6-тарау. Электрқұрылғыларды пайдалануға беру
116. Электр құрылғыларды және электр жабдықтарды зауыт шығарушы техникалық құжаттарға сәйкес пайдалануға беру.
117. Электр қауіпсіздігі облысында білім сынағынан өткен, дайындықтан өткен тұлға электр құрылғыларды және электр жабдықтарды пайдалануға беруді іске асырады.
7-тарау. Автоматика құрылғыларын және бақылау-өлшеу құралдарын пайдалануға беру
118. Метрологиялық бақылаудың нәтижесі бойынша қолдануға жарамды деп танылған өлшеу құралдары пайдалануға беріледі.
119. АГҚБ өкімімен тағайындалған метрологиялық қамтамасыз ету бойынша бақылау тұлғасы өлшегіш құралдардың есебін және аспаптарды пайдалануға беру мерзімділігін анықтауды, жарылыс қауіпсіздікті бақылайды.
120. Қауіпсіздік автоматикасы, автоматтық жүйелеу, бақылау өлшеу аспаптарының құрылғылары және аспаптары зауыт-шығарушы талаптарына жауап беретін түзетілген күйдегі нақты көрсеткіштермен қамтамасыз етіледі.
121. Газ өткізгіштерде және АГҚБ жабдықтарында орнатылған құрылғылар, қауіпсіздік автоматика құрылғылары, автоматты жүйелер, бақылау өлшеу құралдары:
1) техникалық қызмет етуден;
2) жөндеуден;
3) түзулікті тексеру және көрсеткіштерді реттеуден өтеді;
4) қорғаныс, бітеу, белгі беру құрылғыларының жұмыс істеуін тексеруден өткізу.
122. Қоршаған ортаны қорғауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, өзара есеп-қисаптың, бақылаудың, есептеу мақсаттарына арналған өлшеу құралдарын міндетті тексеруден өткізу уақыты нормативті хұқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі. Тексеріс мезгілі асып кеткен бақылау өлшеу құралдарын пайдалануға беруге жол берілмейді.
123. Өлшеу аспаптарының және қауіпсіздік автоматикасы құралдарының техникалық қызмет етуі зауыт-дайындаушының пайдалануға беру нұсқаулығының мезгілі мен нормасына байланысты жүргізіледі.
124. Бақылау қоспаларында жарылысқа дейінгі концентрациялар белгі берушілердің жұмысы зауыт дайындаушының нұсқаулығына сәйкес кварталына бір реттен кем емес тексеріледі.
125. БӨҚ және қауіпсіздік автоматикасына техникалық қызмет ету газ өткізгіштер, жабдықтар, резервуарлар және электр құрылғыларына техникалық қызмет етумен бірге жүргізіледі. АГҚБ қызметшісіне аспаптарды ашуға рұқсат етілмейді.
126. Қауіпсіздік автоматикасы және өлшеу құралдарының анықталған ақаулықтарын АГҚБ техникалық бастығына хабарлайды.
127. БӨҚ техникалық қызмет етуіне қосылады:
1) аспатарды сырттай тексеру;
2) электр өткізгіш және басқа коммуникациялардың дұрыстығына тексеру;
3) пломбалардың сақталуы (олардың болуына байланысты);
4) пайдалану кезінде пайда болатын қабыл алмаулардың шығуы;
5) қозғалыс механизмдерін майлау;
6) диаграммалық қағаздарды, қауырсындарды ауыстыру, аспаптарда сұйықтықтарды, сияларды еселеп құю.
128. Аспаптардың көрсеткіштерін тіркеу ауысым сайын жүргізіледі. Техникалық қызметке аспаптарды тексеруге уақытында жіберу жатады.
129. Қауіпсіздік автоматикасының белгі бергіштері мен бітеулерінің құрылғылары айына бір реттен кем емес тексерістен өтеді.
130. Арматуралар, қуатты құбыр өткізгіштердің, аспаптардың тығындалуын бақылау айына бір реттен кем емес газ өткізгіштердің технологиялық жабдықтардың тығындалуын тексерумен бірге жүргізіледі.
131. Аспаптарды ағымдағы жөндеуден өткізу алынып тасталған аспапты басқасына ауыстыру арқылы арнайы шеберханада жүргізіледі.
132. Ағымдағы жөндеуге қосылады:
1) сырттай тексеру, аспапты ашу және тазалау;
2) жылжымалы жүйені бөлшектеп сұрыптау;
3) зақымдалған тілшелерді, серіппелерді, түтікшелерді, бұрандаларды, байланыстарды, диаграмма ұстаушыларды, қауырсын рычагтарын ауыстыру немесе түзету қажет болғанда жетпейтін нәрселерді толықтыру және тозған бекіту құралдарын, шыныларын ауыстыру.
133. Ағымдағы жөндеуден кейін бақылау өлшеу құралдары тексерістен өтеді.
134. Қауіпсіздік автоматикасы және бітеу құрылғыларын қысқа уақытқа сөндіріп тастауға қауіпсіздік жұмысын қамтамасыз ететін шараларды орындау үшін АГҚБ техникалық басшысының жазбаша бұйрығымен рұқсат етіледі.
135. Газдалған автоматтық белгі берушілер ақаулы болып табылса қордағы белі берушіге ауыстырылады. Ауыстырғанға дейін өндіріс ғимаратының ауасындағы газ концентрациясын тасымалдауыш газ талдауыштар арқылы өндіріс орналастырулардың ауасында газ концентрациясын бақылау арқылы жұмыс ауысымы уақытында әрбір 30 минут сайын бақыланады.
136. Сығылған ауаны қажет етпейтін газдалғандығын белгі берушілер тәулік бойы жұмыс істейді, белгі беру дабылы оператор бөлмесіне орнатылады.
137. АГҚБ орнатылған газдалғандығын белгі берушілер зауыт-дайындаушы басшылығына сәйкес жұмыс істеуге ретке келтіріледі.
138. Жабдықтарда және газ өткізгіштерде орнатылған манометрлердің үшінші шкаланың екіншісінде жұмыс қысымының өлшеу шегін көрсететін шкаласы бар.
139. Пломбасы немесе таңбасы жоқ, тексеру уақыты асып кеткен, ақаулығы бар, сөндірілген кезде шкаланың көрсеткішіне қарай нөлдік бөлімге қайтып келмейтін, осы аспаптардың жіберуге болатын қателіктердің жартысынан асып кеткен құралдарды қолдануға жол берілмейді.
140. Циферблатта немесе бояу арқылы көрсететін манометрлердің сыртында жұмыс қысымына сәйкес шкалалардың белгісі көрсетілген.
141. Аспаптарды күрделі жөндеу кезінде ағымдағы жөндеулер жүргізіледі:
1) өлшеу жылжымалы бөліктерін толық жинау және сұрыптау, аспаптардың бөлек түйіндері;
2) барлық бөлшектерді жуу және оларды құрғату;
3) өлшеу жүйелерінің басқа бөлшектерін және өкшеліктерін, керндерін түзету және ауыстыру;
4) барлық өлшеу шегіндегі негізгі нүктелер көрсеткіштерін жүйелеу және тәртіптеу, аспап сұлбаларын тексеру;
5) арматураларды түзету немесе айырбастау (құлыптарды, тұтқаларды, ілмектерді, қысымдарды);
6) шектердің қайтадан қосқыштарын ауыстыру немесе түзету, қажетті болған кезде аспатарды қайтадан градирлеу. Аспаптарды жөндеуден кейін оған қосылатын коммуникацияларды бояйды және маркирлейді.
142. Күрделі жөндеуден кейін бақылау өлшеу аспаптары тексерістен өтеді.
143. Жөндеулерді және қызмет етуді орындау мерзімділігі жоспарлық алдын алу жөндеулерінің кестелеріне сәйкес жүргізіледі. Электр өлшеу құралдарына ағымдағы жөндеу жүргізу жылына бір реттен кем емес, ал күрделі жөндеу жүргізу 5 жылда бір реттен кем емес, басқа аспаптарға ағымдағы жөндеу жүргізу 6 айда бір реттен кем емес, ал күрделі жөндеу 2 жылда бір реттен кем емес.
144. Жөндеу және бақылау өлшеу аспаптарын тексеруге дайындауды оқытылған қызметші орындайды.
145. Автоматикаға және бақылау өлшеу аспаптарына жөндеу жүргізу негізгі жабдықтарды жөндеу жүргізу мерзіміне тураланған.
146. Жөндеу немесе тексеруге алынған аспаптар ұқсастарға ауыстырылады, соның ішінде пайдалану шарттарына сәйкес.
147. Автоматика және бақылау өлшеу аспаптарына жөндеу жүргізу, техникалық қызмет ету жұмыстары журналға тіркеледі (5-қосымша).
148. Газдалған жағдайда автоматизация жүйелерін, аварияға қарсы қорғаныстарды, белгі бергіштерді жөндеу және жүйелеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді.
8-тарау. Ғимараттар мен имараттарды пайдалану
149. Ғимараттарды, қоршауларды, құрылыстарды пайдалану және жөндеу мерзімін сақтау, олардың жөндеулері сапалығын және жолдардың, жаяу жүргінші жолдарының, ғимарат көпіршелерінің, АГҚБ территорияларының дұрыс қалыпта ұстауды қамтамасыз ететін тұлғаны АГҚБ басшысы тағайындайды.
150. АГҚБ пайдаланудың алғашқы 2 жылында ғимарат, құрылыстар, жабдықтар іргетастарының отыруы қадағаланады.
151. Бақылау және өлшеу жұмыстары 3 айда бір реттен кем емес жүргізіледі.
152. Келесі жылдарда іргетастардың отыруына бақылау жүргізу әрбір нақты жағдайда шешіледі (отырғызылған топырақтарда және өңделген территорияларда келесі жылдары міндетті түрде). Ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар іргетастарының отыруын өлшеу үшін қада белгілер орнатылады.
153. Ғимараттар және құрылыстардағы жөндеу құрылыс жұмыстарының барлық түрлері ұйым басшысымен бекітілген ғимарат және құрылыстарда жоспарлау алдын алу жөндеу жүргізу кестесіне сәйкес жүргізіледі.
154. Жарылыс қауіпті өндірісі бар ғимараттар іргетастарының әркелкі отыруы кезінде жарылыс қауіпті бөлмені жарылыс қауіпті емес бөлмеден бөлетін қабырғалардың жарылуы ғимарат іргетастарының әркелкі отыру себептерін жою және айқындау арқылы жойылады.
155. Жарылыс қауіпті және жарылыс қауіпті емес бөлмелердің арасын бөлетін ішкі қабырғалар газға төзімді болады.
156. Сорғыш компрессор жабдықтардың, буландырғыштардың, резервуарлардың астына іргетастардың күйін бақылау үшін бақылау орналастырылады.
157. Дірілдеу, температуралық әсер ету, басқа себептердің нәтижесінде пайда болған іргетастарда және қабырғалардағы жарылулар және бұзылулар жойылады.
158. Металдық құрылымдар жылына бір реттен кем емес, темір бетондылар жылына екі реттен кем емес бақыланады. Зақымдалу анықталған кезде оларды жою шаралары қабылданады.
159. Ғимараттардың металл құрылымдарын тоттанудан сақтау үшін мерзімді боялып тұрады (сыртқылар жылына бір реттен кем емес, ал ғимарат ішіндегілер 3-5 жылда бір реттен кем емес).
160. Ғимарат шатыры және АГҚБ құрылымы мерзімді тексеріледі, қардан және мұздан дер кезінде тазартылады.
161. Жарылыс қауіпті ғимараттардың едендері тегіс, саңылаусыз, шұңқырсыз, орнында кебусіз борлады.
162. Ғимараттағы едендер материалдары, терезелер және есіктер құрылғысы ұшқындардың пайда болуын тудырмайды.
163. Жарылыс қауіпті ғимараттарда және резервуарлық паркте металл сатылар, алаңдар болған кезде ұшқындардың пайда болуын тудырмайтын шаралар қабылданады (болат заттардың құлауын болдырмау, сатылар және алаңдар беттерін ұшқын пайда болуын тудырмайтын материалмен жабу).
164. Жұмыс уақытында өндіріс орындарының есіктерін құлыпқа салу және ілмекке ілуге рұқсат етілмейді.
165. АГҚБ резервуарларының үстіндегі үйілген және себілгендердің жағдайын бақылау.
166. Жер асты резервуарлары үстіндегі үйінді және себінді резервуар қабырғасынан үйінді жиегіне дейін есептегенде құрылатын жоғарғы бетінен 0,2 м жоғары, ені 6 м кем емес.
167. Резервуар парктерінің аумағы жазда кепкен шөптерден, ал қыста қардан тазаланады.
168. АГҚБ аумағы бөтен заттардан, жанатын заттардан, қоқымдардан тазартылады. Өту жолдарына бөгет жасауға жол берілмейді.
169. Жалпы пайдалану жолына шығатын жолдар, өрт сөндіру өту және шығу жолдары дұрыс жағдайда ұсталынады. Жол жиектері нөсер суларды ағызу үшін жүйелі тазаланады.
170. Жер асты қоммуникацияларына жөндеу жүргізу үшін қазылған қазаншұңқырлар қоршалады, жөндеу жұмыстары аяқталған соң қабатты тығыздау арқылы көміледі. Қазаншұңқырларда адамдардың жұмысы істеуі кезінде әр 30 минут сайын пропан және бутан буларының болуына тексеріледі. Газы булары болса жұмыс тоқтатылады, газ кемуі жойылады, ал қазаншұңқыр желдетіледі.
171. АГҚБ аумақтарында жер жұмыстарын жүргізу кезінде газ құбыр өткізгіштерін сақтау қамтамасыз етіледі.
172. Алғашқы қар еру кезінде АГҚБ нөсерлі канализациясы тексеріледі, нөсерлі сулардың ағылуына дайындықтан өтеді.
173. Құбыр өткізгіштер және желілер өтуіне арналған тесік ағын суларының дегейінен орналасқандар жанбайтын материалдармен жабылады.
174. Қыс мезгілінде технологиялық алаңдары, өту жолдары дер кезінде қарлардан тазартылады. Мұздану кезінде өту жолдары құммен себіледі.
175. Жұмыс ғимараттары мен құрылыстарына жөндеу жұмыстарын жүргізу және тексеру журналға тіркеледі (2-қосымша).
176. Әрбір өндіріс ғимаратарына жарылыс және өрт қауіпті өндірістердің категориясына байланысты белгілер салынады.
177. АГҚБ сумен жабдықтау жүйесін сөндіру кезінде жұмыс істеуге жол берілмейді.
178. Қатып қалған сумен қамтамасыз ету жүйелерін жібіту бумен немесе ыстық сумен жүргізіледі (ашық отты пайдалануға жол берілмейді).
179. В-1а және В-1г класты АГҚБ құрылыстары мен ғимараттарынан радиусы 50 м аумақта орналасқан су өткізгіш, канализациялық құдықтардың қос қақпақтары бар. Қақпақ аралық кеңістік 0,15 м кем емес биіктікте құммен көміледі.
180. Пайдалануға беру үдерісінде люктердің қақпақтары тығыздалып жабылады.
181. Су өткізгіш канализациялық құдықтарға түсу алдында оларда газ буланудың барына тексеріледі, мұқият желдетіледі.
182. Тұтқасы жоқ құдықтарға жұмысшыларды түсіру үшін құдық шеттеріне бекітілетін құрылғылары бар металдық сатылар қолданылады.
183. Құдықтарға бір уақытта екі жұмысшыдан артық түсуге жол берілмейді, Жұмыс құтқару белдіктерімен, шлангілі газға қарсы тұру құралдарымен жүргізіледі. Құдықтарда ашық отты қолдануға жол берілмейді.
184. Жел жақ бетінен жер үстінде құдық ішіндегі жұмысшылардың құтқару белдіктері арқандарының ұшын ұстап тұратын екі адам болады, олар үздіксіз бақылау жүргізеді, бөтен тұлғаларды жұмыс орнына жібермейді.
185. Жұмыс уақыты бір сағаттан асып кетсе газдалуға тексеріледі, қажетті болғанда компрессор және ауа өткізгіш арқылы құдық желдетіледі.
186. Компрессор суытқаннан кейін суды қанализацияға бұру гидробекітпе арқылы жүргізіледі.
187. Резервуарлардан алғашқы пайдалануға жіберілген су тікелей канализацияға жіберіледі.
188. Алдында пайдалануда болған резервуарлардың, жабдықтардың, газ өткізгіштердің гидравликалық сынауынан кейін бұрылыс орындарына шығарылады.
9-тарау. АГҚБ жұмыстарды ұйымдастыру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
189. АГҚБ территорияларында және өндірістік ғимараттардағы тәртіптерін, жұмыс орындау қауіпсіздігі тәртіптерін белгілейтін АГҚБ үшін орнатылған тәртіпте технологиялық регламенттер құралады және бекітіледі.
190. АГҚБ басшылығы жұмысшыларды орындалатын жұмыс сипатына сәйкес өлшемдері талап етілген арнайы киімдермен, арнайы аяқ киімдермен жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді.
191. Жұмысшыларға берілетін жеке қорғаныс құралдары тексерілген, ал жұмысшылар оларды пайдалануға оқытылған.
192. Ауа жиналу орындарында ауа ластануын және СКГ буларының пайда болуын тудыратын жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
193. Атмосфераға газ фазасын лақтыру есебінен резервуарларға қысымды төмендету жолымен СКГ толтыруға жол берілмейді.
194. Автокөліктік баллондарын олардың геометриялық көлемінің 90 % аспайтын мөлшерде толтырады.
195. Резервуарлар, газ өткізгіштер, технологиялық жабдықтарды монтаждау және қайтадан монтаждау, жөндеу, техникалық қызмет ету жұмыстары күндізгі уақытта жүргізіледі. Аварияларды тоқтату және жою жұмыстары тәуліктің кез келген уақытында жүргізіледі.
196. Резервуарлар және газ өткізгіштер жөндеу алдында газдан, буланбаған қалдықтардан босатылады, мұқият өңделеді. Резервуарлар мен газөткізгіштерді өңдеу, оларды буландыру және инертті газбен үрлеу арқылы немесе тығын көмегімен сұйық фазаларды мен буларды газ өткізгіштерден айыру арқылы жүргізіледі.
197. Газ өткізгіштер қосылыстарын сұрыптау электрхимиялық қорғаныс құралдарын, бекіту жалғастырғыш монтажын айырғаннан кейін, газ өткізгіштерде артық қысымды алғаннан кейін жүргізіледі.
198. Қысымдағы фланецті қосылыстарды тартуға болмайды.
199. Газ өткізгіштерде орнатылған тығындар 1,6 МПа қысымға есептелген, фланецтің шетіне жететін артқы ілмектері болады. Артқы ілмекке газ қысымы мен газ өткізгіш диаметрі көрсетілген таңба салынған. Газ өткізгіш болатының сапасынан төмен болат тығындарды орнатуға жол берілмейді.
200. Газдың барлығы анықталған кезде жөндеу жұмыстары тоқтатылады, ал жұмысшылар қауіпті аймақтан шығарылады.
201. Жөндеу жұмыстары газ кемулері жойылғаннан кейін, жұмыс орны ауасында газдың қауіпті концентрациясы жоқ болуына талдау расталғаннан кейін жүргізіледі. Жұмыс істеп тұрған технологиялық жабдықта газдың кемуін жоюға жол берілмейді.
202. Жабдықтарды тоқтату және газды сөндіру арқылы техникалық қызмет көрсетуден және жөндеуден кейін жабдықтарды жұмысқа қосу АГҚБ жетекшісінің жазбаша түрдегі рұқсатынан кейін жүргізіледі.
203. Тығындарды алып тастау газ қауіпті жұмыс басшысының нұсқаулығымен айырылған газ өткізгіштер және жабдықтар учаскелерін бақылау тығыздығынан өткеннен соң жүргізіледі.
204. Дәнекерлеу жұмыстары жұмыс орындау тәсілдері мен қауіпсіз әдістерін біліміне тексеруден өткен дәнекерлеушілер атқарады.
205. Қалпы бұзылған фланецті қосылыстар және зақымдалған газ өткізгіш учаскелері катушкаларды дәнекерлеу жолымен жаңаларға ауыстырылады. Жамау, жыртылу және жарылуларды, басқа ақауларды орнатуға жол берілмейді.
206. Газ өткізгіштер және арматураларды жөндеу кезіндегі ауыстырылатындар жобалыққа сәйкес келеді. Өндірістік қолданысқа рұқсаты және сертификаттары жоқ құбырлар және арматураларды қолдануға жол берілмейді.
207. АГҚБ газ өткізгіштерінде бітелуді жою үшін ашық отты қолдануға жол берілмейді.
208. Газ өткізгіштерді жібіту алдында және жұмыс аяқталғаннан кейін сыртқы бақылау жүргізіледі. Жарығы және жыртылуы бар учаскелер айырылады, желдетіледі. Ғимаратқа газ жіберуге жол берілмейді.
209. Рычагтар өзегі ауыр жүрген кезде қолданумен арматураны ашуға, жеңдерге кигізілетін сомдарды бұрау және шешіп алу кезінде соққы құрылғыларын қолдануға, қысымдағы кигізу сомдарын қысуға және жеңдерді шешуге жол берілмейді.
210. Сұйық фаза газ өткізгіштеріндегі арматураны гидравликалық соққыны тудырмай ақырын ашады.
211. СКГ газ өткізгіштеріндегі бекіту арматуралары жұмысқа пайдаланылмайтын уақытта бекітіледі.
212. Сақтандыру қақпақшаларын жөндеу және тексеру кезінде олардың орнына түзетілген сақтандыру қақпақшалары қойылады. Қақпақшаның орнына бітегішті орнатуға жол берілмейді.
213. Газ өткізгіштерді желдету кезінде СКГ бу фазаларын тастау атмосферада газдың максималды себуі ескеріле отырып жүзеге асырылады. СКГ лақтыру ғимараттар мен имараттар жанына немесе жақын орналасқан территорияның желдетілмеген учаскелеріне жүргізуге жол берілмейді.
214. Бөлек кесектерден құралған жеңдерді қолдануға жол берілмейді.
215. Газдың қауіпті концентрациясы пайда болған кезде жұмыс тоқтатылады, ғимарат желдетіледі, газдалу себептерін анықталады және жойылады. Ауадағы қауіпті газ концентрациясын жалын тарату төмен концентрациялық шегінің 20 % тең концентрациясы есептеледі.
216. Аварияларды жою, құю-төгу жұмыстары кезінде ауысуды қабылдау және тапсыруға жол берілмейді.
10–тарау. Технологиялық жабдықтарды қосу және тоқтату
217. АГҚБ технологиялық жабдықтарын қосу және тоқтату технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
218. Жұмыста бір ауысымнан көп уақытқа тоқтатылған үзілістен кейін АГҚБ қосу технологиялық жабдықтарды, резервуарларды, газ өткізгіштерді тексеруден кейін жүргізіледі.
219. АГҚБ технологиялық жабдықтарын қосу алдында (компрессорларды, сорғыштарды, буландырғыштарды):
1) жабдықтарды қосқанға дейін 15 минут бұрын ағу-тарту желдеткішін қосу, газ талдауышпен жарылыс қауіпті аймақтардағы және ғимараттағы газдалу дәрежесін тексеру;
2) жабдықтар, арматуралар, газ өткізгіштер саңылаусыздығына түзулігіне тексеріледі;
3) сақтандыру қақпақшалары, бақылау-өлшеу аспаптары түзулігіне тексеру;
4) қосу және жерге тұйықталу құрылғыларын түзулікке тексеру;
5) қоршаудың түзулігіне және барына тексеру;
6) жабдықтың алдыңғы тоқтау себептерін (журнал бойынша) тексеру, егер тоқтау қандай да бір ақаулықтың себебінен болса, бұл ақаулық жойылғанына көз жеткізу;
7) жабдықтың жұмысына кедергі келтіретін бөтен заттардың болмауына тексеру;
8) анкерлік бұрандамаларды қажетіне қарай бұрау және тексеру; (компрессорлардағы, сорғыштардағы, буландырғыштардағы, электр қозғалтқыштарындағы);
9) қауіпсіздік автоматикасы және бітеулердің дұрыстығына тексеру.
220. Компрессорды қосу алдында:
1) иінді білікті қолмен айналдыру;
2) картердегі майдың барлығына тексеру;
3) салқындату жейдесіне су жіберу;
4) компрессор айдауыш және сорғыш келте құбырлардың венильдерінің жабықтығына көзі жету, содан кейін сорғыш және айдауыш коллекторларындағы бекіту винтильдерін ашу;
5) компрессорлардың (герметикалық сыйымдылыққа конденсантты қосу арқылы) сорғыш келте құбырларындағы сұйықтар бөлімінен конденсаттарды жою.
221. Компрессор электр қозғалтқышын қосқаннан кейін:
1) картердің алдыңғы қақпағындағы тілше бойынша біліктің дұрыс айналуына тексеріледі;
2) айналымдардың номиналды санына жеткеннен кейін компрессордың айдауыш келте құбырындағы вентильді ашу, компрессордың сорғыш келте құбырындағы вентиль бірте-бірте ашылады.
222. Компрессорды қосу кезінде сорғыш газ өткізгіште СКГ сұйық фазасының болмауы қадағаланады, олардың барлығы компрессорда тарсыл немесе таралу температурасының тез төмен түсуі арқылы білінеді. Компрессорда тарсыл пайда болған кезде компрессор тоқтатылады, тарататын газ өткізгіштен газ конденсатын жою, содан кейін компессорды қайтадан қосу;
223. Компрессорды тоқтату келесі тәртіппен жүргізіледі:
1) компрессордың сорғыш келте құбырындағы бекіту вентилін жабу;
2) компрессордың электр қозғалтқышын тоқтату;
3) біліктің айналуы тоқталғаннан кейін компрессордың айдауыш келте құбырындағы бекіту вентилі жабылады;
4) су беруді тоқтату;
5) магистральді сору коллекторындағы желілік бекіту вентильдерін жабу;
6) компрессордың ұзаққа тоқтатылып қалуынан кейін суыту жейделеріндегі суды міндетті түрде төгу.
224. Сорғыштарды қосу алдында:
1) мойынтіректердің майлауын тексеру;
2) сорғыш роторын бұрап тесу (қолмен);
3) сорғыш газ өткізгіштердегі ысырманы ашу (айдауыш газ өткізгіштерде ысырма жабық болады);
4) сорғышқа газдың сұйық фазасын құю; айналу желілеріндегі вентильді ашу;
5) электр қозғалтқышын қосу;
6) айдауыш газ өткізгіштеріндегі ысырманы ашу жұмыстары жүргізіледі.
225. Айдауға қажет ағымға жеткенде айналу желілеріндегі вентильдерді жабу.
226. Сорғышқа берілетін газдың сұйық фазасы қысымының кавитациясынан құтылу үшін СКГ буларының тығыздығы жоғары болады.
227. Сорғышты тоқтату келесі тәртіппен жүргізіледі:
1) электр қозғалтқышты сөндіру;
2) айналу желілеріндегі вентильдерді ашу;
3) сорғыштың айдауыш және сорғыш желілеріндегі ысырмаларды, сорғыштың жұмыс уақытында ашық болған барлық вентильдер мен ысырмаларды жабу.
228. Технологиялық жабдықтар, компрессорлар, буландырғыштар тоқтағаннан кейін мүкін болатын ақаулықтарды (газ кемуі, бұрандамалар бұралуының әлсіреуі және басқалар) анықтау мақсатында сыртқы бақылауға жіберіледі.
229. Барлық анықталған ақаулықтар жойылады және журналға тіркеледі (5-қосымша).
230. Техникалық қызмет етуден кейін және жөндеуден кейін АГҚБ жабдықтарын пайдалануға қосу технологиялық регламенттерге, зауыт-шығарушының жабдықтарды пайдалану нұсқаулықтарына, осы Талаптың талаптарына сәйкес іске асырылады.
231. Ағытылған немесе автоматика, авариялық белгі беру, сонымен қатар сору жүйелері желдеткішінің бітелуінің істен шығуы кезінде сорғыштар мен компрессорлардың жұмысына жол берілмейді.
11-тарау. Резервуарларға сұйытылған көмірсутекті газдарды құю
232. АГҚБ-не сұйытылған сұйытылған көмірсутекті газдар (бұдан әрі-СКГ) арнайы автомобильдік цистерналармен әкелінеді.
233. Автомобильдік цистерналардан СГҚ құйып алу газ қауіпті жұмыстарға жатады және технологиялық регламенттер мен осы Талаптарды сақтау арқылы жүргізіледі.
234. Автомобильдік цистерналардан СГК құйып алу талаптағыдай тәуліктің күндізгі уақытында іске асырылады.
235. Автомобильдік цистерналар жабдықталған:
1) алдыңғы беттеріне шығарылған, тұншықтырғышы бар пайдаланылған құбырмен;
2) пайдаланылған құбырдың ұшқын сөндіргіш тормен;
3) автогаз тасымалдаушының екі көмірқышқыл өрт сөндіргішпен.
236. АГҚБ-не автокөліктік цистерналар қабылданады және қаралады.
237. Автокөліктік цистерналарды қабылдау кезінде тексеріледі:
1) құйылған СКГ мөлшері мен цистернасы жүк тиеу құжатына сәйкес келуі;
2) құю жалғастарында пломбының болуы;
3) цистерна корпусы ақаулығының болмау, бекіту және бақылау арматураларының, резина маталы жеңдердің түзулігі;
4) бақылау вентилі және деңгей өлшегіш бойынша цистернадағы СКГ деңгейі және болуы.
238. Жүк тиеу құжаттарында жеткізуші аты, жүк тиеу күні, цистерна номері, цистернаға құйылған газ массасы (салмақ) көрсетіледі.
239. Цистернадағы бекіту арматураларының түзулігі сыртқы бақылау арқылы тексеріледі.
240. Арматураны гидравликалық соққы болдырмай баяу ашады.
241. АГҚБ резервуарларына автокөлік цистерналарынан СКГ құю және құюға дайындауды бақылау тұлғасының басшылығымен дәнекерлеуші жұмысшылар мен баллон толтырушылар орындайды. Құю операциясы кезінде АГҚБ екі адамнан кем емес қызмет етуші тұлға қатысады.
242. Автокөліктік цистернадан СКГ құйып алуға дейін АГҚБ қызмет етуші тұлғасы:
1) автокөліктік цистерналарды ағаш кебістермен немесе ұшқын атпайтын металдан жасалған кебістермен бекітеді;
2) автокөліктік цистернадан СКГ құйып алу үшін иілгіш шлангілердің сенімділігіне және түзулігіне тексеріледі;
3) автокөліктік цистернаны жерге тұйықтайды.
243. Автокөліктік цистернадан СКГ құюына рұқсатты бақылау тұлғасы береді, СКГ құюымен айналысып жатқан тұлғаларды басшылыққа алады.
244. Автокөліктік цистерналардан резервуарларға СКГ құю СКГ құю технологиялық операцияға байланысты ысырмалардың ашылуы мен жабылуының түзулігіне тексерілгеннен кейін жол беріледі.
245. Тұлға құю операциясын орнатылған үлгідегі арнайы киімдермен, бас киімдермен және қорғаныс көзілдіріктерімен орындайды.
246. АГҚБ-не автокөліктік цистерналардан СКГ құйып алу келесі әдістердің біреуі арқылы ғана жүзеге асырылады:
1) басқа топқа жататын резервуардан автокөліктік цистернаға СКГ буларын компрессормен айдау арқылы автокөліктік цистернасы және резервуар аралық қысымды қажеттінше түсіру жолымен;
2) буландырғышта СГК буларын қыздыру арқылы автокөлік цистернасы мен резервуар аралық қысымды түсіру жолымен;
3) сорғыштармен СКГ қотару;
4) толтырылатын резервуарлар автокөлік цистернасынан төмен орналасқан уақытта өздігінен ағу.
247. Автокөлік және резервуар аралық қысымды түсіру арқылы толтырылатын резервуарлардан атмосфераға газдың бу фазасын жіберуге жол берілмейді.
248. Айдауыш компрессор мен буландырғыштан туындаған бу фазасының қысымы автокөлік цистерналарында көрсетілген жұмыс қысымынан артық емес.
249. Автокөліктік цистернада жұмыс қысымынан қысым жоғарыласа, компрессор немесе буландырғыш сөндіріледі.
250. Автокөліктік цистерна және резервуар аралық қысымының құлауы 0,15-0,2 МПа болса жол беріледі.
251. Автокөліктік цистернадан СКГ құйып алу кезінде автокөлік қозғалтқышының жұмыс істеуіне жол берілмейді.
252. СКГ құйып алу дайындық операциясы аяқталғаннан кейін және құйып алу жалғастығынан пломбыны алып тастағанша дейін қызмет етуші тұлға автокөліктік цистерналарды тексергеннен кейін автокөлік жүргізушісі АГҚБ бақылау тұлғасына оттық алу кілтін береді.
253. СКГ құйып алу кезінде жүргізушінің кабинада болуына жол берілмейді.
254. Автокөлік қозғалтқышы тоқтағаннан кейін автокөлік цистерналарының құйып алу жалғастығынан тығындауышты алып тастауға жол беріледі, АГҚБ технологиялық газ өткізгіштен шлангілерді алып тастағаннан және құйып алу жалғастығына тығындауышты орнатқаннан кейін қозғалтқышты қосуға жол беріледі.
255. СКГ құйып алудан кейін автокөлік цистерналарынан 0,05 МПа қысымына дейін буларды жою.
256. СКГ құйып алу кезінде құйып алу операциясымен айналысып жатпаған қызмет етуші тұлға алыста тұрады.
257. СКГ құйып алулары жүргізілмеу уақытында АГҚБ технологиялық газ өткізгіштерге қосылған автокөліктік цистерналарды тастап кетуге жол берілмейді.
258. Құйып алумен айналысып жатқан тұлға технологиялық газ өткізгіштердің, резервуарлардың және автокөліктік цистерналардың барлық қосылыстарының саңылаусыздығын бақылайды. Газдың кемуі анықталған кезде құю тоқтатылады, оны жою шаралары қабылданады.
259. СКГ құйып алу кезінде қысымдағы қосылыстарды тығыздау жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді, автокөлік цистерналарының иілгіш шлангілерін ол тоқтатылғаннан және құю шлангілерінде қысымды лақтырғаннан кейін алып тастауға жол берілмейді.
260. СКГ құйып алу кезінде автокөліктік цистерналарды, құю өткізгіштерін, резервуарларды, жұмыс істеп тұрған компрессорларды, сорғыштарды, буландырғыштарды бақылаусыз қалдыруға жол берілмейді.
261. Құю кезінде автокөлік цистернасы мен қабылдау резервуарындағы газ дегейі мен қысым үздіксіз бақыланады.
262. Резервуарлар өзінің геометрикалық көлемінің 85 % көп емес мөлшерде СКГ толтырылады. Резервуар толып кеткен жағдайда артық газдар басқа резервуарларға құйылады. Артық газды атмосфераға жіберуге жол берілмейді.
263. Найзағай кезінде, өндірістік аумақта от жұмыстарын жүргізу кезінде АГҚБ-ға СКГ құю операцияларын жүргізуге жол берілмейді.
264. СКГ құю кезінде технологиялық газ өткізгіштер мен жабдықтарға (құю колонкаларына, сорғыштарына, буландырғыштарына) қызмет ететін тұлғалар арасында көру байланысы қамтамасыз етіледі.
265. СКГ құю аяқталған кезде автокөліктік цистернадағы вентильдер тығындауышпен тығындалған және сабын эмульсиясымен саңылаусыздыққа тексеріледі.
266. Автокөліктік цистерналардың резина жеңдері (шлангілер) құю ұштарына болат қамыттарына бекітіледі (шлангі әрбір ұшына екіден кем емес қамыттың). Сымды қамыттарды қолдануға жол берілмейді.
267. Егер жеңнің жарықтары, сынықтары, шұңқырлары және басқа ақаулар болса СКГ құюға жол берілмейді.
268. Сыртқы металдық шиыршықтары бар жеңдердің жыртылған немесе жартылай шиыршықтары жоқ болса, қолдануға жарамсыз болып табылады.
269. Қатып қалған арматуралар және газ өткізгіштерді еріту үшін қыздырылған құм және ыстық су, су буы қолданылады. От қолдануға жол берілмейді.
270. Ағып жатқан СКГ-мен автокөліктік цистерналар АГҚБ-ға келген кезде қосымша қауіпсіздік шараларын қарастыратын технологиялық регламент бойынша құйып алынады. Сонымен қатар ақаулыққа акт жасалады. АГҚБ территорияларында автокөліктік цистерналарды жөндеуге жол берілмейді.
271. Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 29 қазанда № 189 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талабында қарастырылған жағдайларда резервуарларды газбен толтыруға жол берілмейді:
1) егер резервуарлардың негізгі элементтерінде жарықтар, ойықтар, дәнекерлеу тігістерінде терлеу және жіберу болса, фланецті қосылыстардан ағылса, төсемелер жыртылса;
2) сақтандыру қақпақшалардың ақаулығы болса;
3) деңгей өлшеуіш құрылғыларының ақаулығы болса;
4) лазаларда және люктердегі бекіту бөлшектері толық мөлшерде болмаса және ақаулы болса;
5) резервуарлар іргетастарында және таратушы газ өткізгіштер тірегі отырса.
272. Сорғыш компрессор бөлімдерінің, технологиялық бөлігінің немесе басқару бөлімдерінің ғимараттарында ілінеді:
1) құю, тарату колонкалары, резервуарлары бар технологиялық жабдықтарды байланыстыру сұлбасы;
2) автокөліктік цистерналардан СКГ құйып алу сұлбасы;
3) СКГ құю кезінде қауіпсіздік шаралары және технологиялары мазмұндалған өндірістік нұсқау.
273. СКГ құю аймағында автокөліктік цистерналардан СКГ құйып алу кезіндегі қауіпсіздік талаптары жазылған ескерту плакаттары ілінген.
Достарыңызбен бөлісу: |