Қаулы жобасына (бұдан әрі – қаулы жобасы)



Дата07.07.2016
өлшемі24.86 Kb.

«Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бас жоспары туралы (негізгі ережелерді қоса алғанда)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

қаулы жобасына

(бұдан әрі – қаулы жобасы)


АНЫҚТАМА
1. Мемлекеттік орган әзірлеуші:

Ақтөбе облысының әкімдігі.



  1. Қаулы жобасын әзірлеу үшін негіздеме:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы.

3. Қаулы жобасының мәні:

Осы қаулының жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келтіру үшін көзделген.



4. Қаулы жобасын іске асыруға байланысты болжамдалған қаржылық шығындар:

Қаулыны қабылдау қаржы шығындарын қажет етпейді.



5. Мәселенің хронологиясы:

Ақтөбе қаласының Бас жоспары 2015 жылға дейінгі есепті мерзіммен 2003 жылы әзірленген, «Ақтөбе қаласының бас жоспары туралы» 2006 жылғы 2 мамырдағы № 350 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген.

Ақтөбе қаласының Бас жоспарын әзірлеу қажеттілігі қолданыстағы Бас жоспардың есепті мерзімінің аяқталуы (2015 жыл), сонымен қатар экономикалық өрлеу жылдары пайда болған оның дамуының жаңа шарттары себепші болды:

- қала құраушы базасының озық қарқынды дамуымен; жалпы өнеркәсіптің көпсалалы құрылымының құрылуымен және одан әрі өрлеу үшін жағдай жасайтын көпсалалы корпорацияларды (серіктіктерді) қалыптастырумен;

- ұлтаралық байланысты құру және одан әрі дамуымен бірге көлік әлеуетінің көтерілуімен, магистральға шектес аумақтардың құрылысы және дамыту бойынша ұзақ мерзімді жоспарларға инвестициялау;

- республикадағы шекараға шектес қалалар жүйесін құруымен, соның ішінде Ақтөбе қ., мемлекетаралық байланысты қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамытуымен;

- Ақтөбе қаласы халқының жоғары өсу қарқыны – 2015 жылға 330 мың адам ал қазіргі уақытқа 361 мың адам;

- тұрғын үй құрылысының көтеріңкі қарқынына кол жеткізген құрылыс индустриясының даму нәтижесінде, әсіресе көпқабатты секторда, құрылыс үшін мүмкіндікті арттыру (цифрларды көрсету).

Айқындаушы фактор 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өршіл стратегиялық мақсаты: Ақтөбе қаласын 1 миллион және одан да артық тұрғынды қала статусына жеткізу.

Жаңа Бас жоспар аумақты аймақтандыру қажеттілігіне байланысты жасалған, қала дамуының негізгі бағыттарын және дәстүрлерін қабылдайды, қазіргі заманға сай құжат, бүгінгі күннін ақиқатын қамтиды, құрылысшыларға және инвесторларға нақты және белгілі кепіл береді, әр жылжымайтын мүліктің потенциалы және мүмкіндігі туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, қала әкімдігіне аумақты басқару үшін тиімді құрал болып келеді.

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Бас жоспарының жобасы бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасы жүргізілді (2016 жылғы 31 наурыздағы жиынтық қорытынды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының орынбасары, сараптама комиссиясының басшысы Ж.А.Сүйіншәлиевпен бекітілген).

Қаулы жобасы мемлекеттік органдарға келісу үшін жолданған.




Ақтөбе облысы әкімінің

орынбасары Ж. Бексары



Каталог: sites -> default -> files -> Node 32372
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Және әлеуметтік даму министрлігі
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
files -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет