Автомобиль жолдары туралы


-бап. Жол органының және автомобиль жолдарын басқарушылардың жауапкершiлiгi



бет18/24
Дата07.02.2024
өлшемі77.91 Kb.
#491293
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Автомобиль жолдары ҚР Заңы

19-бап. Жол органының және автомобиль жолдарын басқарушылардың жауапкершiлiгi
Ескерту. 19-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Жол органы және автомобиль жолдарын басқарушылар:
1) қызмет көрсететiн автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар көлiк құралдарының үздiксiз және қауiпсiз жүруiн қамтамасыз ететiн жағдайда күтiп ұсталуы үшiн және табиғат қорғау заңдары талаптарының сақталуы қамтамасыз етiлуi үшiн;
2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес автомобиль жолдарын пайдаланушыларға залалдың орнын толтыра отырып, жол жағдайларына байланысты туындаған жол-көлiк оқиғалары салдарынан келтiрiлген залал үшiн;
3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң фитосанитариялық жағдайы үшiн жауапты болады.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-1-тарау. Қауiпсiздiктiң жалпы талаптары


Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.12.29. N 209 Заңымен.
19-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері
Автомобиль жолдары, жол-құрылыс материалдары, автомобиль жолдарын жобалау, салу (реконструкциялау, жөндеу) мен пайдалану процестерi техникалық реттеу және стандарттау объектiлерi болып табылады.
Ескерту. 19-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).


19-2-бап. Автомобиль жолдарын жобалау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
1. Автомобиль жолдарын жобалау жылдамдықты барынша шектеу және өзгерту, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шарттары және перспективалы кезеңнен кейiн жолды реконструкциялау мүмкiндiгiн ескере отырып жүзеге асырылуға тиiс.
2. Автомобиль жолдарының жобалық шешiмдерi:
1) көлiк құралдарының есептелген жылдамдықпен ұйымдасқан, қауiпсiз қозғалысын;
2) жүргiзушiлердiң көзбен шолып бағдарлау шарттарын сақтауын;
3) қосылатын жолдар мен қиылысатын жолдардың қауiпсiз орналасуын;
4) автомобиль шиналарының жүру жолының беткi қабатына қажеттi жанасуын;
5) автомобиль жолдарының, оның iшiнде қорғағыш жол ғимараттарымен қажеттi жайластырылуын;
6) жол және автокөлiк қызметтерiн қажеттi ғимараттармен және құрылыстармен қамтамасыз етуге тиiс.
3. Өндiрiстiк базаларды, жол және автокөлiк қызметтерiнiң ғимараттары мен құрылыстарын жобалау кезiнде атмосфералық ауадағы, су объектiлерiндегi және топырақтағы ластаушы заттардың рұқсат етiлетiн шектi концентрациясының сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шаралар әзiрленуге және жүзеге асырылуға тиiс.
4. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеген кезде жол және жол қозғалысының:
1) адамдарға және қоршаған ортаға;
2) табиғат көрiнiстерiне, жолдағы объектiлерге және тарихи-мәдени мұраға тiкелей және жанама әсерiн бағалау қажет.
Орман екпелерiн (жол бойындағы) отырғызу қандай да бiр басқа қауiп-қатердiң туындауын болғызбау шартымен көзбен шолып бағдарлауды жақсартуға және жолдың көзбен бiркелкi көруiн бұзуға жәрдемдесуге тиiс.
5. Жолдарды жобалау кезiнде жол белгiлерiн оларды орнататын орындар мен орнату әдiстерiн көрсете отырып, орналастыру схемасын және жолды белгiлеу схемасын әзiрлеу қажет.
6. Автомобиль жолдарын жобалау кезiнде қойылатын қауiпсiздiк талаптары техникалық регламенттерде белгiленедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет