Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы



Pdf көрінісі
бет32/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79
Зоогигиена каз китап

4.2.4 Нитраттарды анықтау
Азот қышқылының тұздары суға өсімдіктер мен жануарлардың
органикалық қалдықтары ыдырағанда түседі. Олардың суда болуы
аммиак пен нитриттер болмаған жағдайда судағы азотты заттардың
толық минерализацияға ұшырағандығын көрсетеді. Егер нитраттармен
бірге суда бірмезгілде аммиак пен нитриттар болса, онда бұл су
көзінің жүйелі түрде тоқтаусыз ластануын көрсетеді.
Егер суда бірмезгілде нитраттармен бірге хлоридтер мен
сульфаттар болса (аммиак пен нитриттер болмаған жағдайда), онда
бұл минерализация (нитрификация) үрдісінің аяқталғанын көрсетеді.
Бұл жағдайда су сапалы деп есептеледі, бірақ қайта ластануды
болдырмау үшін бұл су көзінен суды кезеңді тексеруден өткізіп тұру
қажет.
Сапалық анықтау – таза пробиркаға 1 мл зерттелетін су құяды,
оған 2 мл (екі ретке) концентрлі дифениламинді күкірт қышқылын
қосады. Зерттелетін суда нитраттар болса, дифенилнитрозоамин
түзілуі салдарынан қою-көк түс пайда болады.
Сандық анықтау – түссіз шыныдан жасалған пробиркаға 1 мл
зерттелетін су мен 1 мл сульфофенол қышқылын тамшылары тек су
бетіне таматындай етіп қосады. Қоспаны араластырып, 20 минутқа
қалдырады, содан кейін боялу дәрежесі бойынша кестені қолданып,
азот нитраттарының шамамен мөлшерін анықтайды. Түсінің өзгеруін
бақылау үшін дәл сондай пробиркаға дистиллденген су құйып, оған
сульфофенол қышқылын қосады.
30 -кесте – Судағы нитраттарды анықтау
Жоғарыдан қарағандағы түсі
азот нитраттарының мөлшері,
мг/л
1
2
Бақылаумен салыстырғанда ғана
байқалады
0,5
56


Әрең білінетін сарылау
1
30 кестенің жалғасы
1
2
Шамадан тыс әлсіз сарылау
2
Өте әлсіз сарылау
3
Әлсіз сарылау
5
Ашық сары10
Әлсіз сары
25
Сары 
50
Қою сары
100
МЕМСТ бойынша азот қышқылы тұздарының (нитраттар)
зерттелетін судағы мөлшері 45 мг/л мөлшерінде рұқсат етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет