Автокөліктерге сұйытылған газ құю бекеттерін пайдалануда сақталатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-тарау. Газбаллон автокөліктерін газбен толтыру кезіндегі қауіпсіздік талаптары



бет3/4
Дата01.07.2016
өлшемі0.59 Mb.
#170043
1   2   3   4

12-тарау. Газбаллон автокөліктерін газбен толтыру кезіндегі қауіпсіздік талаптары
274. АГҚБ-да баллондарды толтыру кезінде Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 29 қазанда № 189 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талаптары орындалады.

275. Газбаллонды автокөліктерді толтыру технологиялық регламентке сәйкес орындалады.

276. Газбаллонды автокөлік баллондары мен оларды куәландыру мерзімдерінің техникалық түзулігін автокөлік иелері қадағалайды.

277. Баллондар 2 жылда бір мәрте куәландыруға жатады.

278. Автокөліктік баллонарды толтыру алдында баллондарды тексеру туралы белгісі бар жол парақ немесе газбаллонды автокөлікті жүргізу құқығына талоны бар куәлік тексеріледі.

279. Талонда көрсетіледі:

1) автокөлік атауы;

2) автокөлік нөмірі;

3) баллонның зауыт нөмірі;

4) баллон сыйымдылығы (л);

5) баллон келесі техникалық куәландыру мерзімі; тіркеу туралы белгі.

280. Автокөлікте орнатылған баллон тағылады және көрінеді:

1) зауытты-шығарушының тауарлық белгісі;

2) баллон нөмірі (зауыттық);

3) бос баллонның нақты мөлшері (кг);

4) дайындау мерзімі (ай, жыл) және келесі куәландыру жылы;

5) жұмыс қысымы (Р), МПа;

6) сыналатын гидравликалық қысым (П), МПа;

7) баллон сыйымдылығы (л).

280. Автокөліктегі СКГ үшін шығын сыйымдылығы ретінде орнатылған баллондар берік бекітілген және газөткізгіштерге саңылаусыз қосылған.

281. Автокөлікте орнатылған баллондарды:

1) мерзімді куәландыру уақыты өткен кезде;

2) белгіленген жазулар жоқ кезде; вентильдер және қақпақшалар түзелмеген кезде;

3) баллон денесі зақымдалған кезде (қуыс, жапырылған, тот, майысқан);

4) баллон бекітпесі босап кетсе; қосылыстардың кемулерді болса СКГ-мен толтыруға жол берілмейді.

283. Автокөлік баллондарын СКГ-мен толтыру автокөлік қозғалтқышы сөндірілген кезде жүргізіледі.

284. Жеңді алып тастағаннан кейін, толтыру құрылғысына тығындауыш қойылғаннан кейін қоғалтқышты қосуға жол беріледі.

285. Автокөлік АГҚБ территориясына газ толтыруға кірер алдында жолаушылар автокөліктен түседі.

286. Баллон толтыру дәрежесі максималды толтыру бақылау вентилі немесе кескіш қақпақша арқылы анықталады.

287. Автокөлік газ жабдықтарында тығыз емес немесе баллонның лық толуы анықталса одан резервуарға құйылады.

288. Газбаллонды автокөліктерге СКГ құю кезінде қарастырылады:

1) егер газбен толтырылған автокөлік қозғалтқышын қосқан кезде кідіріс болса, оны сөндіріп, автокөлікті толтыру колонкасынан 15 шақырым жерге итеру;

2) АГҚБ территориясында автокөлік қозғалтқышын отынның бір түрінен екінші түріне ауыстырмау;

3) АГҚБ территориясында газбаллонды автокөліктің газ жабдықтарына жөндеу және жүргізбеу;

4) толтыру бағандарында баллонның жұмыс қысымынан артпайтын қысымды жасамау;

5) баллондардың және коммуникациялардың қосылғыштарын тарту;

6) толтыру бағандарын және автокөліктерді бақылаусыз қалдырмау;

7) толған кезде атмосфераға баллондардан СКГ лақтыру жүргізбеу.



13-тарау. Резервуарларды куәландыру кезіндегі қауіпсіздік талаптары
289. Резервуарлар ішкі байқау, гидравликалық байқау, жөндеу немесе қайтадан монтаждау алдында газдан, буланбаған қалдықтан босатылған, мұқият өңделген.

290. Резервуарларды атмосфераға газ лақтыру арқылы босатуға жол берілмейді.

291. Бу фазаларының қалдықтарын жағу көкжиекке 50-60° иілу арқылы резервуар құрылғы шекараларынан 10-12 м қашықтықтағы өрт қауіпсіз орынға нық орналастырылған, диаметрі 20 мм, биіктігі 3 м, болатын болат құбырлардан жасалған «майшам» арқылы жүзеге асады.

292. Резервуарды сумен толтыру «майшамдағы» жалын 20-30 см кеміген кезде басталады, сол кезде бу фарасының сумен итерілген тұтану оттың сөнуіне дейін жалғасады.

293. Су беру резервуар толық толтырылған кезде тоқтатылады.

294. Резервуарларды өңдеу оларды жылы су толтыру немесе инертті газ үрлеу және булау жолымен тығындағыш арқылы бу және сұйық фазаларды газ өткізгіштерден алып тастағаннан кейін жүргізіледі.

295. Қайтадан газдалу сапасы ыдыстың түбінен таңдалып алынған ауа сынамаларын талдамасымен тексеріледі. Қайтадан газдалудан кейін сынама СКГ концентрациясы ұшқын тарату концентрациялық шегінің 20 % жоғары емес.

296. Ауаны қайтадан газдалу үшін атмосфералық қолданысқа дейін оларда қысымды алдын ала түсірмей резервуарларды қайтадан тығындауға жол берілмейді.

297. Резервуар ішіндегі жұмыстар кезінде технологиялық регламенттер және осы Талапта қарастырылған қауіпсіздік шараларын сақтайды.

298. Резервуар ішінде жұмыстар жүргізіледі:

1) наряд-шақтама бойынша бақылау тұлғасының басшылығымен құрамы үш адамнан кем емес бригадамен;

2) бригада мүшелері жұмыс жүргізу қауіпсіздігі бойынша нұсқау берілген;

3) резервуарға бір адамнан артық адам түсіруге жол берілмейді;

4) резервуарда жұмыс істеушінің шлангілі газқағарлары және құтқару арқаны бекітілген киілген құтқару белдігі болады;

5) қолдарымен арқан ұшын ұстап тұратын, резервуарда жұмыс істеп жатқандарды бақылайтын, оларға қажетті көмек беруге дайын, жұмыс жүргізу орнына бөтен адамдарды жібермейтін екі адамнан кем емес резервуар сырттан кемірек екі адамның емес резервуар сыртында болады;

6) резервуарда болу уақыты 15 минуттан артық емес;

7) резервуарды әрбір 30 минут сайын газдалуға тексеріледі;

8) резервуар газдалуға келесі тексеріспен қайтадан қайта газдалуға тексеріледі.

299. Резервуарда жұмыс жүргізу кезінде резервуар жанында жұмысқа қатыспайтын адамдардың болуына жол берілмейді.

300. Резервуарлардан алынған шөгінділер ылғал қалпында ұсталынады, алыстатылған жерге көму үшін АГҚБ территориясынан шығарылады.

301. Пирофорналық шөгінділері бар газ өткізгіштерді ашу қауіпсіз аймақтарда қайтадан монтаждалады, қойылады.

302. Резервуарларды жуу және сынаудан кейін сулар канализация жүйесіне СКГ түсуін болдырмайтын тұндырғыштар арқылы канализацияға ағызылады немесе санитарлық эпидемиологиялық бақылаумен анықталатын жерлерге шығарылады.

303. Резервуарлар АГҚБ басшысының жазбаша рұқсаты негізінде куәландыру немесе жөндеуден кейін іске қосылады.

14-тарау. Газ қауіпті жұмыстар
304. АГҚБ-да газ қауіпті жұмыстар Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 29 желтоқсанда № 219 бұйрығымен бекітілген Жалпы өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы мен осы Талапқа сәйкес жүргізіледі.

305. Газ қауіпті жұмыстар технологиясын, жеке қорғаныс құралдарын қолдану талаптарын (газқағар және құтқару белдіктері), алғашқа көмек көрсету (дәрігерге дейін) тәсілдерін оқыған, осы Талаптың көлемінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында білімін тексеруден өткен тұлғалар газ қауіпті жұмыстарды орындауға жіберіледі.

306. Газ қауіпті жұмыстарды жүргізуге наряд-шақтама рәсімделеді. Мұндай жұмыстарға:

1) құрылыс жұмысы, қайтадан құру, іске қосу кезінде күрделі жөндеу және кеңейтуден кейін пайдалануға берілген АГҚБ басқа технологиялық жабдықтарға және газ өткізгіштерге газ жіберу;

2) іске қосып реттеу жұмыстарын жүргізу;

3) жөндеу, тазалау, техникалық куәландыру жүргізгеннен кейін пайдалануға беру кезінде резервуарларды сұйытылған газбен алғашқы толтыру;

4) бітеліп қалғандарды жою, жұмыс істеп тұрған газ өткізгіштердегі тығындауыштарды алып тастау және орнату, газ өткізгіш агрегаттардан, жабдықтардан, бөлек түйіндерден ажырату;

5) іске қосылып тұрған желілерді ажырату және газ өткізгіштерді, технологиялық жабдықтар мен газ өткізгіштер консервацияларын және консервацияны бұзуды желдету;

6) СКГ резервуарларын техникалық куәландыруға дайындау;

7) іске қосылып тұрған газ өткізгіштерді, сорғыш компрессор бөлімдерінің жабдықтарын, толтыру бағаналарын, СКГ резервуарларын жөндеу;

8) АГҚБ технологиялық жабдықтарын, резервуарларын, газ өткізгіштерді қайтадан монтаждау;

9) жұмыс жүргізу орындарында компрессорларды, сорғыштарды, арматураларды бұзумен байланысты жөндеу жұмыстары;

10) газ кему жерлерінде оны жойғанша дейін жерді қазу;

11) АГҚБ территорияларында от және дәнекерлеу жұмыстарын орындауға байланысты жөндеу түрлері;

12) жарылыс қауіпті аймақтарда электрлік сынамалар жүргізу.

307. Орындаушылардың тұрақты құрамы және технологиялық үдерістердің бөлінбейтін бөлшегі болып табылатын, балама жағдайларда орындалатын кезеңді қайталанатын газ қауіпті жұмыстар техникалық басшысымен бекітілген тізім бойынша наряд-шақтама рәсімдеусіз жүргізіледі. Ондай жұмыстарға:

1) бекіту арматуралары мен сақтандыру қақпақшаларына техникалық қызмет ету, параметрлерді тексеру және оларды реттеу;

2) АГҚБ технологиялық жабдықтарына техникалық қызмет ету;

3) құдықтарды желдету, бақылау, жөндеу;

4) құдықтарда, орларда, түкпірлерде дәнекерлеуді және кесуді қолданбай жөндеу жұмыстары;

5) резервуарларға автокөліктерден СКГ құю, резервуарлардан сұйытылған газдардың буланбаған қалдықтарын ағызу, газбаллонды автокөліктерді толтыру, қатты толып кеткен баллондардан газды ағызу;

6) технологиялық жабдықтарды бақылау өлшеу аспаптарын ауыстыру жатады.

Көрсетілген жұмыстар жұмыс істеу журналына тіркеледі. Журнал нөмірленіп байланады, мөр басылады.

308. АГҚБ технологиялық жабдықтар және газ өткізгіштерде газ жіберу жұмыстары, дәнекерлеу және газ кесуді қолдану арқылы жүргізілетін жөндеу, іске қосу жұмыстарын жүргізу, АГҚБ алғашқы консервация бұзу, СКГ резервуарларын толтыру АГҚБ техникалық басшысы бекіткен жұмысты ұйымдастыру жоспары және наряд-шақтама бойынша жүргізіледі.

309. Жұмыс жоспарында оларды жүргізудің қатаң жүйелігі, адамдарды қою, тетіктер мен материалдардағы, механизмдердегі қажеттілік көрсетіледі, жұмыс жүргізу және дайындауға жауапты көрсету арқылы әр газ қауіпті жұмыстарды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қарастырылады.

310. Авария жою және газ кемулерді жою жұмыстары ғимараттар мен имараттарға, материалдық құндылықтарға, қызмет ететін тұлғаларға тікелей қателерді жойғанша дейін наряд-шақтамасыз жүргізіледі, аварияларды жою және оқшаулау жоспары бойынша орындалады.

311. Наряд шақтама АГҚБ басшылығымен газ қауіпті жұмыстарды өндіретін жауапты тұлғаларға беріледі. Егер жұмыс аяқталмаса, оны жүргізу шарты және сипаты өзгермесе наряд-рұқсат берген адаммен наряд-рұқсат ұзартылады.

312. Газ қауіпті жұмыстарға дайындау үшін наряд-шақтамада және технологиялық регламентте қарастырылған дайындық шарттары жиынтығы орындалады.

313. Газ қауіпті жұмыстардың алдында оларды жүргізуге жауапты тұлға жеке қорғаныс құралдарының түзулігіне және барлығына тексереді, жұмыс орындау кезінде қажетті қауіпсіздік шаралары туралы орындаушыларға нұсқау жүргізеді, содан кейін нұсқау алғандар наряд-шақтамаға қол қояды.

314. АГҚБ газ қауіпті жұмыстары екі жұмысшыдан кем емес бригадамен орындалады. Резервуарларда, бекет ғимараттарында жұмыстар, газ кесу және дәнекерлеу қолдану арқылы жөндеу бақылау тұлғасы басшылығымен үш жұмысшыдан кем емес жұмысшылардан тұратын бригадамен орындалады.

315. Құдықтарды желдету, жөндеу, бақылауды, баллондардан СКГ буланбаған қалдықтарын құйып алуды, газ өткізгіштерді және технологиялық жабдықтарға техникалық қызмет ету жүргізуді, пайдалану кезінде СКГ резервуарларын толтыруды екі жұмысшы жүргізеді. Көрсетілген жұмыстарға басшылық ету білікті маманға тапсырылады.

316. Газбаллонды автокөліктерді толтыру бір оператормен жүргізіледі.

317. Бақылау тұлғасы газ қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпті аймақтан жұмысшыларды тез арада шығаруға міндетті.

318. Наряд-шақтама бойынша орындалатын АГҚБ газ қауіпті жұмыстары күндізгі уақытта жүргізіледі. Ерекше жағдайда ғана шұғыл газ қауіпті жұмыстар жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін қосымша шараларды орындау шарты арқылы қараңғы уақытта жүргізуге жол беріледі.

319. АГҚБ ғимараттарында және территорияларда жұмыс істеп тұрған газ өткізгіштерде оларды ағытусыз дәнекерлеу және кесу жұмыстарын жүргізуге, инертті газ немесе бу үрлеуге, газ өткізгіш учаскелерінде үрленбеген және ағытылмаған жабдықтарды, арматураларды, фланецті бұрандалы қосылыстарды бұзуға жол берілмейді.

320. Газ өткізгіштерді және жабдықтарды ағыту кезінде жабылған, ағытылған құрылғыларға тығындауыштар қойылады.

321. Сорғыш, компрессорлық бөлім ғимараттарында газ қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде сорғыш және компрессорларлар тоқтатылады.

322. Жөндеуден кейін, әрекеттегі газ өткізгіштерге қосылу алдында барлық газ өткізгіштер және газ жабдықтары сыртқы бақылауға және ауамен немесе инертті газбен бақылау тығыздалуына ұшырайды.

323. АГҚБ ішкі жабдықтары мен газ өткізгіштердің бақылау тығыздауы 0,01 МПа қысыммен жасалады. Түсу бір сағатта 0,0006 МПа аспайды. Бақылау тығыздау нәтижелері газ қауіпті жұмыстардың наряд-шақтамаларына жазылады.

324. СКГ резервуарлары, байлау газ өткізгіштері бір сағат ішінде 0,3 МПа қысыммен сыналады. Сабын эмульсиясы немесе аспаптар көмегімен анықталатын манометр бойынша көрінетін түсулер және кемулерге жол берілмейді.

325. Газды қосу алдында газ өткізгіштер және жабдықтар барлық ауаларды итеріп шығарғанша дейін инертті газбен немесе сұйытылған газ буларымен үрленеді.

326. Ыдыстарды үрлеуге арналған жалғастықтар үрленетін реагенттердің минималды шығындарымен үрлеуді қамтамасыз ететін жағдайда орналастырылады. Сұйытылған газ буларын үрлеуді ұйымдастыру кезінде от көзінен газ ауалық қоспалардың ұшқындауын болдырмайтын қауіпсіз жүргізу шаралары өңделеді. Үрлеу соңы талдау жолымен анықталады. Газ сынамасындағы оттегінің көлемді үлесі-1 %.

327. Газ қауіпті жұмыстарды орындау үдерісі кезінде оларды жүргізу тәртібі туралы барлық үкімдер жұмыс үшін бақылау тұлғасына беріледі.

328. АГҚБ авариялық жұмыстарын АГҚБ жұмысшыларымен орындалады.

329. Аварияны жою бойынша АГҚБ тұлғасының іс-әрекеті аварияны жою жоспары мен әртүрлі ведомстволардың өзара әрекет қызмет ету жоспарымен анықталады.

330. Аварияны жою жоспарларында технологиялық үдерістің ерекшелігі ескеріледі, қарастырылады:

1) өрт сөндіруге арналған әдістер мен құралдар; авария туралы хабарландырылатын тұлғалар тізімі (телефон нөмірлері, хабарландыру және шақыру басқа құралдары көрсетілген);

2) аварияны жою бойынша АГҚБ тұлғасының нақты әрекеттер тізімі және міндеттерді бөлу, аварияны жоюға қатысатын бөлек тұлғалар аралық әрекет тәртібі;

3) аварияны жою тәсілдері және қажетті материалдық, техникалық құралдар тізімі;

4) өрт күзету, милиция, алғашқы көмек көрсету, электрмен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету ұйымдары, басқа да қызмет аралық әрекеттер шарттары.

331. АГҚБ-да аварияларды жою бойынша әртүрлі ведомствалар өзара қызмет жоспары мүддесі бір ұйымдар және АГҚБ техникалық басшылығымен келіседі.

15-тарау. От жұмыстары
332. Резервуарлардан СКГ бу фазаларының қалдықтарын күйдіру, ашық оттарды қолданумен байланысты жөндеу жұмыстары ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 29 желтоқсанда № 219 бұйрығымен бекітілген Жалпы қауіпсіздік талабы және осы Талапты жұмысшылар орындау шартында жол беріледі.

333. От жұмыстары АГҚБ басшысы бекіткен, жергілікті өрт күзеті және наряд-шақтамамен келісілген жоспар бойынша күндізгі уақытта жүргізіледі.

334. От жұмыстарын жүргізуге берілетін наряд-шақтама жұмысқа қажетті дайындық жүргізу үшін уақытынан бұрын рәсімделеді.

335. От жұмыстары жоспар және наряд-шақтамада қарастырылған дайындық шаралары мен жұмыстары орындалғаннан кейін жүргізіледі.

336. Дайындық жұмыстары (үрлеу, жабдықтарды ағыту, тығындауыштарды орнату, қайтадан газдалу және басқалар) осы Талаптарға сәйкес жүргізіледі.

337. Жөндеуге жататын газ өткізгіш учаскелерінен газдарды үрлеу шамдары арқылы айдалады. Айдалу кезінде барлық механизмдер жел жағынан күзету аймағынан тыс орналастырылады.

338. От жұмыстарын жүргізу орындары өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі. Жұмыс жүргізу орнына ішкі өртке қарсы су өткізгіштен оқпанмен өрт жеңі орналастырылған.

339. Дәнекерлеу жұмыс орындары электр иіндерінің ұшқындарынан жанған құрылымдардан жабдықтарды қорғау қозғалмалы металдық қалқандармен қоршалады, жабдықтар және жанатын құрылымдар металл табақтарымен, асбест жабындарымен жабылады.

340. АГҚБ-да от жұмыстарын жүргізу кезінде СКГ қабылдау операцияларын, автокөліктерді толтыруға жол берілмейді, сонымен қатар АГҚБ территориясына автотранспорттардың кіруіне тыйым салатын жол белгілері орнатылған.

341. Бақылау тұлғалары өрт қауіпсіздігі шаралары туралы орындаушыларға нұсқау береді.

342. Ғимараттың ішкі жұмыстарын орындау кезінде бөтен тұлғалардың жұмыс орнына енуін болдырмау мақсатында сыртына бекеттер орнатылады.

343. Ғимаратта жұмыстың барлық уақыты кезінде ағылу сорғыш желдеткіштері іске қосылып тұрады.

344. Территорияда жұмыс орнынан 20 метр аймақтағы ғимараттарда от жұмысы уақытында және алдында әрбір 10 минут сайын құрамында СКГ-ның барына байланысты ауа ортасына талдау жүргізіледі. СКГ буларының ауада болуы кезінде олардың концентрациясына тәуелсіз от жұмыстары тоқтатылады.

345. Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс жүргізу орындары тексеріледі, жанатын құрылымдар сумен суарылады, өрт тууына мүмкіндік бермейтін шаралар қабылданады.

346. От жұмыстары аяқталғаннан кейін жану газдары мен оттегісі бар баллондар жұмыс орнынан тұрақты сақтау орындарына алыстатылады.

Қолданылған қысқартулар
АГҚБ-автокөліктерге газ құю бекеті;

СКГ-сұйытылған көміртекті газ;

БӨҚ-бақылау өлшеу құралдары;

ШРК-шекті рұқсат концентрациясы.

____________________

Автокөліктерге сұйытылған газ құю бекеттерін пайдалануда сақталатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына

1-қосымша

Үлгі




Ұйым







АГҚБ №







Мекен-жайы, телефоны






АГҚБ техникалық құжаты

АГҚБ сипаттайтын көрсеткіштер



тізімі

Көрсеткіш мағынасы

200_ж. жағдайы бойынша




(типі, өнімділігі, айналым саны тағы басқалар)

Көрсет-кіш

Құрылыс немесе монтаж шығару жылы

1

2

3

4

1. АГҚБ туралы жалпы мәліметтер










1.1. Пайдалануға беру жылы










1.2. АГҚБ жобасын орындаған жобалық ұйым










1.3. Жоба сипаты: типтік жобаны байлау (типтік жобаның нөмірін көрсету) немесе жеке жоба










1.4. Қайта құру жобасы туралы мәлімет










1.4.1. Қайтадан құру жобасын орындау жылы










1.4.2. Қайта құру немен негізделеді (тізбектеу)










1.4.3. Қайта құру жобасын орындаған жобалық ұйым










1.5.АГҚБ газ құю түбегейлі сұлбасы: сорғыш-компрессорлы, сорғыш-булану, булану жәнетағы басқа










1.6. Алғашқы жоба бойынша АГҚБ жылдық өнімділігі, т










1.7. Қайта құру жобасы бойынша АГҚБ жылдық өнімділіг, т










1.8.Жылдық нақты өнімділіг, т










1.9. АГҚБ құрылысының алғашқы сметалық құны, мың. т










1.10. Баланстық құн, мың. т










1.11. Басшылар, мамандар, қызметшілер, адамдар саны










1.12. Барлық жұмысшылар, адам.










1.13. АГҚБ жұмысының ауысымдылығ (бір немесе екі ауысым)










2. Газдың түсуі және жүзеге асырылуы










2.1. Газбен жабдықтаушы зауыттар










2.2. АГҚБ газ жеткізу тәсілдері










2.3. АГҚБ-дан жіберілетін газ мөлшері, тәулігіне/т, жылына/т










3. Бас жоба және инженер коммуникациясы туралы мәліметтер










3.1. Жер учаскесі алаңы, м










3.1.1. Өндірістік аймақ есебінде, м










3.2. Су өткізу желілері, м










3.3. Канализациялық желілер, м










3.4. Жылу желілері, м: ыстық сумен қамтамасыз етуді жылыту










3.5. Электр желілері, м










3.6. Кабелдік желілер, БӨҚ импульсты құбырлары және автоматикасы, м










3.7. Әлсіз нүктелік жүйелер, м










3.8. Газ өткізгіштер, м










3.9. Авто жолдар и асфальтты жабулар, м










3.10. АГҚБ қоршаулары, м










4.Құю қотару құрылғылары










4.1. Автоцистернадан құйып алуға арналған бағандар, дана










4.2. Газбаллонды автокөліктердің баллондарын толтыруға арналған баған сандары, дана










5. Сұйытылған газдарды сақтауға арналған резервуарлар сипаты (типі, сыйымдылығы), дана










5.1. Сақтау базалары резервуарларының жалпы көлемі, м










5.2. АГҚБ газ қоры, тәулік










5.3. Резервуар орнату тәсілдері (жер үстінде немесе жер астында)










5.4. Резервуарларда орнатылған деңгей өлшегіш құрылғылары типтері










6. Сорғыш -компрессор бөлімі










6.1. Ғимарат көлемі (ішкі), м










6.2. Ғимарат алаңы, м










6.3. Компрессор (типі, маркасы), дана










6.4. Сорғыш (типі, маркасы), дана










6.5. Буландырғыш (типі,өнімі), дана










7. Автоматика және бітеу құрылығылары










7.1. Технологиялық жабдықтармен желдеткіш жүйелерді бітеуінің бар болуы










7.2. Авариялық желдеткіш құрылғылармен газдалу белгі берушілерінің бар болуы










7.3. «А» өндіріс (ғимараттарға санақ жүргізу) категориясымен өндірістерде газдалуға белгі берушілердің бар болуы, дана










8. Электр жабдықтары










8.1. Электр қозғалтқыштарының орнатылған қуаттылығы, кВт










8.2. Технологиялық жабдықтардың электр қозғалтқыштары, олардың орнатылған қуаттылығы, дана










8.3. Желдеткіш жабдықтардың электр қозғалтқыштары, олардың орнатылған қуаттылығы, дана










8.4. Басқа электр қозғалтқыштар, дана










8.5. Электр жетекпен бекіту арматуралары, дана










8.6. Трансформаторлық бекеттер типі, оның қуаттылығы, кВт, кернеулігі, В










8.7. Тоттан қорғану электр химиялық құрылғыларының бар болуы (құрылғы типін жәнеқорғаныс объектісін көрсету), дана










9. Жылумен қамтамасыз ету жүйесі және желдеткіш










9.1. Жылумен қамтамасыз ету көзі










9.2. жылу тасымалдауыш параметрлері және түрі










9.3. Химсутазартудың бар болуы (типі)










9.4. Ағу желдеткіш жүйесі (жүйе және қызмет етілетін жүйелер нөмірі)










9.5. Тарту желдеткіш жүйелері (жүйе нөмірі, қызмет етілетін құрылғы және ғимарат)










9.6. Желдеткіштердің жалпы саны, дана










10. Сумен қамтамасыз ету және канализация










10.1. Сумен қамтамасыз ету көзі (су қысымы)










10.2. Өртке қарсы су қорына арналған резервуар көлемі және типі, м










10.3. Өрт сорғыштары (маркасы және типі), дана










10.4. Канализациялық сорғыш бекеттердің бар болуы, (типі, өнімділігі)










10.5. Канализациялық ағындардың жиналатын жері










11. Өртке қарсы жабдықтар










11.1. Сорғыш-компрессор бөлімінде алғашқы өрт сөндіру құрылғыларының тізімі










11.2. Толтыру бөлімінде алғашқы өрт сөндіру құрылғыларының тізімі










11.3. Сақтау базаларында алғашқы өрт сөндіру құрылғыларының тізімі










11.4. Автоцистерналардан құйып алу бағандарына арналған және газбаллонды автокөліктердің баллондарын толтыруға арналған алғашқы өрт сөндіру құрылғыларының тізімі;










11.5. АГҚБ территорияларына арналған алғашқы өрт сөндіру құрылғыларының тізімі










11.6. Өрт белгі берушіледің болуы (ғимарат тізімі және белгі беру типі)










11.7. Өрт сөндіру автоматтық жүйесінің бар болуы (ғимараттардың тізімі, типі, жүйе маркасы)










11.8. Сақтау базасының сумен суыту стационарлық автоматты жүйенің бар болуы










12. Энегоресурстарға қажеттілік










12.1. Тоқ қабылдағыштардың орнатылған қуаттылығы, кВт










12.2. Электр энергиясының шығыны, мың. кВтжылына










12.3. Ыстық су (температурасы көрсетіледі), кВттәулігіне










12.4. Қысыммен бу, МПа (кгс/см), сағатына










12.5. Шаруашылық ішуге және өндірістік қажеттіліктерге арналған су (территорияны суаруды есептегенде), м тәулігіне










12.6. Өрт сөндіруге арналған су (ішкі және сыртқы), л/с










12.7. Өртке қарсы суды толтыруға арналған су, м/тәулігіне










12.8. Шаруашылық тұрмыстық канализациясы, м/тәулігіне










12.9. Өндірістік канализация, м/тәулігіне










12.10. Сығылған ауа (қысымды көрсету), м/мин










Қосымша. АГҚБ орналасу және оның негізгі құрылымы (басжоба) сұлбасы масштабы 1:1000 немесе 1:500 экспликациямен.



«___» ___________ 200 _ ж.

Орындады:

«___» ___________ 200 _ ж.

Тексерді:

________________

Автокөліктерге сұйытылған газ құю бекеттерін пайдалануда сақталатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына

2-қосымша

Үлгі



Ұйым




АГҚБ №







Мекен-жайы, телефоны







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет