258
45 томы, содан кейін 55 томдық толық жинағы, И.В. Сталиннің
еңбектері, СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы Л.И.
Брежневтің сөйлеген сөздері мен баяндамалары «Ленин жолымен»
деген атпен 9 том болып қазақ тілінде жарық көрді. Сондай-
ақ Коммунистік партияның Бағдарламасы мен Жарғысы, съезд
материалдары, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің,
көрнекті
қолбасшылардың мемуарлары және т.б. материалдар қазақ тіліне
аударылып шығып тұрды. Замана ағымымен бұл кітаптарға деген
көзқарас қазіргі кезде басқаша сипат алып отыр. Қалай дегенмен
де мұның өзі мемлекет пен халық тарихының белгілі бір кезеңіне
жатады. Сондықтан оны ұмытуға болмайды.
Бір айта кететін жайт, 1960 жылдарға дейінгі аударма мен қазіргі
аударманың сапасында және терминдер қолдану тұрғысынан
алғанда елеулі айырмашылық бар. Бірер мысал келтірейік. «Дети
обоего пола» деген сөйлем бір кезде «Еркек-әйел балалар» деп
аударылған (
В.И. Ленин. Шығармалары, 29-том, 120-121-беттер.
1960 жылы шыққан). Сол кезеңде үгіт-насихат құралы ретінде
жарық көрген саяси оқулықтардың бірінде «масса вопросов»
деген сөз тіркесін «сұрақтар бұқарасы» деп, «когда дело пущено
на самотек» деген сөйлемді «іс самотекке ұшыраған жерде» деп
аударған кісілер де болған. Ал қазіргі кезде мұндай аударманың
кездеспейтіні хақ.
Өйткені сауатты жандар көбейді, ой-өріс
кеңейді, жан-жақты білім алған жастар жетілді.
Сол бір кезеңдерде саяси сауаты, білімі жеткілікті аудармашылар
көп бола қоймаса да қоғамдық-саяси әдебиеттер жиі аударылатын.
Аударманың аты аударма. Ол жетіле береді, сапасы барған сайын
жақсара түседі. Сондықтан сол кездегі аударманың дәреже-
деңгейін біршама анықтау мақсатында бірнеше мысал келтірелік.
Түпнұсқаны түсінбей қате аударылғандықтан, мағынасы өзгеріп
кеткен немесе орашолақ, шұбалаңқы болып шыққан сөйлемдерге
талдау жасап көрелік. Бұл мысалдар «қырғи-қабақ соғыс»
(«холодная война») дәуірінде Мәскеуде шыққан «Секреты
секретных служб» деген кітаптан алынған:
1.
«Мадридский корреспондент Пренса Латины» деген сөйлем
аударған кезде
«Мадрид тілшісі Пренса Латина» болып шыққан.
Бұл жерде әңгіме әлемдегі аса ірі агенттіктердің бірі – Пренса
Латина агенттігінің Мадридтегі тілшісі жайында болып отыр.