Аудан әкімінің 2013 жылғы 01-08 ақпан аралығында қала және ауылдық округтер аумағында есеп беру кездесуінде айтылған


Аудан әкімінің 2013 жылғы 05 ақпан күні Дайыр ауылдық округі аумағында есеп беру кездесуінде айтылған



бет4/5
Дата01.07.2016
өлшемі377.17 Kb.
#171800
1   2   3   4   5


Аудан әкімінің 2013 жылғы 05 ақпан күні Дайыр ауылдық округі аумағында есеп беру кездесуінде айтылған

ұсыныс-пікірлер мен сын –ескертпелер



Аты-жөні


Жұмыс орны

Ұсыныстар, пікірлер

Орындаушы

Мерзімі

Орындалуы

1.

Тұрғанбаева

Алма

Дайыр ауылы

Дайыр ауылындағы емханаға тіс дәрігері штаты қайтадан берілсе

Д. Тожыбаев

Н. Тметова



01.07.2013 ж

Дайыр ауылына 2014 жылы дәрігерлік амбулатория салынады, тіс дәрігерінің штаты сонда қарастырылады

2.

Сабанов

Әлібек

Жамбыл ауылы

Ескі ауыл мен жаңа ауыл дың арасындағы жаяу көпірді жөндеуге көмек болса

Р. Сансызбаев

Б. Көшербаев

А. Өтебаев

Б. Балғабаев



2013 ж

Ескі ауыл мен жаңа ауылдың арасындағы жаяу көпір жөндеу жоспарда бар.

3

Намазбаев

Әлібек

Дайыр ауылы,

зейнеткер



1.Жаңадан салынатын мәдениет үйі 300 орындықты болса, 150 орындық аз

Д. Тожыбаев

С. Сиырбаев

Б. Балғабаев


2013 ж

Қазіргі уақытта Дайыр ауылында өтіп жүрген жиындар мен үлкен коцерттерге 100-150 адамнан артық тұрғындар жиналмайды, сондықтан150 орындық клуб үйі ауыл тұрғындарына жеткілікті.

2.Бұрынғы мәдениет саласының қызметкері

М.Далабаевты ауылға қайтаруға ықпал жасалса



Д.Тожыбаев

С.Сиырбаев

Б.Балғабаев


01.03.2013 ж

М. Далабаев қайтадан баруға келісімін бермеді.

4.

Калиакпаров Болат

Дайыр ауылы,

Дайыр ауылының су жүйесінің жөндеу жұмыстары тезірек басталса

Р.Сансызбаев

Б.Көшербаев

Б.Балғабаев


01.04.2013 ж

Дайыр ауылының су жүйесінің жөндеу 322 325,533 мың теңге (республикалық бюджеттен – 296 448,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 25 877,533 мың теңге) бөлініп, «СМУ Шығыс» ЖШС жұмыстарды бастаған.

5.

Тлеужанов

Бақытхан

Көкжыра ауылы

Көкжыра ауылына су тартылса

Р. Сансызбаев

А. Өтебаев

Б. Көшербаев

Б. Балғабаев


2013 ж


Көкжыра ауылына су тазалағыш стансасы орнатып, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге аудандық бюджеттен 12 261,0 мың теңге қаржы бөлініп, екі шүмектен су беріледі.

6

Қизатов

Ризабек

Дайыр ауылы,

зейнеткер



1.Декларация тапсыруда салық комитетінің жұмысы жолға қойылса

Д. Тожыбаев

С. Қыпшақов

А.Бөлдекбаева

Б. Балғабаев



2013 ж

06.02.2013 жылы зейнеткер Ризабек Қизатовпен Дайыр ауылының әкімшілік ғимаратында ауыл әкімі Б. Балғабаевтың, жеке кәсіпкер А. Оспановтың қатысуымен әңгімелесу түрінде түсініктеме жұмысы жүргізілді. Әңгімелесу барысында Р. Қизатовқа салық кодексінің талаптарына сәйкес салықтық міндеттемелері, салық есептіліктері нысандарын тапсыру тәртібі, мерзімі түсіндірілді. Салық төлеуші Р. Қизатов 5 жыл бойы есептіліктерін электрондық канал арқылы өткізіп келген. Әңгімелесу барысында анықталғандай, электрондық каналы кәсіпкер А. Оспановтың электрондық жүйесі арқылы өтіп тұр. Ал, кәсіпкер А. Оспановтың кәсіпкерлік қызметінің түрі – «әр түрлі қызмет көрсету». Р. Қизатов әңгімелесу үстінде өзінің есептіліктерін 5 жыл бойы кәсіпкер А. Оспанов арқылы (ақылы түрде) өткізгенін, А. Оспановтың салық басқармасына ешқандай қатысы жоқ екенін түсінді. Сондай-ақ, «Салық органында мемлекеттік қызмет көрсету туралы» хабарландыру 18.01.2013 жылы №АҚжӘОЕАБ-5-1-363 хатымен аудандық «Достық» газетіне жариялау үшін редакцияға жолданды.

2.Алтайэнерго мекемесі әр үйде энергия пайдалануда сараптама жасап отырса

Р. Сансызбаев

Қ. Биқадамов

Б. Көшербаев Р.Бекінов


2013 ж

Алтайэнерго мекемесі әр үйде энергия пайдалануға сараптама жасап отыр.

7

Ата-аналар

Дайыр ауылы

Зайсан-Өскемен, Зайсан-Өскемен бағытындағы автобустардың жүру уақытына өзгеріс енгізілсе

Р.Сансызбаев

Б. Көшербаев

Е. Әдібаев


2013 ж

Автобустар бағыттарда бекітілген кестеге сәйкес Өскемен қаласына сағат 05:55-те, Семей қаласына сағат 06:20-да келуі қажет. Автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайын ескерсек, аталған бағыттар бойынша ұсынылған кестені өзгерту көліктердің түнгі уақыттарда жүруін артыруына байланысты жол қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар кестені өзгерту, жолаушылардың кейбірін Заңсыз тасымалдаушылардың артуына итермелейді. Автобустар белгіленген кестедегі уақыттан ерте, яғни түнгі уақытта келген жағдайда автобекеттер жолаушылар үшін ашық болатынын қосымша хабарлаймыз.

8

Ислямова

Кулянда

Дайыр ауылы,

үй шаруасында



Ауылда қаңғыбас иттерді жою жұмыстары ұйымдастырылса

Д: Тожыбаев

С. Әндірбаев

М.Бейсембаев

Б. Балғабаев



01.03.2013 ж

2012 жылы аудан бойынша 1110 ит, 10 мысық жойылып, оның ішінде Дайыр ауылдық округі бойынша 46 ит жойылды. 2013 жылдың қаңтар-сәуір айларында аудан бойынша 499 ит, 7 мысық жойылды, Дайыр ауылдық округі бойынша 19 қаңғыбас иттер жойылды.



Аппарат басшысы Н.Қараталов

2013 жылғы 08 ақпан күні Зайсан қала округі аумағында есеп беру кездесуінде айтылған

ұсыныс-пікірлер мен сын –ескертпелер




Аты-жөні

Жұмыс орны мен қызметі

Ұсыныстар, пікірлер

Орындаушы

Мерзімі

Орындалуы

1


Қасымова

Әлия

Зайсан қаласы,

техникалық колледж директоры



1.Жылыжай салуға көмек болса

Д.Тожыбаев

М.Уәли


С.Әндірбев

01.07.2013 ж

Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы бойынша көші-қон бөлімшесі арқылы бірігіп салу жоспарлануда.

Технологиялық колледжге жылыжай салуға жұмыстар жүргізілуде.



2.Оқу шаруашылық алаңындағы жерді пайдалануға су жеткізілсе

Д.Тожыбаев

М.Уәли


С.Әндірбев

Ә.Қожекенов



01.05.2013 ж

Бүгінгі күні оқу шаруашылық алаңына бақшалық су келіп тұр.

Шілде айларында оқу шаруашылық алаңында су жетпей қалады, соған бізге Жеменей өзені арқылы оқу шаруашылық алаңындағы 3 га егістік жер мен 10 га шабындық жоңышқаға труба салынып, сол арқылы су жеткізілсе.



3.Мұнайшы мамандығын даярлайтын топ ашуға көмек болса

Д.Тожыбаев

С.Абдығалиева

М.Уәли


01.07.2013 ж

Мұнайшы мамандығын даярлайтын топ ашу облыс көлемінде атқарылатын шара.

Мұнайшы мамандығын даярлайтын топ ашу үшін лицензия алу керек және де материалдық-техникалық базамен бірге шеберхана кабинеті жасалынуы керек, сол үшін сіздердіңталаптарыңыздан Зайсан ауданындағы мұнай компанияларынан бізге өз көмектерін жасауын сұрасаңыздар.



2

Сақажанова Әмина

Зайсан қаласы,

зейнеткер



1. Зайсан қаласында коммуналдық негізде қоғамдық монша салынса

Р.Сансызбаев

А.Утебаев

Б.Көшербаев

М.Уәли


2013 ж

Зайсан қаласының Заречный аймағында 2 монша халыққа қызмет көрсетуде. 2013 жылдың наурыз айында ГЭС мөлтек ауданында жеке кәсіпкердің иелігіндегі монша күрделі жөндеуден өткізілііп, іске қосылды..

Жалпы келешекте коммуналдық негізде қоғамдық монша салуға жеке кәсіпкерлерді, инвесторларды тарту жұмыстары жүргізілуде.



2.Аудандық ономастикалық комиссияның жұмысы жандандырылса

Д.Тожыбаев

С.Сиырбаев

З.Дүйсенбаева


2013 ж

2013 жылғы 21 қаңтардағы №72-V «ҚР кейбір Заңнамалық актілеріне ономастика мәселері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес аудандық ономастика мәселелері және комиссия жұмысы жандандырылады.

3.Зайсан қаласы бойынша көше атаулары қайта қаралса

Д.Тожыбаев

М.Уәли


2013 ж

2013 жылғы 21 қаңтардағы №72-V «ҚР кейбір Заңнамалық актілеріне ономастика мәселері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес аудандық ономастика мәселелері осы Заңға сәйкес қаралып, көше атаулары ретке келтірілетін болады.

4.Бағаны тұрақтандыру жұмыстары жандандырылса

Д.Тожыбаев

Е.Әдібаев

М.Уәли


үнемі

Зайсан ауданы бойынша құнсыздандыру үрдісіне бақылау жасау жөніндегі штаб құрылған. Осы штабтың 3 жұмыс тобы бар. Штаб мүшелері Зайсан қаласының өздеріне бекітіліп берілген аумақтағы сауда дүкендерінің әлеуметтік маңызы бар тауарлардың сатып алу бағасын 10 пайыздан артық баға қоспай сатуы туралы меморандумдардың орындалуын қадағалайды. Штаб отырысы айына 2 рет өткізіледі. Әр аптаның сенбі күні ауылшаруашылық өнімдерін сатуға жәрмеңке ұйымдастырылады. Жәрмеңкедегі сатылатын өнімдердің бағасы нарық бағасынан 20-30 пайызға төмен. Құнсыздандыру үрдісіне бақылау жасау, алдын алу жұмыстары үнемі қадағалануда.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында құрылған комиссия рейтке шығып, қажетті шараларды қабылдап отырады.



3

Жапаров Бекен

Зайсан қаласы, зейнеткер

1. Зайсан қаласында емхана салынса

Р.Сансызбаев

Д.Тожыбаев

А.Утебаев

Н.Тметова



2013 ж

Орталық аурухана емханасының жобалық –сметалық құжаттары дайындалу үстінде

2. Ауданның 85 жылдығы ұйымшылдықпен өткізілсе

Д.Тожыбаев

С.Сиырбаев

З.Дүйсембаева


2013 ж

Ауданның 85 жылдығын алдағы уақытта жұмыс комиссиясы құрылып, соның шешімімен жоспарланады.

3. «Туған жерге тағзым», «Туған ел -алтын бесігім» акциялары аясында Семей, Өскемен қаласының күндері Зайсан ауданында өткізілсе

Д.Тожыбаев

С.Сиырбаев

З.Дүйсембаева


2013 ж

«Туған ел-алтын бесігім» акциясы жыл сайын әр қала, әр аудандарда өткізіліп келеді. Биылғы жылы Жарма ауданында өтеді. Зайсан ауданында облыс бекіткен кесте бойынша өткізіледі.

4.

Айтбаев Бекзат

Зайсан қаласы,

дәрігер


Демеушілік арқылы ауылдарға ЭКГ аппаратын алуға ықпал жасалса

Д.Тожыбаев

Н.Тметова



2013 ж

Ауылды елді мекендердегі дәрігерлік амбулаториялар ЭКГ аппаратымен толығымен қамтамасыз етілген.

5.

Омарова К.

Зайсан қаласы

1.Терапия бөліміндегі өт жуатын орынды қайта жаңғыртса, ақылы болса да

Д.Тожыбаев

Н.Тметова



01.03.2013 ж

Терапия бөлімінде 60 төсек жұмыс атқарып тұрғанда және орта төсек күні 17-18 күнге рұқсат болып тұрғанда барлық зертханалық тексерулер, соның ішіндегі өтті зерттеу жүргізілген.Бүгінгі күнде төсек саны 30, орташа алғанда емдеу төсек күндері 11-10-ға дейін азайтылды.Қазіргі зерттеу-емдеу протоколы бойынша зерттеу жұмыстары амбулаториялық жағдайда жүргізіледі.

2.Қала ішіндегі автобустың маршрутына өзгеріс енгізіліп, Алтайэнерго мекемесіне дейін баратын болса

Р.Сансызбаев

Б.Көшербаев

М.Уәли

А.Бөлдекбаева



01.03.2013 ж

Қала ішіндегі автобустың маршрутына өзгеріс енгізілген, қазір Панфилов көшесінің жолын жөндеу жұмыстары қолға алынуда.

Бірінші кезекте жолдарды жөндеу, содан кейін автобустардың маршрутын өзгерту жоспарланған.

Қала ішілік автобус маршрутын Пограничный-Панфилов-Ақбасов көшелері арқылы жүргізу бойынша мәселе «СМУ Шығыс» ЖШС директорымен келіссөздер жүргізіліп, 04.02.2013 жылдан бастап осы бағытта жүретін болып келісілді.


3. Электротоварларды жөндейтін арнайы орын ашылса

Д.Тожыбаев

Е.Әдібаев

М.Уәли


2013 ж

Зайсан қаласының «Дана» сауда үйінде теледидар, компьютер және басқа электронды тауарларды Маршнев Константин (сот. 877106559), Федченко Владимир Викторович (87024503990), Жамбыл көшесі №38а үй 2 пәтерде Мязенцев Алексей (26-043) тоңазытқыш, кір жуатын машина, т. б. тұрмысқа қажетті заттарды жөндейді. Зайсан қаласының тұрғыны В. Самойлов, егер орталықтан орын берсе, тұрмыстық заттарды (кір жуаттын машина, тоңазытқыш, шаң сорғыш, т.б.) жөндеу орталығын ашуды ұйымдастыратындығын ұсынды.

Қалада ұялы телефондарды жөндейтін 3 орын жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күні салынып жатқан Керімбаев, Малдыбаев көшелерінің қиылысындағы жеке кәсіпкер Р. Базкеевтің сауда орны түгелдей электр тауарларын саудалау, жөндеуге арналады.



6.

Нұғыманов Ержан

Зайсан қаласы,

мұғалім


1.Заречный мөлтек ауданына стадион салынса

Р.Сансызбаев

З.Қажанов

М.Уәли


2013 ж

Әзірге тиісті бөлім мамандарымен келісе отырып стадион салынатын орны белгіленді.

Бүгінгі күні Зайсан қаласында 1 орталық стадион, 9 спорт зал, 1 мини футбол алаңы жұмыс істеп, халықтың қажеттілігін қанағаттандыруда.



2.Балағаздағы ескі ипподромның орнына шаңғы алаңы ашылса

Д.Тожыбаев

З.Қажанов

М.Уәли


2013 ж

Ипподром орнын қалпына келтіру бойынша бірлескен комиссия тұжырымдамасы негізінде шешуге жұмыстар атқарылуда.

Зайсан қаласындағы тау бөктерлерінен келешекте шаңғы алаңын ашу жоспарда бар.



7.

Қамшыбаев Отанхан,

Мусина Нәзия

Зайсан қаласы,

«Жомарт», «Нәке» ш/қ жетекшілері



1.Қашар қыстағына электр желісі тартылса

Р.Сансызбаев

Б.Көшербаев

Р.Бекінов


2013 ж

«ШҚ АЭК» АҚ желілерінен электр энергиясын тұтыну үшін «ШҚ АЭК» АҚ Зайсан АЭЖ-ге желіге қосылу техникалық шарттар беру өтінішімен тұтынушы жүгінуі тиіс. Өтініш қарастырылып, желіге қосылу техникалық шарттары беріледі. Құжатта көрсетілген шарттарды тұтынушы өз күшімен орындаған соң, «ШҚ АЭК» АҚ келісім шарт арқылы желіге қосылады. Бөлшек сауда нарығындағы электр энергиясын ұйымдастыру және функционалдандыру Ережесінің 10 бабына сәйкес, энергия беруші ұйым (АҚ «ШҚ АЭК») тек ұйымның меншік желілері арқылы келісім шартқа сәйкес электр энергиясын жеткізу қызметін атқарады. Техникалық шарттарды орындауға, яғни тұтынушы иелігіне желімен электр энергиясын жеткізіп беруді орындау үшін «ШҚ АЭК» АҚ-да қаражат қарастырылмаған.

Ал аудан бойынша орналасқан әр жеке шаруа қожалығына электр желілерін тарту әзірге мүмкін емес. Егер бір жерде бірнеше шаруа қожалығы біріксе және бизнес жоспар жасалынған жағдайда іске асырылуы мүмкін.

Қыстақтарға электр жарығын тартуға бюджеттен қаржы қарастырылмағандықтан, шаруа қожалықтары өз есебінен тарттыру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет