Аудан әкімінің 2013 жылғы 01-08 ақпан аралығында қала және ауылдық округтер аумағында есеп беру кездесуінде айтылған



бет5/5
Дата01.07.2016
өлшемі377.17 Kb.
#171800
1   2   3   4   5


Аппарат басшысы Н.Қараталов

2013 жылғы 06 ақпан күні Қарабұлақ ауылдық округі аумағында есеп беру кездесуінде айтылған

ұсыныс-пікірлер мен сын –ескертпелер




Аты-жөні

Жұмыс орны мен қызметі

Ұсыныстар, пікірлер

Орындаушы

Мерзімі

Орындалуы

1


Тайчукенов Бақдаулет

Қарабұлақ ауылы, зейнеткер

1.Ауылға келген жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында тұрғын үйлер салынса

Р. Сансызбаев

А.Утебаев

Б.Көшербаев

Қ.Чилібаев



2013 ж

Ауылға келген жас мамандарды тұрақтандыру мақсатынада жұмыс басталған. Біржан ауылында 6 пәтерлі үй құрылысы жүргізілуде. Облыстық құрылыс басқармасына әр ауылда үй салуға ұсыныс берілді.

Жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында шаруалар атқарылуда, болашақта шешімі табылады.



2.Аудандық ауруханаға жатып емделу қиын мәселе, қорытынды шығарып, дәрігерлердің жұмысын жандандырса

Д.Тожыбаев

Н.Тметова




01.03.2013 ж

ЕСМ жұмыс графиктері қайта қаралып, дәрігерлердің жұмыстары үнемі бақылауға алынды.

2

Ыдырышев Қуаныш

Қарабұлақ ауылы, зейнеткер

1. Ауылдың бұрынғы бас жоспарына сәйкес ауылда жаңадан бала-бақша салынса

Р.Сансызбаев

А.Утебаев

С.Абдығалиева

Қ.Чилібаев



01.06.2013 ж

Қарабұлақауылында мектеп жасына дейінгі бала саны-183.ауылдың бас жоспарына сәйкес бала-бақша салуды келешекте Аймақтық даму бағдарламасында қарастыру жоспарлануда..

2.Аудандық ауруханада төсек орны аз, сыймаймыз, сондықтан ауылдық округ әкімі аппараты емхананың бірнеше кабинетін пайдаланып отырғандықтан келешекте ауылдық округ әкімі аппаратына тиісті ғимарат салынса

Р.Сансызбаев

А.Утебаев

Қ.Чилібаев


2013-2016 ж

Жаңадан әкімшілік салынуға 2015 жылға сметалық құжаттарын дайындау жоспарлануда.

ҚР ДСМ 2010 жылғы 07 шілдедегі №492 бұйрығына сәйкес тәулік бойы жатып емделетін науқастарға ешқандай кедергісіз дәрігерлік көмек көрсетіледі.



3

Қадуын Шоқанай

Қарабұлақ ауылы, ауыл тұрғыны

1. Полиция қызметкерлері техникаларымызға айыппұл салмаса

Д.Тожыбаев

Ф.Каримов

Л.Дүйсенова


01.03.2013 ж

Техникаларға айыппұл заңдылыққа сәйкес салынады.

2.Тары, талқандармызды аудан орталығында саудалауға көмек бола ма

Д.Тожыбаев

С.Әндірбаев

Е.Әдібаев





01.01.2013 жылдан бастап біржолғы алым талоны тоқтатылғандықтан базарда сауда жасауға тек салық комитетіне тіркеліп жеке кәсіпкер куәлігін алып, тиісті салықтарын төлегеннен кейін рұқсат берілетіндігі және 2013 жылғы 11 ақпанда өтініш иесі мен баласы Қадуын Нұрланбекке салық комитетінің инспекторлары М. Мухамадиев, Г. Оспанова 1 айға төленетін салық 2999 теңге, оның ішінде 200 теңгесі ғана мемлекетке салық есебінде, қалғаны өздерінің зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру қорларына жиналатыны түсіндірілді.

Әр сенбі сайын тары-талқан сатуға жәрмеңке өткізіледі және аудан орталығындағы базарға шығаруыңызға болады.



4.

Нұрсағитова Райса

Қарабұлақ ауылы, ауыл тұрғыны

Ескі ауылда бақшалық су мәселесі шешімін тапса

Р.Сансызбаев

Қ.Чилібаев

Н.Сүлейменов


01.05.2013 ж

Ескі ауылдағы бақшаларға су жеткізу мәселесі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

5.

Ауыл тұрғындары

Қарабұлақ ауылы

1.Шаймардан, Мұқашев көшелеріне тартылған электр жарығы іске қосылса

Р.Сансызбаев

Б.Көшербаев

Қ.Чилібаев

Д.Тлеубердин



01.03.20132 ж

Шаймардан, Мұқашев көшелеріне тартылған электр жарығы іске қосылған, лампаларын ауыстыру бюджет қаржысы есебінен атқарылады.

Шаймардан, Мұқашев көшелерінің жарығын іске қосу үшін бюджеттік тапсырыс берілген.



2. С.Төленгутов және С.Аспандияров көшелері жарықтандырылса

Р.Сансызбаев

Б.Көшербаев

Қ.Чилібаев


2013 ж

С.Төленгітов, С.Аспандияров көшелерін жарықтандыруға ЖСҚ дайын. Жарықтандыру қаржыға байланысты жоспарланатын болады.

Сметалық құжаттары дайын




Аппарат басшысы Н.Қараталов


2013 жылғы 06 ақпан күні Айнабұлақ ауылдық округі аумағында есеп беру кездесуінде айтылған

ұсыныс-пікірлер мен сын –ескертпелер




Аты-жөні

Жұмыс орны мен қызметі

Ұсыныстар, пікірлер

Орындаушы

Мерзімі

Орындалуы

1.

Мұстабеков Рамазан,

Манаготов Жұмағали

Қайнар ауылы тұрғындары

1.Екінші Қайнар ауылының көпірі жөнделсе

Р.Сансызбаев

Б.Көшербаев

М.Көшербаев


01.10.2013 ж

Екінші Қайнар ауылының көпірін жөндеуге ЖСҚ жасалған. Жөндеу жұмыстары жоспарда бар.

2.Қайнар ауылдарының арасындағы жолды жөндеу жұмыстары биыл басталса

Р.Сансызбаев

Б.Көшербаев

М.Көшербаев


01.09.2013 ж

Жолды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

2.

Бексұлтанов Сәлімбек

Қайнар ауылы тұрғындары

1.Екінші Қайнар ауылының ауыз су мәселесі биыл шешімін тапса

Р.Сансызбаев

Б.Көшербаев

М.Көшербаев


2013 ж

Екінші Қайнар ауылының ауыз су мәселесі қаралуда.

3.

Ыдырышев Шакен

Айнабұлақ ауылы, зейнеткер

1.Аудандық аурухананың дәрігерлерінің жұмысын жандандырса, невропотологтің қабылдауын ретке келтірсе

Д.Тожыбаев

Н.Тметова



үнемі




4.

Ыдырышев Ризабек

Айнабұлақ ауылы, жеке кәсіпкер

1. Шаппалық жерді ақ мия басып кетті, көмек болса

Д.Тожыбаев

С.Әндірбаев

Т.Тлегенов

М.Көшербаев



01.07.2013 ж

Ақ мия карантиндік арам шөпке жатпайды, оны жоюға Республикалық бюджеттен қаражат қарастырылмаған. Шаппалық жерлер түгелдей жеке меншікке пай үлесіне сәйкес бөлініп берілген. Сол себепті жер иелері өз қаражаттарына оны химиялық тәсілмен улау арқылы құрту керек. Толық мәліметті аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінен алуға болады.

2.Ортаңғы ауылдың су мәселесі шешілсе

Р.Сансызбаев

Б.Көшербаев

М.Көшербаев


2013 ж

Айнабұлақ ауылының су жүйесіне жөндеу жұмыстарына 2012 жылға Республикалық бюджеттен 108,0 млн теңге, жергілікті бюджеттен – 4,531 млн теңге қаржы, биылғы жылға 154,944 млн теңге бөлініп,.пайдалануға тапсырылады.


Аппарат басшысы Н.Қараталов

2013 жылғы 01 ақпан күні Сартерек ауылдық округі аумағында есеп беру кездесуінде айтылған

ұсыныс-пікірлер мен сын –ескертпелер




Аты-жөні

Жұмыс орны мен қызметі

Ұсыныстар, пікірлер

Орындаушы

Мерзімі

Орындалуы

1.

Бейсенбаев М

Көгедай ауылы, зейнеткер

Көгедай, Шалқар ауылдарына газ құбыры тартылса

Р.Сансызбаев

Б. Көшербаев

А. Орынбаев


2013 ж.

1 кезекте Қаратал, Қарабұлақ, Айнабұлақ ауылдарына, одан арғы жылдары аудан бойынша басқа ауылдарға да газ тартуға ЖСҚ дайындалуда.

2.

Исабаева Л

Сартерек ауылы

Сартерек ауылының шет көшелері сумен қамтамасыз етілсе

Р. Сансызбаев

Б. Көшербаев

А. Орынбаев

Е. Айнабеков



2013 ж

Сартерек ауылының шеткі көшелеріне су тартуға 7 240,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар басталды.

3.

Қасенов Жұмақан

Сартерек ауылы,

зейнеткер



Ауылдық поштаның жұмысын жандандырса

Д. Тожыбаев

Б. Акимеева

А. Орынбаев


01.03.203 ж


Сартерек ауылына пошта аптасына 5 рет жеткізіледі. Барлық пошта, қаржы, баспасөзге жазылуы қызметтер түрлері ұсынылады.

4.

Шопай

Жарқын

Сартерек ауылы,оралман


Жаңа туған балама жөргекпұл ақысын алуға көмек болса

Д. Тожыбаев

Е. Мазыбаев

Л. Дүйсенова

А. Орынбаев



01.03. 2013 ж

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 Заңының 4-бабының 1-тармағына сәйкес 51930 теңге мөлшерінде бала туылуына байланысты біржолғы жәрдемақы және де баланың туылған күнінен бастап, яғни 23.09.2012 жылдан 11252 теңге (01.01.2013 ж дейін 10517 теңге) мөлшерінде бала 1 жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты ай сайынға жәрдемақы тағайындалып, 2013 жылдың сәуір айының тапсырысына қосылды.

5

Бортықаева Бикен

Сартерек ауылы, зейнеткер

Дәрігерлік емхананың дәрігер мәселесі шешілсе

Д. Тожыбаев

Н. Тметова

А. Орынбаев


2013 ж

Сартерек ауылындағы емханада қазіргі ақытта 2 дәрігер (терапевт Буланбаева Роза фахитқызы) және педиатор Ермек Советбекұлы) халыққа қызмет көрсетуде

6

Елжасов Қуанышбек

Сартерек ауылы

Сартерек ауылындағы Жіңішке каналға қорған жасауды ұйымдастырса

Д. Тожыбаев

С. Әндірбаев

Ә. Қожекенов

А. Орынбаев



01.07.2013 ж

Жіңішке канал (ЛВМК) Сартерек ауылының шетінен 1 км жерде орналасқан. Каналдың жағасына мал түспейтін тор орнату проектіде (жобада) қарастырылмаған. Тор орнату ауылдың ішінен өтетін каналдарда қарастырылған. Тор орнататын бөлек қаражат жоқ. Әркім өзінің малына ие болуы керек.

7

Елжасова Лаззат

Сартерек ауылы,

жеке кәсіпкер



Тойхана ашуға несие алуға көмек болса

Д.Тожыбаев

С. Әндірбаев

А. Әлібеков

А. Орынбаев



2013 ж

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының ІІ бағытына (несие алу) қатысуға Елжасова Лаззат 2012 жылы жұмыспен қамту орталығына келіп, ауызша мәлімет алып кеткен. Нақты қатысуға ниет білдірген кезде құжаттарын тапсыруы керектігі түсіндірілген (ауыл шаруашылығын, жеңіл өнеркәсібін, құрылыс материалдарын өндіруге, туризмге, білім және денсаулық сақтау қызметіне, сондай-ақ тұрмыстық қызметтерді көрсетуге арналған). «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына үш санатты (аз қамтылған, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған) азаматтар қатыса алады. Қаражат құрылысқа және сауда-саттыққа берілмейді. Алайда, Елжасова Лаззат бүгінгі күнге дейін ешқандай құжаттар тапсырған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет