Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы


Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты



бет2/12
Дата12.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#130599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

4. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты
емес тасымалдау маршруттарында жүргiзушiлердi рейс алдындағы
(ауысым алдындағы) медициналық куәландыруды ұйымдастыру және
жүргiзу
      44. Тасымалдаушы жүргiзушiлердi медициналық қызметкердің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан өткiзуiн қамтамасыз етедi.
      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      45. Жүргiзушi рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан рейске (ауысымға) шыққанға дейiн немесе таксидегi жұмыс басталғанға дейiн отыз минут бұрын жол қағазын немесе борт журналын, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты көрсету бойынша өтедi.
      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      46. Бiр күн iшiнде бiрнеше рейс орындау қажет болған кезде, рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыру бiрiншi рейстің алдында бiр рет өткiзiледi.
      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      47. Жүргiзушiлердi рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыру жеке жүргiзiледi және оған:
      1) сауал беру, тексерiлетiннiң сыртқы түрiн, жүрiсiн, тұрысын, мiнез-құлқы мен көңiл-күй әрекеттерiнiң барабарлығын, сөзiнiң байланыстылығы мен нақтылығын, iс-қимылын, санасын, терi жабыны мен көрiнетiн сiлекейлi жабыны, көз шелiнiң түсiн, көз жанарының мөлшерiн, тыныс алу ерекшелiктерiн қарау және бағалау;
      2) айтылған арыздарды, рейсаралық (ауысымаралық) тынығу мен ұйқы ұзақтығын айқындау және қарау;
      3) артериялық қысымды, пульстiң жиілiгi мен сапалық сипаттамаларын өлшеу және бағалау, дене температурасын өлшеу, тамақты тексеру, лимфа түйiндерiн, iштi қарау, Ромберг тұрысындағы орнықтылықты, саусақ-мұрын және басқа да координациялық сынамаларды орындау дәлдiгiн анықтау кiредi. Жүргiзушi ауруының анамнезiнде артериялық гипертония болған кезде, рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудың жеке картасында жүргiзушiнiң негiзгi функционалдық көрсеткiштерiнiң рұқсат етiлген параметрлерi белгiленедi.
      Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      48. Шағымдары, аурудың нақты белгiлерi мен ағзаның жұмыс iстеу жай-күйiнiң бұзылуы болмаған кезде, тексерiлушi көлiк құралдарын басқаруға жiберiледi.
      Медициналық қызметкер жүргiзушiлер жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауын жүзеге асырған кезде – борт журналының, жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды, сондай-ақ таксимен тасымалдауды жүзеге асырған кезде – жол қағазының тиiстi бағаналарына мөртабан қояды. Мөртабанда тексеруден өткен күн, уақыт және медициналық қызметкердiң қолы қойылады.
      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      49. Алькогольдік, нашақорлық, токсикомандық күйде (ауыздан алкоголь иiсiнiң шығуы, тұру орнықсыздығы, сөздiң бұзылуы, саусақтардың нақты дiрiлi, терi беттерi түсiнiң өзгеруi) екенiне жеткiлiктi негiз бар адамдар көлiк құралдарын басқаруға жiберiлмейдi.
      Осы қорытындымен келiспеген жағдайда, бұл адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес психоактивтi затты қолдану фактісін және масаң жай-күйін белгілеу үшiн медициналық куәландыруды жүргiзуге уәкiлеттi жақын арадағы медициналық ұйымға жiберiледi.
      Ескерту. 49-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      50. Жарақат табылған және қатты ауыру немесе ескi аурудың күшеюi белгiлерi - қан қысымының қалыпты немесе жеке рұқсат етiлген параметрлерден сынап бағанасының 20 мм-ге артық болуы, брадикардия минутына 55 соғудан кем, тахикардия минутына 85 соғудан артық (жүргiзушi пульсiнiң жеке рұқсат етiлген параметрлерiн қоспағанда), артериялық гипертония, қатты инфекциялық ауру белгiлерi, ауыру синдромы, естен тану және денсаулық жай-күйiнiң басқа бұзушылықтары байқалған кезде, жүргiзушiлер емдеу және уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау үшiн маманға қабылдауға жiберiледi. Қажет болған кезде жедел медициналық жәрдем шақыру қамтамасыз етiледi.
      Уақытша еңбекке жарамсыздық белгiлерi амбулаториялық-емханалық ұйымдар жұмыс iстемейтiн уақытта анықталған жағдайда, науқасқа қажеттi медициналық көмек көрсетiледi және тексеру күнiн, уақытын, болжанған диагнозды және көрсетiлген медициналық көмектiң мөлшерiн мiндеттi түрде көрсетiп, маманға жолдама ресiмделедi, ол дәрiгердiң Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес еңбекке жарамсыздық парағын беру үшiн негiз болып табылады.
      51. Медициналық қызметкер рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыру жүргiзу сәтiне жүргiзушiнің көлiк құралдарын жүргізуге жарамдылығы туралы қорытынды бередi.
      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      52. Медициналық қызметкер тасымалдаушыны тексерулерден бас тарту жағдайлары туралы, науқастану, жарақаттар, психактивтi зат қолдану белгiлерi байқалған кезде жүргiзушiлердiң көлiк құралдарының басқарудан шеттетiлуi туралы тасымалдаушыны дереу хабардар етедi.
2-тарау. Автовокзалдарға, автостанцияларға және жолаушыларға
қызмет көрсету пункттеріне қойылатын талаптар және олардың
жұмыс iстеу тәртiбi
      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
1. Жалпы ережелер
      53. Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары оларды облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) автовокзалдары, автостанциялары және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тiзiлiмiне енгізілуі негiзiнде жұмыс iстейдi.
      Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тiзiлiмiне енгізу үшiн комиссия (бұдан әрi – комиссия) құрады.
      Комиссия құрамы облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмiнің өкiмiмен айқындалады.
      Комиссияға:
      1) жергiлiктi атқарушы органдардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның);
      2) көлiктiк бақылаудың аумақтық органдарының;
      3) жол полициясы аумақтық органдарының;
      4) автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қоғамдық бiрлестiктерiнiң және тасымалдаушылардың өкiлдерi енгiзiледi.
      Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.
      Автовокзалдарды, автостанцияларды және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) автовокзалдары, автостанциялары және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тiзiлiмiне енгiзудi Комиссия ұсынған хаттама бойынша жергiлiктi атқарушы орган қабылдайды.
      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      54. Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің жұмыс режимi жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылармен шарттық қатынастарды ескере отырып, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының келiсiмi бойынша айқындалады.
      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      55. Автовокзалдар кемінде бес мың шаршы метр аумақта орналасады.
      56. Автостанциялар кемінде екі жарым мың шаршы метр аумақта орналасады.
      57. Автовокзалдар мен автостанциялар мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
      1) жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды ұйымдастыру;
      2) маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс кестесiн сақтауын ұйымдастыру;
      3) жолаушылардың қауiпсiз мiнуi мен түсуiн, багажды тиеу мен түсiрудi ұйымдастыру;
      4) егер тасымалдаушылардың осы функцияларды орындауы мүмкiн болмаса, жолаушыларды тасымалдау қауiпсiздiгiн сақтау, жүргiзушiлердi рейс алдында медициналық куәландыруды және автобустардың, шағын автобустардың техникалық жай-күйiн бақылауды жүргiзу бойынша шараларды қамтамасыз ету;
      5) жолаушыларды ақпараттық қамтамасыз ету;
      6) багаж бен қол жүгiн сақтауды ұйымдастыру;
      7) жолаушыларды сапардың басталуын күту үшiн жағдаймен қамтамасыз ету;
      8) қолданылып жүрген маршрут желiсiндегi автовокзалдарды (автостанцияларды) автобустардағы (шағын автобустардағы) бос немесе босайтын орындардың бар екені туралы, сондай-ақ қозғалыс кестесiндегi өзгерiстер немесе автобустардың кестеден озу (кейiн қалу) уақыты, кестеде көзделмеген қосымша рейстердi алып тастау немесе енгiзу, қосымша автобустарды жiберу туралы хабардар ету;
      9) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың қызмет көрсету тәртiбi және қозғалыс кестелерiн (графиктерiн) бұзулары туралы, сондай-ақ осы Қағидаға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тасымалдаушы және іске қосылған жылжымалы құрам туралы мәліметтерді көрсету арқылы жөнелтілген қосымша рейстердің саны туралы ақпаратты маршруттар бойынша талдауды жүргізу үшін маршруттарды ұйымдастырушыларға (рұқсат құжаттарын немесе куәлікті берген) ай сайын, келесi айдың 5-күнiнен кешiктiрмей хабардар ету.
      Ескерту. 57-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      57-1. Жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкімшілігі мынадай негізгі функцияларды атқарады:
      1) жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру;
      2) жолаушыларды қауіпсіз отырғызуды және түсіруді, багажды тиеу мен түсіруді ұйымдастыру;
      3) жолаушыларды ақпараттық қамтамасыз ету;
      4) жолаушыларға жол жүрудің басталуын күту үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
      Ескерту. Қағида 57-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      58. Автовокзалдар мен автостанциялардың өз құрамында:
      1) ақпараттық қамтамасыз ету;
      2) автобустар мен шағын автобустар тұратын алаң;
      3) жолаушыларға арналған күту залы (залдары);
      4) жол жүру құжаттарын (билеттерiн), оның iшiнде алдын ала сатуға арналған касса (кассалар);
      5) багажды сақтау камерасы (камералары);
      6) диспетчерлiк пункттер;
      7) қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес персонал мен жолаушылар үшін санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар;
      8) жүргiзушiлер демалатын қызметтiк үй-жайлар бар.
      Автовокзалдар үшін қосымша талаптар:
      1) анықтама бюросы;
      2) қоғамдық тамақтану пунктi;
      3) ана мен бала бөлмесi;
      4) автобустар мен шағын автобустарды тексеруге арналған бекеттер;
      5) қоғамдық тәртiптi қорғау пунктi;
      6) медициналық көмек пунктi және дәрiхана дүңгiршегi;
      7) Интернет желісіне сымсыз қол жеткізу нүктелері;
      8) жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiнде, жолаушыларға арналған күту залында, автобустар мен шағын автобустардың тұрағына арналған алаңдарда бейнебақылау.
      Ескерту. 58-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2014 N 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
      58-1. Автовокзалдар мен автостанцияларда:
      1) мүгедектердің автокөлік құралдарын қою үшін арнайы жол белгілері орнатылған орындарды бөлу;
      2) ғимараттарды, ғимаратқа кірер жолдарды, баспалдақтарды, ғимарат ішіндегі қозғалу жолдарын мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдардың қозғалуы үшін ыңғайластыру;
      3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес есту мен көру қабілеті бойынша мүгедектерге арналған қолжетімді ақпараттық сигнал беру құрылғыларымен және байланыс құралдарымен жабдықтау;
      4) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың баяу қимылдайтын басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы;
      5) күту залдарында мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, жабдықталуға тиіс мүгедектерге арналған арнайы орындар бөлу;
      6) қоғамдық дәретханаларды мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықтау;
      7) мүгедектерге қызмет көрсету үшін арнайы бейімделген билет кассаларымен жабдықтау қамтамасыз етіледі.
      Жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде осы тармақтың 2) тармақшасының талабы қамтамасыз етіледі.
      Ескерту. Қағида 58-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      58-2. Жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің құрамында:
      1) жолаушыларды қауіпсіз отырғызу мен түсіру, багажды тиеу мен түсіруге арналған алаң;
      2) автобустарды қоюға арналған алаң;
      3) жол жүру құжаттарын (билеттерін) және багаж түбіртектерін сатуға арналған орын;
      4) жолаушыларды әртүрлі ауа райы жағдайларынан қорғауға арналған ғимарат бар.
      Ескерту. Қағида 58-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      59. Сақтау камерасының жұмысын ұйымдастыру кезiнде мынадай талаптар сақталады:
      1) автоматты емес сақтау камерасына багажды тапсыруға және алуға кететiн уақыт шығыны барынша төмен болуы тиiс;
      2) сақтауға тапсырылған багаждың сақталуын, сақтау камерасы үй-жайының құрғақ және таза күйде күтiп ұсталуын, жеткiлiктi табиғи немесе жасанды ауа тарту желдеткiшi болса, онда тұрақты бөлме температурасын ұстап тұруды қамтамасыз етуi тиiс;
      3) ол арқылы багажды қабылдау және беру жүзеге асырылатын автоматты емес сақтау камерасы, операциялық терезесiнiң төменгi жағы еденнен 70 см биiк емес, терезенiң сыртқы жағынан багажды тапсыруға дайындау үшiн үстел қойылып орналасуы тиiс;
      4) операциялық терезенiң жанында сақтау камерасының жұмыс режимi, багажды сақтауға қабылдау тәртiбi мен шарттары, сақтау мерзiмдерi мен құны бар тақтайша iлiнедi;
      5) багаж жол жүру құжаттарының болуына қарамастан сақтауға қабылданады.
      60. Автовокзалдарда жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық тұрақты тасымалдау бағыттарында жұмыс iстейтiн автобустардың, шағын автобустардың жүргiзушiлерiне еңбек және демалыс режимiнiң шарттары бойынша оларға тұрақты тұратын жерiнен басқа жерде демалуға тура келген жағдайда, демалуға (ұйқыға) арналған арнайы жабдықталған үй-жайлар берiледі.
      61. Жүргiзушiлердiң демалыс бөлмелерiнде суық және ыстық суы бар душ бөлмесi, күндiзгi уақытта демалысты қамтамасыз етуге арналған қараңғылаушы перделер болуы тиiс. Бөлмелерде жүргiзушiлердегi құнды заттарды, сатылған билеттердiң ақшасын, сондай-ақ жол жүру құжаттарының (билеттердiң) бланкiлерi мен багаж түбiртектерiн сақтау мүмкiндiгi қамтамасыз етiлуi тиiс.
      62. Автовокзалдарда 5 жасқа дейiнгi баласы бар жолаушыларға, жүктi әйелдерге және кресло-арба пайдаланатын мүгедектерге қызмет көрсетуге арналған ана мен бала бөлмесiнiң жұмысы ұйымдастырылады. Үй-жайлардың көлемi мен құрамы, сондай-ақ қызмет көрсететiн персоналдың саны автовокзал жұмысының көлемiне сәйкес келуi тиiс.
      63. Жолаушылар ағыны тәулiгiне 1000 адамнан артық автовокзалдарда ана мен балаға арналған бөлменiң құрамына:
      1) балалардың және оларды алып жүретiн ересектердiң демалуға арналған кереуеттерi, балаларды құндақтауға арналған орны, киiмдер мен заттарды сақтауға арналған шкафы бар бөлмесi;
      2) тоңазытқышы мен электр шәйнегi бар тамақ дайындауға және қабылдауға арналған бөлмесi;
      3) қолжуғышы және жинау керек-жарағын сақтауға арналған орны, қолға арналған электр кептiргiшi немесе бiр реттiк сүлгiсi және бала киiмiн кептiруге арналған шкафы бар дәретхана бөлмесi кiредi.
      64. Ана мен балаға арналған бөлмеге балалы жолаушылар мен жүктi әйелдер қысқа уақытқа да – тамақтандыру, қайта құндақтау, автобустың жөнелтiлуiн күту үшiн қысқа демалыс үшiн де, сондай-ақ ұйықтау үшiн төсектердi пайдалана отырып қабылданады.
      65. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      66. Балалы жолаушылар мен жүктi әйелдерге жол жүру құжаттарын (билеттердi) ана мен бала бөлмесiнің кезекшiсі арқылы, осы қызметтер үшiн ақы төлемей сатып алу мүмкiндiгi берiледi.
      67. Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық, ауданiшiлiк және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларға, тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкiмшiлiгi арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Қағидаға сәйкес жасалатын шарттардың негiзiнде қызмет көрсетедi.
      Бұл ретте жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларға қызмет көрсету, олар белгiленген тәртiппен тиiстi маршрутта жұмыс iстеуге арналған автомобильмен жолаушылар мен багажды тұрақты халықаралық тасымалдауларға рұқсатты және автомобильмен жолаушылар мен багажды тұрақты республикаішілік тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсетуге арналған куәлікті, маршрут бойынша қозғалыс схемасын және ол бойынша қозғалыс кестесін, жолаушылар мен багажды тасымалдауға тарифтерді ұсынған кезде ғана рұқсат етiледi.
      Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері осы Қағидаға сәйкес аталған қызмет түрiне жіберілген жолаушылар мен багажды тасымалдаушылармен шарттар жасасады.
      Шарт тасымалдаушылар автовокзалға, автостанцияға және жолаушыларға қызмет көрсету пунктіне осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген рұқсат құжаттарын берген күннен бастап он күн ішінде жасалады.
      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      68. Тасымалдаушыдан рұқсат құжаттарын кері қайтарып алу автовокзалдармен, автостанциялармен және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерімен шартты бұзу үшiн негiз болып табылады.
      Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      69. Автовокзалдар мен автостанциялар белгiлi бiр тұрақты маршруттарда тасымалдау көлемi артқан жағдайда, аталған маршрутқа қызмет көрсететiн тасымалдаушының қосымша автобустары мен шағын автобустарының шығуын ұйымдастырады.
      Осы тасымалдаушы жазбаша бас тартқан жағдайда автовокзалдың немесе автостанцияның әкімшілігі мынадай критерийлер бойынша басқа тасымалдаушылардың автобустарын, шағын автобустарын тартады:
      1) тұрақты жолаушылар автобус маршруттарында жұмыс істейтін;
      2) осы маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушының автобустары мен шағын автобустарының класынан төмен емес автобустар мен шағын автобустары бар.
      Басқа тасымалдаушылардың қосымша автобустары мен шағын автобустарын жөнелту кезінде жол парағында қосымша рейсті орындау туралы автовокзалдың немесе автостанцияның мөрімен бекітілген белгі қосымша рейсті орындауға арналған рұқсат болып табылады.
      Тасымалдау көлемi мерзімді (маусымдық, кешкi және басқалар) артқан жағдайларда автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері мен тасымалдаушылар облыстың жергiлiктi атқарушы органдарына тұрақты маршруттарды ұйымдастыру туралы ұсыныстар енгiзедi.
      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      70. Автовокзалдар мен автостанциялардың үй-жайларын ылғалды жинау күнiне кемiнде екi рет және ластануына байланысты жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргiзiледi.
      Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      70-1. Жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің үй-жайларын ылғалды жинау тәулігіне кемінде бір рет және ластануына байланысты жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.
      Ескерту. Қағида 70-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      71. Автовокзалдары, автостанциялары және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері жоқ, тұрғындарының саны 50 адамнан аз шаруа қоныстарында және өзге де елді мекендерде халықаралық, облысаралық, облысiшiлiк және қала маңы қатынастарға жолаушылар мен багажды тұрақты маршруттарда тасымалдау бойынша жол жүруге жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбiртектерiн сататын кассалық пункттердi ашуға рұқсат етiледi.
      Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      72. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      73. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары автовокзалдарды, автостанцияларды және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін облыстың автовокзалдары, автостанциялары және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тiзiлiмiнен комиссияның келiсiмi бойынша мынадай жағдайларда:
      олар осы Қағиданың 58, 58-1 және 58-2-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген кезде;
      осы Қағиданың 57 және 57-1-тармақтарында көзделген негiзгi функцияларды тиiсiнше орындамаған кезде;
      олардың қызметтері ҚР СТ 2271-2012 «Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтері.» ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келмеген кезде шығарады.
      Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
2. Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сату тәртiбi, жол жүру
құжаттарын (билеттерiн) және олардың құнын қайтару тәртiбi
және шарттары
      74. Жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату:
      1) автовокзалдардың, автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің билет кассалары және кассалық пункттер арқылы;
      2) маршруттың аралық аялдама пункттерiнде билет кассалары болмаған жағдайда автобуста, шағын автобуста отыратын бос орындар болса, сондай-ақ жолаушылар мен багажды 50 км артық қашықтықта тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде автобустар мен шағын автобустардың толу нормасына дейiн жүргiзушi немесе кондуктор;
      3) оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып, жолаушылар агенттіктері жүзеге асырады.
      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      75. Автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері және кассалық пункттердiң жолаушыларды тұрақты емес тасымалдауға жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуы жүзеге асырылмайды.
      Автовокзалдар, автостанциялар мен кассалық пункттердiң жолаушылардың тұрақты емес тасымалдауына билеттер сатуына рұқсат етiлмейдi.
      Ескерту. 75-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      75-1. Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан елді мекендер арасында жол жүруге жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыратын автобустар мен шағын автобустарға жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды жүзеге асырмайды.
      Ескерту. Қағида 75-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      76. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) ағымдағы сатумен қатар алдын ала сату, сондай-ақ байланыс құралдарын пайдалану және үйге жеткізіп беру арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату жүзеге асырылады.
      Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) алдын ала сату, сондай-ақ байланыс құралдарын пайдалану арқылы сатылған жол жүру құжаттарын (билеттерiн) үйге жеткiзiп бергенi үшiн қызмет көрсеткенi үшiн ақы алынуы мүмкін.
      Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      77. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) алдын ала сату, соның ішінде билет алуға тапсырысты ресімдеу автобус, шағын автобус жөнелтілгенге дейін күнтiзбелiк 30 күн бұрын басталады және автобус, шағын автобус жөнелтілгенге дейін 24 сағат бұрын аяқталады.
      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      78. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) ағымдағы сату автобус, шағын автобус жөнелтілгенге дейін 5 минут бұрын аяқталады.
      Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      79. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      80. Жол жүру құжаты (билетi) жоғалған және жолаушы автобус, шағын автобус жөнелтiлгенге дейiн жол жүру құжатын (билетiн) сатқан адамға немесе тасымалдаушыға барған және жолаушының жол жүру құжатын (билетiн) сатып алғаны расталған жағдайда, билет ақы алмай қалпына келтiрiлуi тиiс.
      Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      81. Жолаушы алынған жол жүру құжатын (билетiн) кассаға автобус немесе шағын автобус жөнелтiлгенге дейiн қайтарған кезде, оған жол жүру құжатын (билетiн) сатқан адам қайтарылған жол жүру құжатының (билетінің) құнынан 3 пайыздан асырмай шегерiлген жол жүру құжатының (билеттiң) төленген құнын қайтарады.
      Егер сатып алынған билетті қайтаруды оны сатпаған касса жүзеге асырса, онда касса қайтарылған жол жүру құжатының (билет) құнының 5 пайызын асырмай қайтарғаны үшін комиссия алады.
      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      82. Автобусқа және шағын автобусқа кешiккен кезде жол жүру құжаттары (билеттерi) 3 күннен кешiктiрілмей қайтарылады, бұл ретте жол жүру құжаты (билеті) құнының 70 %-ына тең сома өтеледi.
      Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      83. Қалааралық облысаралық және халықаралық қатынастағы маршруттар бойынша жүретiн автобусты және шағын автобусты жөнелту кешiктiрiлген жағдайда, кiдiру немесе кешiгу еңсерілмейтін күштiң салдарынан орын алған жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушы жолаушыға кассалар арқылы автобус пен шағын автобусты жөнелтудiң әрбiр кешiктiрiлген сағаты үшiн жол жүру құнының үш пайызы мөлшерiнде айыппұл төлейдi. Бұл ретте айыппұлдың сомасы жолаушы сатып алған билет құнынан аспайды. Егер автобусты немесе шағын автобусты жөнелту автовокзалдың, автостанцияның немесе жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің кінәсінен кешіктірілген жағдайда, жолаушылар алдында автовокзал, автостанция немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункттері жауапты болады.
      Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      84. Автобусты, шағын автобусты жөнелту кешiктiрiлгендiктен жолаушы сапардан бас тартқан жағдайда, жөнелту пунктiнде оған төленген жол жүру құны толық мөлшерде қайтарылады, сондай-ақ оған осы кiдiрiске байланысты келтiрiлген шығындар өтеледi.
      85. Емдеу мекемесінің анықтамасымен немесе жергілікті құқық қорғау органдары немесе медициналық органдар жасаған жазатайым оқиға туралы актімен расталған ауру немесе жазатайым оқиға нәтижесінде жолаушы жол жүруді тоқтатқан кезде тасымалдаушы жолаушыға жүрілмеген қашықтық үшін жол жүру құнын өтейді.
      86. Жолаушыны бару пунктiне жол, климаттық немесе тасымалдаушыға байланысты емес өзге де себептер бойынша жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда, жолаушыға сегiз сағат iшiнде сапар тоқтаған пункттен бару пунктiне дейiнгi жол жүру құны қайтарылады. Автобусты, шағын автобусты жөнелту пунктiне қайтарған кезде жолаушыға жол жүру мен багажды алып жүрудiң толық құны өтеледi.
      87. Техникалық себептерге байланысты маршрут автобустың, шағын автобустың және троллейбустың қозғалысы мүмкiн болмаған жағдайда, жолаушыларға сатылған билеттер жарамсыз автобусты, шағын автобусты, троллейбусты ауыстыру үшін тасымалдаушы ұсынған автобуста, шағын автобуста, троллейбуста немесе осы маршруттың басқа автобусында, шағын автобусында және троллейбусында сапарды жүзеге асыру үшiн жарамды болады.
      Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      88. Тасымалдаушы билетте көрсетiлген автобус пен шағын автобустың орнына жол жүру құны қымбаттау тұратын басқа автобус пен шағын автобусты ұсынған кезде сапар алынған жол жүру құжаттары (билеттерi) бойынша қосымша ақысыз жүзеге асырылады.
      Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      89. Осы қағиданың 80-88-тармақтарының шартын орындамаған немесе бұзған жағдайда жол жүру құнын өтеу бойынша даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген тәртіпте шешіледі.
      90. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық облысаралық және қалааралық облысiшiлiк маршруттар бойынша тасымалдаудың жол жүру құжаттары (билеттер) автобус пен шағын автобустың отыруға арналған орындарының санына тең мөлшерде сатылады.
      Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет