Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтарды



Pdf көрінісі
бет70/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79
Зоогигиена каз китап

5.6.8 Саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтарды
пайдалану
Азықтық құралдардың зерттелген саңырауқұлақтармен
зақымдалуы байқалса, олардың зақымдалу және улылық дәрежесін
анықтайды. Егер азықтар 10 % артық зең саңырауқұлақтарымен
зақымдалса (шірік иісті қарайған, зең басқан алаңдар), олар сулауға
және булауға жатпайды, себебі мұнда улы саңырауқұлақтар одан
сайын қауырт дамып, улы заттар жиналады. Улы фузариялармен,
аспергиллдермен және басқа саңырауқұлақтармен зақымдалған және
биосынама бойынша (қоян терісіндегі қабыну реакциясының III және
IV дәрежесі) улылығы күшті қатаң азықтар фураждық мақсатқа
жарамайды. Саңырауқұлақтармен зақымданған бірінші және екінші
дәрежелі улылықты қатаң азықтарды (фузариумнан басқа)
сөндірілмеген әкпен, ал Fusarium туысы саңырауқұлақтарымен
зақымдалған азықты– кальцийленген содамен өңдеуге болады. Улы
емес немесе биосынама бойынша әлсіз улы азықтарды мұқият
сұрыптайды. Саңырауқұлақтарымен зақымдалған алаңдарды
жойғаннан кейін азықты ірі қара малдың бордақыдағы тобына сапалы
азыққа қатаң азықтардың нормасынан 25 % аспайтын мөлшерде
қышқыл азықтар немесе олардың сілтіленуі (қышқылы кету) болмаса
қосып береді. Мұндай азықтарды сақтауға тыйым салынады.
Dendrodochium
toxicum
және
Fusarium
улы
саңырауқұлақтарымен зақымдалған қатаң азықтарды фураждық
мақсатта қолдануға тыйым салынады, оларды азық және төсеніш
ретінде жояды. Stachylobotrus alternaus туысы саңырауқұлағымен
зақымданған азықтарды тек қана қайтадан улылыққа зерттегенде теріс
нәтиже алынса, залалсыздандырып қолданады. Aspergillus, Penicillium,
Mucor, Rhisopus туысы саңырауқұлақтарымен зақымдалған азықтарды
қатаң азық нормасының 25 % мөлшерінде өңдеп, кептіріп
лактациядағы және буаз аналықтардан басқа ірі және ұсақ мүйізді
малдарға береді. Заласыздандырғаннан кейін шектеусіз


азықтандырады. Төсеніш ретінде жас төлдерге және құстарға
Aspergillius fumigatus саңырауқұлақтарымен зақымдалған шөп пен
сабанды қолдануға болмайды.
Улылығы үшінші және төртінші дәрежелі дәнді қандай да
болмасын саңырауқұлақтармен зақымдалуына байланыссыз азықтық
мақсатқа пайдалануға тыйым салынады. Бұзылуы үшінші дәрежелі
дәнді технкалық мақсаттарға (шрот өндіру үшін) пайдаланады,
бұзылудың төртінші дәрежесінде– жояды (өртейді немесе жерге
көмеді). Споротрихинелла және Фузариумграминепрум секциясы
өкілдерінен басқа Фузариум туысының улы саңырауқұлақтарымен
зақымдалған әлсіз улы дәнді (қоян терісіндегі қабыну реакциясының
бірінші және екінші дәрежесі) бордақыдағы ірі қара малға сапалы
азықпен концентраттардың нормасынан 25 % аспайтын мөлшерде
қосып 10- күндік үзіліспен береді. Мұндай дәнді бірмезгілде қышқыл
азықтармен беруге тыйым салынады. Шошқалар, жылқылар мен
құстарға бірінші және екінші дәрежелі улылықты дәнді тек қана
залалсыздандырып, кептіргеннен кейін қолдануға болады.
Залалсыздандырылған дәнді асыл тұқымды, жоғары өнімді, буаз
малдар рационына қосуға болмайды, тек бордақыдағы малдарға
береді. Өндірістік типті шаруашылықтықтарда кез келген дәрежелі
улылықтағы және бұзылған дәнді пайдалануға қатаң тыйым
салынады.
I және II дәрежелі бұзылған дәнді азықтық мақсатқа
малдәрігерлік зертханада оның малдарға қауіпсіздігі жөнінде
қортынды алғаннан кейін ғана тұтынуға болады. I дәрежелі бұзылған
улы емес дәнді құрама жем өндіруге пайдалануға болады. Aspergillius
fumigatus саңырауқұлағымен зақымдалған дәннен құстарға арналған
құрама жем жасауға тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет