Ауру атауы



бет5/9
Дата11.06.2023
өлшемі7.25 Mb.
#474933
1   2   3   4   5   6   7   8   9
лептоспироз

Кей кездері ветеринарлық тексеруден кейін арнайы рұқсатпен өлекселерді етке өткізеді. Лептоспирозбен ауырған малдардың сүтін қайнатқаннан кейін пайдаланылады. Барлық жануарларды емнен кейін 4-7 күн арасында қайта вакцина салынады.

Шектеу шарттары бойынша келесі әрекеттерге тыйым салынады:


Шектелген аймақтан жануарларды шығаруға не кіргізуге;
Жануарларды сатуға;
Жануарларды ветеринарсыз топтауға;
Жануарларды ағын суға жіберуге;
Жануарларды жайылымға жіберуге (жаз айларынан бөлек)
Инфекция таралған жеммен қоректенуге;

Емі

Лептоспирозға қарсы гамма-глобулин

Антибиотиктер немесе антибактериалды терапия (пенициллин, тетрациклин, аминогликозидтар)

Дезинтоксикационды терапия

Гемостатистикалық терапия

Дауалау және күресу шаралары

12-4-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларының лептоспирозы бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

Ескерту. Қағида 12-4-тараумен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлылық аумағында профилактикалық ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

145-64. Лептоспироз бойынша қолайлы аумақтарда лептоспироздың алдын алу жөніндегі эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар:

1) жануарлардың клиникалық жағдайларын бақылау, іш тастаулар санын есепке алу;

2) лептоспироз бойынша қолайлы қолдан ұрықтандыратын асыл тұқымды мал шаруашылықтарын, кәсіпорындарды, қолдан ұрықтандыру станцияларын топтастыру;

3) жаңадан келіп түсетін жануарларды карантиндеу;

4) бордақылау шаруашылықтарын клиникалық сау жануарлармен толықтыру;

5) жануарлардың лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтардың (фермалардың), елді мекендердің жануарларымен жайылымда, суаттарда жанасуларына жол бермеу, вакциналанбаған малдарды лептоспироздың табиғи ошақтарының аумағында жаймау;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет