Autocad-ң негізгі құралдары 1 Түзу сызықты кесінділер 5



бет14/25
Дата02.01.2022
өлшемі0.49 Mb.
#454221
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
СРО 1 Автокад

3.4 Көпжолды мәтін


Егер сызбаға аса ұзын жазу енгізу керек болса, онда бір жолды мәтінді қолдану ыңғайсыз болады. Multiline Text pедакторы бұл проблеманы шешеді.

Жаңа жол мәтінін құру үшін Draw панелінен Multiline Text батырмасын таңдау керек. Сөйтіп Multiline Text бұйрығы тез қосылады (1.6-сурет).

Жауап ретінде AutoCAD ағындағы мәтін стилін және биіктігін шығарады. Specify first corner: және Specify 2nd corner or [Height/Justify/Line Spacing/Rotation/Style/Width]: шақыруларына мәтін жазылуы тиіс бірінші және екінші бұрышты белгілеу қажет. Multiline Text Editor терезесіндегі салымдар ерекшеліктері мынадай:



  • Character: мәтін символдарының форматтау атрибуттарын өзгерту үшін қосылады.

  • Properties: шрифт кескінін түзету атрибуттарын, азат жол енін және бұрылыс бұрышын белгілеу үшін қолданылады.

  • Line spacing: бұл салымды мәтіннің жол-аралық интервал баптауын қолдайды.

  • Find/Replace: мәтінді табу немесе белгіленген мәтінді ауыстыру үшін қолданылады.

Сызбада мәтінді іздеу. Сызбада мәтінді іздеу қызметі өте керекті. Ол бұйрық Edit менюінде орналасқан. Edit менюінен Find бұйрығын таңдағанда Find and replace терезесі ашылады (1.7-сурет).


1.7 – сурет – Find and Replace сұхбат терезесі
Орфографияны тексеру. Орфографияны тексеру Spell бұйрығымен орындалады, ол болса Tools менюінде орналасқан. Spelling батырмасын таңдағаннан кейін Check spelling сұхбатты терезесі ашылады (1.8-сурет).


1.8 – сурет – Check spelling сұхбатты терезесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет