қойылмайды. Сілтемелер төртбұрышты жақша ішінде беріліп, онда әдебиет қолдану реті бойынша беріледі, беті көрсетіледі (мысал: [1, 25 б.]). Мақала соңында әдебиеттер қолдану реті бойынша орналастырылады. Библиографиялық сипаттамасы әдебиет туралы толық мағлұматты қамтуы шарт. Екі дана сызба түріндегі көрнекіліктер қабылданады. Көрнекіліктер jpg немесе tiff форматында, 300 dpi кем болуы шарт.

Материалдар ұқыпты тексерілген және баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптарға дәлме-дәл сәйкес болуы керек. Конференция тақырыбы мен баяндама рәсімдеудің талаптарына сәйкес келмейтін, сонымен қатар көрсетілген уақыттан кейін жіберілген материалдар Ұйымдастыру алқасының шешімімен жинаққа еңгізілмейді. Мақаланың мазмұндық сапасына автор жауап береді.


Қатысу өтініші

  1. Аты-жөні (толығымен).

  2. ЖОО немесе ғылыми мекеменің аты (толығымен).

  3. Баяндама тақырыбы.

  4. Баяндама жасауға қажетті техникалық құрал жабдықтар.

  5. Байланыс мәліметтері (мекен-жай, телефон, е-mail).


Ұйымдастыру алқасының мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ГУК-3, 4-7 кабинет.

Өткізілетін іс-шараға байланысты туындайтын сұрақтар мен ұсыныс-тілектеріңізді төмендегі мағлұматтар арқылы хабарласып білдіре аласыздар:




Эгамбердиев Мырзахан Шарипбайұлы

рабочий тел.: +7 (727) 377 33 19;

сот. тел.: +7 775 229 87 85;

е-mail: mirzahan_1974@hotmail.com



Рахимов Ернұр Кендібайұлы

жұмыс тел.: +7 (727) 377 33 19;

ұялы тел.: +7 777 166 35 07, +7 701 529 96 84

е-mail: yernur_rakhimov@mail.ru




Құрметпен, Ұйымдастыру алқасы


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет