Құрметті Қостанай облысының тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев айтқан «Қазақстан 2050»



Дата17.07.2016
өлшемі143.6 Kb.


ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және

жекешелендіру комитеті Төраға

орынбасары Н.В. Кадюковтың

АСТ шеңберінде Қостанай облысында

сөз сөйлеуі

Құрметті Қостанай облысының тұрғындары!
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев айтқан «Қазақстан - 2050» Стартегиясының нысаналы міндеттерін іске асыру қазіргі уақытта біздің экономикамыз елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қарқынды және озық өсуімен сипатталады.


  1. Айталық, елдің ЖІӨ ағымдағы жылдың 10 айында 4%-ға өсті;

  2. инфляция деңгейі 6-8%-да қалып отыр.

  3. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығында 3трлн.теңге сома шамасында 673 жоба енгізілді. 69 мың тұрақты жұмыс орны құрылды;

  4. «Агробизнес - 2020» бағдарламасы шеңберінде агроөнеркәсіп кәсіпорындарын қаржылық сауықтыру бағдарламасы іске асырылады. 313 млрд.теңге сомаға 292 өтінім мақұлданды.

  5. тікелей шетелдік инвестициялардың таза ағымы 12,5 млрд. АҚШ долларын құрайды;

  6. теміржолдар құрылысы жоспарларды ілгерілеумен жүріп жатыр (1250 км салынды);

  7. елдің халықаралық активтері ілгерілеумен жинақталуда. Ұлттық қордың қаражаты 34,7% ЖІӨ-ді (90 млрд АҚШ долларына жуық) құрады.

Жаһандық жоспардағы өсіп келе жатқан белгісіздік шарттарында Мемлекет басшысы әлем көшбасшыларының арасында бірінші болып 2014 жылғы 11 қарашада «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауымен сөз сөйлеп стратегиялық сипатта жедел шешім қабылдау қасиетін паш етті.

Президент Жолдауы Қазақстанның әлемдік экономиканың құлдырауы, шикізат ресурстарына бағаның құлдырауы,соның салдарынан бюджеттің кіріс бөлігіне түсімдердің төмендеуінежататын жаһандық сын-тегеуріндерге жауабы болды.

«Нұрлы жол» жүйе құраушы идеясы – жоғары дамыған инфрақұрылым құру, ол елдің барлық өңірлерін дамыту серпінін және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық өсуі үшін жаңа мүмкіндіктерді ашу үшін мүмкіндігін береді.

Президент «Бізде ырғалып-жырғалуға уақыт жоқ» екендігін, Жолдауда айтылған шаралар 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылуы тиістігін атап өтті.

Бұл ретте, қолайсыз экономикалық болжамдарға қарамастан, Мемлекет басшысы Үкіметке халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелердің толық көлемде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Алдын алу шараларын іске асыру үшін Президент Ұлттық қордың резервтерін пайдалануға нұсқау берді, ол «жыртықты жамауға» емес, 1) көлік, 2) логистика, 3) энергетика, 4) индустрия, 5) ТКШ саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларға, 6) экономика мен жұмыспен қамтудың өсуін қамтамасыз ететін шағын және орта бизнеске жолдануы тиіс екендігін айтты.


Сыртқы нарықтардағы жағдай оңтайлылығымен ерекшеленіп, мұнай мен біздің экспорттық өнімдерімізге баға айтарлықтай жоғары деңгейде болған жылдары Қазақстан шикізат экспортынан түскен табыстарды Ұлттық қорға бағыттап келді. Ұлттық қордың негізгі міндеттерінің бірі біздің экономикамыздың сыртқы естен тандырулар алдындағы орнықтылығын, жоғарылату болып табылады.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Президент экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014-2015 жылдарға екі транш бойынша бір триллион теңге бөлу туралы шешім қабылдаған болатын. Басталған жобаларды аяқтау және аса өзекті мәселелерді шешу үшін Ұлттық қор қаражатынан 500 миллиард теңге көлеміндегі екінші транш бөлуге тапсырма берді, олардың ішінде:



  • 100 млрд. шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдетілген несиелеуге бағытталады.

  • 250 млрд. банк секторын сауықтыру және «жаман» несиелерді сатып алуға жіберіледі.

- «құрғақ порттың» бірінші кешені құрылысын аяқтауға;«Қорғас-Шығыс қақпасы» және Атырау мен Тараздағы «Ұлттық индустриялық мұнай химиясы технопаркі» арнайы экономикалық аймақтары инфрақұрылымдарына 2015 жылы 81 миллиард теңге бағытталатын болады.

  • бұған дейін бөлінген 25 млрдқа ЭКСПО-2017 кешені құрылысын жалғастыруға 2015 жылы қосымша 40 миллиард теңге бөлінетін болады.

  • Астананың көліктік инфрақұрылымын дамытуға және астаналық әуежайдың әлеуетін ұлғайту үшін 2015 жылы 29 млрд теңге бөлінетін болады.

Ел экономикасын дамытуда жаңа тәуекелдерді есепке ала отырып, Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаттың 7 негізгі бағытын атап өтті, оның негізгі тұғыры 5 жылға есептелген және ҮИИДБ-ны іске асырудың Екінші бесжылдығына сәйкес келетін Инфрақұрылымдық дамудың жоспары болуы тиіс. Осы жылдары жалпы инвестициялық портфель 6 триллион теңгені құрайды.

Бұл ретте, әлемдік экономикадағы дағдарысты жағдайларды ескере отырып, Жаңа экономикалық саясаттың алға қойған мақсаттарына қосымша қаржы ресурстарынсыз қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да, Жаңа экономикалық саясатты іске асырудаПрезидент бағдарламада айтылған негізгі 7 бағытты іске асыруға 2015-2017 жылдар аралығында Ұлттық қордан жыл сайын 3 млрд. теңгеден бөлу туралы шешім қабылдады.

Бірінші - көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту, оның шеңберінде инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистаралды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады. Бірінші кезекте, бұл автожолдар жобалары: 1) Батыс Қытай – Батыс Еуропа; 2) Астана – Алматы; 3) Астана – Өскемен; 4) Астана – Ақтөбе – Атырау; 5) Алматы – Астана - Өскемен; 6) Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда;7) Атырау – Астрахань.
Ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру – бұл екінші бағыт, ол құрылыс материалдарына, көліктік-коммуникациялық, энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық салалар үшін өнімдер мен қызмет көрсетулерге сұраныс тудырады.
Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту шеңберінде «Екібастұз – Семей – Өскемен» және «Семей – Ақтоғай – Талдықорған – Алматы» бағыттарында жоғары вольтты желілер салынатын болады, бұл елдің барлық өңірлерін электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Төртінші бағыт –Тұрмыс үй – коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту.

Бүгінгі күні елде республикалық бюджет қаражаты есебінен инженерлік инфрақұрылымды дамытуға жыл сайын 300 млрд. теңге бөлінеді.ТКШ инфрақұрылымына елеулі мемлекеттік шығыстардың кететіндігіне қарамастан:


  • су және жылумен қамтамасыз ету желілерінің тозуы 65%-ды құрайды.

  • желілердегі ысырап деңгейі жекелеген өңірлерде 36 %-ға дейін жетеді.

  • жылу көздеріндегі қазандықтардың жартысынан астамы төмен ПӘК бар - орташа 41%.

Инвестицияларға жалпы қажеттілік қаржыландырудың барлық көздерінен 2020 жылға дейін жыл сайын ең азы 200 миллиард теңге бөлгенде кем дегенде 2 триллион теңгені құрайды.

ТКШ саласы мен жылу және сумен жабдықтаудағы бар мәселелер Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасышеңберінде шешілетін болады, оған қомақты салым қажет. Жолдауда Мемлекет басшысы ТКШ саласындағы инфрақұрылымды дамытуға қатысуға тілек білдірген әлеуетті инвесторлардың барлығына назар аударды.


Бұл ретте, ТКШ-ны жаңғыртуға жеке инвесторлар тартылатындығын есепке ала отырып, тарифтердің ұлғаюына жол бермеу үшін бюджетте көзделген қаражатқа қосымша мемлекеттен жыл сайын 100 млрд теңге бөлінетін болады.

Нәтижесінде, 2020 жылы агломерацияларда күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 14%-дан 9%-ға дейін; екінші деңгейдегі қалаларда 7,8 %-дан бастап 5%-ға дейін; үшінші деңгейдегі қалаларда (шағын және моноқала) 4,8%-дан бастап 3,1%-ға дейін; ауылдық елді мекендерде, оның ішіндешекара маңындағы аумақтарда 1,4%-дан0,9%-ға дейін төмендейтін болады.

Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту.

Тұрғын үй құрылысы – халықтың өмір сүру деңгейін дамытудың маңызды көрсеткіштернің бірі. Бүгінде тұрғын үй мәселесін шешу көптеген қазақстандықтар үшін және бірінші кезекте жастар үшін бірінші кезектегі мәселе болып табылады.

Бүгінде Қазақстанда жыл сайын 6 млн. шм шамасында алаң, оның ішінде жартысы жеке құрылыстың есебінен пайдалануға беріледі. Алайда мұның өзі аздық етеді. Бұдан басқа, қазіргі кезде қолданыстағы тетіктер мен құралдар аталған мәселені толығымен шешуге мүмкіндік бермейді.

«Нұрлы жол» шеңберіндегі тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау шаралары жалғасатын болады, ал мемлекеттік тұрғын үйді енгізу көлемдері сақталып қалды.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Қазақстандық ипотекалық компания арқылы қолжетімді тұрғын үй құрылысының тетіктерінен өзге, жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үйдің ауқымды құрылысы іске қосылатын болады. 2015-2016 жылдары осы мақсаттарға 180 млрд. теңге бөлінеді. Табысы төмен қазақстандықтарға әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй ұсыну, сондай-ақ осындай тұрғын үйді сатып алу бойынша шарттарды жақсарту тетігі қайта қаралатын болады.

Жалға берілетін тұрғын үй халыққа 20 жылға дейін ұзақ мерзімді жалдау мерзімімен бастапқы жарнасыз және төмен сыйақы мөлшерлемесімен беріледі.

Осы міндеттер шеңберінде 1,4 млн шм-дан астам тұрғын үй салынатын болады. Бұл ретте, 60 пайыз агломерацияларда (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе);

40 пайыз облыс орталықтарында, моноқалаларда және ауылдық елді мекендерде.



  1. Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй.

«Сатып алу құқығымен жалдау» тетігі бойынша жалға берілетн тұрғын үй :

  1. жас отбасыларға – барлық пәтерлерден 50%;

  2. 20 % - халықтық барлық санаттарына;

  3. жергілікті атқарушы органдарда кезек тізімдерінде тұрған адамдар үшін - 30 %.

  4. Аталған тетік шеңберінде жұмыс берушілерге тұрғын үй құрылысын бірлесіп қаржыландыруға қатысу мүмкіндігін және өз қызметкерлерінің арасында тұрғын үйді бөлу құқығын ұсынады, ол білікті кадрлардың кетуін азайтады.

  1. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй ұқсас берілетін болады. Бюджет қаражатынан өзге, осы бағдарламаның операторы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ басқа көздерден қосымша қаражат тартады.

Жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысына барлығы 2020 жылға дейін барлық көздер есебінен 250 млрд. теңге бағытталады!!!

Нәтижесінде ел бойынша барлығы халықтың барлық санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 29 мың пәтер пайдалануға берілетін болады.

Алтыншы бағыт- әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда әлеуметтік мемлекеттің берік іргетасы қаланды. Әлеуметтік саланың бірқатар параметрлерін реформалауда қазақстан ТМД елдерін табысты басып озып, өз серіктестерінен әрі қарай кетті. Қазақстандықтардың өмір сүру стандарттары қарқынды артып келеді.


  • Сонымен, сырқаттанушылық және өлім-жітім көрсеткіштері төмендеді.

  • Қазақстандықтардың саны 17 млн. адамға артты және жоғары қарқынмен өсіп келеді.

  • Тәуелсіздік жылдарында 6 млн. жаңа азамат дүниеге келді.

  • Қазақстандықтардың орташа жасы 26 жас.

  • Қазақстандықтардың өмір сүруінің ұзақтығы 70 жылдан асты және өсе түсуде, 2020 жылы оның өсуі 72 жылға дейін күтілуде.

  • 95 %-ға жуық еңбекке қабілетті қазақстандық жұмыспен қамтамасыз етілді.

  • Орташа айлық номиналды жалақы 2014 жылғы маусым айында 125 936 теңгені облыста 86 817 теңгені құрады.

  • Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жалғасуда.

Бүгінде 4 млн.-ға жуық адам әр түрлі әлеуметтік төлемдердің түрлерін алады.

Сонымен бірге, оң нәтижелерге және оң серпінге қарамастан, әлеуметтік салада:



  1. өз-өзін жұмыспен қамтыған халық саны жоғары. 2013 жылы 2,5 млн. адам өз-өзін жұмыспен қамтыған болып табылса, бұл елдің еңбекке қабілетті жұмыспен қамтылған халықтың барлығы 1/3 бөлігін құрайтындығы;

  2. 52% өз-өзін жұмыспен қамтығандардың 11 жылдық білімі ғана бар және кәсіби дағдылардыигермегендігі;

  3. әрбір оныншы өз-өзін жұмыспен қамтыған еңбекке қабілетті жастағы қызметкер орта мектепті бітірмегендігі;

  4. елдегі барлық жалдамалы қызметкерлердіңжартысына жуығында мектеп бітіргені туралы аттестат қана бар, міндетті кәсіби біліктілігі жоқ еңбек етіп жатқаны;

  5. елде 180 апатты мектеп, 104 үш ауысымда оқытатын мектеп барлығы;

  6. мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезек 540 мың орынды құрайтындығы байқалады.

Үшжылдық бюджетте қарастырылған қаржы барлық санамаланған проблемаларды қысқа кезеңде яғни 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді.

  1. Апатты және үш ауысымда оқытатын мектептердің проблемаларын шешуге 70 млрд. теңге бағытталады.

  2. Мектепке дейінгі ұйымдарда орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағытталатын болады.

Индустрияландырудың екінші кезеңі шеңберінде кадрларды дайындау үшін ел бойынша 10 ЖОО анықталды, оларды материалдық қамтамасыз етуге 10 млрд теңге бөлінеді.

Экономиканың басым салаларын талдау негізінде мамандықтарға қажеттілік есептелді, ол 10 мыңнан асады.



Анықтамалық.металлургия бойынша 3000-ға жуық, мұнай газ химиясы – 500, химия өнеркәсібі – 1500, машина жасау – 2000-нан астам, құрылыс материалдарының өндірісі – 1100, азық-түлік өнеркәсібі – 2600.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті АӨК және Солтүстік өңір үшін инженерлік бойынша кадрларды дайындауды қамтамасыз ететін болады.

Астана қаласында «құрылыс материалдарының өндірісі, ақпараттық технологиялар мен АӨК» бағыттары бойынша кадрлар дайындауды Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті жүзеге асырады.

Орталық өңірде салалықмамандануды ескере отырып базалық ЖОО Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті болады.

Шығыс өңірде Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті машина жасау, металлургия,энергетика және мұнай химиясы үшін кадрларды дайындауды қамтамасыз етеді.

Алматы қаласында 3 базалық ЖОО әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті болады.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті химия, жеңіл өнеркәсіп және АӨК үшін кадрлар дайындайды.

Жетінші бағыт - шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау.

Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлік біздің экономикамыздың икемділігі мен бейімділігін айқындайтын өзгерістердің серпінді элементі. Дағдарыс кезеңінде ШОБ рөлі артады, өйткені халықтың экономикалық белсенді үлесінің өсуі азаматтардың табыстарын ұлғайтады және әртүрлі әлеуметтік топтардың әл-ауқатындағы үйлеспеушілікті жазады.

Кәсіпкерліктің өсуі төмен капитал шығындарымен жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді.

Бүгінде шағын бизнесті қолдауға:


  • 27 заң қабылданды;

  • «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 80 млрд. теңгеден астам төленген субсидиялар көлемімен 1 трлн. теңге сомаға 4 464 жобаға субсидия берілді;

  • 4,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен Ұлттық қордың қаражаты есебінен 437 жобаны банктер қаржыландырды.

  • 2014 жылы ШОБ-ты қолдауға Ұлттық қордан бөлінген қаражат толығымен игерілді.

  • мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны 8 %-ға өсіп, 2013 жылдың қорытындылары бойынша 2,6 млн. адамға жетті;

  • ШОБ субъектілері шығарған өнім 3,3 %жылдық өсімді көрсетіп, 9 трлн. теңгені құрады.

Сіздің облыстарыңызда:

ШОБ кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандардың саны – 37,5 маң адам;

Жеке кәсіпкерлерде жұмыспен қамтылғандардың саны – 35 мың адам;

Шаруа (фермер) қожалықтарында жұмыспен қамтылғандардың саны – 46,6 мың адам.


  1. Кәсіпкерлік белсенділіктің өсуін қолдау үшін екінші транш шеңберінде қосымша 100 млрд. теңге бөлінде. Бірінші транш шеңберінде бөлінген қаржыға сұраныс ұсыныстан 23 миллиард теңгеге асып түсті.

  2. Бұдан басқа, халықаралық қаржы институттарының несие желілерінен кәсіпкерлікті қолдауға тағы 155 млрд. теңге сома бағытталатын болады.




  1. ҚР Қаржы министрлігінің құзыреті шеңберінде Жекешелендірудің екінші толқыны бағдарламасын іске асырудышағын кәсіпкерлікті қолдау құралы ретінде қарайтындығымызды атап өткім келеді.

Неге екенін түсіндіріп кетейін. Бүгінгі күні елдегі әрекет ететін белсенді заңды тұлғалардың саны 226 мың бірлік шамасында. Квазимемлекеттік компанияларды есепке ала отырып, заңды тұлғалардың саны 8 мыңға жетеді.

Квазимемлекеттік компания негізінен жеке кәсіпорындар әрекет ететін нарықтарда жұмыс істейді. Бұл ретте, олар мемлекеттік тапсырыстар мен мемлекеттік тапсырмаларды алады да, шағын бизнестің бюджет қаражатына қолжетімділігін жабады.

Сонымен бірге, мемлекеттің міндеті – олармен бәсекелесу емес, бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады.

2014 жылғы 14 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы «2020 жылға дейін ұлттық экономикадағы қатысудың мемлекеттік үлесін ЭЫДҰ-ның көптеген дамыған елдерінің деңгейіне дейін ЖІӨ-нен 15 %-ға дейін жеткізу» туралы нысаналы индикаторды айқындады.

Қазіргі уақытта, аталған жұмыс басталып кетті. Елде үш жылға есептелген Жекешелендірудің кешенді жоспары іске асырылуда.

Жүргізіліп жатқан жекешелендірудің негізгі өзегі кәсіпкерлік қызметтегі мемлекеттік қатысуды қысқарту болып табылады, бұл шағын және орта бизнесті дамытуға түрткі болуы тиіс.

Үш жылдық кезеңде шағын бизнеске 850-ден астам кәсіпорын беріледі, бұдан басқа, 300-ден астам объекті таратуға жатады.

Қостанай облысы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған тізбеге 45 объект, олардың 26 мемлекеттік кәсіпорын және 19 ЖШС.

Әкім қаулысымен сондай-ақ «Тобыл» ӘӘК» ҰК» АҚ ведомство бойынша объектілер тізілімі бекітілген.


  1. жылдың 1 желтоқсанына жоспарланған коммуналдық меншіктегі 15 объектіден 15-і сатуға жарияланды және 6 объект сатылды.

«Тобыл» ӘКК бойынша 7 объекті сатылауға жарияланды және сатылды. Тағы 45 компанияның алдымызда сатылады

  1. Екінші бағыт –алаңдарды тиімді пайдалану. 2013 жылғы 10 қазандағы отырыста Президент берген тапсырманы іске асыру шеңберінде біздің Комитет мемлекеттік меншікке тексеру жүргізді, оның нәтижесінде 466 мың шм пайдаланылмайтын мүлік (республикалық меншіктегі 88 мың шм., коммуналдық меншіктегі 322 мың шм) анықталды.

Қостанай облысы бойынша 52,5 мың шм (оның ішінде республикалық меншіктегі 2188 шм, коммуналдық меншіктегі 50352 шм) анықталды. Бұл ретте, әлеуметтік объектілерге 6340 шм берілуі тиіс еді, факт бойынша берілгені жоқ. Айтпақшы, Денисов ауданында 3512 ш.м, ал нәтиже жоқ.

Қостанай облысы бойынша жекешелендіруге республикалық меншіктен 44 мың шм берілуі тиіс болатын, факті бойынша 17 мың шм берілген. Бөлігінде Қамысты және Денисовск аудандарында 7510 шм және 15343 шм. Не жасалынғаны туралы бізде мәлңмет жоқ. Егер кіші бизнеске бірілмесі, себебі неде? Әкімді тындап көрейік.

III. Келесі бағыт – біздің аумақтық бөлімшелерді оңтайлы орналастыру және ғимараттар мен автокөлікті кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет көрсетуіне беру.

Жаңа жылдан бастап біз республика бойынша Бірыңғай теңгерім ұстаушы жобасын бастаймыз. Бізде әрбір аудан орталығында Қаржы министрлігінің 2 аумақтық бөлімшесі орналасқан, олар қазынашылық пен салық органдары.Осы органдардың қызметкерлерін оңтайлы орналастыру бізге орталық мемлекеттік орган ретінде оларды ұстауға мемлекеттік шығыстарды қысқартуға және жергілікті әкімге босаған алаңды беруге мүмкіндік береді, олар осы объектілерді орындылығына қарай пайдаланатын болады. Бұдан басқа, біздің ғимараттар мен автокөлікті Ақтөбе облысындағыдай жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет көрсетуіне беру қызмет саласын дамыту үшін және жаңа жұмыс орындарын құруға түрткі болады. Әкімдердің коммуналдық меншікті ұстап тұруына және оны тиімсіз пайдалануға қажеттілік жоқ. Мемлекеттік мүлік туралы заңмен көзделген түрлі тетіктерді пайдаланыңыздар, осы объектілерді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне беріңіздер де оларды ауданның әлеуметтік мәселелерін шешуге тартыңыздар. Консультация, түсіндіру қажет болса біз береміз.



Қорытындылай келе, бүгінде жаңа экономикалық өсудің маңызды іргетасы қаланды ол сіздер мен біздің еңбегіміз. Президенттің біздің алдымызға қойған міндеттерді шешу қажеттілігін біздің түсінгеніміздің, оларды іске асыруда қазақстандықтардың қайсарлығы нәтижесінде еліміздің экономикалық және саяси тұрақтылығына қол жеткізілді.

Президент біздің алдымызға үлкен міндеттер қойды және оларды біз топтасып және бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін біртұтас қазақстандық қоғам болып әрекет еткенде орындай аламыз.
Каталог: irj
irj -> 2011 жылғы 1 жартыжылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі
irj -> 6. Талдамалы жазба ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы №452 бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары»
irj -> 2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы
irj -> Жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есебі
irj -> Құрметті Қабиболла Қабенұлы! Құрметті депутаттар!
irj -> Қаржы министрі Б. Т. Сұлтановтың 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы бойынша Парламент Сенатында таныстырылымына баяндамасы
irj -> "Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы n 357 Жарлығы
irj -> Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп
irj -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет