АІИ қоздырғыштар
АІИ қоздырғыштары микроорганизмдердің барлық топтарына жатады: бактерияларға, вирустарға, саңырауқүлақтарға, қарапайымдыларға, бірақ жақсы зертгелгендері бактериялар мен саңырауқү- лақтарға жатады: S. epidermidis, Streptococcus
(A,B,Д тобындағы), E. coli, Proteus т.б., вирустар - қарапайым үшық, РС-вирус, аденовирус т.б
Аталған қоздырғыштар моноинфекция немесе ассоциацияланған (микст) инфекция туғызуы мүмкін. АІИ кесел барысында қоздырғыш-тардың ауысып отыруымен де сипатталады. Сондықтан АІИ-ң пайда болуын және дамуын тіркеу үшін 3 фактор есепке алынуы қажет: 1. Микробтардың сипаттамасы. 2. Иесінің (пациент, науқас, мед.қыметкер) сипаттамасы. 3. Ауруханалық орта факторлары.
Қоздырғыш микробтар қүрамының түрі жоғарда келтірілді, дегенмен микробтардың санын (инфицирлейтін дозасын) анықтаудың маңызы зор. Қоздырғыш түріне, және де пациент жағдайына байланысты инфицирлейтін дозасы 103-107 КТБ/г, мл-ге тең келеді. «Межелік (критическое) сан» әдетте 105 КТБ/г, мл-ге теңеледі.
ШПМ-ң госпиталдық штамдарының биологиялық қасиеттерін қарағанда олардың полирезистенттілігіне ерекше көңіл аудару керек. бейімделген штамдардың бейімделмегендерге қарағанда жоғары деңгейде төзімділігі бар:
- Антибиотиктерге
- Антисептиктерге
- Дезинфектанттарға
- Фагтарға
- Бактериоциндерге
Полирезистенттілік нағыз госпиталды штамдарға селектикалық артықшылық береді (соның ішінде күшті тіршілік сақтаушылық және бейімделушілік қасиетін).
АШ-ңдамуы, оның клиникалық көріністері қоздырғыш түрімен, оның дозасымен т.б. ғана емес, ауруханаға түскен пациенттің өз жагдайымен де байланысты. АІИ-мен науқастануға «қауіпті факторлар» әсер етеді деген түсінік бар.
Оларға жатады:
- жасы (жаңа туылған балалар, қарттар)
- қосалқы аурулар (әсіресе диабет, онкологиялық үрдістер, созылмалы нефрит, созылмалы лейкоз т.б.)
- генетикалық және генетикалық емес негізде иммундық статустың төмендеуі
- ауыр операциялар жасалу
- үзақ мерзімге созылған инструменталдық зерттеулер (эсіресе инвазиялық әдістер)
- антибиотиктерді, гормондарды, иммундыдепресенттарды т.б. жүйесіз қолдану
- ауруға шалдығу нәтижесінде жүре пайда болған иммундық тапшылық болу
- Психологиялық жағдайлар.
Достарыңызбен бөлісу: |