Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та олар қоғам бухгалтері, Англияда – ревизор, Францияда – бухгалтер-сарапшы немесе есеп комиссары, Германияда – шаруашылық басқарушысы және тағы басқадай деп те атайды. Айтылуындағы өзгешеліктеріне қарамастан олардың барлығы бір ғана мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің бухгалтерлік қорытынды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін тексеріп анықтау ерекше орын алады. Аудитордың ең негізгі мақсаты сол тексеру нәтижесіне тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |