Егер сізге қарапайым бір объектіні бірнеше рет керек болса, онда ең жақсысы – форманы қолдану.
Форма файлдарына формалармен қатар шрифттер де сақталуы мүмкін. Оны мәтіндік редакторде құрады да .shp кеңейтілумен сақтау керек. Кейін Compile бұйрығы көмегімен Select Shape or Font File терезесі ашылады. Оның ішінен .shp кеңейтулі файл таңдап, Open батырмасына басу керек. Форма файлын компиляциялап сіз оны біріншіден Load бұйрығы арқылы жүктеп, одан барып оны сызбаға орналастыруыңыз керек. AutoCAD Select shape file терезесін ашады. .shx кеңейтілулі файл таңдап Open батырмасын басыңыз. Ал форманы сызбаға енгізу үшін Shape бұйрығын келесі түрде қолданыңыз:
Enter s or [?]: жауап ретінде форма атын жиып, “?” енгізіңіз.
Specify intersection point: бұл шақыруға енгізу нүктесін белгілеу керек.
Specify height<1.0000>: бұл параметр масштабтау коэфициентін енгізуіне ұқсас. Форма биіктігін енгізу керек.
Specify rotation angle<0>: бұрылыс бұрышын енгізіңіз.
Форманы белгілеу үшін келесі синтаксис қолданылады:
*форма нөмірі, # спец_саны, форма_аты,
спец1, спец2,..., 0.
Бұл жердегі
форма нөмірі – 1-ден 255 аралығында кез-келген сан жазуға болады. Бірақ ол сан уникалды болу керек.
# спец_саны – міндетті түрде соңындағы 0-ді қоса екінші белгілеу жолындағы спецификация саны.
форма_аты – форма аты тек қана бас әріптерден құралуы тиіс.
спец1,... – форманың өзін белгілейтін кодтар.
0 – форма белгіленуі 0 санымен бітуі тиіс.
Форманың белгіленуі үшін екі код жиынтығы қолданылады. Біріншісінің көмегімен(ұзындық және бағыт кодтары) тек түзу сызықты кесінділер салуға болады. Бұл спецификациялау жүйесінде үш символды 16-қ сандар қолданылады.
Бірінші символ 0 саны болу керек. Сөйтіп AutoCAD келесі екі сан 16-қ жүйедегі сан екенін біледі.
Екінші символ ұзындықты анықтайды. Бұл сандар 1-ден F-ке шейін болуы тиіс.
Үшінші символ, бағыт коды болып табылады. Бірақ тек қана 16 бағыт бар.
Форма үзілмемелі болуы тиіс!
0>
Достарыңызбен бөлісу: |