Аудиттің мәні, мазмұны және түрлері



Дата19.03.2023
өлшемі95.18 Kb.
#470963
Аудит 1 тапсырма


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы:


Аудиттің мәні, мазмұны және түрлері
Орындаған:Шерганакова Лаула
Тобы: УиА 2го ТиПО к/о
Тексерген: Бердимурат Назимгуль
Алматы 2022-2023
Сұрақтар:
1.Аудиттің түрлері қызметі және мәні.
2. Аудиторлық қызметтің еліміздегі даму тенденциялары.
3. Аудит түрлерінің классификациясы.
Жауабы :
1 : Аудит түрлері.
Аудиттің түрлерін зерттеудің методикалық жағының өте зор маңызы бар. Өйткені аудитті қандай түрлермен жүргізу және олардың әрбір жағдайларда тигізетін әсерлерін анықтау қажет. Осыған орай аудит төмендегідей түрлерге жіктеледі:
1. Субъектілер бойынша – ішкі және сыртқы;
2. Зандылығы бойынша – міндетті және бастамашылық;
3. Объектіні аудиторлық жұмыспен қамту бойынша – толық және ішінара.
Бастамашылық аудит соған қажетті тапсырысшыларды тапсыруы бойынша жүргізіледі, егер бұл тексеру заң жүзінде көрсетілмесе. Мұндай тексерудің көлемі клиенттердің талабына байланысты.
Міндетті аудит заңда көрсетілген және субъектінің өздерінің қаржы-шаруашылық жұмыстарын тексеру үшін аудиторларды немесе аудиторлық фирмаларды шақыруға міндетті.
Аудиттің пайда болуы және оның даму кезеңдері
Еліміздің экономикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылыми, білім мен практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл – аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда аудитор сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латынның «audio» деген сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық – жұмыс барысына тиісті информацияны тексеруші тексеруші немесе бақылап басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда «аудитор» — «тыңдаушы» дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп – лауазымды қызметкерлердің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді «аудитор» деп атаған. Бір қызығы сол, алыс ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде информация есеп беруін артық санаған. өйткені кез келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген.
Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастан арнайы бухгалтер-эксперт, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.
АҚШ-тағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың жұмыстарын, атқаратын функциясын зерртеу қорытындысында: «бұл аудит» қызметінің идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға, талдауға тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен өндірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық эффект берер еді – деп жазған.
Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ та олар қоғам бухгалтері, Англияда – ревизор, Францияда – бухгалтер-эксперт немесе шоттар комиссары, Германияда – шаруашылық басқарушысы және т.б. деп те атайды. Айтылуындағы өзгешеліктеріне қарамастан олардың барлығы бір ғана мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің бухгалтерлік қорытынды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін тексеріп анықтау ерекше орын алады. Аудитордың ең негізгі мақсаты сол тексеру нәтижесін тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.


2: КР "Аудиторлык кызмет туралы" зана сейкес Республикалык аудиторлар палатасы тауелсіз когамдык, коммерциялык касіби, езін-езі баскаратын жене езін-езі каржыландыратын уйым
болып табылады.
Аудиторлык уйымнын курамындары аудиторлардын саны кемінде екі адамнан куралуга тиіс.
Онын жартылык капиталында аудиторларга жене (немесе) аудиторлык уйымдарга тиесілі улес кемінде 51 % болуга тиіс.
Аудиторлар палатасы аудиторларды, аудиторлык уймдарды ерікті негізде біріктіреді жене мушелік жарналар мен Казакстан Республикасынын зандарында тыйым салынбаган езге де кездер есебінен каржыландырылады.
3 : Аудиторлық процедура өткен уақытында есеп мәлімдеменің толықтылығы,нақтылығы, дұрыстылығы жайында дәлелдеме беретін кілттік процедуралар анықталады.
Кәсіпорының,компанияның,фирманың ішкі бақылау жүйесінің негізгі бөлігі болып табылатын ішкі бақылау мен аудитті бөліп көрсетуге болады. Ішкі бақылау мен аудиттің объектісі болып,қаржылық,өндірістік және басқа қызметтері де бола алады.Бұған бухгалтерлік құжаттарының дұрыс орындалуы мен бар болу ревизиясы,тауарлы-материалдық қорлардың инвентаризациясының орындалуы, тауарлы-шаруашылық операцияларының бақылауы және т.б. жатқызуға болады.Ішкі бақылау мен аудит негізгі кәсіпорында, сонымен қатар қосалқы фирмалар мен филиалдарда жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет