Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет94/103
Дата16.12.2023
өлшемі2.17 Mb.
#486808
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   103
audarmanyng ozektigi Kulmanov

знашыт, дабай, кәнешні, сәбсім, зірә, ужыс, ладна» деген тәрізді 
не орысша емес, не қазақша емес тіркестерден құралады. Бүйте 
берсек, біз бара-бар күнделікті тыныс-тіршілігімізде оңды-
солды араластырып айтып жүрген әлгі сөздердің бәрін түпкілікті 
«иемденіп» алатын шығармыз, сірә.
Дей тұрғанмен, әрбір қазаққа ой салар деген үмітпен жоғарыда 
біз келтірген, жұрт күнделікті қам-қаракет тіршілікте жиі 
қолданатын кірме сөздердің ана тіліміздегі баламаларын ұсынып 
көрелік (айтылатын ойдың мән-мағынасына қарай): 
давай – ал жақсы, болсаңшы, бол тез және т.б.
значит – демек
конечно  әрине, әлбетте
кстати – айтпақшы
ладно  мақұл, жарайды


269
молодец  бәрекелді, жарайсың
ничего – шүкір, оқасы жоқ, ештеңе етпес, дәнеңе етпес
 пожалуйста – мархабат, тілеуіңді берсін 
срочно – шұғыл, тез
 ужас, ужасно – масқара, бетім-ай және т.б. 
Осылай деп қолданар болсақ, бұлардың орысша ұғымдардан 
несі кем! Тек көбімізге құнттылық, мұқияттылық, ыждағаттылық, 
кейде, тіпті, керек десеңіз, ар-намыс жетіспей жататыны ащы 
шындық. Осылардың бәріне жеке-жеке тоқталып, әрқайсысына 
анықтама беруге әбден болар еді. Біз мысал үшін күнделікті 
тұрмыста аяқ басқан сайын кездесіп отыратын біреуін ғана тілге 
тиек етіп көрелік. 
Таңертең жұмысқа немесе оқуға келе жатқанымызда 
көшеде немесе қоғамдық көлікте зәуде бір таныстарымызды 
кездестіре қалсақ, содан жұмысқа келген соң ұжымымыздағы 
әріптестерімізбен алдымен хал сұрасатынымыз анық қой. Сонда 
«Хал қалай?», «Қалайсыз?» деген сұрақтарға көпшілігіміздің 
«Ничего» деп жауап беретініміз жасырын емес. Немесе аралас-
құралас болып жүрген жандардың бірі байқаусызда оқыс іс-әрекет, 
оғаш қимыл жасап қойып не аңдамай аузынан ағат сөз шығып 
кетіп, ізінше бұл қылығына кешірім сұраса, «оқасы жоқ», «ештеңе 
етпес», «ондай-ондай болады» деп түсіністікпен жұбатудың 
орнына «ничего-ничего» дей саламыз. Бұл арада аузымыз солай 
айтуға қалыптасып кеткенін өзіміз де байқамаймыз, керек десеңіз, 
осылай сөйлеуді тіпті әдетке айналдырып алғанбыз. Мен хал 
сұрасқан кезде өзім білетін екі кісінің аузынан «ничего» деп 
жауап бергенді ешуақытта естіген емеспін. Бірі – белгілі де белді 
жазушымыз Әбдіжәміл Нұрпейісов, екіншісі – ғалым, мемлекет 
және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков. Мен осы кісілермен 
кездескенде «Халіңіз қалай?» дегенде Әбекең ылғи да «шүкір 
аллаға» дейді, ал Мырзекең «шүкір» дейді. Қандай жарасымды! 
Таза сөйлегенге не жетсін, шіркін!
Мысалы, Германияда неміс тілін білмегендерді жұмысқа 
алмайды. Бұл елге жұмыс іздеп көршілес Польшадан, Словакиядан, 
Түркиядан, Чехиядан, т.б. елдерден келетіндер көп-ақ. Олардың 
неміс тілін білетіндерінің ғана бағы жанады. Францияда осы елдің 
азаматтары сөз арасында ағылшын сөздерін араластыратын болса, 


270
айып төлейді екен. Ана тілін ардақтаған, тіл тазалығы үшін күрескен 
дегеннің үлгісі осындай-ақ болар, сірә. Ал бізде бәрі басқаша 
сипат алып отыр. Осы орайда еліміз тәуелсіздік алғанға дейінгі 
өмірін шет елдерде (Түркияда, Германияда) өткізуге мәжбүр болса 
да жұдырықтай жүрегі елім, жерім деп соққан қандас бауырымыз 
Хасан Оралтай ағамыздың жуырда «Жас қазақ» газетінде шыққан 
«Қазақша сөйлемейтін елді қалай Қазақстан дейміз?» деген 
сұхбатындағы мына бір пікіріне құлақ аспасқа, қосылмасқа амал 
жоқ. «Бір жолы мен Францияға бардым. Содан әуежай маңындағы 
дүңгіршектен газет алайын деп сатушыға ағылшынша сөйлесем, 
үндемейді, түрікше сөйлесем жауап бермейді... Тек французша 
сөйлесең ғана қалағаныңа қол жетеді. Бұл жағдай Англияда да, 
Германияда да бар. Олар өз тілдерін қызғыштай қориды. Бұның 
бәрі ұлттық сананың мықтылығы...
...Қазақтың парламенті қазақша сөйлеуі керек қой. Заңдары 
қазақша жасалып, соттары қазақша тергеу жүргізуі керек емес 
пе?! Неге олай істейсің деп қазақты кінәлауға кімнің қақысы 
бар? Елімізде 130 ұлыс өкілдері бар, пәлен-түген дейді. Басқа 
елдерде де бар ондай халық. Германияда 4 миллион түрік бар. 
Солар үшін немістің ресми орындары түрікше сөйлеп жатқан 
жоқ қой? Түркияда да неше түрлі халық бар. Бәрінің тілі – бір 
тіл, мемлекеттік тілі – түрік тілі. Қазақстанның белгісі қазақ қой. 
Ал қазақтың белгісі – қазақ тілі. Осыдан кейін қазақтың тілінде 
сөйлемеген елдің мемлекетін қалай Қазақстан деуге болады?»
Иә, әзірше біздің жағдайымыз басқаша болып отыр. Сондықтан 
қазақ тілі аударма тілі болып қала бермек! Оның қанша уақытқа 
созылары бар қазақтың сана-сезімінің оянуына байланысты. 
Тіл туралы Заң бар, мемлекеттік бағдарлама қабылданған, 
Конституциямыз бекіді. Мақсат – айқын, міндет – зор. Ендеше бұл 
істі көп болып қолға алуымыз керек қой. Алдымен, мүмкіндік бар 
жердің бәрінде ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшуіміз 
керек. Бұл істе аудандық, облыстық әкімдіктер көп шаруа тындыра 
алар еді. Мысалы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау
Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы кейбір игі іс-шаралар мен іс-
тәжірибелерді айтуға болар еді. Іскер, жігерлі азаматтар бар жерде 
бұл істің өркен жаяры сөзсіз. Бұған бәріміз болып ат салысуымыз 
керек.


271


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет