Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі №826 қаулысы «Автомобиль көлігі туралы»



бет1/11
Дата13.06.2016
өлшемі3.57 Mb.
#131363
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі №826 қаулысы

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2011 жылғы «18» шілдедегі

№826 қаулысымен

бекітілген

Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау

қағидасы
1. Жалпы ережелер


1. Осы «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау тәртібін реттейді, ол мыналарды:

1) жүктi жеткiзу мерзiмiн;

2) жүктi автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн;

3) тауар-көлiк жүкқұжатының нысанын және оны қолдану тәртiбiн;

4) жүк тиеу және түсiру пункттерiне қойылатын талаптарды;

5) жүктердi автомобильмен тасымалдауға қабылдау, сондай-ақ жүктi межелi пунктiнде өңдеу, сақтау және беру тәртiбiн;

6) тез бүлiнетiн жүктi өткiзу тәртiбiн;

7) құндылығы жарияланған жүктерді тасымалдау тәртiбiн;

8) жүктi таңбалау тәртiбiн;

9) жүктi пломбалау тәртiбiн;

10) актiлер жасау тәртiбiн;

11) жүктi тасымалдау шарттарын өзгерту және бұзу тәртiбiн;

12) жүктi ұстап қалу тәртiбiн;

13) жүктiң жекелеген түрлерiн тасымалдау тәртібін;



14) халықаралық қатынаста тез бұзылатын жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарын куәландыру тәртібін;

15) тез бұзылатын жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарына қойылатын талаптарды қамтиды.

2. Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) автопоезд – жүк автомобилі мен тіркемеден (тіркемелі автопоезд), ершікті тартқыш пен жартылай тіркемеден (ершікті автопоезд) тұратын құрамалы автокөлік құралы;

2) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі тасымалдаушы) меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде автомобиль көлігі құралдарына иелік етуші, жолаушыларды, багажды, жүктерді немесе поштаны тасымалдауда ақыға немесе жалға қызметтер көрсететін және соған белгіленген нысанда берілген лицензиясы немесе тиісті рұқсаты бар заңды немесе жеке тұлға;

3) автомобиль тіркемесі (бұдан әрі – тіркеме) – қозғалтқышпен жабдықталмаған және жүк автомобилінің немесе ершікті тартқыштың құрамында қозғалу үшін арналған автокөлік құралы. Термин жартылай тіркемелер мен ұзартылма тіркемелерге қолданылады;

4) ершікті тартқыш – жеке қозғалтқышпен жабдықталған және тек қана немесе көбіне тіркеме мен жартылай тіркемені тіркеп сүйреуге арналған автокөлік құралы;

5) жүк автомобилі – автомобиль жолдарымен жүктерді тасымалдауға арналған механикалық жетекті автокөлік құралы;

6) жүк алушы жүкті автомобильмен тасымалдау шарты негізінде немесе өзге де заңды негіздерде жүк алуға уәкілетті жеке немесе заңды тұлға;

7) жүк автокөлік құралы (бұдан әрі – автокөлік құралы) – жүк автомобильдерін, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ мамандандырылған автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) қамтитын жүк автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының бірлігі;

8) жүк автомобиль тасымалдары – автомобиль жолдарымен жүк автокөлік құралдарымен жүзеге асырылатын жүк тасымалдары;

9) жүк жөнелтуші оның атынан жүк жөнелту ресімделетін жеке немесе заңды тұлға;

10) тез бүлінетін жүк – шектеулі жарамдылық мерзімі бар және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайларын қажет ететін жүк.
2. Жүктерді жеткізу мерзімі
3. Егер автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау шартында өзгеше көзделмесе, тасымалдаушылар жүктерді баратын жеріне мынадай мерзімде жеткізеді:

1) 250 километрге дейін (бұдан әрі – км) қоса алғанда – бір тәулік;

2) 250 км-ден астам әрбір толық немесе толық емес 250 км-ге жарты тәулік қосылады.

4. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүктерді жеткізу мерзімдері жүктерді тасымалдауға қабылдаған тәуліктің 24-00 сағатынан бастап есептеледі.

Жеткізу мерзімдері қосымша ұлғаяды:

1) жүктерді су айдыны арқылы кемелермен және паромдармен өткелмен тасымалдау кезінде – бір тәулікке;

2) жүктерді тау жолдарымен тасымалдау кезінде – 30 пайызға (%);

3) жол үстінде ветеринарлық немесе өзге де бақылауды жүзеге асыру үшін кідірген кезде - кідірістің барлық уақытысында.

5. Осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген мерзімдер тез бүлінетін жүктерді тасымалдауға қолданылмайды, олардың тасымалдау мерзімдері осы Қағиданың 78-тармағында белгіленген.
3. Жүктердi автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi

6. Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі, олардың тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жалпы талаптар, сондай-ақ автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдаудың қатысушыларының арасында өзара қарым-қатынастар осы Қағидада және шарттарда регламенттеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет