Аудандық педагогикалық оқылым Тақырыбы: «Мен қазіргі заман педагогімін»



бет2/4
Дата02.04.2024
өлшемі0.56 Mb.
#497310
1   2   3   4
2022 пед оқылым

Негізгі бөлім
Тәрбиеші мамандығын таңдаудағы себебім, ол өте қызықты мамандық: сені балалар жақсы көреді және сенен әрдайым қандайда бір жаңа нәрселер күтеді ал мен болсам олардың өмірімен бірге сүремін, жетістіктеріне бірге қуанамын балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз.
Мен балабақшада он бірінші жыл еңбек етудемін. Бұл еңбектен ешқашан жалыққан емеспін. Себебі күнде ертеңгісін сүйкімді бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін естігенде бойым бір серпіліп қалғандай болады. Балалармен болған әр уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей. Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін. Балабақшадағы күніміз қызықты әрі сәтті өту үшін бүлдіршіндермен қандай оқу қызметін ойын түрлерін өткізсем екен деген ойларым сан түрлі.
Әрине әрбір оқу қызметіме жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай жұмыс жүйесі менің балабақшамда қалыптасқан.
Менің педагогикалық әдістемелік тақырыбым «Мектепке дейінгі балалардың қол моторикасын ойын арқылы дамыту» Балалардың саусақ моторикасын дамыту үшін Джордано Бруно айтқандай «Адамды жалпы тіршіліктің әміршісі еткен интеллектуальды артықшылықтар емес, ол қол – осы органмен барлық органды басқарамыз» деген. Мектепке дейінгі балалардың қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен жаттығулар арқылы өзіне –өзі қызмет ету дағдыларының қалыптасуы да осы қол моторикасын қолдануда дамыған. Мысалы: қасық пен қарындашты ұстау, түймелерін тиегіне өзі салып, өзі ағыту, бауларын байлау т.б.
Әрине мектепке дейінгі жасында бала тілінің дамуы, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысын қалыптастыруда қол моторикасын дамыту және үйлестіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса ,оның одан әрі дамуы да соған тікелей байланысты. Ұсақ қол моторикамен қоса балалардың есте сақтау қабілеті мен назары, сондай-ақ, сөздік қоры да дами түседі.
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен.
4
Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы ,жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы , қабілеті дамып,ынтасы артады. Саусақ қол ойындарын үйде және балабақшада да әсерлі , көңілді ұйымдастыру керек. Қол моторикасын дамыту үшін саусақ жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Бала әр нәрсеге құмар, қызықққыш,ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне , тілінің дамуын саусақ ойындары арқылы жетілдіруге болады. Ал, саусақ ойындары балалардың ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерешеленетініні айқындалған. Қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар мен ойындардың баланың жас ерекшелігіне сәйкес қалыптасатын дағдыларын айта кетуді жөн көрдім:

1-2 жаста


*Шимайлар мен сызықтарды сала алады;
* Ыдысты қолына алып көтеріп іше алады;
*Төртбұрышты төртбұрышқа, дөңгелекті дөңгелек тесікке сала алады;
*Кітаптарды парақтай алады;
*5-6 текшені бірінің үстіне бірін қоя алады;
2-3 жаста;
* Үлгіге қарап қарапайым пішіндерді сала алады;
* Қайшымен қиюды біледі;
* Қақпақтарды аша алады;
*Ірі моншақтарды тізе алады;
3-4 жаста
*Қаламды дұрыс ұстай алады;
* Нүктеленген суреттерді бастыра алады;
* Домалап бара жатқан допты ұстай алады;
* Қағазды бүктей алады;
4-5 жаста
* Қарапайым пішіндерді бояй алады;
* Адамның негізгі мүшелері бар суретін сала алады;
* Қалтаның ішіндегі заттарды сипап сезу арқылы не екенін айта алады;
* Ермексазбен мүсіндеу жұмыстарын біледі;
* Бау байлай алады;
Қол моторикасын дамытуды ерте сәбилік кезеңнен бастаған жөн. Себебі ұсақ қол моториканы дамыту мұндайда өте тиімді. Баланың саусақ моторикасын дамытуды мынадай жаттығулар арқылы жүргізген жөн:
Пассивті жаттығу – бұл ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Саусақ моторикасында қолданылатын жаттығуларды ең төменгі деңгейден бастаған дұрыс.
Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшу ұсынылады. оның деңгейі баланың ұсақ моторикасының даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол
5
саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай және тітіркендірмеуін қадағалаған жөн. Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады:
*Сипау, жаймен уқалау, діріл.
Қол моторикасын дамыту ойындары қызықты болуы керек. Сол кезде ғана баланың қол еңбегі жұмысы артады:
* қолмен ермексазды жұмсарту;
* алақандарымызды жұмып ойын ойнау ( таңертең тұрдық-ашылу; кешке ұйықтадық- жабылу)
*екі қолдың саусақтарымен «жүру» үстелмен, алдымен ақырын, біресе ұрланып, біресе тез жүгіріп келуі (жаттығу алдымен оң қолға содан кейін сол қолға жүргізіледі)
* ауада саусақпен сурет салу;
*қолдың басымен қол шам жасау;
*түймелерді тағып-ағыту, бауды байлау, құлыпты ашу-жабу;
*қақпақтарды жабу,механикалық ойыншықтарды кілтпен жүргізу;
* бұрандалар мен сымдарды бұрау;
* конструктор ойыны;
* құммен сурет салу;
түрлі –түсті борлармен тұзды, шекерді, ұнтеқ жарманы бояу;
* «Бассейн» ойынын ойнату;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет