Ауыл шаруашылығы және ветеринария саласы бойынша 2014 жылдың 6 айында атқарған жұмысы және көрсеткіштері туралы анықтама



жүктеу 104.29 Kb.
Дата22.06.2016
өлшемі104.29 Kb.
Ауыл шаруашылығы және ветеринария саласы бойынша 2014 жылдың 6 айында атқарған жұмысы және көрсеткіштері туралы анықтама.
Ауданымыздың негізгі ауылшаруашылық саласы мал шаруашылығы.

Бұл салада 2014 жылы қол жеткен көрсеткішіміз атап айтқанда:

ірі қара-75939 бас, қой-ешкі-265633 бас, жылқы-21005 бас, түйе-14 бас, марал-258 бас, құс-53222 басты құрап, былтырғы жылдың 6 айымен салыстырғанда ірі қара -101,0 пайызға, қой мен ешкі -102,5 пайызға, жылқы-104,6 пайызға, түйе-175,0 пайызға, құс-100,0 пайызға өсті.

Мал басының өсу динамикасы

Жыл

ІҚМ, бас

%

Қой-ешкі, бас

%

Жылқы, бас

%

Түйе, бас

%

Құс, бас

%

01.01.2014

75939

101,0

53222

102,5,0

21005

104,6

14

175,0

53222

100,0

Сонымен қатар 2014 жылдың 6 айында алынған ет -4508,5 тонна, өндірілген сүт-28591,4 тонна, өндірілген жұмыртқа-2619,8 мың. дананы құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, өткізілген ет 109,4 пайызға, өндірілген сүт-103,8 пайызға, өндірілген жұмыртқа-102,9 пайызға өсіп отыр.

Аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету – оның аграрлық өндірісті индустрияландыру мен негізгі өнім түрлері бойынша АӨК өнімдерінің тиімділігін арттыруға негізделген тұрақты дамыту болып табылады.

Бүгінгі күнге аудан бойынша асыл тұқымды «Қаба типті» жабы жылқысын 3 асыл тұқымды жылқы шаруашылығы, 2 қой шаруашылығы, 3 асыл тұқымды ірі қара малын өсіру шаруашылықтары 1267 бас аналық мал өсірілуде және 9 асыл тұқымды ара шаруашылықтары жұмыс атқаруда.



Аудан бойынша асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар


Асыл тұқымды мал өсіретін шаруашы-лықтар саны

Жылқы малы

бойынша

ҰММ бойынша

ІҚМ бойынша

Ара шаруашылығы

Шаруашы лық

саны

Мал сан, бас

Жалпы табынан үлес салмағы, %

Шаруашы

лық саны

Мал саны, бас

Жалпы табынан үлес салмағы, %

Шаруашылық

саны

Мал

саны,

бас

Жалпы табынан үлес салмағы, %

Шаруашы

лық саны

ұя саны

17

3

793

7

2

6890

8

3

1267

4

9

1004

Ауданда ірі қара мал басын асылдандыру бағытында асыл тұқымды мал басын сатып алудан басқа, қолдан ұрықтандыру жұмыстарын қолға алу бүгінгі күннің талабы. Себебі селекциялық-асылдандыру жұмыстары жөнге қойылмаған. Жергілікті жерде тұқымдық бұқаларды және олардың ұрықтарын дұрыс пайдаланбағандықтан 70% жағдайлар туыстық шағылысуға әкеліп отыр, осының нәтижесінде малдық өнімділігі және генетикалық қорының төмендеуі ғылыми және практикалық жағдайда дәлелденген.

Сол бағытта ауданда биылғы жылы Күршім, Теректі, Абай, Маралды, Төсқайың ауылдық округтерінде қолдан ұрықтандыру пункттерін ашу үшін қажетті құрал жабдықтары алынып, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Үкіметтің 2011-2015 жылдары ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасын іске асыру жөніндегі кешенді жоспарын орындау бойынша ауданда тауарлы ірі қара мал табынының өнімділік сапасын жақсарту мақсатында ауданда 2011 жылы 10 бас асыл тұқымды бұқа, 2012 жылы 125 бас асыл тұқымды бұқа, 101 бас асыл тұқымды аналық мал, 2013 жылы 91 бас асыл тұқымды бұқа мен 85 бас аналық мал сатып алынды. Соның ішінде Үкімет тарапынан қолдау көрсетуші «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2012 жылы 631 бас аналық мал мен 22 бас асыл тұқымды бұқа, 2013 жылы 434 бас аналық мал мен 32 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды Бүгінгі күні аудан бойынша тауарлы ірі қара мал табынының тұқымдық қасиетін жаңарту бағдарламасына 77 шаруашылықтың 5658 бас аналық басы мен 209 бас асыл тұқымды бұқасы қатысып отыр. Бұл көрсеткіш ауданымыздың 2014 жылдың 1 қаңтарына статистикалық мәліметі бойынша 33225 бас аналық малдың 17,0 пайызын құрайды.






Сондай-ақ, 2014 жылы «Сыбаға» бағдарламасы негізінде несие алушылар:









Шаруа қожалығының атауы

Шаруа қожалығының

басшысы

Алатын сомасы

Сатып алатын мал басы




Аналық мал

бұқа

1

«Бесжұлдыз» ш/қ

Қырықбаев Қ.

1млн 900мың

14

1

алынды

2

«Рауан» ш/қ

Қалижанов А

4 млн 850 мың

25

1

бекітілді

3

«Сулейменов» ш/қ

Сулейменов Р.

4 млн 680 мың

25

1

рәсімделуде

4

«Алгүл» ш/қ

Бахтияров Ә.

8 млн 500 мың

45

2

рәсімделуде

5

«Жігер» ш/қ

Асенов Н.

10 млн

47

2

рәсімделуде

6

«Елдос» ш/қ

Баелов Е.

6 млн 065 мың

30

2

рәсімделуде

7

«Жомарт» ш/қ

Мейірманов С

8 млн

42

2

рәсімделуде

8

«Ағат» ш/қ

Ибраев Төкен

3 млн

15

1

рәсімделуде

9

ИП «Кенжегали»

Көшеров У

8 млн 110 мың

45

2

Қайнар-Айдос

арқылы рәсімді



10

«Досым» ш/қ

Тоқжанов М.

11 млн.

88

3







Барлығы




66 млн 105 мың

376

17




2014 жылдың 6 айында асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау

мақсатында субсидия алу үшін ауданның 70 шаруа қожалығы қажетті

құжаттарын облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына өткізді. Бүгінгі күнге

соның 8 шаруа қожалығы ғана (6646 мың теңге) қаржыландырылды.

Бүгінгі күні тауарлы ірі қара мал табынының тұқымдық қасиетін жаңарту бағдарламасына 74 шаруашылықтың 5510 бас аналық басы мен 203 бас асыл тұқымды бұқасы қатысып, осы көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 22,0 пайызға өсіп отыр.



Ауданның барлық жер көлемі 2 319 886 гектар. Аудан агроөнеркәсіп кешені бойынша ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен 1219 шаруашылық субъектілері айналысады. Оның ішінде 1212 шаруа қожалығы 7 кәсіпорын. Оларға барлығы 306344 гектар бекітіліп берілген. Оның ішінде егіндік жер 25352 га, шабындық 19607 га, 256669 га жайылым және 4716 гектар басқадай жерлер.

Сонымен қатар, тұрғындардың 8712 жекеменшік қосалқы шаруашылықтары тіркелген. Жеке меншік малдарын өсіріп бағу үшін 139843 гектар ауыл шаруашылық алқабы бекітілген.

Көктемгі егіс жұмыстарын ұйымдасқан түрде жүргізу жөнінде барлық іс-шаралар атқарылды. Оның ішінде: кеңестер өткізілді, арзан бағамен жанар маймен қамтамасыз етілді. Себілетін тұқымның сапасы тексерілген, 680 тоннасы 1-2 класты, шығымдылығы 100%. Жетіспейтін тұқымдар басқа шаруашылықтан алынған. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу жөнінде мониторинг жүргізіліп, қорытындысы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына күнделікті жолданып, берілген жоспар толығымен орындалғаны туралы мәлімет берілді. Аудан бойынша нақты егілген егістіктер көлемі 21888 га оның ішінде дәнді дақылдар 3506 га,күнбағыс 2892 га, картоп 1030 га, көкеніс 283 га, бақша 714 га және көп жылдық шөп 13463га. Кұйған ауылдық оругінде 100 тонна көкөніс сақтайтын қойма салынды және астық сақтайтын қойма салынуда.

Күршім ауданы бойынша "Жігер" шаруа қожалығы негізінде дәнді дақылдардың (бидай, арпа) тұқымын, "Жаз" шаруа қожалығы негізінде көп жылдық шөптердің (люцерна, экспарцент) тұқымын өсіру мақсатында I, II және III -дәрежелі тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын негізгі біліктілік талаптарын шаруа қожалықтарына жеткізіп, облыстық ауылшаруашылығы басқармасындағы мамандарға жолығып, қазіргі уақытта тұқым шаруашылығын құру туралы жұмыстар жургізілуде.

2014 жылға өсімдік дақылдарына бөлінген субсидия көлемі 25229,0 мың теңге, оның ішінде: жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлы-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 24629,0 мың теңге, тыңайтқыштардың құнын арзандатуға 500,0 мың теңге, гербицидтердің құнын арзандатуға 100,0 мың теңге. Жанар - жағар май материалдары мен басқа да тауарлы-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға бөлінген қаражаттың 24629,0 мың тенгесі толығымен игерілді.

Аудан бойынша суармалы жердің көлемі 18974 гектар, шаруа қожалықтарына бөлінген суармалы жер көлемі 14690 гектар, бүгінгі күнде игерілініп отырған суармалы жер көлемі 10341 гектар. Шабындық, егіндік жерлерді суғаруына ауылдық округтар әкімшілігімен бірлесеп жұмыстар атқарылуда.

Мал азығы қорын нығайтуда аудан биылғы жылы мал азығы дақылдарын егуге баса назар аударып отыр. Жаздық егіс көлемі 19810 гектарға жетіп отыр.

2014 жылға мал азығын дайындауға берілген 158 мың тоннаның 52 мың тоннасы дайындалып, немесе 32,9 пайызға орындалды. Егілген 290 га жер көкөністің 120 га жері жиналып 41,3 пайызды құрап, 27 мың тонна көкөніс, 750 га бақша жердің 180 га жері жиналып 24 пайызды құрап, 50 мың тонна бақша өнімдері алынды. Алынған өнім аудан, облыс халқына жеткізіліп, делдалсыз сатылуда.

Бүгінгі күнге ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінде барлығы: 1684 дана ауылшаруашылығы машиналары тіркелген. Оның ішінде тракторлар саны 1143 дана, трактор тіркемелері – 431, астық бастыратын комбайндар саны - 27, жол - құрылыс машиналары - 78, жоғары өтімді техника саны - 5дана.

Жылсайын а/ш техника жаңаруда. 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында ауданның ауыл шаруашылықтары 52469,3 мың. теңгенің техникасын сатып алды.



Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарын салу жұмысы қолға алынуда. Қалғұты ауылдық округінде «Бастау Е» кооперативі (Б.Баймұхамбетов) мал бордақылау алаңы, ет дайындау, өңдеу қасапханасы, Теректі ауылдық округінің «Заманай» шаруа қожалығы (Қ. Аманжолов) негізінде қасапхана, бордақылау алаңымен, шұжық шығару цехымен, Абай ауылдық округінде «Алгул», Күршім ауылдық округінде «Рахимов С» шаруа қожалығы негізінде қасапханалары іске қосылып, жұмыс атқаруда.

Сондай-ақ, Теректі ауылдық округінің «Қызылашы» ш/қ негізінде сүт өңдеу цехы жұмыс атқаруда.

Ауданда «Күршім мал дәрігері» КҚМ-де 86 мал дәрігері мамандары ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасын іске асыру мақсатында малдардың ветеринарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 2014 жылға Республикалық бюджеттен 89 миллион 36 мың теңге қаражат бөлініп, эпизоотиялық жайлылықты қамтамасыз етіп отыр. Бүгінгі күні барлық ауылдық округте құрылған мал дәрігерлік пункттер, арнайы автокөліктермен, компьютерлермен және қажетті мал дәрігерлік құрал саймандармен толық жабдықталған. Бұл дегеніңіз ауданымыздың елді-мекендерінде аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алып және ауыру шыққан жағдайда уақытылы жоюға бірден бір себебін тигізеді.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаңғыбас иттер пен мысықтарды жою мақсатына 902,2 мың. теңге бөлініп, аудан бойынша 492 қаңғыбас иттер ауланып өлтіріліп, мал қорымдарында өртеу арқылы жойылды.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №2331 қаулысын орындау мақсатында ағымдағы жылы ауданда 9242 бас ірі қара, 60312 бас қой-ешкі малы бірдейлендіруден өтіп, дерекқорлар базасына енгізілді. 2014 жылдың 6 айға ҰММ 1584195,8 теңге, ІҚМ-н 1272960,3 теңге қайтарылды.

2014 жылдың 1 жартыжылдығына мал қорымын күтіп ұстауға 446000 теңге бөлінді. Аудан бойынша 10 мал қорымы жөндеуден өтті.



Құнсыздану үрдістерін тежеу, негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, делдалсыз саудалау мақсатында аудан, Теректі және Боран ауыл орталықтарында бекітілген кесте бойынша 36 жәрмеңке өткізіліп 71,0 млн.теңгенің және Өскемен қаласында өткен жәрменкелерге қатысып 38,0 млн.теңгенің тауарлары жеткізіліп, сатылды.

Ауыл шаруашылығы және

ветеринария бөлімінің

басшысы С.Ашманов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет