Аудиттегі маңыздылық түсінігі, қателер мен заңсыз әрекеттер



Дата18.11.2023
өлшемі17.73 Kb.
#483625
Аудиттегі маңыздылық


Аудиттегі маңыздылық

  1. Маңыздылық түсінігі, қателер мен заңсыз әрекеттер

  2. Аудитордың бұрмалаушылықтарды (қателіктерді) анықтаудағы ісәрекеттер

  3. Аудиттің нәтижесін талдауда маңыздылық принципін қолдану

1. Аудиттегі маңыздылық дегеніміз – қаржылық есеп берудің кейбір баптарын, көрсеткіштерін бұрмалаушылықтың мүмкін деңгейі немесе жарық көрген қаржылық есепте көрсетілетін және маңызды емес деп қарастырылатын пайдаланушыларды жаңылыстырмайтын барынша мүмкін қателіктер.
Маңыздылықты бағалау аудитордың тәжірибесіне, мамандықдәрежесіне байланысты және олардың өздерімен әрбір аудит жүргізілетін ұйым үшін, оның қызметінің көлемі және ерекшелігімен бірге анықталады.
Қаржылық есеп берудің кейбір көрсеткіштері жеткілікті толық болмауы (дәл) мүмкін. Бірақ, бұл арқылы есеп беру дұрыс емес деп шешім қабылдауға болмайды. Дәлсіздіктер есептеу кезінде қате жіберуден (мыс, амортизацияның сомасын есептеуде) болуы мүмкін. Аудитормен анықталған мұндай дәлсіздіктер есеп беруде реттелінуі қажет.
Аудитор есеп көрсеткіштері абсолютті дәл болмайтынын есепке алады, бірақ сонымен бірге бухгалтерлік есеп беру дұрыс екенін дәлелдейді. Көбінесе көрсеткіштердің 5%-ға дейінгі ауытқуы маңызсыз, ал 10%-дан жоғары маңызды болып саналады.
Қателердің абсолюттік шамасы. Қатенің абсолюттік шамасы басқафакторларға байланысты болмай – ақ қажетті болуы мүмкін, себебі кезкелген ірі сома басқа жағдаларсыз материалды болып табылады.
Қателердің салыстырмалы шамасы. Бұл бағалау болжамдалған қателердің тиісті базалық шамасына қатынасы ретінде пайдаланылады
Есеп берудің баптарының маңызы. Бұл материалдылықты анықтаудағы қажетті фактор. Өтімді (ликвидті) активтердің шоттары бойынша мүмкін қателер, басқаларға қарағанда (негізгі құралдар, болашақ кезеңнің шығындары) өте маңызды болып қарастырылады.
Нақты шарттар. Аудитор пайдаланушыларға ұсынылған қаржылық есептің болмашы қателеріне де үлкен көңіл бөлуі қажет. Мұның өзі аудитордың өте мұқият жұмыс істуіне және материалдықтың қатал критерийлерінен шығуына себепші болады.
Белгісіздік. Ұйымның төлем қабілеттілігі жоқтығына баланысты немесе жақын арада төлем қабілеттілігін жоғалту проблемалары адитор үшін болашақ оқиғалардың белгісіздігін тудырады. Бұлжағдайда аудитор материалдықтың өте қатал көрсеткіштерін пайдалануы керек.
Кумулятивтік тиімділік. Аудитор белгілі және мүмкін қателердің жалпы мөлшерін бағалауға міндетті.
Материалдылық (маңыздылық) аудитті жоспарлау кезеңінде аудиторлық тексерудің тиімділігін қамтамасыз ету үшін бағаланады.
Маңыздылық концепциясы:

  1. Тексеруді жоспарлау үшін негіз ретінде;

  2. Меншікті зерттеудің материалдарын бағалаудың негізі ретінде;

  3. Аудиторлық қорытындының мазмұны туралы 4. Шешім қабылдау үшін негіз ретінде пайдаланылады.

Маңыздылық түсінігі аудиторға аудиторлық процедуралардың көлемін және орындалу мерзімін, сипатын анықтауда және бұрмалаушылықтардың әсерін бағалауда қажет.
2. Маңыздылықты бағалауда екі тәсіл пайдаланылады индуктивтік және дедуктивтік.
Индуктивтік тәсіл әр бап үшін материалдылықты бөлек бағалауды, сонан соң бағалауды қосу арқылы жалпы материалдылықты анықтауды ұйғарады. Мұндай тәсілді өте абайлап қолдану керек, себебі қате есепберудің бір бабына қатысты маңызды емес, ал басқа бабына қатысты маңызды болуы мүмкін.
Дедуктивтік тәсіл материалдылықты жалпы бухгалтерлік есеп беруді немесе бөлек бір бөлімін, әр шот бойынша жұмыстың көлемін анықтауды ұйғарады.
Аудитор маңыздылықты бағалау кезінде оның екі жағын (сапалық және сандық) қарастыруға міндетті.
Сапа тұрғысынан аудитор өзінің кәсіби пікірін пайдалануы керек. Сандық тұрғысынан аудитор қатенің маңыздылық деңгейін бағалауы қажет. Сандық бұрмалаушылықтарға есеп саясатын дұрыс емес немесе жеткіліксіз сипаттау, пайдаланушыны жаңылыстыратын, түбінде экономикалық шығындарға айып түрінде әкеп соқтыратын заң бұзушылықтарды ашпау жатады.
Маңыздылық деңгейі дегеніміз есеп беру қателерінің сол шектік мәні, содан бастап бұл есеп беруді пайдаланушы кәсіби маман үлкен болдау дәрежесімен ол арқылы дұрыс қорытынды жасамайды және дұрыс экономикалық шешім қабылдамайды.
Бұл көрсеткішті аудиторлық ұйымдар маңыздылық деңгейін анықтаудың «Аудиттегі маңыздылық» халықаралық стандартына сүйену керек.
3.Үшінші кезең қатені есептеуді және оны алдын ала бағалаумен салыстыруды ұйғарады. Мысалы, аудитор босалқылардың баптарын тексеру кезінде жалпы шын мәнінен 716 мың теңгеге көп көрсетілген мәліметтерді анықтады. Бұл кезде құндылығы 5770 мың тенгеге бастапқы құжаттар мен есептік регистрлер зерттелді. Тестіленетін жиынтықтың жалпы шамасы 341650 мың тенге нәтижесінде заем шоттары бойынша көбейтіп көрсету түріндегі қате 4299 мың тенге (716/5750х341650).
Басқа шоттар бойынша мәліметтерді көбейтіп көрсету түріндегі қате жіберушіліктер тура осы сияқты есептеледі. Ақша қаражаттарының баланстық шамасы 2180 мың тенге. Тестілеу нәтижесінде таңдалған 1392 мың тенге бухгалтерлік есепте 97 мың тенгеге көбейтіп көрсетілгені анықталды. Яғни, ақша қаражаттары шоттары бойынша нақты қате 151 мың тенге (97/1392х2180).
Дебиторлар шоттары бойынша 2448 мың тенге мәліметтерді тестілеу есеп сомаларының 135 мың теңгеге көрсетілгенін көрсетті. Дебиторлық шоттар бойынша баланстық сома 23060 мың тенге. Яғни бұл шоттар бойынша қателер сомасы 1271 мың тенгеге (135/2428х23060) тең.
Маңыздылық деңгейі мәні, аудитті жоспарлау кезеңі біткен соң, сонымен қатар кез келген реттеулер тексеру кезінде, осы тексерудің жетекшісімен бекітілуі және тексерудің жұмыс құжаттарында көрсетілуі қажет.
Сонымен бірге, аудитор тексерілетін ұйымның жетекшілігіне онымен анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою бойынша түзетілген жазуларды бекітілген тәртіпте енгізуді ұсынуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет