Иістер
табиғи – хош иісті,
батпақ иісті, шірік иісті, топырақ
иісті, зең иісті, балық, күкіртсутегі, шөп иісті, белгісіз, және
жасанды
– хлор, фенол, бензин, камфора иісті болуы мүмкін.
Жақсы ауыз суы иіссіз болуы керек, ал рұқсат етілетін иіс 20
0
С
температурада 2 баллдан жоғары болмауы керек.
Судың дәмі. Анықтауды
сынама алған жерде тек судың
санитарлық тұрғыдан қауіпсіздігіне сенімді болғанда ғана жүргізеді.
Күманды жағдайларда оны алдын ала 5 - 10 минут қайнатып, 20-25
0
С
дейін суыту қажет болады. Дәмін (татымын) анықтау үшін шамамен
15 мл суды ауызға алып, бірнеше секунд ұстап,
жұтпай дәмін
анықтайды. Шикі судың дәмін анықтағаннан кейін ауызды марганец
қышқылды калийдің әлсіз ертіндісімен шаю қажет.
Судың дәмін: қышқыл, сілтілі, тұзды, ащы-тұзды, кермек, ауыз
қуыратын, тәтті; татымын: темірлі, кермек, хлорлы, металл, балық
дәмді деп белгілейді.
Дәмі мен татымының қарқындылығы баллмен: татымы жоқ – 0,
өте әлсіз – 2, сезілетін – 3, анық– 4, өте күшті 5 баллмен бағаланады.
Судың мөлдірлігі. Анықтау үшін суды биіктігі бойынша
сантиметрге бөлінген цилиндрге құяды, оның түбіне Снеллен шрифты
бар баспа қағаз салады. Содан кейін біртіндеп суды резина түтігі бар
төменгі тубустан шрифт анық көрінгенше ағызады.
Бағана биіктігі
бойынша оның мөлдірлігін сантиметрмен өлшейді.
Далалық жағдайда судың мөлдірлігін анықтау үшін диаметрі 1 –
1,5 см болатын сымтемір сақинаны қолданады. Тұтқасынан ұстап,
сымтемірді 500 – 1000 мл көлемді цилиндрға құйылған зерттелетін
суға оның контурлары көрінбей қалғанша батырады.
Содан кейін,
сантиметрлік сызғышпен сақина анық көрінетін жерге дейінгі
тереңдігін өлшейді. Сақина бойынша зерттеуден алынған деректерді
Снеллен шрифты бойынша көрсеткішке кестемен аударады:
Достарыңызбен бөлісу: