Мектеп жасына дейіңгі балалардың мәдени гигиеналық дағдыларын қалыптастыру



Дата09.09.2023
өлшемі17.89 Kb.
#477008
балалар гигиенасы


Мектеп жасына дейіңгі балалардың мәдени – гигиеналық дағдыларын қалыптастыру
Мәдени-гигиеналық білім мен гигиеналық дағдылар баланың денсаулығын нығайтуға, сонымен қатар баланы әдептілікке, саналылыққа баулиды. Баланы жеке бас гигиенасының талаптарын сақтауға баулу олардың саналы түрде қоғамға қажетті негізгі ережелерді сақтап жүруін қалыптастырады. Баланы ең алғашқы гигиеналық дағдыларға ата-анасы үйретсе, гигиеналық білім, тәрбие берудің негізі бала-бақшадан басталады.
Балаларды жеке және қоғамдық гигиеналық дағдыларына тәрбиелеу - олардың денсаулықтарын қорғауда тұрмыстық, қоғамдық мінез-құлықтарының дұрыс қалыптасуында маңызды орын алады. Балалардың гигиеналық ережелері және мінез-құлық нормаларына қажетті білім мен дағдыларын үйреніп – орындаулары, денсаулықтарына да өте пайдалы. Балалармен күнделікті жұмыс процесінде олардың жеке гигиена ережелерін орындаулары үйреншілік әдетке айналып, ал есейген сайын гигиеналық дағдылар үнемі жетілуі керек.
Баланың 7-8 айынан бастап (бала отыруды үйренгеннен-ақ) түбекке үйрете бастау қажет, бұл тәуліктің күндізгі уақытында ғана ал түнде оятқан баланың ұйқысы бұзылады, сонымен кері әсер- түнде дәретке отыру дағдысы қалыптасады. Кейбір жас ата-аналар балабақшаға балаларын алғашқы әкелген кезде, оның өз бетінше дәретке сұрана білмейтінін әңгімелейді. Бүл жағдайда балабақша қызметкерлеріне көптеген қиыншылықтар туындайды, және баланың өзі де ыңғайсыздық сезінеді. 8-9 айынан бастап баланы қолын жууға дағдыландырып, тамақтандыру кезінде қолына нан ұстатып, тістеп жеуді үйреткен дұрыс болады. Баланың бетінің бұлшық еттері қалыптасып, тістерінің өсуіне ықпал етеді.Тамақтан кейін аузын салфеткамен суртіп, баланы тазалыққа дағдыландыру қажет. Уақытымен ішкен тамақ баланы ас ішетін уақытқа, күн тәртібіне үйретеді, сонымен қатар баланың ағзасы да ас қорытуына дағдыланады.
Бала бір жастан аса қимылдары нығайып, тамақ ішкенде қасықты ұстауға ұмтылады. Тамағын шашып-төксе де, өз бетінше тамақ ішуіне үйренгені жөн, бір қасықты бала ұстап, екінші қасықпен ересек оны тамақтандыру керек. Екі жастан аса бала қасықты дұрыс ұстап, аузын өзі сүрте біледі. Тамақтану кезінде тәртіп сақтауға үйренеді: нанмен ойнамау, тамақты шашпай ішуді. 2 жасар бала тамақтан соң аузын ауыз сумен шаю әдеттеріне дағдыландырылады,1,5 жастағы балалар жартылай шешініп, киіне алады. Екіжарым жастағы бала көйлегін шешіп, шұлығымен шалбарын киеді, ал үш жастағы балаға өз бетінше шешініп, киінуді, түймесін ағытуды үйреткен жөн.
Осы жағдайда ғана бала балабақша табалдырығын аттауға дайын деп айтуға болады.
Балабақшадағы ортаңғы және ересек топ жасындағы балалар жеке гигиена ережелерін орындауға жетік түсіне қарауы қажет. Өз беттерімен қолдарын жуу, көбік шықанша сабындау және құрғата сүрту, жеке орамал, тарақ, ауыз шаятын стақанды қолдану және барлық заттарды таза болуын қадағалауы керек. Жеке гигиеналық дағдыларын қалыптастыру – баланың үнемі ұқыпты боуын, киіміндегі ақаулықты өздігінен немесе ересектің көмегімен жою икемдігілігін жорамалдайды. Гигиеналық тәрбие және үйрету мен мәдени мінез-құлық тәрбиесі тығыз байланысты. Сондықтан сәбилер тобынан бастап балалар тамақтану кезінде үстел басында дұрыс отыруға, тамақты мұқият және баяу шайнап, асхана аспаптары мен сүлгілерді қолдана алулары үйретіледі. Ал асханадағы кезекшіліктер, тек қана үстелді дұрыс жабдықтап қана емес, сонымен бірге кезекшілікке кіріспес бұрын міндетті түрде қолдарын тазалап жуу, өзін тәртіпке келтіру, шашын тарауы керек.
Мәдени-гигиеналық дағдыларына тәрбиелеу міндеттерін шешуге көптеген педагогикалық тәсілдерді баланың жас шамалық ерекшеліктеріне қарай қолданылады.(Тура үйрету, көрсету, іс-әрекеттерді орындау жаттығулары, дидактикалық ойындар, т.б.) Ең бастысы балаға мәдени-гигиеналық немесе жеке-гигиеналық дағдыларды бойына сіңдіру үшін оған гигиена ережелерін жүйелілігін сақтау керектігін үнемі естеріне салып отыру және қойылған талаптарды біртіндеп күрделендіру қажет. Жәнеде әрекеттерді нақты да дәл орындауына бірізділікпен жету керек.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды сәбилер тобының балалары арнайы бағытталған ойын әрекеттері арқылы оңай меңгереді, ал ересек тобында сөздік және көрнекілік тәсілдер арқылы, алуан түрлі мазмұнды картинкалар, белгілер арқылы үйретіледі. Мәдени-гигиеналық тәрбие дене тәрбие, айналамен таныстыру және экология сабақтары арқылы өткізіледі, онда көбінесе дидактикалық, мазмұнды-рөлдік ойындар және кішкене қойылым, рөлдерді бөлісіп ойнау әдіс-тәсілдері қолданылады. Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбиеші немесе кезкелген ересек адам үлгі екенінде ұмытпаған жөн. Сондықтан ересектердің жағынан балаларға қойылатын талап бірдей болуы керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларының қалыптасыуна әр жастың ерекшеліктерін жеке атап кетсек тәрбиешілердің алдына қойылатын міндеттері. 2-3 жастағы балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру.
Баланың жеке бас гигиенасының басты дағдыларын түрлі көрнекіліктер көрсету мен қолдау тәсілі арқылы: қолды дұрыс жууға, құрғатып сүртуге, өз бетімен таза және ұқыпты тамақтануға; қасық, кесе, сүлгілерді дұрыс және орынды қолдануға; және тамақтану кезінде аузын жұмып жеуге үйрету. Әрбір тамақтанғаннан кейін ауыз қуысын сумен шайқауды үйрету. Өздігінен киіну және шешіну; киімін ұқыпты бүктеп қою, түймелерді ағыту, бауларды байлау және бір-біріне көмектесу дағдыларын қалыптастыру. Балаларға өздерінің жеке заттары: тарақ, ауыз шаятын ыдыс, сүлгі мен бет орамалды қолдану керек екенін түсіндіру.
Өзін-өзі ұстау мәдениеті:
Ұқыптылық дағдыларына үйрету – мұрнын сүрту, өзінің қолдарының және бетінің кірін байқау, киім-кешегіндегі кем-кетік тұстарын реттеу, кіреберісте аяғын сүртіп кіру, тамақтану әдебі, үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынастарда өзін-өзі ұстау ережелеріне үйрету. Өтінішін білдіру, көмегі мен көңіл аударғанына «рақмет», «мархабат» сөздерімен білдіру.
3-4 жастағы балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру:
Өз бетінше жеңдерін түріп, қолдарын сабындап жуып, қолы мен бетін құрғатып сүртуді, тіс пастасы мен щеткасын дұрыс қолдана отырып, тісін жақсылап тазалауды, киімдерін суламауды, сүлгіні өз орнына ілуді көрсетіп түсіндіру.
Тамақтану барысында қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдануға, (жылдың соңына қарай) тамақты аузын жауып отырып, асықпай, әбден шайнауға, нан қиқымын шашпауға, шай мен сорпаны төкпей ішуге, тамақтан соң аузын шаюға үйрету. Қол орамалды қолдану мен дәретхананы дұрыс пайдалануға және барлық жерде тазалық сақтауға үйрету. Өзінің сырт келбетіне назар аударуға, жарасымды, таза киініп шашын әдемі тарауға дағдыландыру. Өзінің және өзгенің заттарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу. Қорытындылай келсек: тәрбиешілер алдында балалар ұжымымен жұмыс істеп, мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыруға байланысты режимдік сәттерді ұйымдастыруда төмендегі санитарлық нормалар мен талаптар қойылады: 
Сабынды, тарақты, сүлгі мен қол орамалды пайдалана білу;
- Топта өзін ұстау мәдениетін қалыптастыру;
- Топтағы балалар, ересектер арасындағы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
- Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу ;
- Киімдерін дұрыс жинастыра білу. Киімдеріне ұқыпты қарауға, өзіне-өзі қызмет етуге, тиянақтылыққа үйрету;
- Көмек көрсеткені үшін ересектерді және басқа балаларға алғыс білдіре білуге үйрету.
Тамақ ішу мәдениеті
-Баланың үстелде өзін ұстау мәдениетіне көңіл бөлу, сөздік материалдарды қолданып, тамақ ішу ережелерін сақтауға баулу.
- Үстел құраладарын пайдалана білуді қалыптастыру;
- Үстелде отыру мәдениетін қалыптастыру;
- Тамақты шайнағанда ауызды жауып шайнау;
- Тамақтанып болған соң ауыз қуысын шаюға баулу.
- 5-6 жастағы балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру:
Өзінің жеке бас гигиенасы дағдылары мен ережелерін сақтауы мен оны орындауын қадағалап отыруға дағдыландыру.
Дене тазалығын сақтауға, қолын, аяғын жууға, тісін ұқыпты тазалауға, ескертусіз тамақтанар алдында қолын жуып және тамақтанып болған соң ауыз қуысын шаюға, үстін, шашын ретке келтіріп отыруға, беліне дейін ылғалды сүртінуіне дағдыландыру.
Гигиеналық шараларды орындау кезінде балалардың бір-біріне көмек көрсетуін мадақтау.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей мәдени –гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу, тамақтану мәдениетін тәрбиелеу жәнеде жалпы бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар – балабақшамен отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім -тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ.

Тапсырма: балаларда гигиеналық дағды қалыптастыруға арналған өлең тақпақтар жинақтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет