Аудандық педагогикалық оқылым Тақырыбы: «Мен қазіргі заман педагогімін»



бет3/4
Дата02.04.2024
өлшемі0.56 Mb.
#497310
1   2   3   4
2022 пед оқылым

Жаңашылдық
1.Осыларды ескере отырып өз жұмысымның мақсатын айқындадым: Менің мақсатым- «Мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі қызметтер арқылы қол моторикасын дамыту және қол қызметін үйлестіру».
Заманауи тәрбиешінің міндеттері: Өз нәтижелерін болжай алатын дербестігін дамытатын және ортаға ой тастай білетін өнерлі де, тапқыр тұлға қалыптастыру. Әр баланың жеке мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау.
Өз міндетімді айқындап жұмысымның нақты болуы үшін төмендегідей талаптар қойдым:
*қол және көз, қолдың ептілігі, ритмикасы қозғалысын үйлестіру және нақтылығын жақсарту;
* саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсарту;
*жалпы қозғалыстық белсенділікті арттыру;
*сөйлеу функциясын тұрақты етуге көмектесу;
*қиялын, логикалық ойлауын, еркін назарын, көру және есту қабылдауларын, шығармашылық белсенділіктерін дамыту;
* өз құрбыларымен ,үлкендермен қарым-қатынаста эмоционалды – қолайлы жағдау жасау;
3.Мен көздеген нәтижеге қол жеткізу үшін келесідей жұмыс түрлерін нақты түрде қолдандым:
* тәрбиешінің балалармен бірлескен қызметтері;
*балалармен жеке жұмыстар;
*балалардың өздерінің еркін өзіндік қызметтері;
6
4. Мен қол моторикасын дамыту және қол қозғалысын үйлестіру мақсатында түрлі қабылдаулар мен әдіс-тәсілдер қолдандым:
*саусақтық ойын тренингісі;
*саусақ ойынды тақпақтар мен жаңылтпаштар;
*ермексазбен мүсіндеу және табиғи материалдардан жапсыру жұмыстары;
* саусақпен,тіс щеткасымен, май шаммен, жіппен сурет салу және бастыру әдіс-тәсілдері;
*дидактикалық ойындар;
*М.Монтессори элементтерін қолдану;
*пазл, мозайка қолдану;
* дәнді дақылдарды себу, теру әдіс-тәсілдерін қолдану;
Мен өз іс-тәжірибемде балалардың қол моторикасы даму арқылы балалар ойының ұшқырлығын, зейінінің нақтылығын, сөйлеу қабілетінің анықтылығы мен қарым-қатынасының жақсы дамитытынына көз жеткіздім. «Қабілет бастауы мен балалар дарыны - саусақ ұштарында. Содан шығармашылық ойдың бастаулары пайда болады. Бала қолының қозғалысында еңбек құралына деген сенімділік пен тапқырлық орын алса, қиындық туындайды, ол үшін бала ойының шығармашылық анықтық қабілеттерінің өзара әрекеттестігі қажет. Балада қаншалықты шығармашылық қабілетті болса, бала соншалықты ақылды келеді» Сухомлинскийдің айтқанындай менің мақсатым мен міндетімді айқындап бергендей.Мақсатым мен міндетімді одан әрі дамытуда яғни жеке жұмыс тәжірибесін сипаттауда нақты жоспар құрдым. Менің ортаңғы топ балаларына арнап жасақталған жоспарымдағы «Моншақтар», «Су астындағы қазына», «Кірпілер», «Баулар кімдікі?», «Бидай мен күріш» «Жаңғақтар» атты ойындарды, «Саусағым», «Достық», Тас пен балдыршақ» тақырыбында қол жаттығулары, «Аппақ қар», «Тіс щеткасы» атты массаж ойындарын жүзеге асыруда балаларға бұл ойындар қызығушылығын арттырып, қол ептілігінің дамуына жақсы нәтиже бергенін көрдім. Қол моторикасын дамытуға арналған мынадай картотека құрастырдым: « Саусақтық жаттығулар», «Физминуткалар», «Жолшықпен жүру», «Түстерді жина», «Саусақ театры» т.б.Сондай-ақ балаларды ойындар мен инсценировка қолданған қағаздан ұсақ-түйектерді жасауға үйреттім.

Ұсақ қол моторикасынының жүйелі жұмыс нәтижесін топ ата-аналарына да оң әсер


7
еткенін байқадым. Ата-аналармен жұмыс жасау ең маңызды бағыттың бірі болғандықтан балалар қызметіне де белсене араласуын қалыптастырдым. Ата-аналарға саусақ ойындарының жинағы және ата-аналар жиналысында кеңестер берілді. Педагог ретінде қазіргі таңда ата-анамен тығыз қарым-қатынас орната отырып, оларға ұсақ қол моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Бұдан келіп шығатын нәтиже қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болатыны жалпы моторлық артта қалушылық байқалғанын білдіреді. Ойлап көрсек тіпті балабақшадағы балалардың көбінде баулы аяқ киім кездеспейді. Жалпы моториканың дамуының аздығынан балаларда тіл мүкістігі, сөйлеу тілінің дамуында тежелулер көп. Сол себепті де сөйлеу тіл мүшелерінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Елбасымыз еліміздегі актуальді мәселелердің бірі қазіргі таңдағы инклюзивті тәрбие мен білім беруді басты назарда ұстануды халыққа Жолдауларында айқын тапсырмалар беріп білім ұйымдарының жұмысын жандандыруды қолға алды.
Көрнекті ғалым Мария Монтессори: « Жұмыс жасамас бұрын баланы үйретудің амалын табу, қайталама жаттығулар арқылы қозғалыстар дайындау қажет» деп айтқанындай менде өз іс-тәжірибемді балабақшаішілік тараттым. Осылайша , жұмыс нәтижесі тиімді болуы үшін қорытындылай келе балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуға септігін тигізетін жаңа әдістемелік құралдарды ізденіп жұмысымды жалғастырамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет