Автомобиль жолдары туралы


-бап. Жол бойындағы белдеулер



бет10/24
Дата07.02.2024
өлшемі77.91 Kb.
#491293
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Автомобиль жолдары ҚР Заңы

8-бап. Жол бойындағы белдеулер
1. Жол бойындағы белдеулер халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және жол жүрісі қауіпсіздігі талаптарын, сондай-ақ оларды реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп ұстауды, жол инфрақұрылымдарының объектілерін орналастыруды жүзеге асыру мүмкіншілігін ескере отырып, автомобиль жолдарын пайдалануға жағдай жасау үшін белгіленеді.
2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық автомобиль жолдары үшін жол бойындағы белдеудің ені жолға бөлінген белдеудің шекарасынан есептегенде әрбір жағынан 50 метрден кем болмауға тиіс.
Облыстық және аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары үшін жолдың әрбір жағынан жол бойы белдеуінің ені жолға бөлінген белдеудің шекарасынан есептегенде 40 метрден кем болмауға тиіс.
3. Жол қызметi мен жол бойындағы сервис объектiлерiн қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының жол бойындағы белдеуінде ғимараттар мен құрылысжайлар салуға тыйым салынады. Жол бойындағы сервис объектілерін салу ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Жол бойындағы сервис объектілерін жол бойындағы белдеулерге немесе объектілерді олардың шегінен тыс жерлерде, егер оған кіру үшін кірме жолдар қажет болса, орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешімдерді тиісті жергілікті атқарушы орган Ұлттық оператормен келісу бойынша белгіленген тәртіппен қабылдайды.
Келісу тәртібі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген құрылыс салудың үлгілік қағидаларында айқындалады.
5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойындағы белдеулерде орналасқан кірме жолдарды (құлама жолдарды, қосылған жолдарды) және басқа объектілерді жайғастыру, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі шығыстарды осы объектілердің иелері көтереді.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.10. N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет