Аудиториялық аралас сабақтың әдістемелік әзірлемесі


ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру: 50 минут



бет3/5
Дата09.09.2022
өлшемі185 Kb.
#460485
1   2   3   4   5
леуметтік ж мыс 3-саба аудитория doc

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру: 50 минут


Жоспар:

  1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы

  2. Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы

  3. Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы

  4. «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу»

1.Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы(Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңы.)


Осы Заң өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын, көлемін және шарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;
4) әлеуметтік бейімсіздік - жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;
5) әлеуметтік депривация - адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айрылу;
6) әлеуметтік қызметкер - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар қызметкер;
7) әлеуметтік орта - адамның (отбасының) өмір сүруінің, қалыптасуы мен қызмет атқаруының материалдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани жағдайларының жиынтығы;
8) өмірлік қиын жағдай - адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын, осы Заңда көзделген негіздер бойынша танылған ахуал.
2-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі).

4-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен міндеттері


1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясат:
1) адамның құқықтарын сақтау;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің ізгілік, еріктілік, құпиялылық, атаулылық және қолжетімділік;
3) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасыларының), арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік органдардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілермен өзара іс-қимылы;
5) кешенділік;
6) әлеуметтік ықпалдасу және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту;
7) кемсітпеушілік қағидаттарына негізделеді.
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері:
1) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде оны еңсеру үшін жағдай жасау;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ету;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету;
4) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің мониторингі және оның сапасын бағалау жүйесін дамыту;
5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінің дамуын қамтамасыз ету;
6) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІҢ


ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ
5-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтиды.
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірыңғай тізбесі болып табылады.
2-1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.
3. Ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс ақылы негізде көрсетіледі.
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер ақпараттық, консультациялық және делдалдық қызметтер түрінде жалпы сипаттағы қызметтер көрсетуді қамтуы мүмкін.
5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, мемлекеттік секторда жұмыс істейтін субъектілер жалпы сипаттағы қызметтерді бюджет қаражаты есебінен көрсетеді.
6. Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес келуге тиіс.
7. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті өкілді органдары бекітеді.
8. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Адам (отбасы) өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін негіздер


1. Адам (отбасы) мынадай негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайда жүр деп танылуы мүмкін:
1) жетімдік;
2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;
4) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
5) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;
6) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
8) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;
10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;
12) пробация қызметінің есебінде болу.
2. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып айқындайды.
Жасалған әрекеттерге қатысты қылмыстық іс жүргізуді қозғау фактісінің бар-жоғына қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, адам саудасына, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасына, оларды пайдаланудың өзге де түрлеріне байланысты әрекеттер, сондай-ақ адам ұрлау әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездік таныту нысандары болып табылады.
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңы.
3-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ
13-бап. Медициналық-әлеуметтiк сараптама, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы
1. Куәландырылатын адамның мүгедектiгiн, еңбекке қабiлеттіліктен айырылу дәрежесiн белгiлеуді және әлеуметтік қорғау шараларын айқындауды халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу арқылы жүзеге асырады.
2. Медициналық-әлеуметтік сараптама денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілетін медициналық құжаттар негізінде дәрігерлік-консультациялық комиссияның жолдамасы бойынша жүргізіледі.
3. Медициналық-әлеуметтiк сараптама куәландырылатын адамның клиникалық-функционалдық, әлеуметтiк, кәсiби және психологиялық деректерiн талдау негiзiнде организмнiң жай-күйiн кешендi бағалау негізге алына отырып, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Қолданылу мерзімі өткен құжаттар және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған кезде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуден бас тартылады.
5. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қорытындысы бойынша, тыныс-тіршілік санаттарының біреуінің (өзін-өзі қарап-күту, жүріп-тұру, еңбек қызметі (еңбекке қабілеттілік), оқып-үйрену, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, ойын қызметі және танымдық қызмет, қозғалыс белсенділігіне қабілеті) шектелуіне алып келетін, организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда, мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленбейді.
6. Мүгедектiк тобы жеті жастан бастап белгiленедi.
7. Адамды мүгедек деп тану және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгілеу кезінде оның себептері, мерзімдері, әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктер айқындалады, сондай-ақ мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіби бөліктері әзірленеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8-тармақ 01.01.2023 дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады - ҚР 12.10.2021 № 67-VII Заңымен.

8. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедектікті белгілеу мерзіміне әзірленеді.


9. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы организмнің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге және (немесе) олардың орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік, кәсіби оңалту шараларын қамтитын оңалту іс-шараларының кешенін айқындайды.
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедек мұқтаж болатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің атауын да қамтиды.
10. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігін медицина қызметкерлері медициналық құжаттар мен ақпараттық жүйелерде толтырады.
11. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедекке тегін берілетін оңалту іс-шараларын да, ақысын төлеуге мүгедектің өзі немесе оның жұмыста мертігуіне немесе кәсіптік ауруға шалдығуына кінәлі жұмыс беруші қатысатын оңалту іс-шараларын да қамтиды.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-бап. Мүгедектердiң құқықтары


Қазақстан Республикасында мүгедектер:
1) әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға, қоғамға етене араласуға;
2) әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз етуге;
3) ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;
4) бiлiм алуға, қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке;
6) кәсiптiк даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабiлетiн қалпына келтiруге және жұмысқа орналасуға;
7) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
8) мемлекеттiк және өзге ұйымдарда, соның iшiнде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлiк, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бiрiншi кезекте қызмет көрсетiлуге;
9) мүгедектердiң шығармашылық қабiлеттерiн қолдауға арналған құқықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiмен бекiтiлген әлеуметтiк-экономикалық және жеке басының құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие болады.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет