П-орталық құрамына Е-орталық кіреді. Бұл жерде рибосомадан кетер алдын, пептидилмен байланысты үзген т-РНҚ орналасады.
А-орталық - аминқышқылдық орталық - кезекті аминоацил-тРНҚ (аа-тРНҚ) байланыстыратын орын.
А- және П-орталықтары рибосомның кіші және үлкен бөлшектерінің бірігуі нәтижесінде түзіледі.
ПТФ-орталық – пептидилтрансферазалық орталық. Рибосоманың үлкен суббірлігіндегі А- және П-орталығында аминқышқылдары арасында пептидтік байланыс түзетін және тРНҚ-мен байланысқан бөлім. Үлкен суббірліктегі пептидтік байланысты пептидилтрансфераза ферменті қамтамасыз етеді.