Аудармалары



бет3/14
Дата16.06.2016
өлшемі1.43 Mb.
#139374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

УАҚЫТ СОНДАЙ
3 перделі комедия.
Станислав Зелинский – завод директоры.

Дорота – оның әйелі.

Юлиан Скупень – жазушы.

Эля – Зелинскийдің секретары.

Петрика – мастер.

Чионик – жұмысшы.

Менгожевский – бухгалтер
Бірінші көрініс.
Шеге жасайтын провинциядағы кішілеу заводтың директорының кабинеті. Жазу столы, екі телефон. Шаблон бойынша қойылған – стандартты мебель, диаграммалар, таблицалар. Жаңарған Варшаваның көрінісін бейнелейтін бояумен салынған литография ерекше көзге түседі. Әсіресе, Конетитдің Алауы өзгеше көз тартады. Шымылдық ашылғанда сахнада директор Зелинский мен бухгалтер Менгожевский.

Зелинский. Ал, енді бәрі болды ғой, пан Менгожевский?

Менгожевский. Бәрі де болды енді, пан директор.

Зелинский. (орнынан тұра). Рахмет сізге. Меніңше біз енді риза болатын шығармыз деймін.

Менгожевский. Мен де солай болуға тиіс деп ойлаймын, пан директор.

Зелинский. Солай... Шынын айтқанда, бұл маған оңай соққан жоқ. Сондай минуттар, болды ғой, сондай ауыр минуттар, пан Менгожевский...

Менгожевский. Айтуға тура келеді, егер де пан директордың өзі кіріспегенде...

Зелинский. Негізгі мәселе онда емес, пан Менгожевский. Коллектив – бәрін шешетін сол.

Менгожевский. Коллектив өз алдына ғой, пан директор, бірақ менің ойым айтады, егер де сол коллективтің тізгіні сондай мықты болып, бағыт бермесе...

Зелинский. Басты мәселе – біз айқаста жеңіп шықтық пан Менгожевский. Бұның нағыз тартыс, шын айқас болғанын сіз де мойындайтын боларсыз, пан Менгожевский. Әлде олай емес дерсіз!

Менгожевский. Енді қалай? «План үшін күрес» деп тіпті газеттің өздері жазды ғой.

Зелинский. Міне, көрдіңіз бе, тіпті газеттер де жазды, ә, газет оқыған қандай жақсы – адам өседі ғой. Сіз, мәселен тура өсіп келесіз, пан Менгожевский.

Менгожевский. Рахмет сізге, пан директор.

Зелинский. И – иә... Егер біз осы шамалы мүмкіншілігіміздің өзінде тоқсан жеті, тоқсан сегіз процентке жеткен болсақ та – соның өзі де жаман болмаған болар еді. Тіпті бүкіл газет, кинохроникалар көңіл аударып отырған ең ірі өндірістердің өзі тоқсан жеті, тоқсан сегіз процент қана беріп отыр. Ал біз болсақ – жүз екі!

Менгожевский. Жүз екі де оннан үш...

Зелинский. Тағы оннан үш. Оның да маңызы зор. Күрес процент есесі үшін, деп әлгі анау айтқандай... Кім еді әлгі...? Иә, солай. Рахмет, пан Менгожевский, болды ғой!

Менгожевский. Болды, пан директор. Сіздің рұқсатыңызбен келесі тоқсанның планын мен енді машинкаға бере берем.

Зелинский. Өзіміз енгізген түзетулерімен деңіз.

Менгожевский. Иә, сіз кіргізген түзетулермен. Ертең пан директорға қол қоюға әкелетін болам.

Зелинский.Ертең болар, арғы күні болар. Біздің әлі онына дейін уақытымыз бар емес пе?

Менгожевский. Арғы күні менің демалысқа шығатындығымды есіңізге салғым келеді... Егер пан директор тарапынан қарсылық болмаса...

Зелинский. Әрине, әрине. Есімнен шығып кетіпті, ғафу етіңіз, сіз дем алатындай еңбек сіңірдіңіз, пан Менгожевский. Айтуға ғана, таудай іс тыңдырдыңыз.

Скупень. Скупень...

Зелинский. Скупень, Юлиан? Қойың. Міне тамаша.

Құшақтасады.

Ал, отыр. Өте қуанамын.

Скупень. Өзім де солай болар деп едім. Мүмкін, танымай қалуы, ал егер тани қалса, қуанатын - ақ шығар деген ем.

Зелинский. Қарағым – ау, қанша жыл десеңші. Мектеп бітірген күннен бері... Бұны кім ойлаған?

Скупень. Түу, айтпа деймін. Егер мына столдың басында, басқа емес, пан директор Зелинский отырғанына көзім жетпесе Глобусты тани алар ма едім.

Зелинский. Глобус... ха – ха!

Скупень. Ғафу ет мені, ал, сен мен үшін әрқашанда Глобус болып қаласың.

Зелинский. Ештеңе емес, ештеңе емес... Мен тіпті де қарсы емеспін. Бірақ, содан бері ешкім де олай атаған емес. Өзім де ұмытып кетіппін. Глобус... Ха – ха!

Скупень. Ал сені қылау шалып қалыпты, Глобус!

Зелинский. Сені де! Ал былайша бар ғой түк өзгермегенсің.

Скупень. Біздер әрқашан да солай боламыз ғой. Өзгермей келіп, келіп бір кезде – мәссаған! Шал болғанымызды бірақ білеміз. Түк өзгермегенбіз,ал мектепте бірге болған жолдастар танымайды.

Зелинский. Қалай осы екеуіміз бірде бір кездеспегенбіз... Әрине мен сен туралы сан рет оқыдым, оқыған сайын қуанышым қойныма сыймайтын. Суретің қолыма түсе қалса, мен әрқашан әйеліме мақтан ететінмін. Көрдің бе деймін, сен білесің бе бұл атақты жазушының кім екенін? – Менің мектептес бірге оқыған жодасым Юлиан Скупень дейтінмін.

Скупень. Ондай суреттер тек мектептес жолдастарыңмен алыс туыстарыңның ғана көңілін аударады ғой.

Зелинский. Кішіпейілсінбеші! Атақ – даңқ! Лауреат! О – о! Біздің үйде сенің бәйгі алған повесің бар. Солай болады ғой. « Таң »... Көрнекті жерде тұр. « Байтақ дала үстіндегі таңба» еді?

Скупень. « Тың үстіндегі сәуле ».

Зелинский. Иә - иә! Шынын айтқанда, мен оқығам жоқ. Өзің білесің, соншама жұмыс бастаймыз, рухани азық алуға мұрша да жоқ. Ал, Дороша, біздің әйел, оқыған оны. Тамаша!. – дейді. Өзі деревня туралы ма еді осы?

Скупень. Иә, деревня туралы.

Зелинский. Мен сенің ол жөнінде хабарың бар деп ойлаған да емеспін.

Скупень. Бір ауылшаруашылық артегінде бір аптадан артық болдым ғой.

Зелинский. Ә... Әрине... Сен сияқты жазушы өмірдің бар жағынан хабардар болу керек, солай емес пе?

Скупень. Кім білсін... ? Мүмкін солай да шығар.

Зелинский. Былайша айтқанда, тұрақты қызметпен байланысты емессің, қайда барғың келсе – барасың, кіммен кездескің келсе – кездесесің. Қызғанам да, қызығам да! Айтшы, мектептес ескі жолдастардың ешкімімен кездесіп тұрамысың? Менің қалайда бірінен де хабарым жоқ.

Скупень. Кейде Сливковскийді кездестірем, есіңде ме мектептегі ақынымыз?

Зелинский. «Тігінен тұрғызып жерді біз,

Тастаймыз балыққа күнді біз ».

Скупень. Сол, сол, сол. Қамсыздандыру жөнінен қызмет істейді, мамандығы – қала кезу. Семірген – масқара. Ал Гжсяк, бір партада отырдық қой онымен, - білесің енді, біздің бірінші латынша? Осы соңғы уақытқа дейін Маршелковскаяда галустук саудасын істейді. Ал, Пинтуланы ұмытқан жоқсың ба?

Зелинский. Пинтула?! Енді қалай? Футбол алаңында біздің мектептің абыройын қорғайтын сол емес пе еді? Оның тұрған бойы спортсмен, есеп сабағынан нағыз есек еді ғой.

Скупень. Археологияның доценті. Керемет жоғарылап өсетін түрі бар дейді.

Зелинский. Қарай гөр. Кім ойлаған!

Скупень Оның ішінде не жатқанын ешкім білмейді. Мысал үшін мен жазушы болам деп ойлап па едім? Міне, енді жазып жүрмін ғой. Глобус, ал енді, мен неге келдім, неге сенің уақытыңды алып отырмын, осы жайды саған баяндайтын уақыт жетті білем.

Зелинский. Мен бұл кездесуімізге сондай қуаныштымын! Өткен күнді еске алуға көптен бері реті келген емес. Егер де сенің менде шаруаң болса, сөйле, қолымнан келгенше...

Скупень. Шаруа деп не шаруа дейсің, достық жәрдем деген де.

Білесің ғой, бір театр маған драма жазып беруді өтініш етіп отыр. Оларды күнделікті тақырыптағы репертуар мәселесі қиыншылыққа ұшыратып отырған жайы бар. Қазірдің өзінде-ақ менің болашақ драмамды пландарына кіргізіп, тіпті ең тәуір әртістерін де белгілеп қойды.

Зелинский. Сонан соң?

Скупень. Расында, мен әлі ешқашан драма жазған емеспін. Бірақ та басқалардың қолынан келді ғой, ендеше менің де қолымнан келеді.Сөз бе екен драма.

Зелинский. Сенің талантыңмен бе?

Скупень. Достым – ау, талант – онымен бәрі тынбайды. Басты мәселе – тақырып, образдар, тартыс желісі – осының бәрін құр өз басыңнан алмайсың ғой.

Зелинский. Ал, енді қайдан?

Скупень. Өмірден. Басқа жол жоқ. Тартысты өмірдің өзінен шабу керек, қандайда болса бір қолайлы, әлеуметтік, түсінемісін, шиленіскен тартыс қажет. Сонан соң барып творческий толық қиялдың күшімен сахна көрінісіне айналдыру керек. Ұқтың ба?

Зелинский. Толық ұға алмадым.

Скупень. Осының ұқпайтын несі бар?

Зелинский. Сен тартысты өмірден шабу керек дейсің, қалай табасың? Қайда оның өзі?

Скупень. Бар жерде. Аяқ аттасаң тартыс. Бәрінен бұрын әрбір өндірісте. Ескі мен жаңаның тартысы! Ескілік қалдығымен күрес! Ондаған осындай тартыстар.

Зелинский. Мүмкін, таласпаспын. Өз басым ондайдың бірін де кездестірген емеспін. Былайша, біздің завод кішкене және де ондайлардың бәрі бізде болды. Міндетті нәрсе емес қой.

Скупень. Бар, Глобус, бар! Көрерсің, міне өзіме қажетті бірдеме кездестірермін.

Зелинский. Тұра тұр, тұра тұр... Сен осы, осы арадан тақырып таппақсың ба? Осы Дембновцидан?

Скупень. Сол үшін де келіп отырмын.

Зелинский. Ым... Несін айтасың, бізге бұл абыройлы-ақ болды. Мен ғой барымша ... жалғыз – ақ...

Скупень. Мен, әрине, басқа жерге-ақ жүріп кеткен болар ем, бірақ, осында директор екеніңді біліп, сенен жәрдем болар дей ұйғардым. Ескі достықты еске алдым.

Зелинский. Осы әңгіме не туралы? Қалай десең де маған сене берші өзің.

Скупень. Рахмет.

Зелинский. Бірақ бар ғой, бұл арадан ондай іздегеніңді, шынын айтқанда, таба алмайсың. Жұпыны ғана қала, кішігірім заводсымақ, қарапайым адамдар, кәдімгі жай шеге жасап жатқандар... Көркем әдебиет үшін қызықты ештеңе де жоқ па деп қорқам.

Скупень. Оны көре жатармыз. Ал, әзірше мен заводты көріп, жұмысшылармен танысқым келеді. Бұл мүмкін бе?

Зелинский. Әбден мүмкін. Не бөгет болушы еді. Қашан десең де!

Скупень. Мен тезірек болса деп ем. Екі -үш күн ішінде тақырыбымды тауып, пьесаның план желісін тартам деп

Зелинский. Әрине енді, біздің үйде боласың ғой.

Скупень. Қойшы мазаларыңды алып?

Зелинский. Онда тұрған қандай мазалау? Тәп – тәуір жеке ғана үйшігіміз бар, бес комната, біз екі-ақ баспыз.... Оның үстіне Дембновцада қонақ үй де жоқ...

Скупень. Олай болса енді...

Зелинский. Біздің әйелмен танысасың. Керемет әйел. Менің әйелім болғандықтан емес, оған күмәнің болмасын... Ойбой, ол енді қандай қуанады десеңші. Қазір өзіне телефон соғайын...

Скупень. Ал, заводқа қашан?

Зелинский. Дұрысы – ертең. Тура таңертең. Бүгін тамашалап тұрып әңгіме соғамыз, өзіңмен бірге рахаттанып бір отыруға мүмкіншілік берсеңші енді. Ғафу ет, телефон соғып қана алайын. (Трубканы алып телефон соғады). Дорота? Ә! ... Мен саған бір ғажайып тауып қойдым... Жоқ, қонақ... Жоқ деймін, сүйкімді, асқан көрікті... Таба ғой!... Қайдан болады? Оны қайдан алдың? Таба алмайсың, өміріңде де таба алмайсың! Білесің бе кім екенін? Скупень! ... Жоқ, Скупень деймін, эс –скуи арқылы. Түу қандайсың өзің? Скупень деймін. Кімің не? Менің досым, белгілі жазушы, есіңе түсті ме енді?.. Барады ғой. Жалпы уақытша біздікінде тұрады... Үйде ештеңе жоқ. Бірдеме табарсың енді, тырысып көр... Тура қызметтен соң барамыз. Көріскенше! (Трубканы орнына қояды) Керемет қуанды. Ғажап әйел, көрерсің өзің. Ал өзің әлі күнге сүр бойдақсың ба?

Скупень. Бұйырмасын

Зелинский. Қой, қой! Білмейсің бе, бауырым – ау, әйел, үй болу деген керемет нәрсе ғой.

Скупень. Мен, жалпы айтқанда, сенің бақытты болғаныңа қуанам.

Зелинский. Бақытты? Сен аса соқтың-ау деймін. Бақыттылыққа жуықсың дейік те.

Скупень. Енді не жетпейді саған?

Зелинский. Сен менің орнымда осындай бір түкпірде тұрған болсаң, олай деп сұрамаған болар едің. Бұған адам баласы қанша шыдауға болады? Ал мен бар ғой, бауырым, сегіз жыл бойы осы арада сорым қайнап отыр.

Скупень. Сені не ұстап отыр? Артын-тартын да, тайып отыр Варшаваға.

Зелинский. Тайып отыр!- айтуға ғана оңай. Білгің келе ме? Біз Дорота екеуіміздің содан басқа ойымыз жоқ. Түн болса Варшава түсімізге енеді. Кафе, ағылған ел, толқынды қозғалыс, айғай – шу. Өмір ғой, бауырым. Мұнда не? Қатып – сену. Қимыл, қозғалыс деген жоқ қой саған! Ағынсыз жатқан шалшық судай құрып бара жатқанынды аңғарасың.

Скупень. Бөгет неде осы? Үй мәселесі ме?

Зелинский. Варшавада Доротаның туыстары, достары бар ғой. Барған бетте түсетін үй табылады.

Скупень. (күледі) Варшавада тұрғын үй мәселесі Варшаваның трамвайы тәрізді. Әуелі адам сол қолымен, оң аяғыңмен жармасып табалдырығына зорға ілініп тұрасың, соңынан сығылыса барып ептеп ішіне кірсең, әйтеуір зорға дегенде орын табасың. Әрине онда да ішіне кіргенше түсіріп тастамаса ғана.

Зелинский. Тіпті мәселе тұрғын үйге тіреліп тұрған жоқ. Басқа адамдарға береді ғой, маған да тауып берер еді. Мен деген алқымдай болмайтын адам емеспін, а дегеннен Конституция алаңынан бермей-ақ қойсын, әйтеуір Варшавадан берсе болғаны. Шіркін-ай, Скупень-ау, онда мен тірілер едім ғой. Дорота туралы не айтайын, көз алдымда сөніп барады-ау.

Скупень. Саған кедергі боп тұрған не, түсінбеймін. Жұмыссыз қалам деп қорқамысың?

Зелинский. Ол жөнінде қаупым шамалы. Жұмыс табам, тағы қандай жұмыс десеңші! Аса үлкен жауапкершілігі жоқ, завком, парткомдармен мәңгі тартысып жатпайтын қызмет табам ғой. Осының бәрі мені қалай жирендіргенін сен білсең еді. О дүние, осы арадан бір сытылып кетсем еді. Ойбой, ол туралы ойлауға да болмайды.

Скупень. Неге?

Зелинский. Жібермейді ғой.

Скупень. Е, қалайша?

Зелинский, Солайша. Жібермейді, бітті. Сен түсінсеңші, мен бар ғой, мына мен, басқа емес, өзім мынаның бәрін ( айнала нұсқап) күл – талқан болып жатқанда қырық алтыншы жылы көтердім, қалпына келтірдім, реконструкция жасадым, жүргіздім. Жылдар бойы тәулік сайын жиырма сағаттан осы арада арпалыстым, бір де біреу көмектеспеді маған. Осыдан кейін,сен мені босатады деп ойлаймысың? (қолын сілтеп) Олар бұндай ақымақты енді қайдан тапсын?

Скупень. Адам баласы жол таппайтын қиындық жоқ.

Зелинский. «Сеніммен сертке жетеді» - дерсің. Менің сенгенім – министерство-мені тіпті қозғағысы келмейді, онда қалай болмақ?

Скупень. Тұра тұр. Сен Гуркевичті білемісің?

Зелинский. Қай Гуркевичті?

Скупень. Болып еді ғой бізде әлгі – Гене Гуркевич, Пинтуламен бір партада отыратын. Оны жетінші кластан қуып шыққан.

Зелинский. Тоқтай тұр... Әлгі орыс, көзілдірікті қара?

Скупень. Дәл өзі.

Зелинский. Есіме түсті. Скоморович соған ылғи жармаса бермеуші ме еді. Оның тарих сабағында директормен де бір шайқасып қалғаны бар еді ғой.

Скупень. Дұрысын айтқанда, қашан Польша «теңізден бастап теңізге дейін» дәурен сүріп еді деп директордан сұрағанда, директор не жауап берерін білмей бұлқан – талқан болған.

Зелинский. Шынында оны не үшін шығарды?

Скупень. Коммунизм үшін. Социалистік жастар Одағында мүше болатын.

Зелинский. Ә !

Скупень. Мен онымен жақында кездестім. Бірнеше айдан бері сенің министерствоңда бөлім бастығы көрінеді. Тілесең онымен сөйлесейін. Ол оның тарапынан сені сүйеу болып саналмайды, нақтылы жағдайды еске алады ғой. Оның үстіне мектептес жолдас, оның да мәні болар.

Зелинский. Мен саған үлкен қарыздар болар ем, бірақ саған бір ерекше жұмыс бола ма деп қорқам.

Скупень. Сөз емес! Заводты көрсет деп қайта саған көп жүк артып отырмын. Бұл жөнінде мен, былайша айтқанда шикі наданмын. Балғадан балтаны айыра алмаймын ғой.

Зелинский. Қойшы жоқты айтпай. Мен өзім-ақ таныстырар едім сені, егер де... Тақта ( календарьға қарайды). Ертең жиырма тоғызы. Иә... Сегізде – райком, сегіз жарымда завком, онда – өндіріс мәжілісі... Бір күні бойы бір – бос емес. Ылғи осы, сенемісің?

Скупень. Енді қалай болады?

Зелинский. Ештеңе емес, табамыз ретін... (қоңырау соғады). Алда – жалда сені мастерлердің, не ескі жұмысшылардың бірімен байланыстыруға болады.

Эля кіреді.

Рұқсат ет саған таныстыруға. Бұл менің жоспарлау бөлімім. Танна Эля менің барлық жоспар – тәртібімді, бар жиылыс, мәжіліс, мәслихат, бар мерзімді срокты екі жұма бұрын жатқа айтып береді. Және ешбір бос белбеулікке жол бермейді. Кісі емес – пышақ.

Скупень. Менің көз қарасымда – бұл пышақ, аса сүйкімді кісі – ақ.

Зелинский. (Эляға) Ал панна Эля, бұл азаматтың кім екенін білемісің?

Эля. Жоқ, азамат аты – жөнін айтпады ғой.

Зелинский. Онда біліп қойыңыз, панна Эля, сіздің алдыңызда кәдімгі Скупеньнің өзі, Юлиан Скупень – біздің әдебиетіміздің мақтанышы. Сіз бұл кісі жөнінде естіген боларсыз деп білем.

Эля. Сізсіз бе? Шынында солай ма?

Скупень. Ұқсамаймын ба?

Эля. Білмеймін, әлі еш уақытта анық жазушыны көрген емеспін.

Скупень. Анық жазушыдан танық жазушыны айырып алу қиын болады. Тіпті сыншылардың өзінде айырып тану сирек кездеседі.

Зелинский. Панна Эля, пан Скупень біздің заводпен танысқысы келеді. Сізше, кім бұл кісіні жұмыс жағдайымен таныстыра алар екен?

Эля. Кішкене, пан директор. (Скупеньге) Сіздің көбірек көңіл бөлетініңіз не нәрсе? Өндіріс прцесі ме әлде еңбек мәселесі ме? Машина ма, жоқ адам ба? Танысып зерттеу ісіне қанша уақыт бөлмекпіз: бір жыл ма, бір ай ма, әлде бір жұма ма?

Зелинский. Мен не деп ем саған? Тап басырдың өзі әйел – хрономистр.

Скупень. Сүйікті панна, мені бар мәселе де қызықтырады, бәрін де білуге ынтықпын. Бірақ, екі – үш күннен артық уақытым жоқ.

Эля. Түсінікті. (Зелинскийге) Чижик пан директор.

Зелинский. Немене?!

Эля. Ең қолайлы адам – Чижик.

Зелинский. Чижик? Әлгі жалқау? Сіз де табады екенсіз. Менің көңілімде Вечерок еді.

Эля. Пан директор. Вечерок кетеді ғой.

Зелинский. Иә, иә. Ал, Тихобродский.

Эля. Ол инструмент цехын жақсы біледі, бірақ одан әрі...

Зелинский. Сіздікі дұрыс болар.

Эля. Чижик мәдениеттірек және бар жағынан хабардар.

Зелинский. Дәл соны жаным сүймейді. Жауапсыз бір жан.Жалпы бір – көргенсіз. Егер сіз солай десеңіз, Чижик-ақ болсын. Рахмет, панна Эля.

Эля. Пан директор...

Зелинский. Тағы не?

Эля. Петриканың күтіп отырғанын есіңізге салам.

Зелинский. Бос емеспін. Ертең келсін.

Эля. Ол күнге келісілген, пан директор. Күткелі үш сағат.

Зелинский. Өзіңіз көріп отырсыз, қонақ отыр ғой.

Скупень.Маған қарамай-ақ қой, қажетті шаруа болса.

Зелинский. Әрине – қажетті. Қарт мәңгі өзінің қиялымен әуре. Дәл осы жолы да байсалды ештеңе шықпайтынына көзім жетеді. Бірақ, таңертеңге дейін күтіп отыруға бар?!

Скупень. Рационализатор ма?

Эля. Иә.


Зелинский. Шайқы, кәдімгі маньяк. Бірақ, ол өз ісін біледі. Оның шайқылығы ойлап шығару – изобри жөнінде.

Скупень. Менің тілегімді орындашы, қабылдашы соны.

Зелинский. Саған не ол?

Скупень. Маған да қатысуға рұқсат ет.

Зелинский. Е! Түсіндім. Оны пьесаңа кіргізбексің ғой?

Скупень. Өйтсе ше? Тартысты осындай негізде құрған орынды деп білем. Рационализатор! Қарсылық! Ескінің жаңамен күресі!

Зелинский. Ол, Петрика, сондайлық жаңа емес енді. Әлдеқашан алпыстан аттап кеткен. Сені соншама қызықтырған екен!... Шақырыңыз өзін, панна Эля.

Эля кетеді.

Есіңде болсын, уақытың текке өледі. Сен үшін – бұл экзотика, түсінемін – рационализатор және тағы сондай толып жатқан дейсің ғой, ал бұл жерде әңгіменің соншама қызығы жоқ, тек техникалық деталь жайында болады.

Скупень. Оған да шыдаймын.

Есік қағады.

Зелинский. Кіріңіз.

Петрика кіреді.

Есенсіз бе, пан Петрика, отырыңыз. Қалыңыз қалай?

Петрика. Қал қайыр, азамат директор, ә?

Зелинский. Ғафу етіңіз, соншама күтіп отыруға неге мәжбүр болдыңыз. Білесіз ғой, мұрша жоқ, жұмыс та жұмыс. Тоқсанға бөлінесің.

Петрика.Ештеңе етпейді, азамат директор, мен асықпаймын.

Зелинский. Мен міне, ылғи асығудамын. Ал мен сіздің жасыңызға жеткенде, сіз сияқты қажырлы қалыпта бола алам ба?

Петрика. Иә, сіздің тұзыңыз жеңіл, азамат директор.

Зелинский. Ойбай,жеңіл, жеңіл... Ал не істеу керек... Не бұйымтайыңыз бар еді, пан Петрика?

Петрика. Сол баяғы, азамат директор, тісті передача мәселесі. Сізбен әңгімелескеннен бері бір ай өтті – ау, ә?

Зелинский. Иә, иә, сөйлесейік, есімде. Тағы да қайталап айтыңызшы. Мен үшін емес, менің есімде бәрі, мына Варшавадан келген азамат үшін. Бұл кісі сіздің ұсынысыңызбен танысқысы келеді.

Петрика. (Скупеньге) Жай ғана бір іс, азамат начальник... Біздің машиналар ескі, турасын айтқанда, әлдеқашан-ақ сындыруға беру еді, ә? Сол машиналармен жұмыс істейміз, әзірше басқа машина жоқ. Ал, әрқашан бірі болмаса, бірі бұзылып тұрып қалады.

Скупень. Түсінемін. Өндіріс құралы тозған, соған байланысты авария да болып тұрады ғой?

Петрика. Білесіз ғой, қашан түзегеніңше бір күн, екі күн өтеді. Ол күндерді қайда қоямыз – етекпен жаба аламыз ба?

Скупень. Бұны бос өткен күн простой дейді, түсінемін.

Петрика. Сонан соң барып өткен күннің кемтігін жабамыз деп басқа – көзге төпелейміз кеп...

Скупень. Дәлірек айтқанда, өндірістік ағынның ритмі бұзылады. Солай ма?

Петрика И – ә. Азамат начальник өзінше, мен өзімше, ал негізі бір.

Осы істі қолға алу керек, деймін менің айтатыным. Алғанда мықтап алу қажет – жұмысшыларша. Ескі тістерді лақтырып тастап, орнына жаңадан салу керек, ал қандай десек- мен ол жөнінде азамат директорға баяндағам. Қолма – қол соғу санын артырамыз, сон соң, анау – мынау болса, жедел қуып жетіп, планды орындаймыз, ол өзін -өзі әрқашанда ақтайды. Мен несін тәтпештеп отырмын осы – азамат начальник бізден гөрі жақсырақ түсінеді, ә?

Скупень. Иә, иә, әлбетте!

Петрика. Естіп отырсыз ғой, азамат директор? Азамат начальник мақұлдап отыр.

Зелинский. Сөз жоқ Петрика, сіздің ұсынысыңыз қызықты нәрсе, бірақ расчет, чертеждармен дәлелдеп бекітсе жақсы болар еді.

Петрика. Солай істелген ғой, азамат директор, расчет, чертеждармен дәлелденген.

Зелинский. Қайда олар?

Петрика. Өзіңізде ғой, азамат директор. Чертеж, расчеттарды сізге әкеп тастағалы, азамат директор, бір жұма болды білем, ә?

Зелинский. Иә, иә, есіме түсіп келеді. Иә, иә, қарап шықтым, өте қызықты зат. Сіз өндіріс өнімін он проценттей арттыруды жобалапсыз-ау деймін?

Петрика. (Скупеньге) Мен, азамат начальник, минутына алпыс соғудың орнына жепіс, жетпіс екі соғатын болса деп есеп көрсетем.

Скупень. Қазір есептейміз... Алпыстың орнына жетпіс, жетпіс екі одан шығады... шығады он сегіз – жиырма процент өнім! ( Ысқырып қояды)

Зелинский. Дұрыс – ақ, пан Петрика! Сіздің бұл ұсыныс жобаңызды орталыққа, изобретение жөніндегі комиссияға жібереміз. Зерттесін, бекітсін, ар жағында, немене сіз бәйге де алып жатырсыз.

Петрика. Бәйге – бәйгесімен, одан әрине, кесел жоқ.

Зелинский. Ал немене енді?

Петрика. (Скупеньге) Сіз, осы, азамат начальник, сол комиссиядан болып жүрмейсіз бе?

Скупень. Жо – жоқ.

Петрика. Ал, мен деймін. Ол комиссия бекіткенше, алланың әмірімен аспаннан қызыл қар жауғанын күтіп қалмаспыз ба екен? Сол бір жағына тетікті қабылдап бекіту үшін оларға екі жылдай уақыт керек, ә?

Зелинский. Оның не айтатыны бар, кеңсе былығынсыз болмайды. Ал, не істеу керек?

Петрика. Не істеу керек? Комиссияға қолды бір-ақ сілтеп, өзіміз іске асыру керек, ә?

Зелинский. Бекіттірмей – ақ тәуекелге бел байлап па? Сіз өз сөзіңізге есеп бересіз бе, Петрика, қазір ондай уақыт емес...

Асығыс Дорота кіреді, соңында қам жеген қалыпта Эля.

Дорота. (баса көктеп) Білем, білем... (Зелинскийге) Мына панна мәжіліс жүріп жатыр, бөгет жасауға болмайды деп мені ескерткен. Жауапкершілікті өз мойныма алам.

Зелинский. И – ә... Шынында, жалпы негізінен... Ғафу етіңіз панна Эля, ештеңе емес.

Эля. Жақсы пан директор. (кетеді)

Зелинский. (Скупеньге) Менің жамағатым... (Доротаға) Саған таныстырып қояйын пан Юлиан Скупеньді.

Петрика. (орнынан тұрып) Мен бөгет жасадым ба?

Зелинский. Ғафу етіңіз, Петрика, сіз кішкене ғана аялдап тұра аласыз ба? Әйтпесе ертеңге, ә?

Петрика. Бүгін жақсы болар еді, пан директор, менің демалысым еді. Күте тұруға болады, қайда асығам? (кетеді).

Дорота. Кең пейілмен кешірерсіздер. Бұлай істеуге болмайтынын түсінем. Бірақ, сізбен танысқанша шыдай алмай қандай ынтық болғанымды түсінсеңіз сіз! Тағы да қалада кейбір шаруаларым болды, не болса о болсын, осында бір кіріп шығайын дедім.

Зелинский. Ал, бұл бізді әуре етіп жүрермін деп қысылады. Мен бұған сені құшақ жайып, қуанып қарсы алады деп келе сала- ақ айтқам.

Дорота. (Скупеньге) Сіз, мүмкін, сіздің бізге келуіңіздің қандай мәні бар екенін өзіңіз де ойлайтын шығарсыз. Ах! Родомадан анау – мынау бір инспектор келудің өзі біз үшін зор уақиға. Ал сіз болсаңыз Варшавадан, атақты жазушы. Солай – солай! Сіздің кітабыңыз... «Таң үстіндегі сәуле» біздің библиотекамызда ең құрметті орын алады. Мен, дұрыс айтқанда, әлі оқығам жоқ, бірақ күйеуім кітабыңызға зор қуанышта. Біздікінде қонақ боп жатарсыз деп сенем?

Скупень. Екі – үш күн.

Дорота. Бар болғаны ма? Өкінішті екен! Сонан соң қайтадан Варшаваға ма? Міне, бақытты адам. Күйеуімізге кейде командировкамен онда барып қалуға мүмкіндік – ал маған, өзіңіз де білесіз... Жылына үш – төрт мәртебе ғана – сол бар болғаны... Тым қымбатты қызық. Иә, сөйлеңіз, сөйлеңіз, қазір қалай онда? Қандай жаңа үйлер. Кафе, ресторандар пайда болды екен? Қазір елдің көп баратыны қай жер.

Зелинский. Біздің Дорота Варшаваны қалпына келтіру мәселесіне қатты зер салады.

Дорота. Ол қаланы жаныммен сүйем. Маршалковскойдағы магазиндерге күнде барып тұруға, «Под Василикиден» кофе ішуге мүмкіншілігі болған бақыттылар барын еске алғанда – қызғаныштан жарылып кете жаздаймын, о, дүние, соңғы жолы одан қандай тамаша шлопы көрдің десеңші! Міне сонда болсаң, онда социализм құрылысына белсене қатысып жатқаныңды сезінер едің, - ал мұнда не?

Скупень. Иә, бұл жөнінде Глобу ста шағып жатыр...

Дорота. Глобус!

Скупень. Ойбай – ау, кешіріңіз...

Зелинский. Сен әлі білмейсің бұл мектеп қабырғасынан туған мәселе. Төртінші класта мені солай атап кеткен. Онда мен оңтүстік магнит полюсы солтүстікте болады, ал солтүстік магнит полюсы оңтүстікте болатынын жолдастарыма дәлелдеймін деп мектептің глобусын қиратып алғанмын. Сол кездің өзінде-ақ әр нәрседен хабардар болыппын.

Скупень. Ал қазір ше?

Зелинский. Қой, жап аузыңды! Мен ол кезде жалпы ұлы саяхатшы болып, белгісіз аралдарды тауып, тынымсыз жүріп жердің ол шетіне бір, бұл шетіне бір шығып жүруге даярланып едім. Ал енді Дембновцадан Варшаваға ауыса алмай отырғанымыз мынау.

Дорота. Оған өзің кінәлісің.

Зелинский, Білем, жүз рет естідім! (Скупеньге). Егер біз әйелімізбен әйтеуір бір кезде айрылысатын болсақ, дәл осы мәселе жөнінде ажырасамыз.

Дорота. Билігін сіз айтыңызшы, пан Юлиан. Өзің туралы түк ойламастан басқалар үшін еңбек ету қалай болады ол? Бұдан ұқыпсыз адамды кездестірсем бұйырмасын. Жанымды берейін! Сонша жыл осы бір түпкірде қамалып оның өзінде де жарты тиын жармақ үшін, не сұмдық. Мынаның тырнағына тұрмайтын адамдар әлдеқашан жылы орындарын тауып алған, күледі енді мынадай идеалиске.

Зелинский. Жетті.

Дорота. Жоқ, жеткен жоқ әлі. Егер саған осындай өмір ұнайтын болса, маған міне мынандай да ұнамайды.

Зелинский. Түу, тілеуің берсін, өтінем сенен.

Дорота. Мен бар ғой, мынаның қызметтен қуылып шыққан күнін, бақыт күніндей асыға күтем. Амал не, ешбір үміт елесі көрінбейді.

Скупень. Ал, Глобусқа айтқам...Ғафу етіңіз. Стахқа, біздің мектептес жолдасымыз Геня Гуркевич қазір министерствода зор адам. Сонымен сөйлесіп көрейін.

Зелинский. Сен Юлик, кешіре гөр енді, келмей жатып семья сахнасына араласып кеттің.

Дорота. Мені де кешіріңіз. Менің күйеуім – Шляпа екен, оған мен кінәлі емеспін ғой.

Скупень.Ерлі – байлы адам өмірі – пьесаға ұқсас, сахналық әрекеттер болмай тұра алмайды. Мен өзім драматург болғандықтан оны жақсы түсінем.

Зелинский. Ал, сен, құр ашу шақыра бергенше, пан Юлиан Скупень сияқты соншама көрнекті адам, Дембновецке неге келді екен деп сұрасаң нетті. Көз алдыңа елестетші – Юлиан пьеса жазбақ, сен не туралы деп ойлар едің, біздің завод туралы.

Дорота. Сенің заводың туралы... Бұнда не жөнінде жазуға...

Скупень. Завод туралы, адамдар туралы, жалпы барлық жайды.

Дорота. Еш нәрсе түсіне алмадым. Варшавада адам, завод құрып қап па?

Скупень. Ол қиын мәселе... Егер айтайық, осы араның жазушысы пьеса жазбақ болса, әлбетте ол Дембновцадан Варшаваға барған болар еді. Мен сол мақсатпен Варшавадан Дембновецке келдім.

Дорота. Неге?

Скупень. Ол онда болу керек, ал мен мұнда болуым керек.

Дорота. Түсінбеймін.

Скупень. Ешкім де түсінбейді. Творчество құпиясы. Жаңа жағдайда болу жазушының көз қырағылығын күшейте түсуі керек.

Дорота. Түсініксіз, бірақ өте қызықты екен. Айтпақшы, сіз біздің қаланың сәулет- салтанатымен танысуға ынтық болсаңыз, сізді мен өзім алып жүруге болады. Он жетінші ғасырдың орта кезіндегі ғибадат қаланы, елдің айтуынша Наполеон қонып кеткен үйді және жаңа магазинді көріп шығамыз. Осындай кереметтің бәрін ашқан, басқа емес, мен өзім болғандығымды мен де мақтан етем. Сонан соң үйге таммаққа барамыз және Стахты күтпейміз де. Ол, әрине, әдеттегідей, кешігеді, неге десеңіз, көресіз бе, қыруар жұмысы бар, оны атқаруға ол байғұстың мұршасы да келмейді.

Зелинский.Бүгін мен кешікпейпін.

Дорота. Соншама қуанышты кездесудің құрметіне болар. Жүріңіз, пан Юлиан.

Скупень. Мен бар ниетіммен-ақ барар едім. Амал не, заводтың барлық жай – жапсарымен таныстыруды тапсырған бір азаматпен кездесуім керек болып тұр.

Зелинский. (Доротаға) Ол көп уақыт алмайды. Барып шаруаңды жайғастыра бер, ал қайтарда бізге соға кет. Бірге шығамыз.

Дорота. Жарты сағатта осында болам! Байқа! (Кетеді)

Зелинский. Тамаша әйел! Біраз күйгелектеу, оның не таңғалатыны бар, мұндай өмірде жынданып кетуге қиын емес. (Трубканы алып) Панна Эля, Чижикқа жібере қойшы. (Трубка қояды). Оны цехтан шақырып келгенше аялдап тұруға тура келеді.

Скупень. Әлгі рационолизатор онда күтіп отыр ма?

Зелинский. Үлгереді.

Скупень. Жалпы сен оның жобасы жөнінде не ойлайсың? Шынын айтайын маған өзі қызықты көрініп тұр. Ойлап көр, қандай уақиға. Өндіріс өнімін арттыру үшін күрес! Қарт – рационализтор! Егерде оны қарсы адамымен күреске шығарсаң, дап дайын пьеса. Айтшы, өзің байқаған, көңіліңде жүрген қолайлы бір тап жауап жоқ па?

Зелинский. Ақыным, ақыным! Сені қызықтыратын сол екен ғой. Еңбек романтикасы. Социалистік өрлеу. Дүниеге сенің көзіңмен қараған болсам, мен де жақсы болған болар ем.

Скупень. Әлгі мастер ақылды сөйлейді, сен келіс оған.

Зелинский. Келісейін. Жалғыз – ақ логика – бір мәселе де, ал, өмір – бір басқа, көтеру – бір мәселе, план – бір басқа түсінікті ме!

Скупень. Жоқ.

Зелинский.Онда мен ұғындырайын. Қазір менің заводым планды жүз прцент орындайды. Бұған жету оп – оңай болған жоқ, әйтсе де мен жеттім. Жүз процент, ал соңғы тоқсанда тіпті жүз екі. Мен өз ісімді істедім. Ешкім де маған пәлен дей алмайды.

Скупень. Иә, бірақ жүз жиырма процентке жетуге де болатын көрінеді ғой.

Зелинский. Болады? Егер болмасашы? Мен Петриканың жобасын жоғарыға жіберем, айтсын пікірлерін.

Скупень. Мәселен, жағымды пікір айтса, онда қалай?

Зелинский. Ол да жаман емес... Иә, иә. Қарт саған ашық айтты-ау деймін, бұл жолы оныкі жөн. Ол жоба қағаз басты болып бір жыл, тіпті екі жыл жатып қалады. Ал бір жылдан соң, бізге разверетка бойынша өзінен – өзі жаңа техника берілуге тиісті. Енді түсінікті ме?

Скупень. Аса түсінікті емес.

Зелинский. Меніңше , ап- айқын.

Скупень. Бір-ақ нәрсе айқын – комиссияға жіберуге мағына жоқ. Егер жауапкершілікті өз мойныңа алсаң? Ойлап қарашы, жыл бойы қосымша өнім бересің.

Зелинский. Тағы да әдебиет! Жауапкершілікті өз мойныңа ал деймісің? Рахат шаруа! Бұндай авантюраға баратын ержүректі маған тауып берші.

Скупень. Ондайлар аз емес деп білем.

Зелинский. Мен де солай деймін. Бірақ, ондайлардың санын көбейткім келмейді. Басымды соққыға ұсынуға асық емеспін.

Скупень. Достым, сен, асыра соғып тұрған жоқсың ба? Әңгіме мемлекет пайдасы туралы ғой.

Зелинский. Ақыным, аспаннан түсіңіз. Жаңа ғана саған түсіндірдім: Әзірше мен планды орындап отырмын, менің шаруам орнында. Енді ойлап көр, мен кәрі мылжыңның қармағына түсіп, басшылардың келсімінсіз машиналарды бұзып, бөлшектерін ауыстырып, тағысын тағылар жасасам, ол жөнінде сенің тырнақтай да хабарың жоқ. Машина бір күн, екі күн тіпті бір жұма тұрып қалады, Алда – жалда кейбір тетіктерді өз күшімізбен жасай алмайтын болармыз. Егер де кейіннен үлгере алсақ жақсы, үйте алмасақшы, бірдемесі олай болмай қалса? Онда не болатынын білемісің? Орындалмаса жоспар, кім бар сені қостар.

Скупень. Яғни?

Зелинский. Мені ұшырып жібереді.

Скупень. Ұшырып жібереді?

Зелинский. Жұлындай ұшырады.

Скупень. Қарағым-ау, партия ұйымы қайда, завком қайда? Сен жалғыз өзің ғана істейтін іс емес қой. Сені қолдайды деп білем.

Зелинский. Бұндай алыс түпкірдегі істің жайын, оның үстіне мынадай заводтағы әсіресе менің заводым сияқты заводтың жайын сен таяз түсінесің. Сен, әрине бұл арадан қарт коммунистерді, шыныққан жауынгерлерді, тәжірибесі мол ағайынды адамдарды табам деп ойлайтын боларсың? Ізде – жарық алып іздесең де таппайсың. Тілеуің берсін, күдігің болмасын, мені бір жат элемент, сары уайымшыл деп ойлап жүрме. Жоқ, мен біздің өмір шындығына сүйіспеншілік терең сезіммен қараймын, оған көптеген дәлелдер келтіре алам. Ал қазіргі жағдайда, сен маған, план мен партия ұйымына сене.... алмаймын. Ашынқырап айтайын: Бұл комитетчиктер, уақыт ауыр менің сүрініп кетуімді ғана күтеді. Олар естігің келсе, маған соғыс алдындағы қанаушы – капиталистің бір көрінісі деп қарайды. Ал, көмек күт олардан. Түсінікті болар енді. Бірдеме шығара алсам жақсы, ал ештеңе шықпасыншы – менің кеңірдегімнен алады.

Скупень. Олар ма?

Зелинский. Болғанда қандай?

Скупень. Кеңірдектен?

Зелинский. - Аяғыңды аспаннан келтіреді.

Скупень. Онда жақсы.

Зелинский. Онда не жақсы бар?

Скупень. Сені ұшырып жіберсе, пани Доротаның тілегі орындалады.

Зелинский. Түсінбеймін.

Скупень. Ол сенің орныңнан алынуыңды асығыс күтуде – осы жаңа ғана солай деді ғой. Сені алып тастаса – сен азат құссың, қатыныңды қанат астына алып, қысып алып тарта бер Варшаваға.

Зелинский. Бұл нең, қалжың ба?

Скупень. Солай болар.

Зелинский. Ха – ха! Сен тауып айттың. Қане, қайта айтшы. Мені орнымнан алса, мен – азат құспын, қатынды қанат астына қысып алып, тарт Варшаваға. Ха – ха! Керемет! Құдай біледі-ау, ондай ой менің басыма ешқашан келмеген болар еді.

Есік қағылады.

Эля (кіреді). Пан директор, Чижик келді.

Зелинский. Кірсін.

Эля кетеді.

Қатыныңды қанат астына қысып алып – тарт Варшаваға, ха -ха!

Чижик кіреді.

Чижик. Сіз мені шақырдыңыз ба?

Зелинский. Шақырдым. Неге екенін секретарь айтты ма?

Чижик. Айтты.

Зелинский. Завод көретін азамат мына кісі.

Чижик. Неге көрсетпеске? Көрсетуге болады.

Зелинский. Ең болмағанда бір рет болса да пайда келтірерсің.

Скупень. Қалайда біз келісіп алсақ деймін.

Чижик. Әлгі «Тың үстіндегі сәулені» жазған азамат сіз боласыз ба?

Скупень. Сіз оқыдыңыз ба?

Чижик. Неге оқымасқа? Оқыдым. Жаман емес, мазмұнды кітап. Ал келісу оп – оңай, сізді сағат жетіде қақпа алдында күтем.

Зелинский. Болды.

Скупень. Рахмет.

Чижик. Ештеңе емес. (Кетеді, табалдырықта Доротамен қақтығысып қалады)

Дорота. Мен де міне, бар шаруаны жайғадым. Кетуге болады.

Зелинский. Иә, иә, яғни... сағат неше?

Скупень. Сағат үш.

Дорота. Нағыз уақыт.

Зелинский. И – ә... Бүйтсек қайтеді? Сендер жүре беріңдер, мен аз ғана бөгелем, біраз істеп тастайтын жұмыс бар...

Дорота. Міне көрдіңіз бе, пан Юлиан, айтқаным осы ғой!

Зелинский. Аз уақытқа ғана, құдай біледі.

Дорота. (Скупеньге) жүріңіз. Белгілі тарих. (алып кетеді).

Зелинский. (Трубканы алып) Петрика әлі осында ма? Шақырыңыз.

Петрика. (кіреді). Егер азамат директордың уақыты болмаса, онда, тіпті, ертеңге де болады, ә?

Зелинский. Жо – жоқ! Сіз енді, Петрика, комиссияны күтпей -ақ іске кірісе беруді ұсынасыз ғой?

Петрика. Иә, әуелде мен солай деп ойлап едім, артынан басқаша ойлана бастадым: мүмкін олай болмас, ә?

Зелинский. Мен де ойландым. Бірақ, шешімге келдім.

Петрика Иә?

Зелинский. Мен мақұл деп таптым. (орнынан тұра) тура ертең кірісеміз.

ШЫМЫЛДЫҚ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет