Автоматты басқару теориясы. Техникалық объектілерді автоматты басқаруды жүзеге асыру үшін басқару объектісі мен басқару құрылғысын қамтитын жүйе жобаланады. Жүйе бөгеуіл мен инерциондылыққа қарамастан,берілген функцияларды жоғары дəлдікпен орындауы тиіс. Егер объект жеткілікті конструктивтік қаттылық пен динамикалық беріктікке ие болса,автоматты басқару (реттеу) қажеттілігі жоқ. Автоматты басқару теориясы (АБТ)интегралдық, дифференциалдық, алгебралық теңдеулер негізінде техникалық объектілерді басқару жүйесін сипаттайды жəне есептейді.
Басқару деп объектіге əсер ету процесін түсінеді, ол талап етілетін жағдайға немесе жай-күйге ауысады.Басқару құралдары мен əдістерін сипаттайтын техникалық кибернетика саласы автоматика деп аталады.
Автоматты басқару жүйесі (АБЖ) техникалық объектілердің жұмысын немесе оларда өтетін технологиялық процестерді басқаруға арналған.Автоматты басқару жүйесі ең маңызды жəне күрделі болып табылады.
Басқару-бұл қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін қандай дабір процесті ұйымдастыру. Басқарудың кез келген процесінің негізгі міндеті басқару мақсатына барынша тиімді қол жеткізуді қамтамасыз ететін шешімдерді əзірлеу жəне іске асыру болып табылады. Басқару мақсаты - берілген дəлдікпен технологиялық параметрдің тұрақты мəнін ұстап тұру; алдын ала берілген бағдарлама бойынша шаманы өзгерту; шаманың оңтайлы мəнін немесе шамалардың жалпылама мəнін алу.
Басқарудың келесі түрлері бар:
Қолмен басқару адамның қатысуымен жүзеге асырылады.
Автоматты басқару адамның қатысуынсыз жүзеге асырылады. Мұндай басқару автоматты құрылғылардың көмегімен жүзеге асырылады. Басқару нысаны мен автоматты құрылғы автоматты басқару жүйесін құрайды (АБЖ).
Автоматты қорғау жəне бұғаттау жүйелері - бақыланатын процесті қиын сəтте үзіп, авариялық немесе шекті режимге жол бермейді. Автоматты іске қосу жəне тоқтату жүйелері агрегаттың немесе технологиялық қондырғының əртүрлі жетектері мен механизмдерін берілген бағдарлама бойынша қосуды, ауыстырып қосуды жəне ажыратуды қамтамасыз етеді. Кез келген техникалық жүйе түрлі басқару формасы арқылы жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |