Аминоацил–тРНҚ-синтетаза - Бұл молекулалық салмағы 100-400 мың Да болатын ірі ақуыз. Құрылымы бірдей немесе әртүрлі болатын екі немесе төрт ақуыздық суббірліктен тұрады: мономерлі болуы мүмкін. Барлық аминоацил-тРНҚ-синтетазалардың (АРС-азалар) екіден субстратбайланыстырушы орталығы болады: біреуі тРНҚ-ны тану және байланыстыру үшін, екіншісі - осы тРНҚ-ға сәйкес келетін аминқышқылын байланыстыру үшін.
АРС-азалар аминқышқылын белсенді етіп т-РНҚ-ның антикодонына байланыстырады. Ендеше АРС-азалар ақпаратты нуклеотидтер бірізділігінен аминқышқылдары бірізділігіне ауыстырады. Осыған байланысты оларды кодозалар немесе шифразалар деп атайды. Әрбір аминқышқылына сәйкес 20 түрлі АРС-азалар бар. Аминоацил–тРНҚ-синтетазалар өзі катализдейтін аминқышқылы атауымен жоғарғы индекс арқылы көрсетіледі: валил-т-РНҚ-синтетазавал, серил-тРНҚ-синтетазасер және т.б. - АРС-азалар аминқышқылын белсенді етіп т-РНҚ-ның антикодонына байланыстырады. Ендеше АРС-азалар ақпаратты нуклеотидтер бірізділігінен аминқышқылдары бірізділігіне ауыстырады. Осыған байланысты оларды кодозалар немесе шифразалар деп атайды. Әрбір аминқышқылына сәйкес 20 түрлі АРС-азалар бар. Аминоацил–тРНҚ-синтетазалар өзі катализдейтін аминқышқылы атауымен жоғарғы индекс арқылы көрсетіледі: валил-т-РНҚ-синтетазавал, серил-тРНҚ-синтетазасер және т.б.
Аминоацил-тРНҚ синтетаза ферментінің белсенді орталықтары (Мушкамбаров, Кузнецовтан, 2003)
Достарыңызбен бөлісу: |