Ауаны тазалау әдістері
құрғақ тазалау
әдістері
ылғалды
тазалау
әдістері
электр
сүзгімен
физика-химиялық
термиялық
Ауаны тазарту — физикалық-химиялық әдістердің көмегімен ауаны бөгде зиянды қоспалардан арылтып, оны табиғи қалыпты жағдайға жеткізу.
Өнеркәсіптiк газ шығарындысын тазалайтын қондырғылар әр түрлi өндiрic салаларынан шығарылатын газдардың құрамьщдaғы зиянды заттектер бөлшектерiнiң атмосфералық ауаға өтyiнe кедерri жасап, оларды ұстап қaлyғa яғни ауаның тазалығын caқтауғa арналған қондырғылар мен материалдар.
Шаңның түpiнe, оның физикалық-химиялық қасиетiне, дисперсиялық құрамы мен жалпы ауадағы мөлшеріне, шығарындының температурасына, қажеттi тазалау дәрежесiнiң деңгейiне байланысты осы құралдардың iшiнен белгiлi бiр үлгiсi таңдалады. Тазалау аппараттарының тағы бiр маңызды сипаттамасы болып аэродинамикалық қарсылық шамасы (газ aғымының кiрердеri және шығардaғы қысымдарының apacындaғы айырмашылығы) саналады. Тазалау сапалығы, электр энергиясының шығыны, газ тазалайтын агрегаттарды icтeтyгe жұмсалатын қаржы көлемi және т.б. осы көрсеткiшке тiкелей байланысты.
Құрғақ шаң тазалау әдістері циклонды (дауылды, боранды), ротациялық (шиыршық тәрізді), вихрлі (құйын тәрізді жел арқылы), радиалды (тарамдалған), жалюзийлы болып бөлінеді.
Циклонды газ ұстағыштарда ластанған ауа құбырша арқылы өтіп, желдің күшімен 180 град-қа бұрылып, айналып, циклонның ішкі қабырғаларына ұрынып, біртіндеп шаң-тозан жиналатын бункерге түседіде, шаңнан арылған ауа циклоннан сыртқа шығып кетеді. Қазір цилиндр тәрізді ЦН-11, ЦН-15, ЦН-15у, ЦН-221 және конус тәрізді ЦК-34, ЦК-ЦН-34м, СДК-СН -33 циклонды газ ұстағыштар қолданылады. Конус тәрізді циклондар цилиндір тәрізділерден тек сыртқы пішінімен өзгешеленеді, ал жұмыс істеу принципі бірдей болады. Ротациялық (шиыршық тәрізді) жинақы, желдеткіштері мен тозаң ұстағыштары бірге орналасқан бағыты бойынша ерекшеленеді.
Құрғақ шаң тазалау әдістері
Ылғалды шаңұстaғыштарда қалқыма бөлшектер сұйық ерiтiндiлермен, көбiнесе сумен түйiстiру арқылы тұндырылады.
Ылғалды шаң тазалау әдістері бұлар көп тараған шаң-тозаң, өте ұсақтарын (0,3-1мкм) жақсы ұстайды, ыстық және жарылу қауіпі бар газдарды да тазалауға ынғайлы. Кемшілігі – газ жүретін жолға шаң-тозан тез жиналып қалады, сондықтан оларды тазалап отыру қажет. Су шығыны да көп болады. Ылғалды тозаң ұстау әдістері тамшығы немесе сұйық заттар бетіне тұндырып ұстау принципі бойынша жұмыс істейді. Оған инерциялық күшпен броуындық қозғалысы ықпал етеді. Оларға қазіргі кездегі кен қолданыстағы вентури скрубберлері, тозандатушы скрубберлер т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |