263
деп білу керек болар, сірә. Әйтпесе, «жобаның үстіндегі» деген не
сөз? Жай ғана
«Бұл жобаның жұмысы...» деген сөз емес пе?
16.
«Казахстан и Белоруссия ... каждая по своему героические
республики» –
«Қазақстан мен Белоруссия ... әрқайсысы өзінше
қаһарман республикалар...»
Осындағы «өзінше» сөзі басқаша бір реңк беріп тұр. Өйткені,
ауыз-екі сөйлескенде «өзінше әлдеқандай болады» деп біртүрлі
кекесінмен айтылады емес пе? Осы жерін «өзіндік ерекшелігі бар»
десек, түпнұсқаға қиянат жасалмас еді.
17.
«Мы проявляем серьезную заинтересованность» – «Елеулі
түрде мүдделік білдіреміз» деп сөзбе-сөз аударылыпты. Мұны
«Біз бұған барынша мүдделі болып отырмыз» деп қазақшалау
керек еді.
18.
«Ангола заняла ныне достойное место в рядах
прогрессивных африканских государств» – деген сөйлем
«Ангола
қазір прогресшіл Африка мемлекеттерінің қатарынан лайықты
орын алып отыр» деп аударылған. Африка континентін түгелдей
прогресшіл деуге бола коймас.
Бұл арада әңгіме Африканың
прогресшіл мемлекеттеріне қатысты айтылып отыр. Сондықтан
«Ангола қазір Африканың прогресшіл мемлекеттерінің қатарынан
лайықты орын алып отыр» деген жөн болар еді.
19.
«А жизнь учит, что инициатива, обреченная на самотек,
глохнет, замирает» –
«Ал самотекке ұшыраған бастаманың үні
өшіп, құрып бітетінін өмір көрсетіп отыр». Ал керек болса!
«Самотекке ұшыраған» деген қандай аударма?
«Іс бетімен
жіберілген жерде бастаманың үні өшіп тынатынын өмір
көрсетіп отыр» десе бір сәрі.
Енді қазақ тілін шұбарлайтын
аудармадан бірнеше мысал
келтірелік. Бұларды талдап, қателерін шығару, оқыған жұрт
түсінетіндей етіп редакциялау жалпы оқырмандар үшін пайдалы
болады әрі аударма ісімен айналысқысы
келетіндердің тәжірибе
жинақтауына көмектеседі деп ойлаймыз. Бұл мысалдар
«Переписки семьи Ульяновых» деген кітаптан алынды:
1.
Когда о нем говорит весь мир... –
Ол бүкіл дүние жүзінің
аузында отырғанда ...
Дұрысы: Ол туралы бүкіл әлем сөз етіп отырғанда...
2.
Как известно, в подзаголовке написано: «Из искры возгорится
264
пламя» –
Жұртқа мәлім, «Искра» аттың астына «Ұшқыннан
жалын қаулайды» деген сөз жазылған.
Дұрысы: Тақырыптың астына
«Ұшқыннан жалын қаулайды»
деген сөз жазылғаны баршаға мәлім.
3.
Недоставало топлива на Шуйские фабрики – Ильич также
решает разбронировать находящиеся вблизи 3000 кубометров
торфа и передать фабрикам – Шуйскідегі фабрикаларға отын
жетпеді, сонда Ленин мұны да шешіп, таяу жердегі 3000 текше
метр шымтезекке бронь салдырып, оны сол фабрикаларға бергізеді.
Дұрысы: Шуйск фабрикаларына отын жетпей қалған кезде
Ильич таяу жердегі 3000 текше метр шымтезекке ешкімді
тигізбей фабрикаларға жіберуді ұйғарды.
4.
По отношению к специалистам мы не должны
придерживаться системы мелких придирок – Мамандар жөнінде
біз ұсақ-түйек тиісу системасын қолданбауға тиістіміз.
Дұрысы: Біз жоқтан өзгені сылтауратып
мамандарға тиісе
бермеуіміз керек.
5.
Однако вспомнишь, что ведь Ильичу тоже, наверное,
частенько приходятся держать душу за крылья, и стыдно мне
слабости своей – Бірақ та, Ильичке де, тегі жанды қанатынан
ұстап отыратын кездер талай кездесетіні есіме түскенде өзімнің
нашарлығымнан ұяламын.
Дұрысы: – Алайда Ильичтің де жанын шүберекке түйіп
отыратын кездері жиі кездесетіні есіме түскенде өзімнің
нашарлығыма қысыламын.
6.
У него была естественная связь только со своими товарищами
по работе, рабочими и крестьянами, и он предпочитал отдавать
все свое время только им – Оның тек жұмысшылар мен шаруалар
жөніндегі ғана табиғи байланысы болды, сондықтан да өзінің бар
уақытын тек соларға арнауды артық көретін.
Достарыңызбен бөлісу: