Мультисызық деп – бір бұйрық арқылы параллель сызықтар жиынын айтады. Мультисызық сызу үшін оны белгілеп, сақтап одан кейін ғана стилін жүктеу керек. Ол үшін Format менюіне кіріп Multiline Styles терезесін ашу керек. Жаңа ат енгізу үшін Name аймағын қолданасыз. Кейін Element Properties батырмасын бассаңыз терезе шығады. Бұл Element Properties терезесінде Offset аймағына белгіленген нүктеден сызықтардың қай арақашықтықта орналасуын енгізу керек. Color аймағына сызықтардың түсін таңдау керек. Сызық түрін белгілеу үшін оны Linetype аймағына жазу керек. Жаңа элемент қосу үшін Add батырмасына басу қажетті. Барлық шамаларды енгізгеннен соң ОК батырмасына басып, Multiline Properties батырмасына басыңыз. Онда Multiline Properties терезесі ашылады. Оның ішіне мультисызық қасиеттерін енгізу керек. Енгізіп біткеннен кейін OK батырмасына басыңыз. Ал енді жаңа мультисызықты қолдану үшін Save батырмасына басып, оны сақтау керек.
Сақталған мультисызығыңызды қолдану үшін Draw панелінен Multiline батырмасына басыңыз. Экранда Specify start point or [Justification/Scale/Style]: шақыруы шығады. Біз параметрлерді қолданбай дерек бастапқы нүктені белгілейміз. Сонда Specify next point: шақыруы шығады, оған бірінші сегменттің соңғы нүктесін енгіземіз. Екінші сегмент нүктелерін де біріншісінен кейін енгізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |