4-1-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын өтеусіз уақытша пайдалануға беру
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешімді несие алушы өтінішінің негізінде тиісінше облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы (несие беруші) қабылдайды.
2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалану құқығы бес жылға дейінгі мерзімге беріледі. Өз міндеттерін тиісті түрде атқарған несие алушы шарттың мерзімі өткеннен кейін талаптар тең болған өзге жағдайда жаңа мерзімге шарт жасасуға басқа тұлғаларға қарағанда басым құқыққа ие болады.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шартына сәйкес несие алушы:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілген автомобиль жолдарын жарамды техникалық жай-күйде ұстауға және оларға жөндеу жүргізуге;
2) өз есебінен жалпы қауіпсіздік талаптарын сақтауға;
3) оның өн бойында көлік құралдары қозғалысының жол берілетін жылдамдық режимін қамтамасыз ете отырып, кедергісіз, қауіпсіз, тегін жол жүруді қамтамасыз етуге міндетті.
4. Облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның келісуімен облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы берген рұқсат болған кезде жол беріледі.
5. Облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен үлгі шарттың негізінде ресімделеді.
Ескерту. Заң 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |