Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Азықтардың саңырауқұлақтармен зақымдалудан



Pdf көрінісі
бет71/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   79
Зоогигиена каз китап

5.6.9 Азықтардың саңырауқұлақтармен зақымдалудан
сақтандыру шаралары
Қатаң азықтарды саңырауқұлақтармен зақымдалудан
сақтандыру. Қатаң азықтарды дұрыс жинау, даярлау және сақтау–
олардың жоғары санитарлық сапасының кепілі.
Қатаң азықтар құрғақ ауа райында және мүмкін болатын қысқа
мерзімде шабу және азықтандыру арасына (2-3 күн) уақыт салып,
жиналады. 
Жаңбырлы ауа райында жиналып, кептірілмеген шөп жылдам
қызып, бұзылады. Сондықтан, кептіруге жағдай болмаса, жасыл
массаны сүрлемдейді немесе пішендейді. 
Шөп пен сабанды сүйретіп жинауға болмайды, себебі шаңмен
қоса, оларға улы саңырауқұлақтардың споралары түседі.


Қатаң азықтарды маяларда сақтау керек. Олар биік жерде тығыз,
біркелкі маяланып, жоғарғы жағы түспейтіндей етіп бүйірлері
тегістеліп, полиэтилен пленкамен жабылуы қажет.
Сақтаудың ең жақсы әдісі– сарай немесе жабын астында.
Шөп пен сабанды даярлаудың ең дұрыс әдісі – түктерге жинау.
Егер сақтау барысында зақымдалу ошақтары мен азықтың
өздігінен қызуы байқалса, оларды қайтадан өңдеп, кептіріп және
бұзылған жерлерін жою қажет.
Концентрлі азықтарды саңырауқұлақтермен зақымданудан
сақтандыру. Дәнді дақылдарды желдету жақсы жолға қойылған
қоймаларда 10
0
С температурада сақтайды. Бұзылмау үшін дәнді 13-
14% ылғалдылықта сақтау керек.
Қамбаны дән салу алдында дезинфекциялап, желдетеді:
дезинфекция үшін 1 м
3
бөлмеге 15-20 мл есебінен формалинмен
аэрозольды өңдеу әдісін қолданады.
5.7 Мал шаруашылығында емдәмдік азықтарды қолдану
гигиенасы
Жұмыстың мақсаты: Емдәмдік азықтандыру тәртібі мен
принциптерін зерттеу; емдәмдік заттар топтарымен, емдәмдік
құралдарды қолдану рецептері және әдістерімен танысу.
Малды азықтандыру ережелерінің бұзылуы кезінде, оларға
сапасыз азықтарды бергенде немесе қандай да бір ауруға
шалдыққанда ауру малды сапалы азықтармен қамтамасыз етіп қана
қоймай, сонымен қатар оның жылдам жазылуына тырысу керек.
Бұл
үшін көбінесе емдәмдік азықтандыруды қолданады – бұл арнайы
ұйымдастырылған ауру малды емдік немесе әлсіз малды сақтандыру
мақсатында қоректендіру.
Емдәмдік азықтандырудың мақсаты – ауру
малдың жылдам жазылуына жағдай жасау, оның қоңдылығын,
жұмысқа қабілетін және өнімділігін қалпына келтіру.
Емдәмдік азықтандырудың жалпы принциптері келесі
ережелерден тұрады: 1 – рационға тек қана сапалы толық құнды
азықтарды қосады; 2 – ағзаның қандай да бір функциясы бұзылған
кезде сіңетін азықтарды ғана береді; 3 – емдәмдік азықтандыру
жануарлардың түрлік, жастық және физиологиялық ерекшеліктеріне
сай болуы керек; 4 – ауру малды емдәмдік азықтандырудан әдеттегі
рационға ауру белгілері қайтқанда 7-10 күннен кейін ауыстырады.
Емдәмдік азықтандырудың әртүрлі тәртіптерін ажыратады: аш,
жартылай аш, босаң, тітіркендіргіш.


Аш тәртіп рационнан азықтардың толық шығарылуын ескереді,
бірақ міндетті түрде су беріледі (мысалы – алдыңғы қарындар
атониясында).
Жартылай аш тәртіпті аш тәртіптен азықтанудың әдеттегі
тәртібіне көшкенде 2-3 тәулікке тағайындайды. Ол асқазан - ішек
жолдарының, бауыр, бүйректердің жіті ағымды аурулары кезінде
тағайындалады. 
Босаң тәртіп ағзаның қандай функциясы бұзылуына
байланысты арнайы емдәм үшін негіз қызметін атқарады.
Тітіркендіргіш, немесе ынталандырушы тәртіпбұл
жабыққан мүшелердің қызметін ынталандыратын емдәм. Белоктық
емдәм күшейтілген азықтану қажет малдарға, көмірсутекті – малдың
ауыр аурулары кезінде (пневмония, кетоздар, улану), концентратсыз -
асқазан және ішек атониясында, гастриттер және гастроэнтериттерде,
нефроздарда, гепатиттерде тағайындалады.
Мал ауруларын сақтандыруда және емдеуде арнайы даярланған
емдәмдік азықтарды берудің маңызы зор. Олардың биологиялық
құндылығы көптеген дәрумендер және ағза функциясын белсендіруге
жағдай жасаушы басқа да биологиялық белсенді заттардың болуында.
Емдәмдік құралдарды шартты түрде келесі топтарға бөлуге
болады:
1) зақымдалған мүше функциясын жақсартатын құралдар.
2) берілген ауру кезінде ағзада қандай да болмасын бір
заттардың жетіспеушілігін толықтырушы құралдар.
3) Бүкіл ағза үшін профилактикалық және емдік құралдар.
Заттардың бірінші тобына пішенді, қылқанды тұнбаларды;
жидектердің,
шөптердің,
тамырсабақтардың,
қабықтың
қайнатпаларын; спирттен жасалған сығындылар – аллилчеп , аллилсат
және т.б. жатқызуға болады.
Екінші топқа ауру түріне байланысты әртүрлі құралдар жатады,
мысалы, асқазан сөлі, сүрлем шырыны және басқалары.
Үшінші топ – бұл ацидофилды айран, ПАБК, АБК, жасанды
уыз, лизоцим, жұмыртқа - қант қоспасы, адсорбенттер және сол
сияқты азықтар мен құралдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет