Ауру атауы



бет8/9
Дата11.06.2023
өлшемі7.25 Mb.
#474933
1   2   3   4   5   6   7   8   9
лептоспироз

145-78. Лептоспироз бойынша бұрын қолайсыз кәсіпорында (станцияда) барлық тұқымдықтардың қанының сарысуын реакцияда және зәрінің микроскопиясын 3 айдан кейін қайта зерттейді және теріс нәтижелер алған кезде, одан әрі әрбір 6 айда жүргізеді.

145-79. Лептоспирозға сезімтал клиникалық сау жануарлардың барлық түрлерін және жастық топтарын вакциналайды. Емдеудегі жануарларды сауыққаннан кейін күнтізбелік 5-7 күн өткен соң вакциналайды.

145-80. Жекелеген жануарлардың қанында антиденелер немесе зәрінде лептоспир анықталған жағдайда, барлық топты шаруашылықта қалдырады және оның лептоспироз бойынша қолайлылығы туралы мәселені шешу үшін қосымша зерттеулер жүргізеді.

145-81. Соңғы ауырған жануар сауыққаннан кейін және қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін бір айдан соң жануарларды бордақылауға облыс аумағында шығаруға (әкетуге) рұқсат етіледі.

145-82. Барлық тексерілген жануарларда зерттеулердің теріс нәтижелері алынған кезде шаруашылық сауыққан болып саналады.

145-83. Лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтардағы шектеу:

145-83. Лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтардағы шектеу:

1) бордақылау шаруашылықтарында - мал басын союға тапсырғаннан кейін және қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін;

2) асыл тұқымды және пайдаланылатын шаруашылықтарда - олардың лептоспироз бойынша қолайлылығын зертханалық зерттеу әдістерімен анықтағаннан кейін алып тасталады. Шектеу алынғаннан кейін лептоспироз бойынша қолайсыз

шаруашылықтарды қайта зерттеу 6 айдан соң жүргізіледі.

145-84. Сатуға арналған жануарлар карантинденеді және лептоспирозға қанның сарысуы тексеріледі, шошқалар бұнымен қоса, зәрде лептоспиріннің болуына тексеріледі.

145-85. Шаруашылықтардан әкетілетін асыл тұқымды және пайдаланылатын жануарларды ветеринариялық өңдеу тәртібі: лептоспироз бойынша қолайлы шаруашылық субъектілерінен ғана асыл тұқымды немесе пайдаланылатын жануарларды әкетуге (шығаруға) рұқсат етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет