Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы


Штурман куәлiгiнiң иегерiне қойылатын талаптар



бет3/4
Дата12.06.2016
өлшемі225 Kb.
#129790
1   2   3   4

22. Штурман куәлiгiнiң иегерiне қойылатын талаптар
      51. Штурман куәлiгiн алушы үмiткердің:
      1) жасы 18 жастан үлкен;
      2) бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi және мынадай салаларда бiлiмiнiң болуы:
      ұшуды орындауға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      массаны тиеу және әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына бөлу әсерi;
      крейсерлiк режимде ұшу қағидаларын қоса алғанда, ұшу-қону және басқа да сипаттамаларды пайдалануы;
      ұшу алдындағы дайындық және бағыт бойынша ұшуды орындау, әуе қозғалысын ұйымдастыру мақсаттары үшiн ұшу жоспарларын, биiктiк өлшеуiштi орнату тәртiбiн дайындау мен ұсынуы;
      қауiп-қатер және қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, штурманға қолданылғанда адамның мүмкiндiктерi;
      авиациялық метеорологиялық шолуларды, карталар мен болжамдарды; кодтар мен қысқартуларды түсiну мен практикалық қолдану, ұшу алдында және ұшу кезiнде метеорологиялық ақпаратты алу мен пайдалануы, биiктiктi өлшеуі;
      авиациялық метеорология; авиацияға әсер ететiн тиiстi аудандардың климатологиясы, төмен және жоғары ұшып шығу, маршрут бойынша ұшу және қону шарттарына әсер ететiн ерекше ауа айы жағдайының фронттарының құрылымы, туындауы мен сипаттамалары;
      жолды есептеу, изобаралық қабат бойынша ұшуды орындау әдiстерi және астронавигация, аэронавигациялық карталарды, радионавигациялық құралдар мен аймақтық навигация жүйелерiн, үлкен қашықтықтағы маршрут бойынша ұшуға қойылатын ерекше навигациялық талаптарды пайдалану қағидалары;
      маршрут бойынша ұшып шығу, ұшу және қонуға бет алу, радионавигациялық құралдарды тану кезеңдерiнде қолданылатын навигациялық жүйелердi пайдалануы;
      автономиялық жүйелердi және сыртқы құралдарға бағдарланған жүйелердi пайдалану қағидаттары, сипаттамалары және тәртiбi, борттық жабдықтау жұмыстары;
      ұшуда әуе кемесiнiң орналасқан жерiн анықтау, секстанттардың тарировкасы, навигациялық құжаттаманы толтыру мақсатында аспан шамшырақтарының қозғалысын қоса алғанда, аспан саласы, оларды таңдауы және тануы;
      аэронавигацияда пайдаланылатын өлшем бiрлiктерi мен формулаларды айқындауы;
      маршруттар бойынша ұшып шығу, ұшу, аспаптар бойынша қонуға бет алу кезiнде аэронавигациялық құжаттаманы, авиациялық кодтарды, қысқартуларды және бақылау карталарын түсiнуі және пайдалануы;
      ұшу негiздерi;
      байланыс жасау мен фразеология қағидалары;
      3) түнгi уақыттағы кемiнде 30 с ұшуды қоса алғанда, маршрут бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде кемiнде 200 с ұшудың болуы;
      ұшуда әуе кемесiнiң орнын анықтай алуы және автономиялық навигациялық жүйелер мен сыртқы құралдарға бағдарланған навигациялық жүйелердi пайдалана отырып, әуе кемесiнiң навигациясын жүзеге асыру үшiн осы ақпаратты қолдана алуы;
      әуе кемесi штурманының мiндеттерiн орындай алуы, сондай-ақ:
      қауiп-қатер және қате факторларын тани және бақылай алуы;
      дұрыс шешiмдер қабылдай алуы және ұшуда байқауды бiлiктiлiкпен жүзеге асыра бiлуi;
      аэронавигация саласындағы бiлiмiн қолдана бiлуi;
      бiрыңғай экипаждың барлық мiндеттерiн орындауы;
      ұшу экипажының басқа мүшелерiмен пәрмендi түрде сөйлесудi жүзеге асыруы;
      4) бiрiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындының болуы қажет.
      52. Штурман куәлiгiнiң иегерi осы Бiлiктiлiк талаптарында көрсетiлген талаптардың сақталуы шартымен куәлiкте тиiстi бiлiктiлiк белгiлерi болған кезде әуе кемесiнiң кез келген түрiнде штурманның функцияларын жүзеге асырады.
23. Бортрадист куәлiгiнiң иегерiне қойылатын талаптар
      53. Бортрадист куәлiгiн алушы үмiткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
      1) жасы 18 жастан үлкен;
      2) бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi және мына салаларда бiлiмiнiң болуы:
      ұшуды орындауға және техникалық қызмет көрсетуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      бортрадистiң мiндеттемелерi бөлiгiнде азаматтық әуе кемелерiн пайдалануды реттейтiн қағидалары;
      негiзгi метеорологиялық элементтер, жағдайлар және оларға байланысты пайдалану аспектiлерi;
      ұшу үшiн қауiптi метеорологиялық жағдайлар, ерекше ауа райы жағдайы және оларға байланысты пайдалану аспектiлерi;
      метеорологиялық кодтар мен болжамдармен практикалық жұмысы;
      радиожабдықтар және оны пайдалануы;
      әуе кемелерiнiң электр жабдықтары және оны пайдалануы;
      ұшу ақпаратын жинау құралдарының мақсаты, олармен шешiлетiн мiндеттер, пайдалану қағидалары;
      әуе кемелерiнiң авариялық-құтқару жарақтарының мақсаты, пайдалану қағидалары;
      байланыс жасау мен фразеология қағидалары;
      телеграф әлiппесi, Морзе әлiппесiнiң сигналдарын тыңдап қабылдау;
      телеграф кілті бойынша хат-хабарды қабылдай және бере алуы;
      қауiп-қатер және қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкiндiктерiн бортрадистке қолдану;
      3) бортрадистiң бақылауымен 50 с аспайтын ұшудың нақты шарттарын елiктеп көрсететiн кешендi тренажерде ұшу қосылған болуы мүмкiн әуе кемесiнде бортрадист ретiнде кемiнде 100 с ұшудың болуы;
      4) екінші класты қолданыстағы медициналық қорытындының болуы қажет.
      54. Бортрадист куәлiгiнiң иегерi Бiлiктiлiк талаптарында көрсетiлген бiлiмi мен дағдысын көрсеткен әуе кемелерiнiң кез келген түрiнде бортрадистiң функцияларын жүзеге асырады. 
24. Бортинженерге (бортмеханикке) қойылатын біліктілік талаптары
      55. Бортинженер (бортмеханик) куәлiгiн алушы үмiткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
      1) жасы 18 жастан үлкен;
      2) бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi және мынадай салаларда бiлiмiнiң болуы:
      ұшуды орындауға және техникалық қызмет көрсетуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      отын, жағармай материалдарын және майлау жүйелерiн берудi реттеудi, форсаждық камералар мен бүрку жүйелерiн орнатуды, қозғалтқыштарды оталдыру және iске қосу жүйелерiнiң мақсаты мен қағидаттарын қоса алғанда, күш қондырғыларын, газ-турбиналық және/немесе поршеньдi қозғалтқыштарды қондырудың негiзгi қағидаттары, отын сипаттамалары, отын жүйелерi;
      әуе кемелерiнiң жұмыс қағидаттары, олардың күш қондырғыларын пайдалану мен шектеу қағидалары, атмосфералық жағдайдың қозғалтқыштардың сипаттамаларына әсерi;
      басқару органдарының планерлерi, дөңгелек шассиiнiң, тежегiштердiң, газға қарсы қондырғылардың, коррозия бойынша ресурстың конструкциялары және материалдардың тозуы, конструкцияның зақымдануы мен ақауларын табуы;
      мұздануға қарсы және су жұқпайтын жүйелері;
      ауа үрлеу және кондиционерлеу жүйелерi, оттегi жүйелерi;
      гидравликалық және пневматикалық жүйелері;
      электротехника негiздерi, тұрақты және ауыспалы ток электр жүйелерi, әуе кемелерiнiң электр сымы, металдандыру және экрандау жүйелерi;
      приборлық жабдық, компастар, автопилоттар, байланыс радио жабдығы, радинавигациялық және радиолокациялық құралдар, ұшуды басқару жүйелерiнiң, димплейлер мен авиациялық электронды жабдық жұмысының қағидаттары;
      әуе кемелерiн шектеу;
      өрт сигнал беру жүйелерi және өртке қарсы жүйелер;
      тиiстi әуе кемелерi жабдықтары мен жүйелерiн пайдалану және тексеру;
      массаны тиеу және әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына және әуе кемесiнiң басқарылу сипаттамаларына бөлу, масса мен центровканы есепке алу әсерi;
      крейсерлiк режимде ұшу қағидаларын қоса алғанда, ұшу-қону сипаттамалары туралы деректердi пайдалану және практикалық қолдану;
      қауiп-қатер және қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, бортинженерге (бортмеханикке) қолданғандағы адамның мүмкiндiктерi;
      техникалық қызмет көрсету, ұшу жарамдылығын ұстап тұру қағидалары, дефектациялау, ұшу алдындағы тексеру, отын құю кезiнде абайлаушылық шараларын сақтау және орнатылған жабдық пен кабина жүйелерiнiң сыртқы қоректену көздерiн қолдану;
      қалыпты, ерекше және авариялық жағдайдағы iс-қимыл тәртiбi;
      жүк тасымалдаудың және қауiптi жүктердi пайдалану қағидалары;
      аэродинамика негiздерi;
      байланыс жасау мен фразеология қағидалары;
      бортинженердiң (бортмеханиктiң) бақылауымен 50 с аспайтын ұшудың нақты шарттарын елiктеп көрсететiн кешендi тренажерде ұшу қосылған болуы мүмкiн әуе кемесiнде бортинженер (бортмеханик) ретiнде кемiнде 100 с ұшудың болуы;
      5) екінші класты қолданыстағы медициналық қорытындының болуы қажет.
      Бортинженерде кәсiптiк жоғары бiлiмiнiң болуы, ал бортмеханикте – кәсiптiк орта арнайы бiлiмiнiң болуы қажет. 
25. Бортжолсерiгi куәлiгiнiң иегерiне қойылатын талаптар
      56. Бортжолсерiгi куәлiгiн алушы үмiткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
      1) жасы 18 жастан үлкен;
      2) бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi және мына салаларда бiлiмiнiң болуы:
      ұшуды орындауға және техникалық қызмет көрсетуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланужәне авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      массаны тиеу және әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына бөлу әсерi;
      қауiп-қатер және қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, бортжолсерiгiне қолданудағы адамның мүмкiндiктерi;
      әуе кемелерiнiң жабдықтары;
      авариялық жағдайлар және өмiршеңдiгі;
      әуе тасымалдарын ұйымдастыру;
      авиациялық медицина және алғашқы көмек көрсетуі;
      3) кемiнде 30 с көлемiнде рейстiк жағдайда тренажерде қажеттi дайындықтан және тағылымдамадан өтуi;
      4) екiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындысының болуы.
      57. Осы Біліктілік талаптарының шарттары кезінде, куәлікте әуе кемесінің үлгісі туралы біліктілік белгісі болған кезде бортжолсерiгi куәлiгiнiң иегерi осы Бiлiктiлiк талаптарында көрсетiлген бiлiмi мен дағдысын көрсеткен әуе кемелерiнiң кез келген түрiнде бортжолсерiгiнiң функцияларын жүзеге асырады. 
26. Бортоператор куәлiгiнiң иегерiне қойылатын талаптар
      58. Бортоператор куәлiгiн алушы үмiткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
      1) жасы 18 жастан жоғары;
      2) бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi және мына салаларда бiлiмiнiң болуы:
      ұшуды орындауға және техникалық қызмет көрсетуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      массаны тиеу және әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына бөлу әсерi;
      қауiп-қатер және қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, бортжолсерiгiне қолданудағы адамның мүмкiндiктерiн;
      әуе кемелерiнiң жабдықтары;
      авариялық жағдайлар – қауiпсiздiк және өмiршеңдiгі;
      әуе тасымалдарын ұйымдастыруы;
      авиациялық жұмыстарды және әуе тасымалдарын ұйымдастыруы;
      басқа да арнайы мiндеттердi орындауы;
      3) кемiнде 30 с көлемiнде рейстiк жағдайда тағылымдамадан, егер қажет болса - тренажерде дайындықтан өтуi;
      4) екiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындысының болуы.
      59. Осы Біліктілік талаптарының сақтау шарттары кезінде, куәлікте әуе кемесінің үлгісі туралы біліктілік белгісі болған кезде бортоператор бiлiмi мен дағдысын көрсеткен әуе кемелерiнiң кез келген түрiнде бортоператорының функцияларын жүзеге асырады. 
27. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
жөнiндегi маманға (инженер/техник/механик) қойылатын біліктілік талаптары
      60. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi куәлiкті алу үшін үміткердің жасы 18 жастан үлкен болуы қажет.
      61. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi куәлiкті алу үшін үміткердің бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi және мына салаларда бiлiмiнiң болуы:
      1) әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығын сертификаттау және ұстап тұратын процесiн реттейтiн ұшу жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру әдiстерi мен рәсiмдерiн қоса алғанда, әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман куәлiгiнiң орындауға және техникалық қызмет көрсетуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
      2) математика негiздерi; өлшем бiрлiктерi; физика мен химияның iргелi қағидатары мен теориялық негiздерi;
      3) әуе кемелерi жүйелерiнiң конструкциялары мен жұмыс iстеуiн жобалау қағидаттарын, жинау әдiстерiн; күш қондырғыларын және олармен байланысты жүйелердi; механикалық, гидравликалық, электр және электрондық қоректендiру көздерiн; аспаптық жабдықтарын және әуе кемелерiн индикациялау жүйелерiн; әуе кемесiн басқару жүйелерiн және навигациялық және байланыс жабдықтарының борттық жүйелерiн қоса алғанда, материалдардың сипаттамалары және оларды әуе кемелерiн жобалау кезiнде қолдануы;
      4) әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығын сақтауға қажеттi жұмыстарды орындау, әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi тиiстi басымшылықтарда көзделген әдiстемелерге сәйкес әуе кемесiн күрделi жөндеу, ағымдағы жөндеу, конструкциясын, оның компоненттерiн және жүйелерiн тексеру, ауыстыру, түрлендіру және ақауларын жою әдiстерi мен рәсiмдерi;
      5) әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетуге қолданғандағы адамның мүмкiндiктерi.
      62. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман «А» бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн:
      1) заттың базалық элементтерiмен танысуы;
      2) жалпы сөздердi немесе мысалдарды пайдалана отырып, тұтастай алғанда затқа жай сипаттама беруге қабiлеттi болуы;
      3) үлгi терминдердi пайдалана бiлуi қажет.
      63. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман «В1» және «В2» бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн:
      1) заттың теориялық негiздерiн түсiнуi, егер қолдануға келсе, үлгi мысалдарды пайдалана отырып, затты сипаттайтын құжаттарды, сызбаларды және схемаларды оқи бiлуi және түсiнуi;
      2) нақтыланған рәсiмдердi пайдалана отырып, өзiнiң бiлiмiн практикада қолдана бiлуi қажет.
      «В1» немесе «В2» бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн сұрау салынатын қызмет саласындағы бiлiмiн көрсетуге жол берiледi.
      64. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман «С» бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн:
      1) заттың теориясын және басқа заттармен өзара байланысын бiлуi, теориялық негiздер мен мысалдарды пайдалана отырып, затқа егжей-тегжейлi сипаттама бере бiлуi, затқа қатысты математикалық формулаларды түсiнуi және пайдалана бiлуi, затты сипаттайтын мақалаларды, жай сызбаларды және схемаларды оқи алуы, түсiне және дайындай бiлуi;
      2) пайдалану құжаттамасын қолдана отырып, өз бiлiмiн практикада қолдана бiлуi қажет.
      65. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман куәлiгiнiң иегерi берiлген құқықтарда көзделген функцияларды өзiнiң орындау қабiлетiн көрсетуге тиiс.
      66. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман куәлiгiнiң иегерi техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртiбiн айқындайтын пайдалану және өзге құжаттама айтылған тiлде түсiнудiң қолайлы деңгейiмен оқи бiлуiн көрсетуге тиiс.
      67. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман:
      1) "А" бiлiктiлiк белгiсi бары әуе кемесiне техникалық қызмет көрсетудi, "B1", "B2" немесе "С" белгiлерi иелерiнiң бақылауымен лицензияға жазылған жұмыстардың айрықша түрлерiне қойылатын шектеулер шегiнде жедел техникалық қызмет көрсетудi және ақауларды жоюды жүргiзу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      2) "А6" бiлiктiлiк белгiсi бар әуе кемесiне техникалық қызмет көрсетудi, жедел техникалық қызмет көрсетудi және ақауларды жоюды, сондай-ақ жүргiзiлген жұмыстар туралы құжаттарға қол қоюды жүргiзу жөнiндегi функцияларды дербес орындайды;
      3) "А7" бiлiктiлiк белгiсi бар аса жеңiл әуе кемесiне қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi жұмыстардың барлық түрлерiн, сондай-ақ жүргiзiлген жұмыстар туралы құжаттарға қол қоюды жүргiзу жөнiндегi функцияларды дербес орындайды;
      4) оның планерiнiң агрегаттарына, күш қондырғыларына және оның жүйелерiнiң элементтерiне қызмет көрсету мен ауыстыруды, олардың жарамдылығын тексеру үшiн жай тестiлеудi талап ететiн электр жүйесi блоктарын, аспаптық және радиоэлектрондық жабдықтарын ауыстыруды қоса алғанда, әуе кемесiне қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi функцияларды, сондай-ақ "А" бiлiктiлiк белгiсiне сәйкес келетiн функцияларды орындайды;
      5) "В2" бiлiктiлiк белгiсi бар электр жүйелерiне, аспаптық және радиоэлектрондық жабдықтарына қызмет көрсету, сондай-ақ жүргiзiлген жұмыстар туралы құжаттарға қол қоюды жүргiзу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      6) "С" бiлiктiлiк белгiсi бар қызмет көрсетiлетiн әуе кемесiне арналған пайдалану құжаттамасында белгiленген шекте кез келген көрме мен еңбектi қажет ететiн әуе кемесiне техникалық қызмет көрсету және жөндеудi ұйымдастыру жөнiндегi функцияларды орындайды, сондай-ақ ұшу жарамдылығын анықтау және тиiстi қорытындыға қол қою жөнiндегi функцияларды орындайды;
      7) "А1" немесе "В1.1" бiлiктiлiк белгiсi бар турбиналық қозғалтқышы бар ұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      8) "А2" немесе "В1.2" бiлiктiлiк белгiсi бар поршеньдi қозғалтқышы бар ұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      9) "A3" немесе "В1.3" бiлiктiлiк белгiсi бар турбиналық қозғалтқышы бар тiкұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      10) "А4" немесе "В1.4" бiлiктiлiк белгiсi бар поршеньдi қозғалтқышы бар тiкұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      11) "А5" немесе "В1.5" бiлiктiлiк белгiсi бар дирижабльдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      12) "А6" немесе "В1.6" бiлiктiлiк белгiсi бар ең жоғары ұшу массасы 5700 кг дейiн поршеньдi қозғалтқышы бар, коммерциялық әуе тасымалдарына тартылған ұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi функцияларды орындайды;
      13) "А7" бiлiктiлiк белгiсi бар аса жеңiл әуе кемелерiне қызмет көрсету жөнiндегi функцияларды орындайды.
      68. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маманның функцияларды орындау жөнiндегi бiлiктiлiк белгiлерiн алу үшiн мынадай тәжiрибесi болуы тиiс:
      1) "А" санатындағы "В1.2" және "В1.4" бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн:
      орта (толық) бiлiмi болған кезде пайдалануда кемiнде үш жыл техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi практикалық жұмыс тәжiрибесi болуы; немесе
      орта кәсiптiк бiлiмi болған кезде пайдалануда кемiнде екi жыл техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi практикалық жұмыс тәжiрибесi болуы; немесе
      орта кәсiптiк арнайы бiлiмi болған кезде пайдалануда кемiнде бiр жыл техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi практикалық жұмыс тәжiрибесi болуы; немесе
      2) "В2" бiлiктiлiк белгiсiн және "В1.1" және "В1.3" санаттарын алу үшiн:
      пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемiнде бес жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi; немесе
      кәсiптiк орта бiлiмi болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемiнде үш жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi; немесе
      кәсiптiк арнайы орта бiлiмi болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемiнде екi жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi;
      3) ең жоғары ұшу массасы 5700 жоғары әуе кемесiн қоса алғанда, әуе кемелерiне қызмет көрсету құқығымен "С" бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн:
      ең жоғары ұшу массасы 5700 жоғары әуе кемесiнде "В1.1", "В1.3" немесе "В2" санаттағы бiлiктiлiк белгiсiнiң өкiлеттiктерiн пайдалана отырып, кемiнде үш жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi;
      ең жоғары ұшу массасы 5700 жоғары әуе кемесiнде "В1.2", "В1.4" санаттағы бiлiктiлiк белгiсiнiң немесе "В2" бiлiктiлiк белгiсiнiң өкiлеттiктерiн пайдалана отырып, кемiнде бес жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi; немесе
      жоғары техникалық бiлiмi болған кезде базалық техникалық қызмет көрсетудi (техникалық қызмет көрсетудiң ауыр нысандарын) орындау бойынша алты айды қоса алғанда, өндiрiстiк жағдайда әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемiнде үш жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi;
      4) жеңiл әуе кемелерiне қызмет көрсету құқығымен "С" бiлiктiлiк белгiсi үшiн - "В1" немесе "В2" бiлiктiлiк белгiсiнiң өкiлеттiктерiн пайдалана отырып, үш жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi;
      5) "А6", "А7" және "В1.6" бiлiктiлiк белгiлерiн алу үшiн:
      орта (толық) бiлiмi немесе кәсiптiк орта бiлiмi болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi; немесе
      кәсiптiк арнайы орта бiлiмi болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемiнде алты ай практикалық жұмыс тәжiрибесi.
      69. "А", "В1" және "В2" бiлiктiлiк белгiлерiн алу үшiн тәжiрибе әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша практикалық жұмыс барысында алынады.
      70. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету бойынша мемлекеттiк немесе экспериментальдық авиацияда алынған жұмыс тәжiрибесi, егер бiлiктiлiк деңгейi бойынша осы Бiлiктiлiк талаптарына баламалы болса, ескерiледi. Бұл ретте әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi маманда азаматтық авиацияда әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша алдағы 12 ай бойы кемiнде 6 ай жұмыс тәжiрибесi болуы тиіс. 
28. Ұшуға қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкерге қойылатын талаптар
      71. Ұшуға қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкердің куәлiгін алу үшін үмiткердің:
      1) жасы 21 жастан үлкен;
      2) бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi және мына салаларда бiлiмiнiң болуы:
      ұшуға қызмет көрсету жөнiндегi қызметкер/ӘҚҚК диспетчерi куәлiгiнiң иегерi иегерiне қатысты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы, әуе қозғалысына қызмет көрсетудегi тиiстi практика мен қағидалары; ұшақтардың әлеуеттi қондырғыларының, жүйелер мен приборлық жабдықтардың жұмыс iстеу қағидаттары;
      әуе кемелерi мен күш қондырғыларын пайдаланушылық шектеулерi;
      әуе кемесiнiң ең аз жабдығының тiзбесi;
      массаны тиеу және әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына бөлу әсерi, масса мен центровканы есепке алуы;
      ұшуды жедел жоспарлау; отын шығысын және отын бойынша ұшу ұзақтығын есептеу жөнiнде; қосалқы әуежайды таңдау рәсiмдерi, бағыт бойынша крейсерлiк ұшуды басқару, үлкейтiлген қашықтығы;
      әуе қозғалысын ұйымдастыру үшiн ұшу жоспарларын дайындау және ұсынуы;
      компьютерлердiң көмегiмен жоспарлау жүйелерiнiң негiзгi қағидаттары;
      диспетчердiң мiндеттерiне қолданудағы адамның мүмкiндiктерi;
      авиациялық метеорология, төмен және жоғары қысым салаларының алмасуы, фронттар құрылымдары, бағыт бойынша ұшып шығу, ұшу және қону шарттарына әсер ететiн ауа райының ерекше жағдайларының туындауы мен сипаттамалары;
      авиациялық метеорологиялық шолуларды, карталар мен болжамдарды, кодтар мен қысқартуларды, метеорологиялық ақпаратты алу мен пайдалану  қағидаларынқолдану бойынша;
      аэронавигация қағидаттары, аспаптар бойынша ұшуды орындау қағидалары;
      аэронавигациялық құжаттаманы қолдану;
      жай және қауiптi жүктердi тасымалдаудың пайдаланушылық рәсiмдерi;
      авиациялық оқиғаларға және оқыс оқиғаларға қатысты рәсiмдер, авариялық жағдайдағы ұшу қағидалары;
      азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерiне және әуе кемелерiне қатысты диверсияларға байланысты рәсiмдер;
      әуе кемесiнiң тиiстi түрiне қатысты ұшу қағидаттары;
      әуе кемелерiмен және тиiстi жерүстi станцияларымен байланыс ұстау қағидалары;
      3) жұмыс тәжiрибесi кемiнде бiр жылды құрауы шартымен тәжiрибенiң кез келген қиюласуында бір немесе бірнеше (қиюласуында) функцияларды орындау жөнінде кемінде екі жыл тәжірибесі болуы;
      коммерциялық әуе тасымалдарына тартылған әуе кемесiнiң ұшу экипажы мүшесiнiң, немесе
      коммерциялық әуе тасымалдарына тартылған әуе кемелерiнiң ұшуын қамтамасыз ететiн ұйымдағы метеорологтың, немесе
      әуе қозғалысын басқару диспетчерiнiң немесе ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкерлердiң немесе коммерциялық әуе тасымалдарына тартылған әуе кемелерiнiң ұшуын жүргiзетiн қызметтiң техникалық қызметкерінің; немесе
      әуе тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде әуе кемелерiнiң ұшуына қызмет көрсетуде көмек көрсететiн қызметкер ретiнде кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлiнiң болуы; немесе
      бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындық курсынан өтуi және өтiнiш беру алдында тiкелей кемiнде 90 жұмыс күнi 6 ай бойы ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкердiң бақылауымен жұмыс iстеуi;
      дәл есептемелер жүргiзуi және күн сайынғы синоптикалық карталар мен ауа райы шолулары бойынша ауа райы талдауын жүргiзуi, нақты әуе жолы аудандарында ауа-райы жағдайы туралы нұсқау беруi, тағайындалған әуежайларда және қосалқы әуежайларда әуе тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде ауа райын болжамдауы;
      осы учаскеге арналған ұшудың оңтайлы траекториясын айқындауы және ұшу жоспарларын дайындауы;
      қолайсыз метеорологиялық жағдайларда ұшу кезiнде ұшу экипажына жедел бақылау жүргiзу және көмек көрсету.
      72. Ұшуға қызмет көрсету жөнiндегi қызметкер/ӘҚҚК диспетчерi осы Бiлiктiлiк талаптарының сақталуы шартымен жүзеге асыру үшiн қажеттi бiлiмiнiң болуы шартымен кез келген өңірде белгiленген қызметтi жүзеге асыру үшін қажетті білімі және қолданыстағы үшінші класты медициналық қорытынды болуы жағдайында ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкердiң/ұшу диспетчерiнiң функцияларын жүзеге асырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет