Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі №826 қаулысы «Автомобиль көлігі туралы»


§14. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды



бет5/11
Дата13.06.2016
өлшемі3.57 Mb.
#131363
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
§14. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды

тасымалдау ерекшеліктері
331. Тасымалдаушылар ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды тасымалдау үшін тасымалдауға ұсынылатын ағаштың және ағаштан жасалған бұйымдардың ұзындығын ескере отырып, кониктері, тіркемелері, ұзартылма жартылай тіркемелері бар автомобильдер немесе ернеулі платформалары бар автомобильдер бөледі.

Жүк жөнелтуші тасымалдаушының келісімімен автокөлік құралдарын ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдардың кабинаға сырғу мүмкіндігін болдырмайтын кониктермен және құра-жабдықтармен (сырғанауға қарсы шиналармен немесе жалдармен) жабдықтауы тиіс. Кабинаның артынан оны бөренелер мен шыбықтар бастарының соққыларынан қорғау үшін қалқан орнатылуы тиіс.

332 Ағаш таситын жолдар бойынша ағаш дайындауды жүзеге асыратын мекемелермен, жүктерді автомобильмен тасымалдау шарты бойынша ағаш тасу кезінде автокөлік құралының барынша ені 3,2 м, барынша биіктігі 4 м ретінде қабылданады. Автопоездың жалпы ұзындығына шек қойылмайды. Жүк жөнелтуші тиеу пункттерінде және барлық автомобиль ағаш тасығыш жолдарымен қиылыстарда сымдардың, электр кабельдерінің және тағы басқа кемінде 4,5 м биіктікте ілінуін, сондай-ақ кез келген жүк көтергіштікті ағаш тасығыштардың еркін маневр жасауы мен айырылысуын қамтамасыз етеді.

333. Тасымалдау қашықтығы 10 км дейін болған кезде, ағаш тасу негізінен жартылай тіркемелерді алдын ала тиеу арқылы жүргізіледі.

Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды автокөлік құралына тиеу мен бекітуді – жүк жөнелтуші, ал түсіруді және бекіткіштерін алуды жүк алушы жүзеге асырады. Жүргізушінің тиеу-түсіру жұмыстары мен бекітуге қатысуына рұқсат етілмейді. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды кранның көмегімен тиеу және түсіру кезінде жүргізушінің автокөлік құралының кабинасында болуына рұқсат етілмейді. Жүк жөнелтушінің (жүк алушының) жүкті автокөлік құралы кабинасының үстімен жылжытуына рұқсат етілмейді.

334. Жүк жөнелтуші ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды жүк автомобилі мен тіркеме кониктерінің арасына біркелкі орналастырады. Автокөлік құралындағы жүктің биіктігі ұзартылмадағы жүктің биіктігінен сортаменттер тасылатын болса 100 мм-ден, ал шыбықтар тасылатын болса 300 мм-ден аспайды.

335. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдар тіркемелері бар жүк автомобилімен тасыған жағдайларда жүк автомобильге тіркемені тіркеуді жүк жөнелтуші жүргізеді. Тіркеуші автопоезд жинақтарының арасында жүргізушінің рұқсатымен ғана болуы мүмкін.

336. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар орындардың көлемі мен саны бойынша жүзеге асырады. Жүктің салмағын жүк жөнелтуші есептеу арқылы анықтайды және орындардың көлемі мен саны бойынша тауар-көлік жүкқұжатында көрсетеді.

337. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды тасымалдауға тасымалдаушылар қауіпсіздік техникасы және осындай тасымалдың ерекшеліктері бойынша нұсқаудан өткен жүргізушілерді ғана жібереді.
§15. Жүктерді контейнерлер мен тегендерде тасымалдау
338. Жүктердің ұсақ топтарын ыдыссыз, бастапқы орамасымен немесе жеңілдетілген ыдыспен тасымалдау әмбебап контейнерлермен жүзеге асырылады. Ерекше тасымалдау шарттарын қажет ететін жүктердің жеке түрлерін тасымалдау жағдайында, тасымалдау мамандандырылған контейнерлермен немесе тегендермен жүзеге асырылады. Әмбебап контейнерлермен халық тұтынатын азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары, өнеркәсіптік және басқа ұйымдардың материалдық-техникалық бұйымдары, сондай-ақ азаматтардың үй мүліктері тасымалданады.

Тегендермен пакеттелген түрде ыдысты-майда даралы жүктер тасымалданады.

339. Жүктердің автомобиль тасымалдары үшін қолданылатын әмбебап және мамандандырылған контейнерлер мен тегендер мемлекеттік стандарттарға сәйкес келеді және олардың кімге тиістілігіне қарамастан мынадай таңбасы болады:

1) Қазақстан Республикасы;

2) контейнер тиесілі адамның шартты (қысқартылған) атауы;

3) контейнердің нөмірі;

4) ыдыстың массасы, нетто массасы мен брутто массасы, кг;

5) ішкі көлемі, м3;

6) жасалған орны, айы және жылы;

7) соңғы күрделі жөндеуден өткен орны, айы және жылы.

340. Жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауға арналған әмбебап контейнерлердің негізгі үлгілері, брутто массасы 2,5 (3) тонна (бұдан әрі – т), 5 т, 10 т, 20 т және одан артық контейнерлер болып табылады.

341. Контейнерлер мен тегендерді тасымалдау үшін тасымалдаушылар жүк автомобильдерді, ернеулі платформасы бар тіркемелер мен жартылай тіркемелерді немесе мамандандырылған автокөлік құралдарын (контейнер тасығыштар, фургондар) бөледі.

342. Контейнерлер мен тегендерді автокөлік құралдарына тиеу кезінде мынадай талаптар сақталады:

1) контейнерлер мен тегендер платформаның барлық алаңында, шанақтың алдыңғы ернеуінен (қабырғасынан) бастап оның бойлық білігіне симметриялы түрде біркелкі орналастырылады;

2) контейнерлер мен тегендердің санын және оларды автокөлік құралында орналастыру схемаларын жүк жөнелтуші мен тасымалдаушы бірге белгілейді, бұл ретте контейнерлердің немесе тегендердің брутто жалпы салмағы автокөлік құралының жүк көтергіштігінен аспайды, ал контейнерлер мен табандықтардың көлемдері автокөлік құралдарының көлемдерінен шықпайды, сондай-ақ жол белгілерінде көрсетілген көлемдерден аспайды;

3) қалааралық тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші контейнерлерді автокөлік құралында есіктерін платформаның ішіне қаратып орналастырады;

4) қалалық және қала маңындағы тасымалдау кезінде, шартта автокөлік құралынан контейнерлерді алмай жүктерді тиеу мен түсіруді жүзеге асыру көзделетін болса, контейнерлерді жүк жөнелтуші есіктерін ернеулерге қаратып орналастырады;

5) контейнерлердің толық емес жинағын тасымалдау кезінде, оларды автокөлік құралы платформасының алдыңғы ернеуіне тығыз орналастырады. Бос контейнерлерді есіктерін ашық қалдырып тасымалдауға рұқсат етілмейді.

343. Тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар контейнерлер мен тегендердің алмасу пункттерін кәсіпорындарда, көтерме-сауда базаларында, материалдық-техникалық жабдықтау базаларында, жүк терминалдарында және басқа да жүктерді жөнелту мен алу пункттерінде жасауы мүмкін.

344. Жүктерді контейнерлермен тасымалдауға арналған жылдық шарттарда немесе бір жолғы тапсырыстарда мыналар:

1) әрбір үлгідегі контейнерлермен жүктерді тасымалдау көлемдері (оның ішінде контейнерлерді әкелу және әкету бойынша бөлек түрде);

2) жүк жөнелтушіге бос контейнерлерді әкелу және жүк тиелгендерін әкету кестесі;

3) контейнерлерді тиеу және түсіру тәртібі (оларды автокөлік құралдан алып немесе автокөлік құралдан алмай);

4) жүк жөнелтушіде контейнерлерді алмасу пунктін ұйымдастыру, оның жұмыс тәртібі, айналымдағы контейнерлердің санын белгілеу, құжаттарды ресімдеу тәртібі және тағы басқа;

5) контейнерлердің айналым мерзімдері келісіледі.

345. Тасымалдаушылар тиеу үшін ақаусыз, берілген жүкті тасымалдау үшін жарамды, жүктің қалдықтары мен қоқыстан тазартылған контейнерлерді береді.

Берілген жүкті тасымалдауға арналған контейнерлердің жарамдылығын жүк жөнелтуші анықтайды. Контейнерде, тасымалдау кезінде жүктің сақталуына ықпал етуі мүмкін қандай да болмасын ақаулықтар байқалған кезде, тасымалдаушы мұндай контейнерге тиеуден бас тартуы мүмкін.

Жүктерді қаңқасы қисайған, тиек құрал-жабдықтарында немесе пломбалау құрылғыларында ақаулық, көтеру сырғаларында жарықтар немесе айырылған жерлер бар, қаптамасы немесе төбесі зақымдалған және жүктің жетіспеуіне, бүлінуіне немесе зақымдануына әкелуі мүмкін басқа да ақаулықтары бар контейнерлерде тасымалдауға рұқсат етілмейді.

346. Жүктерді контейнерлерде автомобиль көлігімен тасымалдау осы Қағиданың 7-тарауына сәйкес жасалатын бір автомобильмен (автопоезбен) бір жүк алушының мекенжайына тасымалданатын әрбір тиелген контейнерге немесе контейнерлер тобына жасалатын тауар-көлік жүкқұжатымен ресімделеді.

347. Тауар-көлік жүкқұжатында жүк жөнелтуші:

1) «Жүктің атауы» деген бағанада – жүктің атауын, контейнердің нөмірін, пломбаның бедерін;

2) «Орындар саны» деген бағанада – контейнерлердің санын (әртүрлі жүккөтергіш контейнерлер үшін бөлек);

3) «Салмағы, кг» деген бағанада жүктің брутто салмағын және контейнердің өз салмағын көрсетеді.

Бір тауар-көлік жүкқұжатымен ресімделген бірнеше контейнерді тасымалдау кезінде, жүк жөнелтуші онда барлық контейнерлердің нөмірлері мен олардың әрқайсысындағы пломбаларды көрсетеді.

348. Бос контейнерлерді толтыру үшін алдын ала әкелу кезінде тасымалдаушы әрбір автокөлік құралына екі данада ілеспе ведомосын осы Қағидаға 14-қосымшаға сәйкес жазып береді, олардың біреуі – контейнерлердің қозғалысын есепке алу үшін, ал екіншісі бос контейнерлерді тасымалдау кезінде орындалған көліктік жұмысты есепке алу үшін қызмет етеді.

349. Жүк жөнелтушіде контейнерлерге жүк тиеу және жүк алушыларда жүкті контейнерлерден түсіру, әдетте, контейнерлерді автокөлік құралдан алып жүзеге асырылады.

Тиелген және бос контейнерлерді автокөлік құралдарынан алуды және қоюды жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар жүзеге асырады.

350. Жүк жөнелтуші жүктерді контейнерге толық сыйғанынша, бірақ оның жүк көтергіштігінен асырмай толтыруы мүмкін.

Жүк жөнелтуші жүкті контейнерде, тасымалдау кезінде оның контейнер ішінде жылжып кету мүмкіндігі болмайтындай және жүктеме контейнердің еденіне біркелкі бөлінетіндей етіп орналастырады.

Жүк жөнелтуші жүкті орналастыру кезінде жүк пен контейнер есігінің арасына 30-дан 50 мм дейін бос кеңістік қалдырады. Жүктерді немесе оларды бекітуге арналған құрал-жабдықтарды (тіректер, сыналар, төсемелер және басқалар) контейнердің қабырғаларына, еденіне және төбесіне шегемен немесе қапсырмамен қағуға рұқсат етілмейді.

351. Жүк жөнелтуші жүктерді контейнерлерде ыдыссыз, бастапқы орамасымен немесе жеңілдетілген ыдыспен тасымалдау кезінде, жүктерді қажалудан, майысудан, мұздап қалудан немесе қызып кетуден сақтайтын құралдарды (контейнердің қабырғаларын қағазбен қаптау, қорғаныш тақтайшаларды, резеңке төсемелерді қою, жүкті жұмсақ оқшаулағыш материалдармен орау және тағы басқа) қолданады.

Контейнерге майланған күйдегі қосалқы бөлшектерді, метиздерді және басқа өндірістік-техникалық мақсатқа арналған өнімді тиеу алдында жүк жөнелтуші контейнерге төсеу және контейнердің қабырғалары мен жүктің арасына салу үшін тығыз қағаз қолданады немесе контейнердің ішкі бетін ластанудан және зақымданудан сақтайтын басқа шаралар қабылдайды.

352. Сұйық жүктер контейнерлермен тасымалдауға жеңілдетілген ыдысқа (тор жәшіктер, қатырма қораптар) салынған, сыйымдылығы 1 л аспайтын ұсақ ыдыспен (бөтелкелер, банкалар) ғана жіберіледі.

Контейнерге тиелуі немесе одан түсірілуі тиеу-түсіру механизмдерін қолданусыз мүмкін емес ауыр салмақты жүктер тасымалдауға тасымалдау шарты бойынша қабылданады.

353. Әмбебап контейнерлермен ыдыссыз сусымалы жүктерді, өткір және улы заттарды, сондай-ақ иісі нашар және контейнердің қабырғалары мен еденін ластайтын жүктерді тасымалдауға рұқсат етілмейді.

354. Тасымалдаушылар жүгі бар контейнерлерді контейнерлер мен пломбалардың сыртқы тексерілуі бойынша және жүк жөнелтуші көрсеткен салмақ бойынша жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдайды және жүк алушыға тапсырады.

355. Тиелген контейнерді жүк жөнелтушіден қабылдау кезінде тасымалдаушы контейнердің сыртқы тексерілуін жүргізеді, пломбаның бүтіндігі мен жарамдылығын, пломба сымының бүтіндігін, сондай-ақ контейнерлердің нөмірлері мен пломбалардың бедерлеріндегі жөнелтуші бақылау белгілерінің тауар-көлік жүкқұжатында көрсетілген контейнердің нөмірі мен бақылау белгілеріне сәйкестігін тексереді.

Пломбаларының бедерлері анық емес, сондай-ақ пломбалары дұрыс ілінбеген контейнерді қабылдауға рұқсат етілмейді. Контейнердің немесе пломбаның ақаулылығы, контейнер нөмірі мен пломбалардың бедерлеріндегі белгілердің және тауар-көлік жүкқұжатындағылардың сәйкес еместігі байқалған кезде, тасымалдаушы бұл туралы жүк жөнелтушіге хабарлайды.

Мұндай контейнерлер тасымалдауға байқалған кемшіліктер жойылғаннан кейін қабылданады.

Жүк жөнелтуші автокөлік құралы келгенге дейін контейнерді тиейді, оны осы Қағиданың 5-тарауына сәйкес пломбалайды және ілеспе құжаттарды дайындайды.

356. Жүгі бар әрбір контейнерге жөнелтуші тиелген орындардың санын көрсетіп, мөрмен және қолмен расталған жүктің тізімдемесін салады.

357. Жүк жөнелтушінің зақымданбаған пломбасымен жарамды контейнермен келген жүктер жүк алушыға жүктің салмағы, жай-күйі және жүк орындарының саны тексерілмей беріледі.

358. Жүк алушы жүгі бар контейнерлерді қабылдау кезінде контейнерлердің сыртқы тексерілуін жүргізеді, пломбаның бүтіндігі мен жарамдылығын және контейнерлердің нөмірлері мен пломбалардың бедерлеріндегі жөнелтуші бақылау белгілерінің тауар-көлік жүкқұжатында көрсетілген контейнерлердің нөмірлері мен бақылау белгілеріне сәйкестігін тексереді және тауар-көлік жүкқұжатында контейнерді қабылдағаны туралы қол қояды. Жүк алушының тауар-көлік жүкқұжатындағы қолы мөрмен немесе мөртабанмен расталғаннан кейін ғана жүк алушы пломбаны алуы және контейнерді ашуы мүмкін.

359. Жүк жарамсыз контейнерде, сондай-ақ пломбасы бұзылған немесе болмаған контейнерде келген жағдайда, жүк алушы контейнерді тасымалдаушымен бірге ашады, салмағын, орындар санын және жүктің жай-күйін тексереді және жүктің жоғалғаны, бүлінгені немесе зақымданғаны байқалған жағдайда тауар-көлік жүкқұжатына жазады немесе осы Қағиданың 11-тарауына сәйкес акті жасайды.

360. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүктер түсірілгеннен кейін жүк алушылар контейнерлерді жүктердің қалдықтарынан тазартады, ал шикі мал өнімдерін және тез бүлінетін жүктерді тасымалдаудан кейін жүк алушы контейнерлерді жуады және қажет болса оларды дезинфекциялауды жүргізеді.

361. Жүктердің темір жол станцияларынан, теңіз порттарынан (айлақтардан) және әуежайлардан орталықтандырылған әкетілуі кезінде жүк алушылар өздерінің мекенжайына келген жүгі бар контейнерлерді, жүктерді көліктің тиісті түрлерімен тасымалдау қағидаларында белгіленген мерзімдерде қабылдайды.


§16. Пакеттелген жүктерді тасымалдау ерекшеліктері
362. Өздерінің өлшемдері мен қасиеттері бойынша пакеттеліп жасалуы мүмкін, жүктерді жүк жөнелтуші тасымалдауға, әдетте, пакеттелген түрде ұсынады.

363. Пакет деп ыдыстағы (жәшіктердегі, қаптардағы, бөшкелерді және басқалар) жеке орындардан құралған, бір-бірімен бір рет пайдаланылатын тасымалдау және сақтау үдерісінде әмбебап немесе арнайы немесе көп айналымдық пакеттегіш құралдардың көмегімен байланыстырылатын тегендердегі немесе оларсыз:

1) механикаландырылған тиеу (түсіру) мүмкіндігін;

2) пакеттердің бүтіндігін;

3) автокөлік құралдарының жүк көтергіштігін (сыйымдылығын) барынша пайдалануды қамтамасыз ететін ірілендірілген жүк орны түсініледі.

364. Пакеттегі жүктерді бекіту құралдарында жүк жөнелтушінің бақылау белгілері болады және бекіткіштер мен бақылау белгілерін бұзбай пакеттерден жеке жүк орындарын алу мүмкіндігін болдырмайды.

Жүк жөнелтушінің атауы бар пломбалар, құлыпқа бекітілген бақылау таспасы, отырғызу пленкасы бақылау белгілері болып табылады.

Аталған талаптар дұрыс сақтамай құралған пакеттермен жүктерді тасымалдауға беруге рұқсат етілмейді.

365. Жүктерді пакеттеуді жүк жөнелтуші оларды тасымалдауға бергенге дейін жүзеге асырады.

Жүк жөнелтуші пакетте пакеттегі жүк орындарының санын, сондай-ақ пакеттің брутто және нетто салмағын көрсетеді.

366. Жүк жөнелтуші пакеттерді мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес қалыптастырады.

Әрбір пакетке бірдей орамадағы немесе орамасыз, бір жүк алушының мекенжайына баратын біртекті жүкті ғана салуға рұқсат беріледі.

367. Тегендердегі пакеттермен ыдысты және майда даралы жүктер тасымалданады. Жайпақ тегендерде стандартты ыдыстағы және орамадағы (жәшіктердегі, қораптардағы, қаптардағы және т.б.); тағанды тегендерде – беріктігі жеткілікті емес ыдыстағы майда даралы, тіреу беттері тегіс емес осал жүктер жәшікті тегендерде орамасыз жүктер, машина жасау, парфюмерия, резеңке техникалық өнеркәсіптің ұсақ өнімдері тасымалданады.

Кейбір жүктер (түсті металдардың құймалары, шиналар, бумалар және басқалар) тегендерді қолданбай пакеттелуі мүмкін.

368. Көп айналымдық пакеттегіш құралдарды қауіпті жүктер мен өзіне тән иісі бар жүктерді пакеттеу үшін пайдалануға рұқсат етілмейді. Мұндай жүктерге ерекше жағдайларда пайдаланылған пакеттегіш құралдарды тасымалдаушы жүк алушыдан – олар тазартылғаннан кейін, ал қажет жағдайларда жуып және дезинфекцияланғаннан кейін қабылдайды.

Жайпақ тегендердегі жәшіктерді бекіткіштердің схемалары осы Қағидаға 11-қосымшада келтірілген.

369. Жүктерді тегендерге шегелермен, қапсырмалармен немесе басқа жүкті немесе тегенді зақымдауы мүмкін осыларға ұқсас құралдармен бекітуге рұқсат етілмейді.

370. Пакет құрастыру кезінде мынадай талаптар сақталады:

1) пакеттің салмағы тегендіктің атаулы жүк көтергіштігінен аспайды;

2) жайпақ тегеннің жан-жағынан пакеттің жиынтық асылмасы 40 мм аспайды.

371. Жүк жөнелтушілерге (жүк алушыларға) тиесілі тегендер жүктерді тасымалдаудан кейін, егер шарттардың талаптары бойынша өзгеше көзделмесе, өздерінің иелеріне қайтарылады.

Бос тегендерді тасымалдау құны уағдаласу тарифтері бойынша алынады.

372. Жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауға арналған жылдық шартта немесе біржолғы тапсырыста:

1) пакеттелген жүктерді тасымалдау көлемі;

2) тегендердің (пакеттердің) үлгілері мен параметрлері;

3) пакеттерді тиеу және түсіру тәртібі мен тәсілдері;

4) тегендерді қайтару немесе алмастыру тәртібі мен мерзімдері;

5) пакеттелген жүктерді тасымалдауға тән басқа да жағдайлар қосымша келісіледі.

373. Тауар-көлік жүкқұжатында жүк жөнелтуші:

1) пакеттердің санын, жеке орындардың буылып-түйілу түрін, мемлекеттік стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес теген үлгісін;

2) пакеттегі жүктің нетто салмағын;

3) пакеттердің брутто салмағын көрсетеді.

Тауар-көлік жүкқұжатының барлық қалған деректемелері осы Қағиданың 4-тарауына сәйкес толтырылады.

374. Жүктерді пакеттермен жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар пакеттердің санын сырттай тексеру бойынша пакеттерді бөлшектемей және салмағын тексермей тексеру арқылы жүзеге асырады.

375. Бекіткіші бұзылып келген пакеттер жүк алушының талап етуі бойынша бөлшектеледі, ал зақымданған жүк орындары салмағы пакеттегі жүк орындарының санын тексеру арқылы беріледі.

Тиелген күйдегі ақаулы тегендерді жүк алушы қабылдайды.

376. Бос тегендерді алуды, пакеттерді құрастыруды, оларды автокөлік құралдарына тиеуді және бекітуді – жүк жөнелтуші, ал пакеттерді босатуды, оларды автокөлік құралынан алуды, тегендерді түсіруді, автокөлік құралдарына бос тегендерді тиеуді жүк алушы жүзеге асырады.

Жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар пакеттелген жүктердің механикаландырылған тиелуі мен түсірілуін қамтамасыз етеді.

377. Ақаулы бос тегендерді тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар қабылдамайды.
15. Халықаралық қатынаста тез бүлінетін жүктерді

тасымалдайтын автокөліктік құралдарын куәландыру тәртібі
378. Куәландыруды ұйымдасытру тәртібі автомобиль көлігімен жүзеге асырылатын тез бүлінетін жүктердің халықаралық тасымалдары үшін арналған арнайы көлік құралдарын тексеруді жүргізетін сынақ станциялары мен сараптық ұйымдарға (сарапшыларға) қойылатын негізгі талаптарды анықтайды.

379. Сынақ станциялары мен сараптық ұйымдарды (сарапшылар) жазбаша өтініштің негізінде автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекітеді.

380. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) үміткердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік көшірмесі, не салыстыру үшін түпнұсқасын көрсете отырып көшірмесі. Куәліктің түпнұсқасы сол күні қайтарылады;

2) өндірістік база, соның ішінде оларды пайдалану жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына, сондай-ақ ТБТҚ талаптарына сәйкес көлік құралдарын суытуға немесе жылытуға арналған жабдықтың изотермиялық қасиеттері мен тиімділігін сынақтан өткізу немесе сараптық тексеру әдістеріне сай келетін сынақ құралдары мен бақылау-өлшеу аспаптары туралы мәліметтер;

3) ТБТҚ талаптарына сәйкес тексеру жүргізу үшін арнайы біліктілік даярлығынан өткен және көлік құралдарын тексеру саласында іс жүзінде машығы бар персонал туралы мәліметтер;

381. Үмітерлерден өтініш алынған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды зерделеуді жүргізеді;

382. Үміткердің дайындығы оң бағаланған жағдайда, оның көлік құралдарының ТБТҚ талаптарына сәйкестігіне сынақ және сараптық тексеру жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруы шешім қабылданғаннан кейін 5 жұмыс күнінің ішінде уәкілетті орган бұйрығымен бекітілуге жатады.

383. Сынақ станциялары мен сараптық ұйымдардың (сарапшылардың) функциясын орындауға үміткер теріс бағаланған жағдайда, үміткер шешім қабылданғаннан кейін 5 жұмыс күнінің ішінде бас тартудың себептері көрсетіле отырып, жазбаша түрде хабардар етіледі.

384. Уәкілетті орган көлік құралдарының ТБТҚ талаптарына сәйкестігіне сынақ станцияларының тиісті функцияларын және сараптық тексерулерді орындауға үміткерлерден мынадай жағдайларда:

1) ұсынылған құжаттар толық емес немесе осы Қағиданың 380-тармағында көрсетілген белгіленген талаптарға сәйкес болмаса;

2) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтер жалған болса;

3) үміткердің қызмет көрсетуші персоналының мамандығы ТБТҚ талаптарына сәйкес тексеру жүргізуге сәйкес болмаса, сондай-ақ оларда ТБТҚ мүше елдердің оқыту ұйымдарында қажетті емтихандарды тапсырып, сынақтарды өткізу жөніндегі арнайы дайындықтан өткендігі туралы куәліктері немесе сертификаттары болмаса;

4) өндірістік техникалық базасы болмаса немесе ТБТҚ талаптарына сәйкес келмесе бас тартады.

385. Уәкілетті орган сынақ станциялары мен сараптық ұйымдардың (сарапшылардың) көлік құралдарының ТБТҚ талаптарына сәйкестігіне сынақ және сараптық тексеруді жүргізу мүмкіндігіне бес жылда бір рет қосымша тексеру жүргізеді.

386. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда сынақ станцияларының немесе сараптық ұйымдардың іс-әрекетін тоқтату туралы шешім қабылдайды:

1) сынақ станциясының немесе сараптық ұйымның жазбаша өтініші негізінде;

2) осы Қағиданың талаптары бұзылғанда;

3) уәкілетті органға ұсынылған материалдар мен құжаттардың бұрмалану фактілері анықталғанда;

4) егер көлік құралдарын сынау немесе сараптық тексеру екі жыл ішінде өткізілмесе;

5) арызданушылардың сынақ немесе сараптық тексеруді жүргізу сапасының қанағаттанарлықсыздығына бірнеше рет берген негізді өтініші бойынша.

387. Көлік құралдарының ТБТҚ талаптарына сәйкес сынақ немесе сараптық тексеру жүргізу үшін өтініш берушілер уәкілетті орган бекіткен сынақ станцияларына немесе сараптық ұйымдарға (сарапшыларға) өтініш жасайды.

388. Сынақ станциялары ТБТҚ талаптарына сәйкес көлік құралдарын сынауды орындайды және сынақ хаттамаларын береді.

389. Сараптық ұйымдар (сарапшылар) ТБТҚ талаптарына сәйкес көлік құралдарын сараптық тексеруді орындайды және сараптық тексеру хаттамаларын береді.

390. Көлік құралының Халықаралық тез бүлінетін тамақ өнімдерін тасымалдау туралы және осы тасымалдауларға (ТБТҚ) арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімнің талаптарына сәйкестігі туралы белгіленген үлгідегі куәлік (бұдан әрі – Куәлік) алу үшін өтініш берушілер осы Қағиданың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті, техникалық паспорттың көшірмесін, сынақ хаттамасының түпнұсқасын немесе сараптық тексеру хаттамасының түпнұсқасын уәкілетті органға жібереді.

391. Сынақ станциялары немесе сараптық ұйымдар (сарапшылар) беретін осы сынақ хаттамалардың оң нәтижелерінін негізінде уәкілетті орган осы Қағиданың 17-қосымшасына сәйкес өтініш берушіге Куәлікті ресімдейді және береді.

392. ТБТҚ Уағдаласушы тараптар болып табылатын шет елдердің құзыретті органдары берген куәліктер уақытша болып табылады және Қазақстан Республикасында көлік құралын мемлекеттік тіркегеннен кейін үш айдың ішінде уәкілетті орган берген Куәлікпен ауыстырылуы тиіс.

Шет елдердің құзыретті органдары берген куәлікті Қазақстан Республикасының Куәлігіне ауыстырған кезде өтініш беруші уәкілетті органға өтінімін, ауыстырылатын Куәлікті және ауыстырылатын куәліктің деректері негізінде толтырылатын Куәлік бланкісін ұсынуы қажет.

393. Куәлік алған өтініш берушілердің көлік құралының ТБТҚ талаптарына сәйкестігі туралы ілме-куәлікті көлік құралына іліп қоюына болады. Ілме-куәліктің нысаны, жазылуы және орналасқан орны ТБТҚ талаптарына сәйкес болуы тиіс.

394. Тез бүлінетін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарында пайдаланылатын және ТБТҚ талаптарына сәйкес келетін, уәкілетті орган берген Куәлікті алған көлік құралдарына ТБТҚ талаптарына сәйкес танудың әріптік белгілері мен жазулары түсіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет