Автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы


§1. Жабдыққа, құралдар мен саймандарға



бет4/15
Дата12.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#130904
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
§1. Жабдыққа, құралдар мен саймандарға

қойылатын жалпы талаптар

 

217. Жабдық, құралдар және саймандар пайдаланудың барлық мерзімі бойы тиісті МЕМСТ-қа сәйкес, ӨСҚ 08-97, сондай-ақ осы Ереженің қауіпсіздіктің талаптарына жауап береді.

218. Өндірістік учаскелерде жабдықты орналастырған кезде автомобиль көлігі кәсіпорындарына вибрация мен шу жөніндегі нормалардың тиісті талаптары ескеріледі.

219. Сайманның, құралдардың істен шығарылуы белгіленген кестеге сәйкес, бірақ бір айда кемінде бір рет жүргізіледі.

220. Тұрақты жабдық фундаменттерге орнатылады және бұрандалармен мықтап бекітіледі. Қауіпті жерлер қоршалады. Пайдаланған кезде шу мен вибрация туғызуы мүмкін технологиялық жабдықты (сығымдағыштар, сынау стендтері, вентагрегаттар, темір соғатын балғалар) жеке үй-жайларда шоғырландырады және вибрацияны басатын конструкциялар орнатылады.

221. Жабдықты тоқтатуға және іске қосуға арналған құрылғылар, оларды жұмыс орнынан пайдалану қолайлы болатындай және олардың өздігінен қосылу мүмкіндігін болдырмайтындай етіп орналастырылады.

222. Барлық электр қозғалтқыштарын, электр жетегі бар жабдықты, сондай-ақ басқару пульттерін мықтап жерлестіру немесе нөлге келтіру қажет. Жерлестірусіз немесе нөлге келтірусіз жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

223. Егер жабдық аса қауіпті объектілер тізбесіне кірмесе, жаңа немесе күрделі жөндеуден өткен жабдықты пайдалануға жіберу, ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі аға қоғамдық инспектордың қатысуымен оны комиссия қабылдағаннан кейін ғана жүргізіледі. Пайдаланылатын жабдық ақаусыз болуы тиіс, оның техникалық жай-күйін бас механик пен өндірістік учаскенің басшысы бақылайды.

224. Жарамсыз жабдыққа учаске басшысы, бұл жабдықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейтінін көрсететін тақтайша орнатады. Мұндай жабдық тоқтатылады (жетегі сөндіріледі).

225. Жабдықпен жұмыс істеу кезінде:

1) алынған, бекітілмеген немесе жарамсыз қоршаумен жұмыс істеуге;

2) жабдықты тазалауға, майлауға немесе жөндеуге рұқсат етілмейді.

226. Электр тельферлері, лебедкалар және агрегаттар мен ауыр бөлшектерді жылжыту үшін қолданылатын басқа жабдықтың "Сигнал беру түстері мен қауіпсіздік белгілері. Жалпы техникалық шарттары мен қолдану тәртібі" туралы ҚР МЕМСТ 12.4.026-2002 бойынша ашық бояуы (сары фондағы қара жолақтар) болады.

227. Жабдыққа орнатылған манометрдің циферблатында, шектік жұмыстық қысымға сәйкес келетін қызыл сызық жүргізілуі тиіс. Сызықты манометрдің шынысына жүргізіледі.

228. Қысыммен жұмыс істейтін және автомобиль көлігі ұйымдарында қолданылатын ыдыстар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техқадағалау органы 1994 жылғы 21 сәуірдегі бекіткен Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережесіне сәйкес пайдаланылады.



 

§2. Сығымдағыш қондырғыларға, ауа құбырларына



және газ құбырларына қойылатын талаптар

 

229. Қысыммен жұмыс істейтін сығымдағыштар, ауа құбырлары және газ құбырлары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техқадағалау органы 1996 жылғы 25 қазандағы бекіткен Тұрақты сығымдағыш қондырғыларды орнату және қауіпсіз пайдалану ережесінің (бұдан әрі - Тұрақты сығымдағыш қондырғыларды орнату және қауіпсіз пайдалану ережесі) талаптарына сәйкес пайдаланылады.

230. Сығымдағыш қондырғылар жеке үй-жайларда орнатылады. Бұл үй-жайларда технологиялық және конструкциялық жағынан байланысты емес аппаратура мен жабдықты орналастыруға рұқсат етілмейді.

231. Жұмыс өнімділігі минутына 10 м3 дейінгі оннан сегіз мегапаскаль (бұдан әрі - МПа) қысымы бар жеке сығымдағыш қондырғылар өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік уәкілетті органдарының аумақтық бөлімшелерінің және еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның жазбаша рұқсатымен көп қабатты өндірістік ғимараттардың төменгі қабаттарында, арқалықтардың авария жағдайында қирамау мүмкіндігін қамтамасыз ететін жеткілікті есептік беріктігі болған кезде орнатылуы мүмкін. Бұл қондырғылар өндірістік учаскелерден тұтас жанбайтын қабырғалармен бөлінеді.

232. Сығымдағыштарды тұрмыстық және соларға ұқсас үй-жайлардың астында орнатуға рұқсат етілмейді.

233. Сығымдағыш үй-жайының есіктері мен терезелері сыртқа ашылады.

234. Құбырларды орнату, дайындау, қондыру, сынау және қабылдау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген "Технологиялық жабдық және технологиялық құбырлар" туралы ҚНжЕ 3.05.09-2002 (бұдан әрі - "Технологиялық жабдық және технологиялық құбырлар" туралы ҚНжЕ 3.05.09-2002) және Тұрақты сығымдағыш қондырғыларды орнату және қауіпсіз пайдалану ережесіне сәйкес жүргізіледі. Қондырғылардың ажырамас бөлігін құрайтын құбырлар Қазақстан Республикасы ережелерінің талабына (құбырлардың мақсатына қарай) пайдалануға сәйкес қабылданады.

235. Құбырларда орнатылған арматура қауіпсіз қызмет көрсету мен жөндеу үшін ыңғайлы болуы тиіс. Жұмыс орындарындағы және негізгі жолдар тұсындағы бетінің температурасы плюс 45оС жоғары аппаратура мен құбырлардың жылу оқшаулағышы болуы тиіс.

236. Құбырлардың техникалық куәландырылуын ұйымның әкімшілігі құбырларды пайдалану мақсатына қарай Қазақстан Республикасы Ережелерінің талаптарына сәйкес мынадай мерзімдерде өткізеді:



1) жұмыстық қысымдағы құбырлардың сыртқы тексерісі жылына кемінде бір рет;

2) құбырлардың беріктігін және саңылаусыздығын гидравликалық сынау пайдалануға қосардың алдында, түйіскен жерлерді дәнекерлеуге байланысты жөндеуден кейін, сондай-ақ ауа құбырларын немесе газ құбырларын, олар жылдан астам тоқтап тұрғаннан кейін жұмысқа қосқан кезде 1,25 жұмыстық, бірақ 0,2 МПа-дан кем емес қысыммен жүргізіледі.

237. Гидравликалық сынауды жүргізу тәртібі "Технологиялық жабдық және технологиялық құбырлар" туралы ҚНжЕ 3.05.09-2002 сәйкес келеді.

238. Сығымдағыш қондырғысы мен ауа құбырларын дұрыс және қауіпсіз пайдалануға жауапты тұлғаны ұйым басшысы мамандардың қатарынан тағайындайды.

 

§3. Жүк көтергіш тетіктерге қойылатын талаптар



 

239. Осы параграфтың талаптары:

1) крандардың барлық түрлеріне;

2) жер үсті рельс жолдар бойынша басқару кабинасымен бірлесіп жылжитын электр жүк арбаларына;

3) қол және электр жүк көтергіштерге;

4) экскаватор крандарға (ауыспалы аспалы жабдыққа - ілмекті аспасы бар экскаваторлар);

5) жүк немесе адамдарды көтеруге арналған лебедкаларға;

6) ауыспалы жүк ұстағыш органдарға (ілгек, грейфер);

7) жүк көтергіш тетіктің ілгегіне ілінетін ауыспалы жүк ұстағыш құралдарға (строптар, қысқаштар, траверстер) қолданылады.

240. Жүк көтергіш крандарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережелері арнайы пайдаланымдағы жүк көтергіш тетіктерге таралмайды, мысалы, құбыр қойғыштарға, электр және автотиегіштерге, гидро және электр көтергіштеріне, қатарлағыштарға, монтаждық полиспастар мен олар ілінетін конструкцияларға (мачталар, шеврлер, балкалар) қолданылмайды.

241. Жүк көтергіш тетіктерді пайдаланған кезде оларды куәландыру, күтіп ұстау және қызмет көрсету бөлігінде аталған ережелердің талаптары, сондай-ақ жасаушы зауыттардың пайдалану жөніндегі нұсқауларының талаптары орындалады.

242. Крандарды өз бетімен қайта жаңартуға және қайта жабдықтауға рұқсат етілмейді.

243. Крандардың жүк ілгіштері, жүк ұстағыш құралды өздігінен түсіп кетуден сақтайтын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техқадағалау органы 1994 жылғы 21 сәуірдегі бекіткен Қазақстан Республикасының жүккөтергіш крандарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережесінің (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының ЖКК ҚП және ОЕ) талаптарына сәйкес сақтандырғыш құлыппен жабдықталуы тиіс.

244. Грейфер конструкциясы бойынша өздігінен ашылуды және арқандардың орындарынан шығу мүмкіндіктерін болдырмайды (Қазақстан Республикасының ЖКК ҚП және ОЕ 4.1.8. бап.).

245. Жиналмалы жүк ұстағыш құралдар таңбамен немесе нөмірі, жүк көтергіштігі және сыналған күні көрсетіліп, мықты желімделген металл тақтайшамен жабдықталады.

246. Жүк, винттік, жебелі стропалары ретінде және стропаларды жасау үшін қолданылатын болат арқандар қолданылып жүрген мемлекеттік стандартқа сай болуы, мемлекеттік стандартқа сай болуы, сыналғаны туралы жасаушы зауыттың сертификаттары куәліктер немесе сертификаттардың көшірмелері (Қазақстан Республикасының ЖКК ҚП және ОЕ 4.2.1. тар.) болуы керек.

247. Ұшындағы ілгек оны жүк көтеретін тетікке бекіткен Арқанның кезде, сондай-ақ сақиналармен, ілгіштермен және басқа бөлшектермен байланысқан строптың ілгегі арқанның бос ұшын өру арқылы коуш, қысқыштар қоюды қолдану арқылы немесе басқа тексерілген тәсілмен орындалады. Қысқыштардың саны үштен кем болмайды. Қысқыштардың орналасу адымы және арқанның бос ұшының ұзындығы соңғы қысқыштан арқанның алты диаметрінен кем болмайды. Қысқыштарды ыстық (ұстаханалық) тәсілмен орнатуға рұқсат етілмейді.

248. Жүк көтеретін тетіктерде және стропалар жасау үшін қолданылатын шынжырларда жасаушы кәсіпорынның оларды сынағаны туралы куәлігі болады.

249. Электрлік жетегі бар жүк көтеретін тетіктер, көтерген кезде де, қозғалған кезде де нысанаға таяған кезде тетікті автоматты түрде тоқтатуға арналған шеттік сөндіргіштермен жабдықталады.

250. Жебелі крандар жүк көтергіштікті шектегішпен жабдықталады.

251. Жебелі өзі жүретін крандар, кранның электрлік желі сымдарының немесе электр беру желісінің кернеуі бар сымдарға жақындағаны туралы дыбыстық сигнал беру хабарламасын қосатын аспаппен жабдықталады.

252. Жүк көтергіш тетікпен еденнен басқаруға арналған түймелі құрылғы корпусы металл троспен ілінеді.

253. Егер корпус металлдан болса, онда ол кем дегенде екі өткізгішпен жерлестіріледі. Жерлестіретін өткізгіштердің бірі ретінде, түймелі аппарат ілінген трос пайдаланылуы мүмкін.

254. Бір балкалы немесе екі балкалы жылжымалы крандар орнатылған және тетіктерге қызмет көрсетуге арналған алаңдары бар галереялары жоқ ғимараттарда, тетіктер мен электр жабдығына қолайлы және қауіпсіз баруға мүмкіндік беретін жөндеу алаңдары салынады.

255. Тұрақты жөндеу алаңдарының құрылғыларының орнына жылжымалы алаңдарды қолдануға жол беріледі.

256. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарында мынадай крандар тіркелуге жатпайды:



1) қол жетегі бар крандардың барлық үлгілері, сондай-ақ жылжыту тетіктерінің қол жетегі болған кезде көтеру тетігі ретінде пневматикалық цилиндр пайдаланылатын крандар;

2) жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін қоса алғандағы, кранға ілінген түймелі аппараттың көмегімен еденнен немесе тұрақты пульттан басқарылатын көпірлік үлгідегі және жылжымалы немесе айналмалы консольді крандар;

3) бір тоннаға дейін қоса алғандағы жүкті көтеруге есептелген жебелі крандар;

4) тұрақты көтерілуді қажет ететін жұмысқа есептелген немесе айналу немесе жылжу тетігімен жабдықталмаған жебелі крандар.

257. Қалған крандар, сондай-ақ ілгішпен жұмыс істеуге арналған экскаваторлар және де жер үсті рельс жолдарымен жылжитын басқару кабинасы бар электрлік жүк арбалары оларды жұмысқа қосқанға дейін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарында тіркеледі.

258. Пайдаланымдағы барлық жүк көтергіш тетіктер, оның ішінде электр- және автотиегіштер, гидро- және электр көтергіштері, қатарлағыштар Жүк көтергіш крандарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережесінің талаптарына сәйкес кезеңді техникалық қайта куәландырудан өтеді және тіркелу нөмірі көрсетілген, соңғы сыналғаннан кейін сыналатын күні мен рұқсат етілген жүк көтергіштігі көрсетілген тақтайшалары болады.

259. Техникалық куәландыру:



1) толық - үш жылда кемінде бір рет;

2) ішінара - бір жылда кемінде бір рет өткізіледі.

260. Толық техникалық куәландыру кезінде - тексеріс, статикалық және динамикалық сынаулар, ішінара куәландыру кезінде - тексеру ғана жүзеге асырылады.

261. Жиналмалы жүк ұстағыш құралдар техникалық куәландыру кезінде тексеруден және олардың атаулы жүк көтергіштігінен 1,25 рет асатын жүктемемен сынаудан өтеді.

262. Жиналмалы жүк ұстағыш құралдар мен ыдысты пайдалану барысында олар белгіленген мерзімдерде:



1) траверстерді, қысқаштар мен басқа ұстағыштарды және ыдысты тексерген кезде - ай сайын;

2) строптарды тексерген кезде - әрбір 10 күн сайын кезеңді тексеріледі.

263. Сирек пайдаланылатын жүк ұстағыш құралдар жұмысқа қосылардың алдында тексеріледі.

264. Жүк көтеру тетіктерінің қауіпсіз пайдалануын қадағалауды жүзеге асыру үшін Мемтехқадағалау (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік инспекциясының аумақтық органы) инспекторының қатысуымен комиссия талаптарды (Қазақстан Республикасының ЖКК ҚП және ОЕ) білуін тексергеннен кейін, ұйым басшысы қолданыстағы тиісті куәлігі бар ұйым мамандарының ішінен ұйымда жүктерді кранмен тасымалдау бойынша жұмыстар жүргізу үшін жауапты тұлға тағайындалады.

265. Жүк көтергіш тетіктердің дұрыс күйде күтіп ұсталуы үшін жауапкершілік, сондай-ақ олардың уақтылы куәландырылуы мен тексерілуін ұйымдастыру бас механикке немесе қол астында жүк көтергіш тетіктерге қызмет көрсететін қызметкерлері (строптаушылардан басқа) бар Мемтехқадағалау (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік инспекциясының аумақтық органы) инспекторының қатысуымен комиссия талаптарды (Қазақстан Республикасының ЖКК ҚП және ОЕ) білуін тексергеннен кейін ұйымның басқа маманына жүктеледі. Мұндай маманның тиісті куәлігі болады және үш жылда бір рет білімін тексеруден кезеңді өтіп тұрады.

266. Мемтехқадағалау (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік инспекциясының аумақтық органы) инспекторының қатысуымен комиссия талаптарды (Қазақстан Республикасының ЖКК ҚП және ОЕ) білуін тексергеннен кейін, қолданыстағы тиісті куәлігі бар ұйым мамандарының ішінен ұйымда жүктерді кранмен тасымалдау бойынша жұмыстар жүргізу үшін жауапты тұлға тағайындалады.

267. Жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарымен келісім бойынша кранмен жүктерді қауіпсіз тасымалдау бақылау бригадирге тапсырылуы мүмкін.

268. Жүк көтергіш тетіктерді еденнен басқаруды, тиісті оқып үйренуден және жүк көтергіш тетіктерді басқару бойынша жыл сайынғы білімдерін тексеруден өткеннен кейін негізгі кәсіптердің қызметкерлері жүргізеді.

269. Қол, рычагты-рейкалы домкраттардың, рычагтан немесе тұтқадан күшті босатқан кезде жүктің өздігінен түсуін болдырмайтын жарамды құрылғылары болуы, шток жоғарғы соңғы күйде болған кезде бұраманың немесе рейканың шығып кетуін болдырмайтын тоқтатқыштармен жабдықталады.

270. Электрлік жетегі бар жарамды құрылғылы домкраттар электр қозғалтқышын автоматты сөндіру үшін соңғы күйдегі (жоғарғы және төменгі) болады.

271. Гидравликалық және пневматикалық домкраттар мен көтергіштердің жүктерді жылжытқан кезде жұмыс цилиндрлерінен сұйықтық пен ауаның кемуін болдырмайтын тығыз қосындылары болады.

272. Гидравликалық және пневматикалық домкраттар мен көтергіштердің кері клапандары мен басқа құрылғылары штоктың баяу, бір қалыпты түсуін немесе сұйықтықты (ауаны) келтіретін немесе кетіретін құбырлар зақымдалған жағдайда оның тоқтауын қамтамасыз етеді.

273. Домкраттарды сынау шектік жүктемеден 10 % артық (төлқұжат бойынша) статикалық жүктемемен шток жоғарғы соңғы күйде болған кезде, он минут бойы жылына кемінде бір рет жүргізіледі.

274. Гидравликалық домкраттарда сұйықтық қысымының түсуі сынаудың соңына қарай 5 % аспайды. Сынау нәтижелері журналға жазылады.

 

§4. Құралдар мен саймандарға қойылатын талаптар



 

275. Қол саймандарда (балғалар, кескіштер, тескіштер):

1) жұмыстық беттерінде зақымдықтар (ойықтар, сынықтар);

2) бүйір жақтарындағы қолмен қысатын жерлерде қабыршақтар, соғылған жерлер және өткір қырлар;

3) саймандардың тұтқаларының бетінде қабыршақтар мен жарықтар болмайды, беті тегіс болады;

4) жұмыс бетінің қызып кеткені болмайды.

276. Сүйменің ұзындығы ең кемі 150 мм, ал крейцмейсельдің, бородоктың, керннің ұзындығы 150 мм аспайды.

277. Балғалар мен үлкен балғалар ағаш саптарға кигізіледі және металл сыналармен айырылады, егеулер мен қашаулардың металл сақиналары бар ағаш саптары болады.

278. Жарамсыз құралдар мен сайманды пайдалануға рұқсат етілмейді.

279. Кілттердің бастары тозбаған және кетілмеген болады. Бүктемелі кілттердің жылжымалы бөліктері әлсіз болмайды.

280. Саймандарды алып жүру үшін, егер бұл жұмыс жағдайы бойынша талап етілсе, қызметкерге сумка немесе тасымалдануы жеңіл жәшік немесе арнайы жылжымалы арба беріледі.

281. Жұмыс басталардың алдында барлық саймандарды тексерген, жарамсыз саймандарды ауыстырған дұрыс.

282. Электр саймандары сайман сақтайтын бөлмеде сақталуы және алдын ала тексергеннен кейін ғана қызметкерге тиісті МЕМСТ талаптарына сәйкес қорғаныш құралдарымен (резеңке қолғаптар, кілемшелер, диэлектрлік галоштар) бірге беріледі. Қорғаныш құралдарының сынау мерзімдері осы Ережеге 10-қосымшада келтірілген.

283. Ток жүретін бөліктерінің оқшаулағышы жарамсыз, сондай-ақ жерлестіру құрылғысы жоқ электрлік сайманды пайдалануға рұқсат етілмейді.

284. Кернеуі 42 В жоғары желіден жұмыс істейтін электрлік сайманның шлангалы сымы немесе көп тармақты иілгіш, ПРГ үлгісіндегі оқшаулағышы бар, 500 В-тан төмен емес кернеуге есептелген сымдары және де ұзартылған жерлестіру түйіспесі бар штепсельдің айыры болады.

285. Тасымалданатын электр сайманның профилактикалық сыналуы тұтынушылар электр қондырғыларының ТПЕ және ТҚЕ талаптарына сәйкес жүргізіледі.

286. Ұйымда жасалатын металл тіреуіштердің конструкциясы, оларды жылжытқан кезде сенімділік пен орнықтылықты қамтамасыз етеді. Әрбір тіреуіште шектік рұқсат етілген жүктеме көрсетіледі.



 

10. Автокөлік құралдарын сақтау жөніндегі талаптар



 

287. Автокөлік құралдары жылытылатын және жылытылмайтын үй-жайларда, қалқалардың асты мен арнайы бөлінген ашық алаңдарда сақталады.

288. Жанармай мен жеңіл тұтанатын заттарды тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар желдетілетін ашық алаңдарда, қалқалардың астында немесе сыртқа тікелей шығысы бар және жарылыс қаупісіз орындалған ауа кіру-ауа тарту вентиляциясымен жабдықталған жер үсті көлікжайларының жекеленген бір қабатты үй-жайларында сақталады.

289. Ассенизациялық автокөлік құралдары, сондай-ақ улы және ауру тарататын заттарды тасымалдайтын автокөлік құралдары жұмыстан кейін мұқият жуылуы, тазалануы және басқа автокөлік құралдарынан бөлек сақталады.

290. Жөндеуді талап ететін автокөлік құралдары жарамды автокөлік құралдарынан бөлек сақталады, ол үшін арнайы сақтау аймағы бөлінеді.

291. Ұйымдарда автокөлік құралдары көлемдік өлшемдеріне байланысты шартты түрде, осы Ережеге 11-қосымшада көрсетілген төрт санатқа бөлінеді.

292. Автокөлік құралдарының үй-жайларда қойылуы, автокөлік құралдары мен ғимарат конструкцияларының арасындағы қашықтық, осы Ережеге 12-қосымшада көрсетілген нормалардан кем болмайды.

293. Тұрақжайға арналған үй-жайлардағы автокөлік құралдарының арасындағы жолдың ені, автокөлік құралы өз орнына (бір маневр үшін) еркін кіру үшін жеткілікті болады, ал жол шегінен автокөлік құралына дейінгі қашықтық 50 см кем болмайды.

294. Автокөлік құралын тұрақжайға арналған үй-жайға қойғаннан кейін қозғалтқыш өшіріледі. Автокөлік құралын үй-жайдан шығарғаннан басқа, кез келген мақсат үшін қозғалтқышты қосуға рұқсат етілмейді.

295. Тұратын орынға қойылған барлық автокөлік құралдарында от алдыру тетігі (отын беру) өшіріледі және масса (егер сөндіргіш болса) сөндіріледі. Автокөлік құралы тұрақ тежегішімен тежеледі.

296. Автокөлік құралдары тұруға арналған үй-жайларда, сондай-ақ қалқа астындағы тұрақжайларда немесе алаңдарда:



1) темекі шегуге, ашық отты пайдалануға;

2) автокөлік құралына қандай бір жөндеу жүргізуге;

3) автокөлік құралдарының отын бактерінің аузын ашық қалдыруға;

4) аккумулятор зарядтарын толтыруға (үй-жайларда);

5) қандай болмасын материалдар мен заттарды сақтауға;

6) бензинмен автомобиль шанақтарын, бөлшектерді немесе агрегаттарды, сондай-ақ қол мен киімді жууға немесе сүртуге;

7) отын (бензин, дизельдік отын) сақтауға, автокөлік құралының бактеріндегі отынды қоспағанда;

8) автокөлік құралдарына газ түріндегі сұйық және газ тәрізді отын құюға, бактерден отынды құйып алуға және газ шығаруға рұқсат етілмейді.

297. Сығылған табиғи немесе сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын сақтауға қойылатын қосымша талаптар:



1) сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік құралының қозғалтқышын іске қосардың алдында капотты көтеру және капот асты кеңістігін мұқият тексеру;

2) сығылған табиғи немесе сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын жабық үй-жайға жарамды газ аппаратурасымен ғана қоюға рұқсат етіледі. Мұндай автокөлік құралын тұрақжайға қоярдың алдында шығыс вентильдері жабылады, қоректену жүйесіндегі газ шығарылады (қозғалтқыш толық тоқтағанға дейін), одан кейін магистральдық вентиль жабылып, бензин беріле және бензинмен жүріп өту орындалады. Автокөлік құралын тұрақжайға қойғаннан кейін от алдырғыш (дизельдік отын беру) өшіріледі, масса сөндіріледі;

3) газбаллонды автокөлік құралын ашық тұраққа қойғаннан кейін, қозғалтқышты сөндірмей тұрып, шығыс вентильдерін жабу және жүйеден газды шығару, одан кейін магистральдық вентильді жабу қажет;

4) сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын көп қабатты көлікжайларда сұйық отынмен жұмыс істейтін автокөлік құралдарынан жоғары, ал сұйытылған газбен жұмыс істейтіндерді аталған автокөлік құралдарынан төмен орналастыру көзделеді;

5) сығылған табиғи немесе сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын көлікжайсыз сақтаған кезде газ коммуникацияларын қыздыру ыстық судың, будың немесе ыстық ауаның көмегімен ғана жүргізіледі.

 

11. Жұмыс уақытында және жұмыс соңында, сондай-ақ



апатты жағдайларда автокөлік құралдарына техникалық

қызмет көрсету және жөндеу кезіндегі еңбек

қауіпсіздігінің талаптары

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет