Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі



бет2/5
Дата13.06.2016
өлшемі371.5 Kb.
#131439
1   2   3   4   5
ред.қара)

3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруын бақылау кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында, қалалар немесе өзге де елді мекендер шекараларының шегіндегі автомобиль жолдарында жүзеге асырылады.

Техникалық бақылау құралдарымен жарақталмаған кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын автомобиль өткізу пункттерінің және көлiктi бақылау посттарын құруға жол берiлмейдi. кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнiң және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.



 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



12-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлейдi;

2) автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүрiп өту тәртібін айқындайды;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4) автомобиль көлiгi саласындағы лицензияланатын қызмет (кіші қызмет) түрлеріне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;

5) Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жол берiлетiн қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекiтедi;

6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау қағидасын, қауiптi жүктер тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлiк құралдарына қойылатын біліктiлiк талаптарын бекiтедi;

7) тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға тарту тәртібін айқындайды;

2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды



7-1) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекітеді;

8) Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекітеді;

9) Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекітеді;

10) Автомобиль көлiгi құралдарын техникалық пайдалану қағидасын бекiтедi;

11) автомобиль көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi;

12) Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекітеді;

13) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидасын бекітеді;

14) Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекітеді;

15) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекітеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



16) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



13-бап. Уәкілетті органның құзыретi

Уәкілетті орган:



1) автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;

2) өз құзыретi шегiнде автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;

3) автомобиль көлiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейдi;

4) тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен келісім бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдаудың маршруттары мен қозғалыс кестелерiн бекiтедi;

5) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды ұйымдастырады, аталған тасымалдаулардың маршруттары бойынша қозғалыс кестесiн келiседi;

6) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық және облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;

7) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;

8) осы Заңның 19-4-бабында белгiленген жағдайларды қоспағанда, автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

9) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiң қоғамдық бірлестiктермен және қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестiктерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi;

10) Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидасын бекiтедi;

11) Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидасын бекітеді;

12) автомобиль көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;

13) көлiктiк бақылау бекеттерiнiң жұмысын ұйымдастыру тәртібін бекiтедi;

14) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беруді жүзеге асырады;

15) Қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидасын бекітеді;

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

16) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;

17) тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін белгіленген тәртіпке сәйкес бекітеді;

18) халықаралық және республикаішілік қатынаста қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн даярлау курстарын ұйымдастырады;

19) жүргізушіге халықаралық және республикаішілік қатынаста қауiптi жүктердi автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беруді жүзеге асырады;

20) электрондық (цифрлық) тахографтарды орнатуды жүзеге асыратын сервис орталықтарының тізбесін бекітеді;

21) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкалар беруді жүзеге асырады;

22) электрондық (цифрлық) тахографтар жөніндегі ұлттық дерекқорды жүргізеді;

23) Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидасын бекітеді;

24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары:

1) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды, оның ішінде ауданішілік және ауылдық тасымалдауларды дамыту бағдарламасын бекітеді;

2) өз құзыретi шегiнде жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын бекiтедi;

3) шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекiтедi;

4) әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды субсидиялау бағдарламасын бекітеді;

5) әлеуметтiк маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындайды;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:



1) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада - қалалық және қала маңындағы тасымалдауды ұйымдастырады, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзедi;

2) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада - қалалық және қала маңындағы тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiтедi;

3) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және жүру кестелерiн келіседi;

4) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауларды ұйымдастырады;

5) автовокзалдар мен автостанциялардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

6) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада - қалалық және қала маңындағы автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;

7) алыстағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін әзірлейді;

8) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды, оның ішінде ауданішілік және ауылдық тасымалдауларды дамыту бағдарламасын әзірлейді;

9) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлейдi;

10) жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қаларалық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада - қалалық және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;

11) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:

1) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекiтедi, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткiзедi, маршруттар бойынша жүру кестелерiн бекiтедi;

2) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;

3) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастырады;

4) алыстағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретiн мектептерге тасымалдауды ұйымдастырады;

5) қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастарда әлеуметтiк мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;

6) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

15-бап. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен мiндеттерi



1. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының:

2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде автокөлік құралдарын тоқтатуға;

2) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының бұзылуы туралы тексерулердi жүзеге асыруға және актiлер жасауға, жолсыздықтарды жою туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға;



2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды

4) осы Заңның 19-6-бабында көрсетілген, тексеру жүргізуге қажетті құжаттарды жеке және заңды тұлғалардан сұратуға құқығы бар.

2. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары:

1) жеке және заңды тұлғалардың автомобиль көлiгi қызметi мәселелерi жөніндегі өтiнiштерiн қарауға және олар бойынша тиiстi шаралар қолдануға;

2) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.

2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезiнде нысанды киім (погонсыз) киюге, олардың нөмiрлi омырау белгiлерi және қызметтiк куәлiктерi болуға тиiс.

Автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдарының тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз), нөмiрлi омырау белгiлерiнің, қызметтiк куәлiктiң үлгiлерiн уәкiлеттi орган бекiтедi.

 

16-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы лицензиялау



Автомобиль көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



17-бап. Сәйкестікті растау

1. Автомобиль көлігі саласындағы автокөлік құралдарының, автокөлікке арналған жабдықтардың, олардың өмірлік циклі процестерінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылады.

18-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мiндеттi сақтандыру

1. Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарын пайдалануға олардың иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылған жағдайда ғана жол берiледi.

2. Жолаушылар мен багаж тасымалдауды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын автокөлiк құралдарымен жол жүрген кезде жолаушылардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi де мiндеттi сақтандырылуға жатады.

3. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру және тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi, сондай-ақ сақтандырудың осы түрлерiн (кластарын) ұстау және оларды жүргiзу шарттары бойынша қосымша талаптар Қазақстан Республикасының сақтандырудың осы түрлерi (кластары) туралы заң актілерімен белгiленедi.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



19-бап. Тарифтер

1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделгендерден басқа жағдайларда жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауға еркін (шарттық) тарифтер белгіленеді.

2. Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін жергiлiктi атқарушы орган барлық маршруттар үшін бірыңғай белгілейді.

3. Жолаушылар мен багажды қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі жергiлiктi атқарушы орган бекітетін тарифтер желісіне сәйкес жолдың қашықтығына қарай белгіленеді.

4. Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін жергiлiктi атқарушы орган белгілейді.

5. Осы баптың 2-4-тармақтарына сәйкес белгіленетін тарифтер жергілікті өкілді органмен келісуге жатады.

6. Егер осы баптың 2-4-тармақтарына сәйкес белгіленген тарифтер жолаушылар тасымалының рентабельділігін қамтамасыз етпесе, жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тасымалдаушылардың залалын субсидиялайды.

 

2006.31.01. № 125-III ҚР



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет